Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Танымдық процестерді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
І-бөлім. Кіріспе
Мамандықтар әлемінде психолог жұмысын ең қиын қызметтердің біріне жатқызады. Бұл мамандықты таңдап алғандардың барлығы оның қыр-сырын түгел меңгеріп, жетістікке жете бермейді. Психолог мамандарын даярлау және өмір тәжірибесінде кеңінен орын алып келе жатқан психологиялық қызметті оңтайландыру проблемасы психологияның теориясын және қолданбалы жағын зерттеушілерді толғандыруда. Бұл проблема өзін жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда. Мектептерде және мектептен тыс оқу-тәрбие мекемелерінде тәжірибелік психолог қызметі ашылып, жоғары оқу орындары психолог мамандарын даярлап жатыр. Психолог мектепте өте қажетті маман, және оған қазіргі кезде ешкім күманданбайды.
Мектеп психологы мамандық қызметін атқару барысында оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға көптеген мәселелерді тиімді шешуге психологиялық жағынан көмек көрсетеді. Балалардың мектепте оқуға даярлығын анықтаудан бастап, мектепке қабылдау, бастауыш сыныптарда жетелеу, орта және жоғары сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң өмір жолын тауып алу проблемаларын шешуге бірінші кеңесші және көмекші болатын адам – мектеп психологі. Ол оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалап, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың күнделікті дамуына ықпал жасайтын іс-шаралар жүргізеді.
Сонымен қатар дамуында нормадан тыс ауытқуы бар балалармен жеке-дара, қажеттілік туғанда - топпен, түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. Ерекше қиын жағдайларда баланы басқа мамандарға көрсетіп, оның психологиялық дағдарысын оңтайландыру жолдарын анықтауға ат салысады.
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген. Олар жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабыроғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесінен, теориялық әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.
Олай болса алдымен мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.
ІІ-бөлім. І-тарау. Мектеп психологының қызметі
2.1.1 Мектептегі психологиялық қызметінің мазмұны
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеп ,жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.
Өткен ғасырдың басында Францияда А.Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті. Олар:
1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу;
2) таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдар, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;
3) арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді. Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШ та Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен «Гайденс» қызметі (гайд.-көмек көрсету,жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан.) деп аталып,қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамып келеді.Ірі мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:
-
Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшіруіне көмек көрсету;
-
Мектепте оқу паралельдерін анықтап алуға ықпал жасау;
-
Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;
-
Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызметте ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.
Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниенің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. Әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз етуі негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала..
Психологиялық қызметтің міндеттері:
-
Психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;
-
оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
-
проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
-
дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
-
оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.
Осы анықталған міндеттерді орындау т.б. өмір барысында тұрған шиелініс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.
Қызметтің негізгі мәселесіне кіретіндер:
-
Әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
-
Білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;
-
Білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақстында психологиялық қамтамасыз ету;
-
Білім беру мекемелірндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;
-
Балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу жән жеңе білу;
-
Мамандардың кәсіби іс-әрекеттеріне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу әдістемелік құралдарға психологиялық сраптама;
-
Үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық-педагогикалық жағдайларды әзірлеу, жасау;
-
Білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
-
Білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет. Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасу талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады. Психолгиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп жұмыс жоспарында көрсету қажет.
Бүгінгі таңда мектепттің басты мақсаты: білімді, мәдениетті, шығармашылық, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру. Ол үшін педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын біріктіре, үйлестіре қолдануға тура келеді. Себебі, оқытудың психологиялық негіздерін білу әрбір оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеу, білу – оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан қазіргі психологияны оқушының саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында. Қазіргі мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Мектепте оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар деп аталатын санаттарды қамти отырып психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосуда. Жеке тұлғаны жан-жақты психолого-педагогикалық іс әрекетпен қызықтыра отырып, танымдық қабілетін дамытуға болады. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеті:
-
Психологиялық қызметтің мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал келтіру. Психодиагностикалық тапсырмаларды жүйелі түрде орындау;
-
Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға, көшуіне көмек көрсету;
-
Мектептегі оқу үрдісін нормаға сай қалыптастыру;
-
Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуына кеңес беру;
-
Оқушыларды ҰБТ-ге тиімді жолмен дайындау;
-
Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау;
-
Оқушылардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлау қабілеті мен ссөйлеу диапазоны дұрыс дамуы мен қалыптасыуна жеке тұлғалық дарындылық шығармашылық мүмкіндіктерін толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру. Мұғалімдер ұжымында психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан-жақты терең зерттеу болып табылады.
Мектептегі психологқа қойылатын талап өте көп және оны орындау психолг шеберлігіне біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты.
Мектеп жағдайына ыңғайлы сараптамалық бақылау, әңгімелесу, оқушының іс-әрекет өнімдері, тест, анкеталық сауалнама жүргізу қолайлы болып келеді. Бұл әдістер тәжірибеде кеңінен қолданылып, нақты нәтижесін көрсетіп жүр.
Мектепте психолог пен тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестіру мен қатар, жеке тұлғаның фихиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аударуы қажет.
Әрі ғалым, әрі ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететені нәрселерін жақсы білуі қажет, екінші балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болу керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар, ақылы қалай кіретін жолын білуге болады»,-деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында, психолог оқушылардың психологиялық ерекшелігін есепке алу қажеттігін ескере отырып, сондай ақ жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аудару қажет.
Мектеп психологының жеке тұлғаны зертеу жұмыстарын ұйымдастыруда әдістемелік-теориялық қосымша материалдар мен жеке жаңа талапқа сай жабдықталған жұмыс бөлмесі болйы керек. Кабинет жеке техникалық құралдармен, яғни, компьютер, видео, аудио техникалар, теледидар т.б. техникалық құралдары болуы керек. Осындай жабдықталған техникалық құралдар арқылы психологтың жұмысы іске асатындығын айқындауға болады.
Мектеп психологының құқықтық мәртебесі
-
Мектеп психологы – жоғарғы психологиялық білімі бар маман.
-
Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.
-
Психолог қызметі санаттар негізінде (19дан 16ға дейінгі дәреже) әр бір мектепте – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілерін бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.
-
Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.
-
Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.
-
Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін, өз іс әрекетінің жоспарын жасайды.
-
Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылатын жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.
-
Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
-
Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшылық болса орындамауға құқылы.
-
Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжымен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б.тығз байланысты жүргізуге міндетті.
-
Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағттарды жүзеге асырады.
Психолог:
-
Оқу тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге керектілігін белгілеуге;
-
Оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-ірекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;
-
Оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып – үйренуге;
-
Оқу тәрбие үрдісімен байланысты әртүрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;
-
Педагогикалық және мектеп ұжымдарында әртүрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;
-
Тәжірибелі психологияның ғылыми орталықтарымен, жоғары оқу орындарының психология кафедралрымен, психологиялық ассосацияларымен, практик-психологтармен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;
-
әртүрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға, курстарға тәжірбе алмасу мен өз біліктілігімен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;
-
мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға,оқушыларға әр түрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге құқылы.
Мектеп психологының жауапкершілігі.
-
Психолог психологиялық көрсеткіштердің сауаттылығына, қолданылатын болжам жасау және түзету әдістердің тиімді екеніне, ұсынылатын пікір-ұсыныстардың ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.
-
Психолог психологиялық зерттеулер хаттамаларының сақталуына, құжаттардың жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады.
Осыдан келесі практик-психолог жұмысының дәстүрлі қалыптасқан қағидалары мен психолог ұстаным әдебі туындайды:
-
Бүлдіріп алма! өз біліміңді игілік үшін қолдан!
-
Баға беруге асықпа! әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!
-
Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.
-
Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.
-
Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
-
Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама.
-
Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!
-
Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.
-
Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
-
Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез келген сәтте сөйлеуге,ғ өз ойын айтуға рұқсат бер.
-
Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
-
Клиенттің психологиялық процедцраларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу қағидасын сақта.
-
Өзіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте!
Психологтың негізгі қасиеті – тыңдай білу...
Мектеп психологының негізгі мақсаты мен міндеттері:
-
Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау.
-
Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.
-
«Қиын» сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.
-
Жеткіншектермен жұмыс.
-
Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.
-
Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру.
-
Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
-
Оқушының танымдық қабілетін арттыру.
-
Психологиялық кеңес беру.
-
Мамандық таңдауға көмектесу.
Психолог:
-
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
-
Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
-
Психология мен педагогиканың түрлі салаларындағы жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға;
-
Диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға;
-
Өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
-
Тәжірибелі психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
-
Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, кеңес беру іс-әрекетіне қатысты кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
-
Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру, бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу тәрбие үрдісіне) психологиялық талдау жасау;
-
Мектеп ұжымындағы түрлі деңгейдегі тұлға аралық қатынастарды (оқытушы – администратор, оқытушы – оқытушы, оқытушы – оқушы, оқушы – оқушы) бақылауға ұстауға, балдауға және түзетуге;
-
Әкімшілікпен, оқытушылармен оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету, т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
-
Еркін фомадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үнтаспаларды, перфокарталарды,т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауағ міндетті.
Мектеп психологы қызметінің мазмұны
І.Ұйымдастырушылық-психологиялық жұмыс
Мектеп психологы ұйымдастырушылық-психологиялық іс-әрекетті орындау барысында келесі жұмыстарды жүргізеді:
-
Балаларды мектепке қабылдау және сыныптарды жинақтау;
-
Мектептегі психологиялық қызметтің іс-әрекет бағдарламасын немесе жоспарын оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып жасау;
-
Оқу-тәрбие жұмыс жоспарлары мен құжаттарына, мектеп әкімшілігінің не педагогикалық кеңестің қабылданағн шешімдеріне және іс-әрекеттердің тиімділігін болжамдауға психологиялық талдау.
-
Мектеп оқушыларын аттестациялауға қатысу.
-
Жаңа мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ұжымда болатын кикілжіңдерді шешу, оқу топтарын құру, мектеп ұжымындағы психологиялық ахуалды орнықтыру, сауықтыру, оқыту-тәрбиелеу ісіне инновациялық үрдістерді енгізу, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар беру.бір сөзбен айтқанда белсенді болу, алғы шепте болу, қамқоршы болу...
-
Әкімшілікке, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға түрлі мәселелер бойынша кеңес беру.
-
Әртүрлі мәселелер бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмысына қатысу.
-
Түрлі семинарлар, конференциялар жұмысына, әдістемелік бірлестіктер отырыстары мен іс-шараларына қатысу, басқа мектеп психологтарымен, психология ассоциацияларымен байланыс орнату, белсенді араласу, сақтау.
2. Дамытушылық жұмыс
-
Психолог тұлғалық даму, шығармашылық және кәсіби қабілеттілік, т.б. мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
-
Педагогтарға оқытудың және тәрбиелеудің әдістемелерін таңдау кезінде көмек көрсету.
-
Әкімшілік-педагогтар, педагогтар-педагогтар, педагогтар-оқушылар, оқушылар-оқушылар, ата-ана-оқушы сияқты тұлға аралық өзара қарым-қатынастың барлық деңгейін талдау, қате тұғырнамаларды түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
-
Тұлғаның дамуындағы кедергілерді анықтауға және жоба бойынша жұмыстар жүргізу.
-
Тұлғалық және кәсіби даму мәселелері бойынша мониторинг өткізу.
-
Тұлғаның даму деңгейіне таңдамды бақылау жүргізу.
-
Мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, ата-аналармен, оқушылармен өзіндік білім алу жіне өз-өзін тәрбиелеу мәселелері, тұлға дамуы мен оның жекелеген жақтары туралы кеңес жүргізу.
-
Мектеп әкімшілігін және педагогтарды педагогиканың психологиялық негіздерімен, ынтымақтастықтың және оқыту мен дамытудың белсенді әдістерімен таныстыру және оқыту.
3. Психопрофилактикалық жұмыс
-
Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың арасындағы психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттау.
-
Мектеп оқушыларына арналған психологиялық үйірмеге жетекшілік жасай алады.
-
Психологиялық диагностика көмегімен тұлғалық дамудағы кері өзгерістерді анықтайды және анықталған өзгерістердә болдырмау мен бейтараптандыру жөнінде педагогикалық ұжымға ұсыныстар әзірлейді.
-
Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен балаларды анықтайды және оқытушыға олардың дамуын түзетудің жеке жоспарын жасауға көмектеседі.
-
Мектептіңпедагогикалық кеңесі мен ата-аналар үшін нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу, токсикомания, жыныстық бұзылушылық, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді, кеңес береді.
-
Мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға психологиялық артық жүктемені болдырмау, жүйке ауруларына ұшырамау туралы, олардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес береді.
-
Мектеп ұжымында жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады.
-
Кітапхана қызметкерлеріне психологиялық-педагогикалық әдебиетті жинақтауға көмектеседі.
4. Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс
Мектеп психологі бұл іс-әрекеттің ерекше түрінде:
-
Педагогикалық кеңеске қатысушылардың барлығының тілдесу диагностикасын жүргізеді.
-
Психологиылық даму барысын немесе оның жекелеген жақтарын анықтау мақсатында оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді.
-
Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақұсатында олардың қабілеттерін, мүдделерін, бейімділіктерін зерттеуді жүргізеді.
-
Сынып жетекшілерімен әкімшілік өкілдерімен және басқа да тұлғалармен бірлесе отырып, психикалық түзету бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады.
-
Психологиялық тәсілдерді аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып жасайды, қолданады және бейімдейді.
2.1.2.Мектеп психологының іс-құжаттары.
1. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар;
2. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;
3. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары;
4. Айлық жұмыс жоспары;
5. Апталық жұмыс жоспары;
6. Диагностикалық жұмыстар картотекасы;
7. Психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;
8. Психологиялық қызет көрсетуге сұраныстар журналы;
9. Кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету – дамыту іс-шараларын тіркеу журналы;
10. Өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;
11. Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі;
12. Жылдық есеп.
Мектеп психологының іс-қағаздарын жүргізу қажеттілігі
Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді. Психологиялық қызмет арқылы мектепке қабылданған баланың оқытуға даярлығы анықталады. Барлық сынып оқушыларының психологиялық карточкаларының психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері анықталып, қысқа мінездемелер жасалады. Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шараларын ұйымдастырады.
Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық проблемаларды өтініш түсуіне байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін қосады.
Психолог өз қызметін ұйымдастырғанда баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастыру.
Психологиялық қызметті ұйысдастырушының тәжірибелік психолог квалификациясы бар болуы қажет. Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет.
Психологиялық қызметті жүргізу барысы, әр іс-шараларды өткізу уақыты алдын ала жоспарлағанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан мектеп психологі көптеген іс-қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі керек. Олардың үлгілерін М.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене отырып әр мектеп және басқа мекемелер психологі өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алуы керек.
Мектеп психологының қызметін жоспарлау.
Психологиялық қызмет жоспары каленьдарлық және күнделікті түрлерде түзіледі. Календарьлық жоспар жарты жылдық немесе оқу жылын толық қамтитын болуы мүмкін.
Жоспар негізгі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде психологиялық қызметтің бағыттары, өткен оқу жылындағы жүргізілген жеке түзете-дамыту және топтық коррекциялық жұмыстардың нәтижелеріне қысқаша сипаттама беріледі. Бұл талдаудың негізгі мақсаты психологиялық қызметтің жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз ету.
Жоспардың екінші бөлімінде мектептің профиліне байланысты жасалған жылдық жоспарына сүйене отырып келе жатқан оқу жылына психологиялық қызметтің алдына қойылған мақсат пен міндеттер нақты көрсетілген. Жалпы білім беретін орта мектеп және мектеп-гимназия психологиялық қызметі жоспарының ортақ және айырмашылығы бар болуы мүмкін. Тек қана мектеп-гимназия жоспарында оқушылардың интелектуалдық қабелетінің бағасын анықтауға және оны дамытуға арналған іс-шаралар, қолданылатын әдіс-тәсілдер кеңірек болуға тиіс.
Календарлық жоспар күрделі жұмыстар тақырыбын қамтыды. Мысалы, психодиагностикалық минимумдарды жүргізу мерзімдері анықталған, түзету-дамыту шаралар, семинарлар және конференциялар тақырыптары нақты көрсетілген және басқа барлық күрделі іс-шаралар тізімін толық қамтитын болуы мүмкін. Осы ерекшеліктерді ескере отырып жылдық календарлық жоспарды келесі үлгі юойынша жасап үлгі бойынша жасап шығуға болады.
Психологтың жұмыс жоспары жұмыс мазмұнының 5 бағыты бойынша жүзеге асады.
Мектептің психологиялық қызмет жоспарының үлгісі.
р/с |
Жұмыс мазмұны |
Мерзімі |
1 |
2 |
3 |
|
1- бағыт Психодиагностикалық жұмыс |
|
1 |
Мектеп жасына келген балалардың оқуға даярлығын анықтау |
Мамыр тамыз |
2 |
Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды психодиагностикалық минимумнан өткізу -баланың ата-анасымен танысып,отбасындағы материалдық,психологиялық-педагогикалық жағдайын анықтау, -мектепке келген баланың таным процесстерін зерттеу,интеллектуалдық дамуын анықтау, -баланың оқу мотивациясын анықтау -баланың өзіне және қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру. -оқушының мектепішілік қарым қатынас ерекшеліктерін зерттеу. |
Тамыз қыркүйек |
3 |
Мектепке қабылданғандардың ішінде оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келмеген балалардың таным процесстері мен жекелік қасиеттерін терең зерттеп,себебін анықтау.Қажеттілік туғанда дамуында дағдарыс бар балаларды МПК тексеруіне жіберу. |
Қыркүйек қазан |
4 |
Бастауыш сынып оқушыларының таным прцестерін,жекелік қасиеттерін және мектепішілік қарым қатынас ерекшеліктерін зерттеу. |
Қыркүйек қазан |
5 |
Бесінші алтыншы сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу. |
Қараша желтоқсан |
6 |
Орта буын оқушыларының қарым қатынас мәдениетін зерттеу.Топ ішілік қатынас ерекшеліктерін бағалау. |
Қараша желтоқсан |
7 |
Орта буын оқушыларының мотивациялық сферасын зерттеу.Оқу барысында табысты болу немесе сәтсіздіктен бас тарту мотивацияларының қайсысы жетекші екенін анықтау |
Қаңтар ақпан |
8 |
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (өзін-өзі бағалауы,талап ету деңгейі, топ ішіндегі мәртебесі,эмоционалдық жағдайы) |
Жыл бойы |
9 |
Жас өспірімдер мінез құлқында акцентуацияның көрініс беруін талдау Акцентуация түрлерін анықтау әдіс тәсілдерін қолданып балалардың мінезіндегі ауытқуларды жанжақты талдау. |
Қаңтар ақпан |
10 |
Оқытушылардан,ата-аналардан шағым түскен балалардың жекелік ерекшеліктерін тереңдетіп зерттеу.Қажет болған кезде әлеуметтік –диспетчерлік қызмет атқару. |
Жыл бойы |
11 |
8,9-сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу. |
Ақпан наурыз |
12 |
Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау және мамандықты таңдау мотивациясын зерттеу. |
Ақпан Наурыз |
13 |
Мектеп бітіруші сыныптар оқушыларын қажеттілігіне байланысты оларды жан-жақты психодиагностикалық зерттеулерден өткізу. |
мамыр |
14 |
11-сынып оқушыларының мамандыққа икемділігін зерттеу.Оқушылардың қалауы бойынша жеке тұлғалық ерекшеліктерін, интелектуалдық қабілет көрсеткіш терін анықтап беру. |
Мамыр маусым |
15 |
Педагогтардың қалауы бойынша олардың жеке тұлғалық қасиеттерін және мамандық құзырлылығын анықтау және басқа психодиагностикалық қызмет көрсету. |
Жыл бойы |
16 |
Ата-аналардың қалауы бойынша оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең зерттеу |
Жыл бойы |
|
2-бағытПсихологиялық түзету дамыту жұмыстары |
|
1 |
Бастауыш сыныптарға қабылданған балаларды мектеп күн тәртібіне бейімделуіне арналған сауықтыру іс шаралары. |
Тамыз Қыркүйек Қазан |
2 |
Мектепке даярлығын зерттеу барысында таным процестерінде ақаулық бар және оқуға даярлығы төмен балалармен дамыту машықтарын және ойындарын жүргізу |
тамыз |
3 |
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін түзету дамыту іс шараларын және шығармашылық ойлауын дамыту сабақтарын ұйымдастыру |
Қыркүйек қазан |
4 |
Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру.Үлкен үзілістер кезінде балалармен сауықтыру ойындарын жүргізу |
Қазан Қыркүйек Жыл бойы |
5 |
Орта сынып оқушыларының жеке тұлғалық жағымсыз мінез көрсеткіштерін өңдеу түзету жұмыстарын ұйымдастыру |
Қараша желтоқсан Жыл бойы |
6 |
Талапкерлерге арналған өзін-өзі психологиялық талдау мектебін ұйымдастыру.Оқушылар көмегімен психология апталығын өткізу. |
Жыл бойы |
7 |
Жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес беру орталығы жұмысын ұйымдастыру. |
Жыл бойы |
8 |
Мектеп бітірушілердің қарым қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг және түзету іс-шаралары мен ойындар ұйымдастыру |
Жыл бойы |
9 |
Проблемасы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізу.Сұраныс бойынша мінез құлқы қиын балаларға арналған жаттығулар ұйымдастыру.Психологиялық түзету дамыту жұмыстарын және треннингтер жүргізу. |
Жыл бойы |
|
3-бағыт Кеңес беру жұмысы |
|
1 |
Баланы мектепке даярлау барысында отбасы мен мектептің бірлескен жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес пункті жұмысын ұйымдастыру |
Маусым тамыз |
2 |
Ата-аналарды психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен таныстыру. Психокоррекция және арнайы дамыту жұмыстарды талап ететін балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстыру. |
Тамыз қыркүйек |
3 |
Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін оларға арналған лекциялар және басқа арнайы сабақтар жүргізу. |
Жыл бойы |
4 |
Ата-аналармен олардың балалары арасындағы түсініспеушіліктер туралы кеңес ұйымдастыру.Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету. |
Жыл бойы |
5 |
Орта буын оқушыларында кездесетін ерекшеліктер туралы олардың ата-аналарымен әңгімелесу.Психологиялық білімді насихаттау жұмысын жүргізу |
Жыл бойы |
6 |
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау проблемасы туралы кеңес беру |
Қаңтар ақпан |
7 |
Болашақ отбасы өміріне дайындау және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беру |
Жыл бойы |
8 |
Оқушылар алдында тұрған проблемалары бойынша топтық және жеке дара кеңес беру |
Жыл бойы |
|
4-бағыт.Ғылыми-әдістемелік жұмыс |
|
1 |
Оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу жолдары және оны қалыптастырудағы мұғалімнің орны. Әдістемелік семинар |
қыркүйек |
2 |
Семинарлар тақырыптары -жеке тұлға дамуында кездесетін ауытқулар және олардың пайда болу себептері -шығармашылық қабілеттілікті тәрбиелеу -түзету дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері Сұраныстар бойынша анықталған мәселелер |
Жыл бойы |
3 |
Ата-аналардың психологиялық педагогикалық білімін жетілдіру іс шараларын ұйымдастыру. Ата-аналар жиналыстарына баяндамалар даярлау,әр түрлі саладан мамандар шақыру |
Жыл бойы |
|
5-бағыты.Әлеуметтік-дипетчерлік қызметі |
|
1 |
Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету,олардың құжаттарын медициналық-психологиялық коммисияға дайындау |
Қажеттілік бойынша |
2 |
Медициналық –психологиялық комиссияның шешімі бойынша психологиялық дамуында патологиясы бар арнайы мектепке орналастыру т.б.қажеттілікке байланысты көмек көрсету |
Қажеттілік бойынша |
Мектеп психологы күнтізбелік жоспарының үлгісі.
Айлар |
Жұмыстың мазмұны |
Тамыз |
1. Жылдық жұмыс жоспарын жасау 2 жұмыс жоспарын педагогикалық кеңесте бекіту 3. Мектепке қабылданған балалардың оқытуға дайындағын диагностикалау 4. 1-сынып оқушыларының ата-аналарын психодиагностика нәтижесі мен таныстыру |
Қыркүйек |
Бірінші сынып оқушыларын психодиагностика минумынан өткізу 1-сынып оқушыларының мектеп режиміне бейімделу мәселесі жайында мұғалімдерге кеңес беру Таным процестері нашар және орта дамыған балалармен түзету дамыту жұмысын жүргізу. бірінші сынып оқушыларын мектеп режиміне үйрету іс шараларын жүргізу |
Қазан |
1. Балаларды диагностикалау нәтижелерін өңдеу және оларды ереже бойынша түсіндіру 2. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және қажеттілікке байланысты екінші,үшінші сынып оқушыларына арналған коррекциялық сабақтар жүргізу. 3.Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу 4.Дамуында ауытқу белгілері бар балалармен түзету дамыту машықтарын ұйымдастыру. 5.Бастауыш сыныптар оқушыларының таным процесстерін жетілдіру және дамыту жұмыстарын жүргізу. 6.Ата-аналардың сұранысымен жеке дара психологиялық қызмет көрсету (жеке кеңес беру,терең психодиагностикалық зерттеулер жүргізу т.с.с.) |
Қараша |
1.жоғары буын оқушыларына арналған шығармашылық ойлауды дамыту курсын ұйымдастыру. 2. жеке тұлғаның жағымсыз мінезін түзету тренингтерін жүргізу 3.Орта буын оқушыларымен психологиялық білімге баулу апталығын ұйымдастыру 4.Ата-аналар жиналысында балалардың жекелік ерекшеліктері туралы баяндама жасау және пед.кеңесте сөз сөйлеу. 5.Орта буындарда жүргізіліп жатқан психодиагностикалық минимум көрсеткіштерімен оқытушыларды таныстыру. 6.Психологиялық қызмет көрсету туралы сұраныстарды талдау 7.Сұраныстар бойынша кеңес беру |
Желтоқсан |
1.Орта буындағы психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуге анықталған сынып оқушыларын толық зерттеуден өткізіп,нәтижесін оқушы карточкасына түсіру |
ІІ - тарау. Мектеп психологының негізі жұмыс бағыттары
2.2.1. Психодиагностикалық жұмыс
Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:
-
психодиагностикалық жұмыс;
-
психопрофилактикалық жұмыс;
-
психологиялық кеңес беру;
-
психокоррекция жүргізу;
-
ата-аналардағы психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;
-
психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;
-
әлеуметтік-диспетчерлік қызмет көрсету;
-
педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.
Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет. Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады. Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп жұмыс жоспарында көрсету қажет.
Мектептерде және мектептен тыс оқу тәрбие мекемелерінде психолог штаты ашылуымен байланысты көптеген психолог мамандар оқушыларға, ата-аналарға кәсіби психологиялық қызмет көрсетуде. Қазіргі кезде әлеуметтік ортаның да көптеген салаларында психолог мамандарына сұраныс мол болып отыр. Осы мамандарға қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында жоғары оқу орындарында психолог мамандары даярлықтан өтіп жатыр.
Білім беру жүйесінде кәсіби қызметін атқару барысында психолог оқушгыларға , олрадың ата-аналарына, педагогтарға көптеген мәселелерді тиімді шешудің психологиялық негіздерін анықтауға, балалардың жас және жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап дамуында ауытқу байқалғандарға , отбасында немесе мектепте басқалармен тіл табыса алмай жүргендерге дер кезінде қажетті көмек көрсету психологқа жүктеледі. Ол оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалап зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың күнделікті дамуына ықпал жасайтын іс-шаралар жүргізеді. Сонымен қатар, дамуында қалыптан ауытқуы бар балалармен жеке дара, қажеттілік туғанда – топпен, түзету жіне дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. Ерекше қиын жағдайларда баланы басқа мамандарға көрсетіп, оның психологиялық дағдарысын оңтайландыру жолдарын анықтауға атсалысады. Бұл жұмыстың барлығы психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді іріктеп алуды және тиімді пайдалануды талап етеді.
Психодиагностика туралы түсінік
Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медицинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықтау және медицинада қалыптасқан терминдер мен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин XIX ғасырдан бері кеңінен пайдаланылуда. Психодиагностика (грекше «psyche» - «жан» , «diagnostikos» - «тануға қабілетті, танып білу») психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің күй, жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.
Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады:
-
Психодиагностика – адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Бұл анықтама бойынша психодиагностиканың негізгі мақсаты – психологиялық диагноз қоюға пайдаланылатын ғылыми жағынан тексеруден, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық құралдар жасау. Бұл бағытта диагностиканың алдында келесі мәселелер зерттелінеді:
-
Психологиялық қасиеттердің табиғаты және оларды ғылыми негізде бағалау қаншалықты мүмкін екендігін анықтау.
-
Психологиялық қасиеттерді танып білуге және оның көрсеткіштерін нақты сандармен бағалауға қазіргі ғылыми білімнің негізі бола алатындығын дәлелдеу.
-
Қазіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің жалпы ғылыми-әдіснамалық талаптарға қаншалықты сай келетінін бағалау.
-
Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерге қойылатын әдістемелік талаптар.
-
Психодиагностика жүргізуге қойылатын талаптардың, әдіс-тәсілдер пайдаланып жанаған материалдардың нәтижесін талдау және түсіндіру ережелерінің сенімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздеу.
-
Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді құру тәртібі және ғылымилық талапқа сай екендігін тексеру.
Психодиагностиканың екінші анықтамасы оның психолог қызметінің ерекшеліктерін көрсететіндігіне бағытталған. Сондықтан нақты тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау – психологиялық ғылымдардың бір саласы. Психодиагностикалық әдістердің көмегімен әр адамның жан дүниесінің қасиеттерін нақты бағалау арқылы оның психологиялық ерекшеліктерін жүйелі түрде сипаттауға мүмкіндік туады. Психодиагностика көмегімен жан дүние қасиеттерінің көрініс беру ерекшеліктерін ғана анықтап қоймастан, сонымен қатар зерттелунішілердің оқу-тәрбие жұмысында, қарым-қатынас барысында белгілі бір мәселелерді шешуде орын алған. Қазіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдістер адамның жеке тұлғалық қасиеттерін, таным процестері мен интелектуалдық қабілетін, күй жағдайларын бағалауға арналған және жеке тұлғаның психологиялық профилін жасауға арналған комплекстік зерттеу әдістері деп топтастырылады.
Психодиагностикада пайдаланылатын әдістер стандартталған және экспертті клиникалық деп бөлінеді. Стандартталған әдістерді қысқа мерзім ішінде көптеген адамдарды, топтарды зерттеп, оларға психологиялық көмек көрсету мазмұнын анықтау қажет болғанда пайдаланылады.
Эксперттік-клиникалық әдістері көмегімен адамның тек өзіне тән тұлғалық ерекшеліктерін терең және дәлірек зерттеп бағалауға болады. Сондықтан бұл әдістерді арнайы даярлықтан өткен, кәсіби шеберлігі қалыптасқан мамандар ғана жүргізеді. Мұндай әдістермен зерттеу әр адаммен жеке дара және ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі бойынша зерттеушінің өзі коррекциялық іс-шараларды өткізеді.
Психодиагностика пайдаланылатын әдістер формальдандыру деңгейіне байланысты аз формальдандырылған және жоғары формальдандырылған деп бөлінеді. Аз формальдандырылған әдістерге байқау, әңгімелесу, интервью жүргізу, іс-әрекет нәтижелерін талдау жатады. Бұл әдістер арқылы адамдардың жағдайға байланысты эмоциясы, жеке тұлғалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұл әдістердің нәтижесі ақиқатқа сай болуы зерттеу жүргізген психологтың шеберлігіне тікелей байланысты. Мұндай зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіледі және шыдамдылықты талап етеді.
Жоғары деңгейдегі формальданған әдістерге тесттер, анкеталар мен сауалнамалар, проективтік техникалар мен психофизиологиялық әдістер жатады. Оларды пайдаланғанда зеттеу жүргізу реті, орындауға берілетін уақыт, зерттелінушілерге нұсқау беру, зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау жолдары, бағалау нормативтері мен пайдаланылатын шкалалар толық стандартқа келтірілген түрде беріледі. Сондықтан зерттеу нәтижелерінің сенімділігі өте жоғары болады, ал психодиагностикалық зерттеуге қатысқан барлық зерттелінушілерге бірде жағдай жасалынады.
Психологиялық әдістер тек ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады.
Қиындықтардың психологиялық себептері анықталады. Сол көрсеткіштер бойынша зерттелінушінің психологиялық қасиеттерінің даму ерекшелігін, қарым-қатынас ерекшеліктерін талдап, сол адамға қажетті психологиылық көмек көрсету жолдарын анықтауға негіз болады.
Психодиагностиканы жүргізу жолдары.
Ұзақ жылдар бойы психологияда адам жанының сырын өзін-өзі байқау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді. Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделді. АҚШ психологы Э.Титченердің айтуынша, егер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, олар сондай ортада өмір сүрсе, солардың қылығын жасар еді. Дегенмен, адамдар хайуанаттарды адамға тән саналы әрекетке үйрету арқылы оларда да адамдық қасиеттерді туғызар алар еді деген. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі көмегімен адам сансы мен әрекетін бірлікте зерттей отырып, адамның өзін-өзі басқару арқылы өз ісәрекеті мен қылығына есеп бере алатыны дәлелдеуді талап етпейді. Сондықтан адамның психологиялық қасиеттерін зерттеуге пайдаланылатын әдіс тәсілдер адамның саналы әрекеті барысында қалыптасатын және адам өмірі тіршілігі барысында өзгеріп тұратын қасиеттерді бағалайтын болуы керек.
Қазіргі кезде пайдалалынатын психодиагностикалық әдістер адамның жеке тұлғалық қасиеттерін, таным процестері мен интелектуалдық қабілетін, күй жағдайын бағалауға арналған және жеке тұлғаның психологиялық профилін жасауға арналған комплекстік зерттеу әдістері деп топтастырылады.
Психодиагностикада пайдаланылатын әдістер стандартталған және эксперттік-клиникалық деп бөлінеді.
Стандартталған әдістерді қысқа мерзім ішінде көптеген адамдарды, топтарды зерттеп, оларға психологиялық қызмет көрсету мазмұнын анықтау қажет болғанда пайдалынады. Стандартталған әдістер көмегімен жиналған мәліметтердің сенімділігі жоғары және бұл әдістер субьективтік факторлардың әсеріне төзімді болады. Сондықтан зерттеу нәтижелері оны жүргізген адамның құзырлылығына, кәсіби шеберлігіне онша тәуелді емес.
Эксперттік- клиникалық әдістер көмегімен адамның тек өзіне тән тұлғалық ерекшеліктерін терең және дәлірек зерттеп бағалауға болады. Сондықтан бұл әдістерді арнайы даярлықтан өткен, кәсіби шеберлігі қалыптасқан мамандар ғана жүргізеді. Мұндай әдістермен зерттеу әр адаммен жеке дара және ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі бойынша зерттеушінің өзі коррекциялық іс- шараларды өткізеді.
Психодиагностикада пайдалынатын әдістер формалдандыру деңгейіне байланысты аз формалдандырылған және жоғары формальдандырылған деп бөлінеді. Аз формалдандырылған әдістерге байқау, әңгімелесу, интервью жүргізу, іс-нәтижелерін талдау жатады. Бұл әдістер көмегімен адамдардың жағдайға байланысты эмоциясын қайғы-қасірет жағдайындағы мінез-құлық көрсету ерекшеліктері, қарым-қатынас мәдениеті, т.с.с. жеке тұлғалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұл әдістердің нәтижесі ақиқатқа сай болуы зерттеу жүргізген психологтың шеберлігіне тікелей байланысты. Мұндай зерттеулер ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі және психологтан шыдамдылықты, көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан өз формалдандырылған әдістерді жоғары формальдандырылған әдістермен ұштастырып пайдаланған, зерттеудің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Жоғары деңгейде формалданған әдістерге тесттер, анкеталар мен сауал-жауап әдістері, проективтік техникалар мен психофизиологиялық әдістер жатады. Оларды пайдаланғанда зерттеу жүргізу реті, орындауға берілетін уақыт, зерттелінушілерге нұсқау беру, зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау жолдары, бағалау нормативтері мен пайдаланылатын шкалалар толық стандартқа келтірілген түрде беріледі. Сондықтан зерттеу нәтижелерінің сенімділігі өте жоғары болады, ал психодиагностикалық зерттеуге қатысқан барлық зерттелінушілерге бірдей жағдай жасалынады.
Психологиялық әдістер тек ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолог санау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратып, оның ұшқыш не астроном немесе өзге де мамандықтарды игеруге деген бейімділігі мен қабілетінің қаншалықты дамыған екендігін анықтайды. Жеке дара жүргізілген зерттеулер мен тексерілмеген сынау әдісімен жасалған кейбір қорытындыларда қателіктер де кетуі мүмкін. Мұндай қателіктер көбінесе кейбір балалардың бойындағы психологиялық процестер мен ерекшеліктердің кешігіп барып оянатынына жете мән бермей, асығыс қорытынды жасауға алып келетіндіктен ондай психодиагностикалық зерттеу жүргізуге болмайды.
Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық принциптер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарына орай негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырылады. Мысалы, оқушылардың мамандықты игеруге бейімділігін анықтау үшін арнайы жасалған тест негізгі әдіс деп саналса, ал сол оқушының өз қолымен жасап шығарған затын, оқу процесінде пайдалануға болатын көрнекі құралдарын зерттеуді көмекші әдіс ретінде қарастыруға болады. Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мысалы, оқушының орындаған жазба (бақылау) жұмысы оның белгілі пәнді меңгеруін анықтаудың негізгі әдісі болып саналады.
Психодиагностикалық жұмыстарды ретке келтіру қажеттілігі.
Психологиялық қызмет көрсету барысында оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін олардың жас кезеңдеріне байланысты анықтау үшін жүргізілетін зерттеулер психодиагностикалық минимум шеңберінде және жеке дара диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кейбір оқушыларға педагогтардан, ата-аналардан шағым түскенде, немесе басқа да нақты фактілерге байланысты кейбір оқушыларды мінез-құлқында көрініс берген ерекшеліктер қай кезде басым көрінетіндігін анықтау үшін жүргізіледі. Осы жағдайларға байланысты зерттеу клиенттің жас кезеңдеріне сай жүргізіледі.
Мектептегі психологиялық қызмет көрсету іс-шаралары оқушылардың жас кезеңдеріне байланысты бірнеше сатыда ұйымдастырылғаны жөн екені және әр жас кезеңіндегі балалармен жүргізетін жұмыстың міндеттері мен мазмұны бірінші кітапта берілген. Мектеп сатыларына байланысты бастауыш сынып оқушылары, орта буындағылар және жоғары сынып оқушылары деп үш топқа бөлуді психодиагностикалық қызметтің негізіне алуға болады. Зерттеу әдістемелерін осы нұсқа бойынша топтасытырып жинақтау да ыңғайлы екендігі сөзсіз. Сондықтан балалар проблемасы жас кезеңдерімен ұштастырып қарастырылады.
Психологиялық қызмет көрсету жұмысын ретке келтіріп, оларды жүйелі ұйымдастыруға негіз болатын іс-шаралардың ішінде маңыздылардың бірі – пайдаланылатын психодиагностикалық әдістемелерді ретке келтіріп алу. Бұл жұмысты мектепке қабылдау кезеңінде балалардың мектепте оқытуға даярлығын анықтауға арналған психодиагностикалық альбом жасау, барлық мектепте оқитын кезеңдерде пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді жеке-жеке топтастырып жинақтау жұмыстарынан бастау қажет. Жинақталған материалдарды «Мектепалды тобы», «Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері», «Орта буын оқушыларының таным процестерін зерттеу тесттері», «Орта буын оқушыларының жекелік қасиеттерін зерттеу тесттері», «Жеткіншектердің агрессиясы және акцентуациясы көріністерін бағалау тесттері», «Жоғарғы сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттерін зерттеу тесттері», «Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясын зерттеу тесттері», т.б. психологиялық қызмет салалары бойынша топтастырып жинақтаған ыңғайлы болады.
Әдістемелік жинақтарда топтастырылған материалдар ішінде бөлімдер анық байқалатындығы – психологиялық қызмет көрсету жұмысын тиімді ұйымдастыруға негіз болады. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тесттерін жинақтағанда оларды мектепке даярлықты зерттеуге арналған альбом, бірінші сыныпта оқитын баланың таным процестерін зерттеуге және қажетті процестерін дамытуға арналған жинақ, 3-4 сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттерін зерттеу және дамыту тесттер жинағы деп саралауға болады. Сонымен қатар жеке тұлғалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтауға арналған тесттер жинағы, дамуында ауытқуы бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу тесттерін жинақтау қажет.
Білім беру саласындағы психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың өзіне тән белгілі бір ұстанымдық ерекшеліктері бар.
Көптеген психологтардың зерттеулерінде психодиагностика екі құрамды бөліктен тұрады деп қарастырылады. Біріншіден ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-тәжірибелік психодиагностикасын бір-бірінен ажырата білудің өте қажет екендігі көрсетіледі. Өйткені ғылыми зерттеу психодиагностикасы психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын қалыптастыруға бейімделсе, ғылыми–тәжірибелік психодиагностика белгілі бір психологиялық қасиеттің пайда болуымен оның даму ерекшеліктерін зерттеу арқылы оның орын алған себебін ашу, яғни нақты сұраққа жауап беруге бағытталған. Білім беру саласындағы психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты. Сондықтан да бірқатар психологтар оны психолого-педагогикалық диагностика депте атайды.білім беру саласындағы психолог жүргізетін психодиагностиканың ерекшелігі – балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін және психологиялық даму динамикасын анықтау әдістері пайдалынады. Л.С. Выготский тәжірибелік- психологиялық диагностика негізінде баланың айналадағы орта мен қарым-қатынасындағы оның тұлғалылығын толығымен анықтап жатыр деп атап көрсетеді. Сонымен қатар ол баланы оның қылықтарының пайда болу жиынтығы ретінде статистикалық тұрғыдан қарастырсақ еш уақытта адамдық тұлғалықты аяғына дейін түсінбейміз деп ескертеді. Сондықтан, баланың психологиялық дамуын диагностикалағанда оны толық және жан-жақты даму контекстінде зерттеп, оның жекелік сипаттамаларын немесе психикалық функцияларын жас ерекшеліктерімен ұштастырып қарау керек.
Психологиялық қызмет шегінде психодиагностика психокоррекциялық жұмыстармен қатар жүреді. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету жұмысы диагностикалық-коррекциялық бағытта жүреді. Д.Б. Элконин балаларды зерттеу оларды таңдауға бағытталған емес , диагностикалау барысында көрініс берген ауытқуларды коррекциялау мақсатында , олардың психикалық даму барысында көрініс берген ауытқуларды коррекциялау мақсатында, олардың психикалық даму барысын байқауға бағытталуы керек екендігін көрсетеді. Психологтың диагностикалық- коррекциялық бағыттағы жұмысы өте күрделі, ол психолог-практиктің арнайы кәсіби іскерлігінің дамығандығын талап етеді. Мысалы, психологиялық тест көмегімен жүргізген зерттеу нәтижесі дұрыс болу үшін, ол әдістерді пайдалану, адамдармен диагностикалық жұмысты атқару психологтың этикалық принциптерін сақтай білетін және тұлғаның қажетті қасиеттері мен арнайы психологиялық біліктілікті меңгерген адамның қолында болуы керек.
Диагностикалық және коррекциялық әрекет құрылысы әлі толық анықталмаған.
Оны алғаш рет Л.С. Выготский өз еңбектерінде қиын балаларды зерттеу нұсқасы ретінде мектеп психологтарының психо-диагностикалық жұмысының үлгісі жасалған. Оның ұсынысы бойынша диагностикалық-коррекциялық жұмыс келесі кезеңдерден тұрады.
-Тәжірибелік ұсынысты талдау,
-Психологиялық мәселені белгілеу
-Бақыланып отырған нәрселер туралы болжамды шығару.
-Зерттеу әдістерін талдау.
-Әдістерді қолдану
-Баланың ары қарай дамуы туралы болжамнан тұратын психологиялық диагнозды белгілеу.
Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар.
Психодиагностика жүргізу - психологтан өте үлкен жауапкершілікті талап ететиін қызмет. Ол психологиялық мамандық білімді, кәсіби шеберлікті, әлеуметтік-этикалық ұстанымдарды қатал сақтауға негізделеді. Осы талаптар психодиагностика жүргізуге қойылатын ұстанымдарда көрсетілген.
1. Құпия сақтау ұстанымы. Бұл талап бойынша зерттеу нәтижелерін зерттелінушінің келісімінсіз ешкімге айтуға болмайтындығын болжамдайды. Егер зерттелінуші кішкентай бала болса, онда зерттеу нәимжелері ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша басқаларға жарияланады. Егер зерттеу нәтижелері ғылыми еңбектерде пайдаланылатын болса, зерттелінушілердің аты-жөні өзгертіліп көрсетіледі.
2. Психодиагностикалық әдістердің ғылыми негізделгендігі ұстанымы. Барлық пайдаланылған психодиагностикалық әдістер сенімді және баламалы болуы керек. бұл ұстаным психодиагностикалық әдістемелерді пайдалану нәтижесінде жиналған мәліметтер ақиқатқа сай келетіндігінің кепілі болады.
3. Зерттелінуге зиян келтірмеу ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін еш уақытта зерттелінушіге қарсы әрекет жасауға пайдалануға толық тыйым салынады. Егер психодиагностика нәтижелері талапкерлерді бір жұмысқа іріктеп алу үшін пайдаланылатын болса, онда жеке тұлғаға қандай талаптар қойылатыны, психологиялық қасиеттерді бағалау үшін қандай әдістермен, қандай көрсеткіштері бағаланатыны туралы зерттелінушіге алдын-ала толыұ мәлімет беру керек.
4. Қорытындылар мен ұсыныстардың объективтігін қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша псиодиагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған спихологиялық диагноз алынған нәтижелерге сай қойылуы керек. Зерттелінуші туралы қалптасқан піркірді отырып зерттеу нәтижесіне тура келмейтін мінездеме беруге толық тыйым салынады.
5. Ұсыныстардың тиімділігі ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстар зерттелінушіге пайдалы болуға тиісті. Зерттелінуші пайдалана алмайтын немесе нәтижесі екі тайлай болатын ұсыныстар жасауға тыйым салынады.
Психодиагностика жүргізу үшін психолог өзі пайдаланатын әдістерді өте жақсы меңгерген болуы керек. Кімді де болса психодиагностикалық зерттеуден өткізгенде психолог келесі имандылық-этикалық нормаларды сақтау керек.
1. Психодиагностикалық зерттеуге әр адам өз еркімен қатысуы керек. Тек заңға негізделген медициналық, құқықтық зерттеулерде ғана зерттелінушінің келісімі қажет емес.
2. Психологиялық диагностиканы жүргізу барысында зерттелінушіге оның жеке тұлғалық ерекшеліктерін бағалау кезінде оның өзі онша түсіндеген, өзі байқамаған қасиеттері мен сырлары ашылуы мүмкін екендігін ескерту керек.
3. Зерттелінуші өз қасиеттерін диагностикалау нәтижесімен танысуына, зерттеу нәтижелерін кім және не үшін пайдаланатынын білуге құқығы бар (егер заң бұзушы немесе жүйке ауруына шалдыққан болмаса).
4. Зерттеу жүргізуші психодиагностика нәтижелерімен зерттелінушіні толық түсіндіріп беруге міндетті.
5. Кішкентай балаларды зерттеу нәтижесімен ата-аналарлды немесе оларды алмастыратындарды таныстыру.
6. Жеке тұлғаны психодиагностикалау нәтижелері конкурсқа қатысуы үшін немесе жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін жүргізілген болса, зерттелінушіге қандай талаптар қойылатындығы, психологиялық қасиеттерді бағалау үшін қандай әдістер пайдаланатыны, тест нәтидесі бойынша жасалатын қорытындылар туралы оның толық мәлімет алуға құқығы бар.
7. Барлық әдістемелерді талапқа сай пайдаланғанына, зерттеу нәтижесін сапалы талдау жүргізуге жауапкершілік психологқа жүктеледі.
Психодиагностикада пайдалынатын әдістер.
Байқау әдісі.
Психодиагностикалық байқау дегеніміз – мақсатты, байқау процесі кезінде шешілуі тиіс міндеттер мен мақсаттар айқын анықталған, жүргізу реті жоспарлы түрде арнаулы ұйымдастырылған зерттеу тәсілдері.
Байқау әдістерін қолдану тәсілдері әр қилы болады. Байқау арқылы анықталған фактілер мен құбылыстардың себеп-салдар принципті бойынша әрбір нәрсенің сырын ашып көрсетеді. Ғылыми байқау мынадай сатылардан тұрады:
а) сыртай бақыланған мінез көріністері мен әрекеттерді түсіндіру.
ә) оның ішкі психологиялық мәнін ашып көрсету.
б) жорамал жасап, оның анықтығын, ақиқатқа сай келгендігін дәлелдеу.
Байқау психологиялық процестер мен құбылыстарға жүргізіліп нәтижелері арнаулы құжатқа тіркеліп жинақталған соң алынған мәліметтер психологиялық тұрғыдан тұжырымдалады.
Байқауды ұйымдастыру және жүргізу – күрделі процесс. Оны сыныптастыруды көптеген көрсеткішіне байланысты жүргізеді.
Байқау өткізген орнына байланысты үйреншікті жағдайда және жасанды жағдайда жүргізілген түрлері деп екі топқа бөлінеді. Зерттеушінің байқалып отырған жұмысқа араласуына сәйкес, байқау қатынассыз және қатынасты болып бөлінеді.
Байқауды жүргізу үшін байқаған көрсеткіштерді тіркеу құжатын – байқау күнделігін жүргізу қажет.
Ұзақ мерзімге созылған байқау жүргізу үшін байқау күнделігі келесі көрсеткіштер жобасы бойынша жүргізіледі:
1)Байқаулардың, мысалы, біреуді алу нысананың саны, кімдер, немен айналысады, негізгі жұмыстарын жазу. Топтың құрылымы: кімге қалай бағынады. Кіші топтарға бөлінеді. Қарым-қатынастардың сипаттамасы.
2)Байқаудың жағдайы; бақыланып отырған іс-әрекет процестері, қосалқы көңіл-күйлер, қай жерде өтіп жатыр. Мұндай жағдайда нені күтуге болады.
3)Бақыланатын жағдай; мен нені бақылағым келеді, не қалай істелінуде? Іс-әрекеттің мазмұны қандай, іс-әрекетте көрсеткен мінезі. Іс-әрекетке араласу себебі (мотив) болып отырған іс-әрекеттің әсері қандай? Қандай қасиеттерге ерекше назар аудару керек?
4)Байқау жағдайының қайталануы және ұзақтығы. Бақыланатын жағдай қалай туды? Оған не әсер етті? Сол жағдайдың ұзақтық мөлшері. Ол жағдай ерекше болды ма, әлде қайталанып отыр ма, қажетті жағдайды туғызу үшін не қажет? Бұл жағдайға кедергі болып отырған не?
5)Байқауды жүргізушілер туралы мәліметтер; Өзінің фамилиясын, тәжірибесінің бар немесе жоқтығы. Бұрын байқау жүргізген бе?
6)Байқау режимі және нәтижесі. Бақыланатын әрекет бастамас бұрын әрекет нәтижесіндегі қорытындылар.
Байқау адамның іс-әрекетінің түрлерін, даму ерекшеліктерін, қоршаған ортаның құбылыстарын және олардың адамға тигізетін әсерін зерттеуге пайдаланылады. Эмперикалық зерттеудің басым көп бөлігі байқау арқылы жүргізіледі. Эксперименттің де көптеген элементтері, контент талдау, тест жүргізу әдістері де байқау элементтерін пайдалануды талап етеді.
Байқауды ғылыми-зерттеу әдісі ретінде пайдаланылғанда ол күнделікті байқаудан келесі ерекшеліктермен сипатталады:
Мақсаттылығы, байқау жүргізуші нені және не үшін бақылайтынын және қандай көрсеткіштерін есепке алып отыратынын алдын-ала анықтап алады;
Жүйелілігі, жүйелі жүргізген байқау арқылы кездейсоқ мәселелерді сол құбылысқа тән тұрақты қасиеттерден ажыратады;
Жоспарлығы, зерттеуші зерттелінетін мәселелерді алдын-ала анықтап, зерттеуді қай бақытта жүргізілетінін жоспарлап алады;
Талап қабылданатыны, зерттеуші байқаған ерекшеліктерді талдап, барлық фактілерді бір-бірімен салыстырып отырады;
Нәтижелерін тіркеу, байқау барысында орын алған ерекшеліктердің барлығы қағазға түсіріліп, тіркеледі;
Барлық ұғымдар анықталып, байқау барысында бір жүйедегі анықтамалар пайдаланылады.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілген зерттеулердің көрсеткіштері қайталанып отырады. Зерттеушінің байқау барысында алған мәліметтері басқа зерттеушілер ұқсас жағдайда жүргізген байқауында қайталанып отырады. Өйткені зерттеу ұстанымдарға сай жүргізілсе, нәтижелері зерттеушінің жеке ерекшеліктеріне онша тәуелді болмайды, ол объективтік болмыстың ерекшеліктеріне онша тәуелді болмайды, ол объективтік болмыстың ерекшеліктерін сипаттайды.
Байқау әдісінің өзіне тән күшті және осал жерлері бар:
Күшті жағы «+»:
Жиналған материалдардың байлығы (байқауға алынғандардың сыртқы көрінісі, жүріс-тұрыс ерекшеліктері, әрекеттерінің өзіне тән сипаты байқалады);
Іс-әрекет жасау шарттары табиғи жағдайда жүреді;
Неше түрлі техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануға болатындығы;
Зерттелінушілердің келісім сұраудың қажетсіздігі.
Осал жағы «-»:
Субъективтілігі (зерттеу нәтижелері зерттеушінің ғылыми көзқарастарына, біліктілігіне, құзырлығына, жұмыс қабілетіне байланысты);
өмір ағымына әсер тигізуге мүмкіншіліктің жоқтығы, болып жатқан оқиғалар өз ағымымен жүретіндігі;
зерттелінушінің пассив жағдайында болуымен байланысты зерттеу көп уақытты талап ететіндігі.
Зерттеушінің зерттелініп жатқан ортаға ендірілгендігіне байланысты байқау жүргізу келесі түрлерге бөлінеді:
ендірілген байқау, зерттеуші басқалармен қосылып, зерттелініп жатқан процесті бірге орындауы;
сырттан байқау, зерттеуші тікелей қатыспастан, процесті сыртта жүріп байқауы.
Зерттеу объектісімен қатынасына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
астыртын жүргізілген байқау, зерттелінушілер олар зерттеу объектісі екенін білместен бірге араласып жүреді (ендірілген байқау);
ашық байқау, зерттелінушілер жүргізілетін жұмыстың бағдарламасымен таныстырылып, олар зерттеу объектісі екендігі туралы мәліметтендірілген болады.
Байқау объектісінің ерекшелігіне байланысты келесі түрлері анықталған:
сырттай байқау, өзгелердің мінез-құлқы, іс-әрекеті ерекшеліктерін зерттеуге арналған;
интроспекция (латынша «ішке қараймын») өзін өзі байқау.
Байқау жүргізу уақытына қарай келесі түрлері анықталған:
бір қайтара жүргізілетін (бір дүркіндік зерттеу);
қайта-қайта жүргізілетін зерттеу, жыл сайын бір уақытта немесе әр бесжылдықта қайталайтын зерттеу болуы мүмкін;
лонгитюдтік (ағылшынша «ұзақтық»), ұзақ уақыт ішінде бір немесе бірнеше ұрпақтарға созылатын байқау.
Зерттелінушілерді қамту ерекшеліктеріне байланысты байқау түрлері:
жаппай жүргізілетін, қамтуға мүмкіндігі бар объектілердің барлығын байқау;
іріктелген, бір немесе бірнеше көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізілгенде.
Зерттеу нәтижесін тіркеу ерекшеліктеріне байланысты келесі түрлер анықталған:
айқындау зерттеуі, зерттеуші объектінің қалыптасқан тәжірибедегі мінездемелерін анықтауға, зерттелінетін қасиеттердің көрініс беру деңгейін бағалауға арналған;
бағалау үшін жүргізілген байқау, қамтылған диапазондағы зерттелінушілердің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде бағалау (рейтинг шкаласы бойынша).
Стандарттатылғанына байланысты байқау түрлері:
еркін немесе барлау мақсатымен жүргізілген байқау, қандай фактілерге ерекше көңіл аудару қажет екенін анықтау үшін жүргізіледі;
құрылымдық немесе стандарттатылған, алдын-ала анықталған бағдарламаны бұлжытпай орындауға бағытталған, барлық жүргізілетін іс-шаралар байқау ережелеріне сай жүргізіліп, нәтижелері анықталған шкалаларға сай бағаланып, нәтижелері тіркеліп отырады.
Ғылыми байқауды жүргізу кезеңдері:
Байқау мақсатын анықтау.
Зерттеу объектісін анықтау (жеке тұлға немесе топ)
зерттеу пәнін анықтау (жеке тұлғаның қандай қасиетттерін зерттеу қажет екені анықталады)
Байқау жұмыстарын жоспарлау.
Байқау құралдарын, ретін анықтау (зерттеу объектісіне ешқандай әсер тигізбей, ол туралы мәлімет жинау жолдарын анықтау)
Байқау жүргізу мерзімін, ұзақтығын нақты белгілеу
Байқау нәтижелерін тіркеу түрін таңдап алу
Жіберілетін қателерді болжамдау және оны болдырмау жолдарын іздеу.
Байқаудың бірінші сынап көру сеансын жүргізу, байқау бағдарламасын коррекциялау.
Байқау нәтижесін тіркеу түрлері:
1.Зерттелінетін қасиеттерді тіркеу жүйесін анықтау. Мысалы: темпераменттің көрініс беруін Х (холерик), С (сангвиник), Ф (флегматик), М (меланхолик) деп белгілеп, олардың әрқайсысына жеке баған жасап, сол бағанға зерттелінушінің атының тұсына шартты белгі қойылады.
2. Категориялау жүйесі бойынша тіркеу: қарым-қатынас мәдениетін зерттегенде өктемшіл, ымырашыл, әміршіл т.с.с.
3. Рейтенг шкаласы бойынша тіркеу: (ағылш. «Баға», «реті», «сыныптастыру»), зерттелініп отырған қасиеттің көрініс беруі, күштілігі.
Байқау әдісін пайдаланғанда жіберілетін қателер:
-гипотезаны дәлелдеу үшін оған қарама-қарсы көрсеткіштерге көңіл аудармау;
-жетекші мен қосалқы қасиеттерді шатастыру;
-асығыс қорытынды жасау;
-зерттелінушілердің қарама-қарсы көрсеткіштеріне көбірек көңіл аудару;
-адамның немесе топтың бірінші кездескендегі әсеріне бөлену;
-зерттелінушілердің көңіл-күйін, жағдайын ескермеу.
Байқау әдісінің басқа әдістерге қарағанда елеулі артықшылығы – адамның психикалық көріністерінің табиғилығының сақталуында. Дегенмен бұл әдістің ыңғайсыз жақтары да бар. Байқау барысында зерттеуші самырқау позициясында болып, барлық құбылыстардың өзіндік көрініс береді де оларға әсерін тигізген факторларды ретке келтіріп таңдау, жиналған материалдарды сандық талдау қиын болады.
Сауал-жауап әдістері
Сауал-жауап – арнайы дайындалған зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмприкалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнаманы құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны; 2)олардың түрі – ашық немесе жасырын, соңғысына «иә» және «жоқ» деп жауап беру қажет; 3)олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмейді); 4)сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез-келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс: іріктеудің көрнекілігі мен біркелілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді. Сауал-жауап әдістерінің әрқайсысына жеке тоқтап өтеміз.
Әңгімелесу әдісі
Сауал-жауап әдістерінің ішінде өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын түрі - әңгімелесу. Әңгімелесу психодиагностикалық және психологиялық кеңес беру әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіме мақсатын алдын-ала анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеп алу өте маңызды. Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шуақ, ықыласты жағдайды сақтаудың маңызы аса зор.
Әңгімелесу әдісінің негізгі кемшілігі сол, мұнда зерттелінетін адамның психикалық ерекшеліктері туралы тұжырымды оның өзі берген жауабы негізінде жасауға тура келеді. Сондықтан бұл әдісті өз алдына жеке пайдаланбастан, басқа әдістермен ұштастырып, қосалқы әдістеме ретінде қолданған дұрыс болады.
Әңгімелесу әдісін психодиагностикада зерттелінушінің өткен өмірінде жеке басынан кешкен жағдайларды, отбасының ерекшеліктерін, оның ата-анасы, жолдастары, алдына қойып отырған мүдделері мен мұратын анықтауға пайдаланады. Бұл мәліметтердің барлығы зерттелінушінің жеке тұлғалық бейнесін тереңірек түсінуге және көптеген қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Әңгімелесу басында респондентті әңгімелесуге тартуға арналған кіріспе сөз даярлаудың мәні терең. Бұл кіріспе сөзде әңгімелесу тақырыбы, қандай мақсатпен жүргізіліп жатқандығы, кімнің және не үшін мәлімет жинап жатқаны туралы қысқаша кіріспе жасалынады. Кіріспе сөз зерттелінушілерді қазіргі кезде қызықтырып отырған табиғат құбылыстары, денсаулық немесе базардағы заттар бағасы туралы болуы да мүмкін. Бұл сөздер респондентті өзіне жақындатып, әңгімелесу барысында оның ашылуына, сырын шегуіне жол салу үшін керек. Сонан соң әңгімелесуге анықталған негізгі сұрақтар беріліп, жауаптарды мұқият тыңдап алу, алынған мәліметтерді әңгімелесу аяқталғаннан соң оңаша отырып қағаз бетіне немесе таспаға түсіріп алу керек.
Интервью жүргізу әдісі
Сауал-жауап әдістерінің келесі түрі – интервью. Интервью – ағылшын тілінде кездесу, әңгімелесу деген мағынаны білдіреді. Бұл әдістеме зерттелінушімен тікелей кездесу барысында вербальдық қатынас арқылы мәлімет алуды көздейді. Берілген жауаптар тексеріліп, сауал жүргізген адамның қарым-қатынас барысындағы жауабы мен мінезін талдауға негізделген.
Интервью жүргізу процедурасы зерттеу мақсатына толық сай, алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда қандай мәселе бойынша мәлімет жиналатыны және нәтижесі қалай талданатыны анықталған болады.
Интервьюді көптеген зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдалануға болатындығы және жиналған материалдардың түрлі бағытта болу мүмкіншілігіне байланысты оны әмбебап әдістерге жатқызады. Сондықтан интервьюді көптеген ғылым салаларында әр түрлі көзқарастағы зерттеушілер кеңінен пайдаланылады.
Сонымен қатар интервью нәтижесіне зерттеушінің жеке ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді, сондықтан оның нәтижесі субъективтігімен, кейде ақиқатқа онша сай келмейтін фактілер кездесетіндігімен сипатталады.
Интервью жүргізу барысында респондент (ағылшын тілінде жауап беруші) – интервьюге мәлімет көзі ретінде қатысушы адам көптеген себептерге байланысты сұрақтарға жауапты бұрмалап беруі мүмкін. Оның себептері:
Оның пікіріне сырттай тигізген әсерге иланушылығы (ол әсер ақиқат немесе өзінің «жаман» ойымен байланысты болуы мүмкін);
Әлеуметтік ортада қалыптасқан пікірден шыға алмауы;
Ойлау стереотиптері мен қалыптасқан тәртіпке бағынушылықтың нәтижесі;
Талданып жатқан мәселеге өз пікірінің қалыптаспағандығы;
Талданып жатқан мәселені білмеуі немесе мәліметтілігінің таяздығы;
Зерттеушіні жақтырмауы;
Берілген мәліметтің құпия сақталуына көзі жетпегендігі;
Әдейі өтірік айтуы немесе сыр сақтауы;
Кейбір фактілерді ұмытып қалуы.
Интервью, сауал-жауап жүргізуші, жиналған материалдарды дұрыс талқыламай, оны бұрмалап көрсетуі де мүмкін. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысында интервью әдісін пайдаланатын адамға оның жоғары білікті маман және құзырлы болуын талап етеді. Сонымен қатар басқалармен қарым-қатынас жасау мәдениеті, шыдамдылығы, сыйысымдылығы, басқалардың жағдайын түсінгіштігі, жарқын жүзділігі, т.с.с. қасиеттеріне талап қойылады.
Интервью түрлері:
Жүргізу жағдайына байланысты бір рет немесе қайта-қайта жүргізілетін, жеке-дара немесе топпен жүргізілетін болады.
Ұйымдастыру мақсатына байланысты:
Ғылыми-зерттеу – ғылым талаптарына сай,
Диагностикалық – клиенттің жан дүниесінің ерекшеліктерін түсінуге арналған;
Клиникалық-терапевтикалық әңгімелесудің бір түрі ретінде, клиентке оны қинап отырған мәселенің мән-мағынасын түсінуіне, шиеленіс жағдайлардың себебін анықтауына көмек көрсетуге пайдаланылады.
Интервьюердің респондентпен қатынасының ерекшелігіне байланысты еркін жүргізілетін интервью, жартылай және толық стандартталған деп бөлінеді.
Еркін жүргізілетін интервью барысында зерттеуші сұрақ қою ретін, қосымша сұрақтарды интервью барысында клиенттің жағдайына ыңғайлап өзгертіп отыруына мүмкіндік беріледі. Интервью жүргізу тактикасы өте икем, респонденттің жеке даралық ерекшеліктеріне сай келтірілген түрде жүргізіледі.
Стандартталған интервью алдын-ала анықталған нұсқа бойынша барлық респонденттермен бірдей ретпен, бірдей жағдайда жүргізіледі. Интервьюер өз еркімен сұрақтарды, оларды респондентке қою ретін өзгертуіне және жоспарланбаған сұрақтарды қоюына болмайды.
Мұндай интервью нәтижесінде жиналған материалдарды бір-бірімен салыстырып, алдын-ала анықталған көрсеткіштер бойынша талдап шығуға болады. Сондықтан зерттеу нәтижесінің сенімділігі артады.
Жартылай стандарттатылған интервью барысында екі түрлі сұрақтар пайдаланылады. Бірінші топтағы сұрақтар алдын-ала даярланған негізгі сұрақтар және оларда барлық респонденттер міндетті түрде жауап беруі керек. Екіншісі, сол сұрақтарға жауаптарды толықтыруға, нақтылауға арналған қосымша сұрақтар (респонденттің ойын жетелеуге арналған) Бұл сұрақтар қажет болған уақытта ғана пайдаланылады.
Жартылай стандарттатылған интервью барысында сауал-жауап жүргізу әр респонденттің жеке ерекшеліктеріне байланысты сол адамға арналған вариантта ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеуші диалогты белсенді басқарып, қажетті кезде қосымша сұрақтар арқылы респондентті қажетті бағытта ойын дамытуға мүмкіндік береді.
Интервьюді ұйымдасыру кезеңдері. Интервью әдісінің қай түрі пайдаланылса тиімді ұйымдастыру үшін оны жүргізу ретін сақтаған дұрыс. Бірінші кезең – даярлық кезеңі деп аталады. Бұл кезең келесі компоненттерден тұрады:
Зерттеу объектісі, зерттеу міндеттері, интервью түрі анықталады;
Психологиялық зерттеу құралдарын анықтау (интервьюді жүргізу жоспарын жасау, зерттелінушіге берілетін сұрақтарды анықтап, оларды ретке келтіру, жиналған материалдарды талдау категорияларын анықтау, нұсқаулар даярлау, техникалық құрал-саймандарды ретке келтіру);
Пилотаждық интервью жүргізу;
Зерттеу бағдарламасын коррекциялап жетілдіру, анықталған сауалнамадағы сұрақтарды тексеріп шығу, пилотаждық зерттеу барысында анықталған қателерді талдау және оны қайталамау жолдарын анықтау;
Респонденттерге беретін нұсқау мәтінінің, оларға қойылатын сұрақтардың соңғы вариантын жасау.
Интервьюрдің қоятын сұрақтарының түрлері
Зерттеу мақсатына байланысты екі түрлі сұрақтар анықталады:
Процедуралық (функционалдық) сұрақтар. Олар сауал-жауап жүргізуді оңтайландыру үшін қажет (респонденттің интервью жүргізу мақсатын және шарттарын білетіндігі, интервьюермен қарым-қатынас жасауға даярлығы);
Тақырыптық сұрақтар. Олардың көмегімен зерттелінушілер пікірлері талданып, психологиялық қорытындылар жасалады.
Зерттеу мазмұнына байланысты түрлері:
Зерттелінушінің анықталып жатқан әлеуметтік мәселені немесе өмірде болған оқиғаларды білуі туралы сұрақтар;
Зерттелінушінің өзінің мінез-құлқы туралы, мінез көрсету себептерін түсіндіре алуы, өмірлік ұстанымдары, өзіне және өзгелерге көзқарасын анықтауға бағытталған сұрақтар;
Пікірлердің жиілігін, қатынастарды анықтауға арналған, эмоционалдық реакцияларды бағалауға арналған сұрақтар.
Жауап формасына байланысты: жабық және ашық сұрақтар қойылады. Жабық сұрақ қойылғанда респондентке жауап варианттары ұсынылады, ал ашық сұрақтарға әр респондент еркін және толық жауап береді.
Интервью сұрақтарын құруға қойылатын талаптар:
Әр сұрақ логикалық жағынан бір мәселені талдауға, бір мәселе бойынша респонденттің пікірін айтқызуға арналған болуы керек. Көп аспектілі сұрақтар қоюға болмайды.
Анкета жүргізу әдісі
Сауал-жауап әдістерінің келесі түрі-анкета. Анкета жүргізу- алдын-алы даярлаған бланктерді пайдалана отырып сауал-жауап жүргізудің жазба түрі. Анкета ( фрац. «сауалдар тізімі» деген мағынаны білдіреді) респонденттерге таратылып берілгеннен соң олар өз бетімен толтырады.
Бұл әдісті Френсис Гальтон бірінші болып пайдаланған.Ол зерттелінушілердің ақыл-ой даму ерекшеліктерін бағалау үшін респонденттердің жазба түрде берген есептерін талдаған. Ол өзінің зерттеу нәтижелерін «Ағылшын ғылымындағы тұлғалар: олардың табиғаты мен тәрбиесі» деген 1874 жылы шыққан кітабында көрсеткен.
Бұл әдісті пайдаланудың негізінде алдын-ала даярлаған сұрақтар мазмұнының айқындығы және олардың дұрыс құрылуы болып табылады. Анкета жүргізу барысында зерттелінушілерге оны толтыру тәртібі жөнінде егжей-тегжей нұсқау беріп, жиналған материалдарды сандық және сапалық жағынан ұқыпты өңдеуді,статистикалық әдістерді дұрыс қолдануды қамтамасыз ету керек.
Бұл әдістеменің өзіне тән жетістіктері:
мағлұмат алудың жылдамдығы.
көпшілікті зерттеуге мүмкіншілік беретіндігі
басқа әдістерге қарағанда зерттеуге материалдар даярлау, оны жүргізу және нәтижесін талдауға аз уақыт пен күш жұмсалатындығы
респонденттердің пікіріне зерттеушінің тигізетін әсерінің төмендігі,
зерттелінушілерге субьективтік көзқарастың орын алмайтындығы.
Дегенмен анкета жүргізуге тән елеулі кемістіктер бар:
респонденттердің жағдайын есептей отырып сұрақтарды толықтыруға немесе өзгертуге мүмкіндігі болмайтындығы
респонденттердің өзін жақсы көрсетуге тырысып жауапты «жақсы» етіп көрсетуге бағытталаған бейсаналы қорғаныс функцияларының және мотивтерінің тигізетін әсері.
Қазіргі кезде анкета жүргізу психологияда қосалқы әдістер ретінде пайдалынады, ал социология мен демографияда – негізгі зерттеу әдістері ретінде кеңінен пайдалынады.
Анкета сұрақтарының түрлері.
Анкетадағы сұрақтардың мазмұны бойынша олар үш түрге бөлінеді.
респонденттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған, олардың жасы, мамандығы, білімінің деңгейі,отбасының ерекшеліктері т.с.Жиналған материалдарға сүйене отырып зерттеуші зерттелінушілерді ұқсас көрсеткіштері бойынша толтыруына мүмкіндік туады.
Сана фактілеріне байланысты анкеталар көмегімен зерттелінушілердің пікірлері, жоспарлары, үміттері және өзгелерді бағалау жүйесі анықталады.
Мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу анкеталары көмегімен зерттелінушілердің неше түрлі жағдайларды және іс-әрекеттерінің нәтижелері талданады.
Респонденттердің жауаптарының формаларына байланысты анкеталар ашық және жабық түрлерге бөлінеді.
Жабық анкеталарда бірнеше варианттар беріледі. Бұл жағдайда респондент тек аталған жауаптардың ішінен өзі дұрыс дегенін белгілейді.. Сонымен қатар неше жауапты таңдап алуына болатыны, оның ретін белгілеу керек болса ол ретті анықтау жолдары зерттелінушіге толық түсіндіріліп айтылады.
Жабық анкетада жауап берудің бірнеше формасы бар;
А)дихотомикалық форма – жауаптар қарама-қарсы мағынада болады (иә-жоқ,дұрыс-дұрыс емес, келісемін-келіспеймін т.с.с)
ә) поливарианттық форма-бірнеше жауапты таңдап алуға мүмкіндік беретін жауап тізімдері беріледі. Мысалы: «Мағлұмат көзі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының қайсысын жиі пайдаланасыз?» деген бірнеше жауаптар қатары беріліп,оларды респондент үшін маңыздылығына байланысты реттік нөмірлер қойып шығу ұсынылады. Жауап варианттары келесідей болуы мүмкін:
-теледидар
- газеттер
- журналдар
- оқытушылар
- отбасындағылар
Б) шкалалық форма, респонденттердің зерттеу обьектісіне қатынасын немесе одан алған әсерін бағалау қажет болғанда пайдалынады. Мысалы, жауап варианттары келесі түрде болуы мүмкін:
-толық келісемін
-келісемін, бірақ кейде басқаша болады
- білмеймін,
- келіспеймін, бірақ кейде мүмкін,
- ешқандай келісуге болмайды
В) кесте түрінде берілетін жауап формасы. Мысалы:
Сіздің келесі мәселелерге уақытыңыз жетеді ме? |
Иә |
Жоқ |
Білмеймін |
Сабаққа барлық уақытта жақсы дайындалуға |
|
|
|
Сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға |
|
|
|
ФОП, компьютер,үйірме жұмыстарына |
|
|
|
Респонденттер саны көп болса да олардың берген жауаптарын талдау үшін жауаптарды код арқылы белгілеу қолданылады.Код ретінде үш сандық белгі алынса, бірінші екі сан сұрақ нөмірі, ал үшінші сан- жауаптың реттік саны болады.Зерттелінуші өз жауабын код санын белгілеу арқылы көрсетеді.
Жабық анкета жүргізгенде респонденттердің жауаптарын салыстырмалы түрде талдауға болады. Дегенмен бұл жауаптарда әр зерттелінушінің пікірін есептеуге мүмкіндік болмайды.
Жартылай жабық анкета пайдалануға негіз болатын себептер;зерттеушінің барлық варианттағы жауаптарды анықтауына мүмкіндігі болмағанда және зерттелінушілердің пікірлерін және көзқарастарын анықтауға пайдалынады.Жартылай жабық анкета пайдаланғанда жауап парақта барлық жауап варианттары беріледі және бір бағанды «басқа жауаптар» деп атап, ол жерге әр респондент өз пікірін жазуы ұсынылады.
Ашық анкета қолданғанда барлық сұрақтарға респондент өз бетімен жауап береді. Ашық анкетаға берілген жауаптарды бір-бірімен салыстырып талдау, бағалау өлшемдерін табу қиынырақ болады. Сондықтан ашық анкеталарды зерттеуді енді бастағанда айқындау жұмысын жүргізу үшін ғана пайдаланылады.
Анкетаны құру тәртібіне байланысты тікелей және жанама сұрақтар қойылады.
Тікелей қойылған сұрақтар респонденттер ашық пікір алмасуға даяр деген жерде пайдалынады. Бірақ тікелей қойылған сұраққа шынайы жауап алу кейде өте қиын болады. Сіздерге «Неге сабақтарға толық қатыспайсыз? »деген ашық сұрақ қойылса оған «жақсы» және «дұрыс» жауап беруге тырысасыз.
Жанама қойылған сұрақтар өмірде орын алатын мәселелерге ұқсас жағдайлар туралы пікір айтуды талап етеді. Мысалы,жоғарыда қойылған тікелей сұрақтың орнына: «бәрімізге белгілі, кейбір оқушылардың сабаққа қатысуы нашар.Ол немен байланысты деп ойлайсыз?» деген жанама сұраққа шынайы жауап алудың мүмкіндіктері молырақ.
Анкетаның функциясына байланысты:
Мағлұматтық - әр респонденттен мәлімет алу үшін жасалған анкеталар.
Іріктеу (фильтр) – баршаны қамтуды талап етпеген сұрақтардың тұсына кімдердің пікірі қызықтырып отырғаны көрсетіледі.
Мысалы: «Бұл сұрақтарға тек сынып жетекшілері ғана жауап береді » деген нұсқау беріледі.
Қосалқы сұрақтар (кейде байқау сұрақтары деп аталады).Бұл сұрақтар көмегімен респонденттердің берген жауаптарының шынайыға қанша жақындығын анықтауға арналған.Олар тікелей қойған сұрақтарды басқа вариантта құрып,бүктірмелеп қойылған сұрақ болуы мүмкін.
Мысалы, «Кішкентай кезіңде еркелеп,шатақ мінез көрсеткен кездерің болдыма?», «Бейтаныс адамдарға көмек көрсетуге даярсыз ба?».
Көптеген мәлімет алу сұрақтарына ақиқатқа сай жауап алу өте қиын. Сондықтан олардың тиімділігін арттыруға арналған қосалқы сұрақтардың көмегімен қосымша мәліметтер жинақтауға болады. Ол сұрақтарды анкетада орналастырудың реті бар:
-негізгі және қосалқы сұрақтарды бір-біріне тіркестіріп қоймастан, олардың арасында біраз басқа сұрақтар қыстырылуы керек.
-тікелей қойылған сұрақтарға берілген жауап жанама сұрақтар жауабымен тексеріліп, нақтыланады,
-анкетадаға негізгі сұрақтар ғана қосымша тапсырмалармен толықтырылады,
-жабық анкеталарда «білмеймін», «кейде» деген жауаптар орын алатын болса қосымша, толықтыратын сұрақтардың қажеттіліг төмендейді.
Анкета даярлау және жүргізу реті.
1.Анкета жүргізу проблемасын және тақырыбын нақты анықтау,
2.Ашық сұрақтары басым келетін анкета вариантын жасап алу,
3. Пилотаждық анкета сұрақтарын тексеріп оны коррекциялау
4. Анкета жүргізу
6. Жиналған материалдарды ретке келтіріп, нәтижесін талдау,интерпретация жасау.Есеп құжаттарды толтыру.
Анкета құрылысы (композициясы)
Анкета респонденттермен сырттай әңгімелесу түрі болғандықтан оның сценарийі біргелкі болады. Анкетаның басында респондентке арналған алғы сөз беріледі.бұл кіріспеде анкета тақырыбы, мақсаты,кімнің және не үшін жүргізіп жатқаны туралы нұсқау, егер сұрақтарға берілетін жауаптар әртүрлі болатын жағдайда нұсқау сол түрлерінің алдында бірнеше рет келтірілген болуы мүмкін.
Анкета толтыру респонденттердің пайдасына ешнәрсе шешпейтін болғандықтан оның бірінші реттегі сұрақтары қысқа және қызықтыратындай болғаны тиімді.
Эксперимент әдісі.
Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі болып табылады. Эксперименттің (зертханалық зерттеу) қолданыла бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Эксперименттің басқа әдістерден маңызды артықшылығы- зерттеушінің керекті құбылыстардың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында. Белгілі бір жағдай жасай отырып зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеруге алынып отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға мүмкіндік туады. Үшінші ерекшелігі, экспериментті қайталауға, сөйтіп зерттелініп отырған қасиеттің көрінісі типологиялық көрсеткіш немесе кездейсоқтықтылық салдарынан орын алғандығы анықталады. Барлық зерттеу нәтижелерін сандық деректер арқылы жинақтауға мүмкіндік туады.
Экперимент зертханалық және табиғи эксперитимент деп екі түрге бөлінеді. Зертханалық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі. Бұл экспериментті жүргізу барысында сыртқы факторлар әсерінің ерекшеліктері мен оған адамның жауап беру реакцияларының ерекшеліктерін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Зертханалық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеудегі маңызы өте үлкен. Зертханалық эксперимент көмегімен таным процестерінің ерекшеліктерін зерттеу де кеңінен пайдаланылады. Зертханалық эксперимент адамның тұлғалық қызметін біртұтас зерттеуге үлкен үлесін қосуда. Мысалы, арнайы жасалған жағдайларда адамның психикалық қасиеттерінің әр түрлі компоненттерінің (моторлық, сенсорлық, перспективтік, интеллектуалдық, еріктік, мінез-құлықтық) техникамен өзара қатынасының ерекшеліктерін анықтау үшін зерттеулер кеңінен орын алуда. Адамдардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойдың даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған зертханаларда жүргізіледі.
Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы орыс оқымыстысы А.Ф.Лазурский енгізді. Оның зертханалық эксперименттен айырмашылығы – адам әдеттегі жағдайда сыннан өтеді. Бұл әдістің психологиялық және педагогикалық жағдайларды зерттеудегі рөлі ерекше. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайға сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңінде адамның (оқушының) қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделген. Табиғи жағдайдағы экспериментті жүргізу үшін алдын-ала зерттелінушінің белгілі іс-әрекеттерінің қандай ерекшеліктері айқынырақ көрініс беретіндігі анықталады. Бұдан кейін эксперимент міндеттеріне сәйкес ұйымдастырылған психологиялық зерттеу жүргізіледі.
Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау әдістердің және эксперименттің жақсы қасиеттерін үйлестіретіндігінде.
Зерттеу алдында тұрған міндеттеріне байланысты және зерттеу кезеңіне байланысты экспериментті жүргізудің келесі кезеңдері анықталған:
Айқындау эксперименті зерттеуші объектінің қалыптасқан тәжірибедегі мінездемелерін анықтауға, зерттелінетін қасиеттердің көрініс беру деңгейін бағалауға арналған;
Пилотаждық зерттеу (немесе байқап көру) эксперименті, оның алдында тұрған міндетті, эксперименттің қаншалықты жақсы дайындалғанын, тақырыптың дұрыс анықталғанын, зерттеу үшін анықталған әдістерді апробациядан өткізу, жиналған материалдарды талдау үшін пайдаланылатын шкалаларды және математикалық-статистикалық өңдеу жолдарын нақтылау. Пилотаждық зерттеу барысында қанша адамдарды қамтып, қай бағыттағы зерттеу жұмыстарын тереңірек жүргізу қажет екендігі дәлірек анықталады. Сонымен қатар зерттелінуші топ, байқау топ құрамы, немесе көрсеткіштер өзгергенін немен салыстырып бағалау жолдары нақтыланады.
Зерттеу нәтижесі бағалау үшін зерттеумен қамтылған диапозондағы зерттелінушілердің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде бағалау (рейтинг) шкаласы анықталып, ол шкалада неше көрсеткіш (фактор, тип, коэффициент немесе басқа бағалау жолдары) нақты анықталады.Пилотаждық эксперимент оң нәтиже көрсетсе, эксперименттің негізгі кезеңі жүргізіледі. Негізгі эксперимент барысында гипотезаның барлық баптарын дәлелдейтін материалдар жинақталады. Жиналған мәліметтер ретке келтіріліп, сыныптастырылып, олар кесте, график, диаграмма, циклограммаға түсіріліп, олардың әрқайсысына түсіндіру мәтіні беріледі. Егер эксперимент нәтижесі сандық емес, сапалық көрсеткіштермен сипатталатын болса, олар жүйеге келтіріліп, сыныптастырылып, логикалық тұжырымдамада жасалады.Эксперимент нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалынады.
Экспериментті жүргізу логикасы
Экспериментальдық зерттеу барысында ғылыми білімдер ашылады немесе анықталған ғылыми білімдер жүйеге келтіріледі. Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы. Осы заманғы ғылымның тууы ғылыми зерттеудің, эксперименттің нәтижелерін тәжірибеге енгізілуіне байланысты болып отыр.
Ғылыми білімді талдап, ретке келтіруге логикалық жүйе пайдаланылады. Логика дегеніміз дұрыс ойлау, ой жүгірту. (Ежелгі логика үш құрамды бөліктен тұрған: онтрологиялық-объективті болмыс заттарының бірізділігін, байланыстылығын көрсететін, гносеологиялық-таным процесінің бірізділігі, логиканың нақты өзі – дәлелдеу немесе жоққа шығару).Зерттеу барысында логиканың формальдық және диалектикалық түрлері кеңінен пайдаланылады. Диалектикалық логика элементтерін пайдалана отырып, психикалық қасиеттердің барлығы бір-біріне тәуелді байланыста екенін ескере отырып зерттеу жүргізіледі.Формальдық немес математикалық логиканың элементтерін барлық ғылыми зерттеуде кеңінен пайдаланылады. Формальдық жүйе келесі элементтерден тұрады: Формальдық тіл: қасиеттерді қандай көрсеткіштермен бағалаймыз және ол көрсеткіштерді қалай атаймыз, бұлардың барлығы эксперименттің формальдық тілі болып табылады.Зерттеу нәтижесінің дәлелділігін көрсететін формулалар, графиктер және басқа көрсеткіштер.Шкалаларды анықтау (формальды түрде, шартты түрде қандай көрсеткіштерді норма, ал қандай көрсеткіштерді ауытқу деп есептейміз).
Формальдық логика аппаратын қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Мұндай зерттеу адамның кейбір іс-әрекет функциясын машинаға жүктеуді жүзеге асыру үшін де қажет. Бірақ та формальды логиканың ғылыми білімді зерттеудегі рөлін асыра бағалап, оны ғылымның бірден-бір логикалық негізі деуге болмайды. Ол ғылымды белгілі бір бағытта ғана қарайды. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формальды логика тұрғысынан шешілмейтін басқа да философиялық мәселелер туындайды. Олар білімнің объективтік шындыққа қатысы, оның генезисі, ақиқаттығы,т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып табылатын диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары – адам танымы мен практикасының қорытынды жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғылыми жетістіктерге қарай дамуын бағыттап, реттейтін логикалық форма – ғылыми ойдың қағидалары (ережелер, анықтамалар) Мысалы, жеке тұлға анықтамасы:
1.Жеке адам құрылғысын зерттеу экспериментальдық психологияда өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан ХІХ ғасырдың аяғынан бастап бұл мәселе жан-жақты зерттелуде АҚШ ғалымы Олпорт 1949 жылы жеке адамға берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, 50 анықтамасы бар екенін көрсеткен. Ол өз анықтамасын берген:
Жеке адам – индивидтің ішіндегі мотивацияларының жүйеге келтірілген, динамикалы, сыртқы ортамен қарым-қатынасы ерекше ұйымдастырылған жүйе деп анықтаған.
Ж.Пиаже экспериментальдық психологияда қолданылатын анықтамасын ұсынған. Оның ілімі бойынша жеке адам дегеніміз – тек сол адамды сипаттайтын психологиялық көрсеткіштердің сапалық белгілер жиынтығы. К.Платонов «жеке адам – сана иесі» деп қысқа тұжырымдама жасаған.
Ришар Мейли анықтамада жекелік қасиеттердің түбірі көрсетілуі қажет деп тапқан.
2.Бұл анықтамалардың ішінде тек Платонов нағыз адамдық қасиеттердің ортақ көрсеткішін тауып, оны сана деп отыр. Басқа зерттеушілер әр адам тек өзіне тән өте терең жекелік көрсеткіштермен мінезделетінін анықтайды.
Диалектикалық логика тұрғысынан ғана ғылыми-таным процесін дұрыс түсініп, ғылымның даму заңдылықтарын айқындау, ғылыми-зерттеу әдістерінің рөлі мен міндетін анықтау мүмкін. Диалектика білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде қарастырады. Жеке адамның анықтамасында ең үлкен пікір талас тудыратын мәселе екендігі келесі қағидаға байланысты: табиғи және әлеуметтік факторлардың қайсысы адамдық белгі береді.
Сонда жеке адам формуласы:
Жеке адам = әлеуметтік + жекелік
немесе жеке адам = жекелік + әлеуметтік.
Жеке адам термині кең мағынада қолданғанда оған сипаттама беру үшін келесі үш аспектісіне ерекше көңіл аудару керек екендігін Пиаже көрсеткен. Олар:
1. Мотивация – адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беруге түрткі блатын, оған бағыт беретін, белсенділігін қамтамасыз ететін түрткілер мен себептер жиынтығы.
2. Темперамент – псиканың адам табиғатына (генотипіне) байланысты барлық психикалық процестерінің динамикасының көрсеткіштері.
3. Қабілеттілік – адамның білім мен іскерлікті тез меңгеріп, оны іс-әрекетті ұйымдастыруға тиімді қолдануы.
Осы үш жекелік психикалық қасиет жеке адамның психикасының үш аспектісі болып есептеледі. өйткені бұл қасиеттер жеке адамның ең тұрақты, құрамды бөліктері болып табылады. Ұзақ уақыт жүргізілген лонгитюд талдау барысында дәлелденген.
Ең тұрақты – психикалық процесстер динамикасы да тұрақты. өйткені ол анатомиялық-физиологиялық қасиеттерімен, ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан темперамент адамның реактивігінің көрсеткіші, экстроверсия-интроверсия онша өзгермейтін қасиет жатады. Ал мотивация мен қабілеттілік әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Формальды логика дайын қалыптасқан білімді оның түп нұсқасының негізінен айырып алып қарайтын болса, диалектикалық логика керісінше білімнің қайнар көзін, даму бағытын, оның түп нұсқасы мен негізін, табиғатын айқындайды.
Бұл ерекшеліктер жеке адам туралы теорияларда орын алған. Ол теориялар келесі:
1.Психодиагностикалық теория.
2.Социодинамикалық теория.
3.Гуманистік теория.
Бұл теориялардың барлығы жеке адам деген ұғымды кең мағынада қолданғанда ол темперамент, қабілеттілік және мотивация деген психикалық қасиеттердің басын қосады. Бұл үш көрсеткіш адамды сипаттайтын үш аспект болып есептеледі.
Адамның іс-әрекетінің қай түрін алып қарасақ та ол үш құрамды бөліктен тұрады:
1.Іс-әрекетті орындау жылдамдығы, динамикасы, қайталанудың жиілігі және қарқындылығы. Бұл – темперамент көрсеткіштері.
2.Іс-әрекетті ұйымдастыруға қолданған құрал-жабдықтар және іс-әрекетті ұйымдастыру механизмі. Бұл – қабілеттіліктің көрсеткіші.
3.Іс-әрекеттің мақсаты мен пайда болу себебі, оның мәні мен маңызын анықтау. Бұл мотивация көрсеткіштері.
Осы үш аспект бір-бірімен тығыз байланысты және детерминизм ұстанымы бойынша жеке адамның негізін құрайтын тұрақтылықпен байланысты. Басқа психикалық қасиеттер құбылмалы және көп көріністе болатындықтан жеке адамның жан-дүниесінің құрылысы ретінде осы үш аспект қарастырылады. Осы үш аспектіні эксперименталдық зерттеуде негізігі көрсеткіштер ретінде жан-жақты зерттелінеді.
Жеке тұлғаны экспериментальдық зерттеу әдістері.
Жеке факторлары талдап, жалпылау және басқа зерттеу нәтижелерін экспериментальдық жүйеге келтіру кең тараған. Жеке адам құрылысын анықтауға қолданылатын әдістер:
1.Жеке адам құжаттарын талдау (биография, автобиография) және оны байқау нәтижелерімен толықтыру.
2.сауал-жауап әдісін қолдану. Арнайы жасалған түрі кеңінен қолданылады.
3.Тест пайдалану арқылы жеке қасиеттерді және жеке тұлғаның психологиялық кескінін факторлық әдіспен талдау (іріктеу ішінде көрсеткіштердің жинақталуын немесе шашыраңқы болуын анықтау).
4.Көптеген типологиялық зерттеулер жүргізу (психогеометриялық талдау, Лири тестімен талдау, басқару стилі бойынша, т.б. типологиялық зерттеу әдістерін пайдалану).
5.Жеке тұлғаның зерттеу нәтижелері эксперименталдық зерттеу талаптарына сай болу үшін математикалық және статистикалық өңдеу әдістерімен толықтырады.
Квазиэксперимент.
Квазиэксперимент дегеніміз нормативтерге сүйене отырып құрылған психологиялық гипотезаларды тексеру және зерттеу логикасы мен қортындыларды дәлелдеу жолдары. «Квази – как бы», «солай болуы керек» деген мағынаны білдіреді. Квазиэкспериментальдық зерттеу барысында кейбір экспериментке қойылатын талаптар толық орындалмайды.
Психологиялық зерттеулерде квазиэксперимент– зерттеу жұмысын жоспарлау, эмпирикалық материалдар жинау және оларды жүйеге келтіру. Квазиэкспериментальдық зерттеу барысында зерттелу тобы мен байқау тобы салыстырылмайды.
МЭ (мысленный эксперимент) ойда жүргізілетін эксперимент.
Квазиэксперимент (латын тілінде сияқты, ұқсаған). Квазиэксперимент – зерттеу барысында пайдаланылатын айнымалы көрсеткіштердің бір-бірімен байланыстылығын анықтауға арналған зерттеу әдістерінің бір түрі. Оның эксперименттен айырмашылығы – барлық жүргізілетін шараларға,жүргізу ретін бұзуға болатындығы, қойылатын талаптардың төмендегімен сипатталады. Сонымен қатар квазиэкспериментте эксперименталдық және байқау топтары нақтыланбайды.
Квазиэксперименттің негізгі түрлері.
1.Эксперименталдық және байқау топтардың көрсеткіштерінің бір біріне сай келмеуі мүмкін болған эксперимент. Зерттеу нәтижелері болғаны жалпы көрсеткіштердің өзгеру бағытымен анықталады.
2.Көрсеткіштері әртүрлі топтарға (пенсионерлер мен жұмыс істейтіндер; оқушылар мен оқытушылар топтары) бір жоспармен жүргізілетін экспериментальдық зерттеу. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижесі оларға ортақ көрсеткіштер бойынша бағаланады (мысалы: темпераменттің мінез-құлққы тигізетін әсері).
3.Қайта құру эксперименті барысында неше түрлі сыртқы факторлардың әсерін толық қадағалауға мүмкіндік болмаған жағдайдағы эксперимент (ауа райының әсерін, т.б. құбылыстардың әсерін есепке алуға мүмкіндік болмағанда).
4.Ex-post-facto типіндегі жүргізілетін зерттеулер. Бұл жағдайда экспериментатор өзі тікелей әсер етпейді. Зерттелінушілер өмірінде болған бір жағдай бойынша зерттелінушілер бір топқа топтастырылады (табиғи апаттың зардабын шеккендер, террористерден зардап шеккендер) және сол фактордың адамдарға тигізетін әсерінің қалдық көрсеткіштері талданады. Олармен жүргізілетін айықтыру жұмыстарының нәтижесі талданады.
Экспериментке дейін жасалған жоспарлар кейде квазиэкспериментке ұқсас деп шатастырылады. Экспериментке жейін жасалған жоспарлар дегеніміз –ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға ноқта болған, эмперикалық зерттеу жүргізуге пайдаланылған әдістемелер.
Мұндай зерттеулерде қателіктер өте көп болады. Себептері;
-Жалқы кездесетін кездейсоқ жағдайларды зерттеу.
-Байқау тобының жоқтығы.
-Репрезативтік емес іріктеу жүргізу.
-Айнымалы көрсеткіштердің зерттеу нәтижесінің әсерін тигізу.
Мұндай жағдайларда зерттеу логикасы бұзылады.
Өлшемдерді анықтау (шкала жасау.)
Эксперименттің процедурасының компоненті психологиялық өлшем, дербес зерттеу әдісі бола алады. Дербес зерттеу әдісі дейтін себебіміз ол субъектінің мінез-құлқындағы жеке дараның өзгешеліктерін көрсетеді. Осымен теориялардың негізін психологиялық тест құрады. Тест практикалық тапсырмаларды шешу кезінде қолданылатын психологиялық өлшемінің уақыт бойынша қысқартылған және жинақталған процедурасы. Психологияда өлшемнің үш процедурасы бар. Олардың өзгешелігінің негізі өлшем объектісі болып табылады.
Біріншіден, психолог бір адамның екінші адамнан өзгешелігін анықтау үшін адамның мінез-құлық ерекшелігін өлшейді. Психолог адамның мінез-құлық ерекшелігін өлшей отырып адамның ұқсастығы мен өзгешелігін анықтайды. Яғни психодиагностиканың өлшемі – зерттелінушінің өзі болып табылады.
Екіншіден, зерттеуші зерттелінушінің тапсырмаларын орындау барысында сыртқы объектіге (басқа адмдар, сыртқы стимулдар, мәні, өзіндік күйі, т.б.) өлшеуге қолданылады.
Үшіншіден, ынталандыратын материалдар мен адамдардың бірлестігін өлшеу процедурасын қарастырады. Яғни ынталандыратын материалдар зерттелінушілер бір түсте болуы мүмкін.
1. Өзін өлшейміз.
2. Оның сыртқы түрткілерін өлшейміз (не себеп болғанын).
3. Екеуін бір жағдайда қарастырамыз.
Психологиялық өлшеу прцедурасы бірнеше кезеңнен тұрады. Психологиялық өлшемнің негізгі математикалық көзқарас бойынша көптеген объектілер мен белгілердің өзара бір мәндік сәйкестікті құру операциясы өлшем деп аталады. Мұндай белгілер нақты ережелер бойынша сипатталады. Объектінің саласына байланысты құрылған ереже өлшем шкаласы бойынша анықталады. «Өлшем шкаласы» терминін психология ғылымын 1950 жылы С.Стивенс енгізген. Оның бұл анықтамасы әлі күнге дейін ғылыми еңбектерде қолданылып келеді.
Шкалалар типтері алынған өлшемді өңдеу үшін қолданылады. Шкала латын сөзі, «баспалдақ» деген мағынаны білдіреді. Яғни өлшем құралы болып табылады. Суппес Дзиппес шкалаларға класикалық анықтама береді.
Шкаланың төмендегідей типтері бар.
1)атаулар шкаласы. 3) интервалдар шкаласы.
2)жүйелік, реттік шкала. 4) қатынастар шкаласы.
Тест әдістері және тест жүргізу.
Сынау немесе тест әдісі – адам бойындағы түрлі психологиялық қасиеттердің сапалары мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психодиагностикада пайдаланатын әдістердің ішінде ең жиі қолданылатыны тест болып отыр. Олар жоғары стандартталған тапсырмалар жүйесі болғандықтан тапсырмалар қысқартылған түрде беріліп, нақты уақыт ішінде жеке тұлғаның психолгиялық ерекшеліктерін бағалауға анықталған көрсеткіштер бойынша талдап шығуға мүмкіндік береді.
Тесттердің бірнеше түрлері бар. Олар зерттеу пәніне, тапсырмалардың ерекшеліктеріне, тапсырманы беру формасына, орындау уақытына және жүргізу формасына байланысты сараланады.
Зерттеу пәніне байланысты тесттер келесі түрлерге бөлінеді:
-интеллектуалдық тестер – ойлаудың (интелекттің) даму деңгейін және жеке когнитивтік процестерді бағалауға пайдаланылады.
-қабілетті өлшеу тестері – үйренуінің, білім мен іскерлікті меңгеруінің жеңілдігін және таным процестерінің ерекшеліктерін зерттейді.
-педагогикалық тестер немесе жетістік тестері – үйренгендігін, білім мен іскерлікті меңгергендігін бағалауға арналаған.
-жеке тұлғалық тестер – жеке тұлға құрылымы аспектілерін: қызығушылықтарын, мотивтерін, күй-жағдайын және топ ішілік қарым-қатынастар ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
-тұлғааралық қатынасты зерттеу тестер – коммуникативтік қабілеттің ерекшеліктерін зерттейді.
2. Тест тапсырмаларының ерекшеліктеріне байланысты топтастыру:
-Вербалдық тестер – материалдар сөздік түрде беріледі.
-Бейнелік тестер – суреттер, сызба нұсқалар көрсетілгендегі орын алатын қиылысты талдау арқылы жүргізіледі.
-Практикалық – заттармен неше түрлі әрекеттер жасау.
-Аралас (комбинированные) тапсырмаларда вербалдық және заттармен әрекет жасау жолдары қарастырылған.
3.Тапсырманы беру формасына байланысты:
-бланкте орындайтын.
-аппаратуралық.
-сурет салатын.
-ауызша орындайтын.
4. Орындау уақытына байланысты.
-тапсырмаларды орындау темпін бағалайтын тестер, берілген уақыт ішінде орындалған тапсырмалар санымен бағаланады.
-орындау нәтижессіне байланысты орындау уақыты анықталмайды, орындаушының тапсырманы орындау нәтижесі бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда орындау уақыты емес, өнімділігі бағаланады, уақыт стандарттаудың бір түрі ретінде пайдаланылады.
5. жүргізу формасына байланысты тестер жеке дара және топпен жүргізілетін түрлеріне бөлінеді.
Тест құрылымы.
Әр тест бірнеше бөлімнен тұрады: тесті орындау ережесі немесе нұсқау, тест тапсырмалары, қажеттігіне байланысты ынталандыруға арналған қосымша материалдар (суреттер, графикалық материалдар, мәтіндер), жауап парақтары, нәтижесін талқылау ережелері беріледі.
Тест тапсырмалар субтесттерге бөлініп берілуі мүмкін. Мұндай тесттердің әр субтестін өз бетінше жеке әдістеме ретінде пайдалануға болады.
Психодиагностикада тест ең нақты және дәл өлшеу құралы болып табылады. Сондықтан оған ерекше талаптар қойылады.
Бірінші талап – тесттің мәдени-әлеуметтік адаптацияланғандығы. Тест тапсырмалары мен оны бағалау жолдары зерттелінушінің өмір сүретін ортасының салт-дәстүріне, мәдениетіне, қарым-қатынас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Екінші талап – тапсырмалардың қарапайымдығы мен бір мағыналылығы.
Тест жүргізуге және оның нәтижесін талдауға келесі талаптар қойылады:
1. Тестті пайдалану алдында психолог онымен танысып алады және өзі орындап немесе басқа біреуге орындатып, нәтижесін талдап көреді. Бұл процедура тест жүргізгенде қателіктердің орын алуынан сақтандырады.
2. Зерттелінушілерді тестті орындау ережесімен таныстырып, барлық тапсырмаларды қалай және қанша уақытта орындау керек екені түсіндіріледі.
3. Барлық зерттелінушілер тест тапсырмаларын ешкімнің көмегін пайдаланбай, өз бетімен, дербес, тек өзінің пікіріне сүйене отырып орындауын қамтамасыз етілген болуы керек.
4. Әр тест зерттеу нәтижесін талдау ережелерімен және бағалау шкаласымен қамтамсыз етілген болуы керек.
5. Тестті пайдаланып зерттеу жүргізу алдында даярлық жұмысы жүргізіледі.
Проективтік әдістемелерді психодиагностикада пайдалану ерекшеліктері.
Проективтік әдістемелерге анықтама.
Проективтік немесе жобалау әдістерін (проекция – латынша алға түсіру деген мағынаны білдіреді) психологияға Л.Франк (1939) ендірді. Бұл әдіс адамның ішкі психологиялық ерекшеліктерін сыртқы заттар немесе іс-әрекеттерінің нәтижесіне бейнелеп түсіруін зерттеуге арналған көптеген тәсілдердің басын қосады.
Шынында, адамның көптеген әрекеттерінде, шығармаларында оның ішкі проблемалары, қажеттіліктері, мотивациясы, оларды шешу үшін бейсаналы түрде басшылыққа алуға болады деген жолдары бейнеленеді.Зерттеушінің міндеті – жеке тұлғаның осы бейсаналы мінез-құлыққа негіз болатын жүйесінің мағынасын және стратегияларын айқындау болып табылады. Проективтік әдістерді пайдаланғанда келесі мәселелерді ескеру қажет:
зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдардың құрылымдық жағынан онша түсініксіз болуына байланысты зерттелінуші оны көптеген жолдармен өзінше талдауына мүмкіндіктер мол болады. Бірінші орында ұсынылған материалдардың мазмұны емес, зерттелінушінің оған түсінгендігі емес, оның неше түрлі операциялар жасау барысында әсерленуі және түрлі ассоциацияларының орын алуымен байланысты нәрселер талданады;зерттелінушінің өз ерекшеліктерін және қиялын еркін көрсетуіне жағдай жасау үшін барлық нұсқаулар мен орындау ережесі өте қысқа және жалпылама түрде беріледі;
зерттелінушінің әрекеттері оның барлық орындаған жұмыстарында қате болмайтындығы мен «дұрыс емес» деп бағаланбайтындығы, әр адам берілген тапсырманы орындауда өзінің көзқарасын еркін көрсетуіне мүмкіндігі, зерттеушінің барлық уақытта тілектестік білдіретіндігі.
зерттеленушінің тапсырманы орындау нәтижесінің диагностикалық мағынасын түсінбеушілігі оның өз әрекеттерінің нәтижесін «өңдеп», «дұрыс» жақтарын көрсетуге әрекет жасамауы.
Проективтік әдістердің осы ерекшеліктері жиналған мәліметтердің объективтік болуына мүмкіндік туғызады.
Проективтік әдістердің көпшілігі тек өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, ол жеке тұлға аспектілерінің ішіде біркеме түрдегі, немесе адам онша түсінбеген, кейде тіпті бейсаналы психикалық феномендерді талдауға бағытталған. Екіншіден, зерттелінушіге тікелей қойған сауалдар оның қорғаныс бейсаналы механизмдерін шақырып, зерттелініп жатқан қасиеттердің кейбір көріністері «жасырынып» қалады. Үшіншіден, зерттелінушіге берілген тапсырмалардың психодиагностикалық мағнасы түсініксіз болғандықтан, зерттеу барысында ешқандай қысым сезінбегендіктен, ол өзін еркін сезініп, көптеген ерекшеліктерін «жүгендемейді». Сондықтан адам өз психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ақиқатқа сай көрсетеді.
Сонымен қатар проективтік әдістер аз стандартталған, жүргізу тәртібі қатал емес. Сондықтан зерттеуші зерттелінушінің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Зерттелінуші ашық-жарқын, әңгімелескіш болса, оған берілген нұсқаулар толығырақ болады, ал тұйық, аз сөйлейтіндерге берілген түсініктемелер де сараң болады. Осы ерекшеліктердің барлығы жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріп, ортақ шкала бойынша бағалауға кедергі жасайды.
Зерттеу нәтижесін талдауда да көптеген қиындықтар бар. Талдау арнайы категориялар бойынша жүргізіледі. Олар: «әсерлену типі», аффектілігі және оны қадағалау деңгейі, интеллектуалдық қабілетінің кейбір көрсеткіштері, қорғаныс механизмдерінің басым келетін түрлері.
Проективтік әдістерді пайдалану үшін психолог көптеген талдау варианттарын меңгеріп, іскерлігі мен кәсіби шеберлігі қалыптасқан болуы керек. Сондықтан бұл кітапта проективтік әдістердің теориялық негіздері жалпылама түрде берілген.
2.2.2. Психокоррекция жүргізу теориясы. Психокоррекция бағыттары
Психокоррекция жүргізу мақсаты мен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:
1.Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.
Бұл мәселе «Тәжірбиелік психология» оқулығының келесі бөлімінде қарастырылады. Өйткені бұл екі бағыт бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасы әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеды.
Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бер. Мектепке дейінгі жас кезеңдегілердің негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.
Жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін психокоррекция, басқа жас кезеңіндегілерден жиірек орын алады. Оның себебі осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктермен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудың негізгі себебтері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз – тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты етуге дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.
Осы проблемаларды шешуге псиологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.
Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны
Топтық психокоррекция адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық «Менін» шақырып, басқа адамдардың, әсіресі балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірбиесінде кеңінен пайдаланылады.
Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Эльконин) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдылықтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл-әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүрізіледі, қоршаған ортамен танысу және өрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.
Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселерды талап етеді, екінші жағынан – ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойыншылар құтылып, олардың көңілдері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.
Құрылымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:
1.Ойын барысындағы қатынастардың реттілігі;
2.Ойынның ішкі сырының барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);
3.Ұтыс бар
К.Гросстың «сақтандыру теориясында» ойынның дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген. В.Штерн, З.Фрейд және оның шәкірттері ойынды адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналыққа жатқызған. Бұл тұжырымдамаға негіз болатын бір нәрсе бар. Барлық ойындар негізгі үш тақырыпта дамиды: «жыртқыш-құрбан» (ойыншаушылардың біреуі қашып жасырынады, екіншісі оны қуалап немесе іздеп жүріп ұстайды); «некелік-серіктестік» (танысу ритуалдары, үй салу, егін егу, мал бағу); «ата-ана мен бала» (қамқорлық көрсету, қоректендіру). Ойын барысында өмірлік тәжірбиені меңгеру – оның әлеуметтік мәні барлығын дәлелдейді. Ойынның өте тиімді психодиагностикалық және психокоррекциялық әдіс болуына оның осы екі жақтылығы негіз болады.
Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе тұлғааралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өзбетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелері зерттеушілер ойын коррекциясына ерекше көңіл аударады.
Ойын коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайы түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ойын терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин тобының жүргізетін зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ойын арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған рөлде болып, сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктеріне түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген.
Психотерапевттер жасаған коррекциялық ойындар әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құру алты типте көрініс береді.
1. Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.
2.Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.
3.Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.
4.Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.
5.Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.
6.Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.
Сонымен қатар ойын барысында неше түрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойынға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қорқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытушылық функциясы күшті деп айтуға болады.
Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарлату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның проблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.
Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі:
- Ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді;
- Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейірімділік көрсетуге үйретеді;
- өзіне деген сенімі нығаяды;
- құрбы-құрдастарымен және әр түрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады;
- ойын қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады;
- балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бірнеше талаптар ретінде көрсетуге болады.
Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар
Бірінші талап – кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қант,май,шәй» тәрізді нәрселер). Топтағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9, ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.
Екінші талап – қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейірімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:- үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;
- ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;
- әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.
Үшінші талап – шектеудің шектеулігі. Нені шектеуге болады: жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды;
ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды.
Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтермен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
Төртінші талап - өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану, қатынасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті – адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет: клиенттің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы керек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылымы жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.
Бесінші талап - әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалуынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.
Алтыншы талап – клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз, вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда ғана клиент өз проблемасын ашып, сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдауы қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап...)
Жетінші талап - әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияда тәрбиелеу үшін әр адам өз проблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыру қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.
2.2.3. Психопрофилактикалық жұмыс.
Бұл бағыттың міндеттері педагогтар мен балалардың психологиялық білімге деген мұқтаждықтарын дамыту қажеттілігімен анықталады, оларды баламен жұмыстанған кезде немесе өзінің жеке дамуына ерекше мән бергенде қолдануға болады, әр жас ерекшелік кезеңінде баланың толық психикалық жетілуі үшін жағдай жасалуы керек, жеке тұлғаның және интеллектінің қалыптасу кезінде болатын өзгерістерді уақтылы ескертуі керек.
Психопрофилактикалық жұмыс баланың, жасөспірімнің жеке ерекшеліктерінің дамуына әсер ететін педагогикалық ұжым мүшелерімен, ата-аналармен және басқа да ересек адамдармен жүргізіліп тұруы керек.
Психопрофилактикалық бағыт бойынша психологиялық қызметтің қызметкерлері келесі нақты шараларды жүзеге асырады:
1.Балалардың балабақшаға үйренуі бойынша жұмыстар жүргізіледі; үйрену кезеңінде балаға көмектесу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес беріледі.
2.Баланы ересектер тобынан мектепте оқуға әзірлеу жоспары бойынша даярлық тобына (5 жасында) ауыстырған кезде балаларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі; ата-аналар мен тәрбиешілерге алдағы жылда баланың құрбыларынан қалып қоюын болдырмау мақсатында және мектепке әзірліктегі қателіктерді жою мақсатында балаларға тапсырма беру әдістері ұсынылады.
3.Балаларды бірінші класқа қабылдауға қатысады, алдын-ала балалардың психикасындағы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау және оларды түзету мақсатында зерттейді, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтайды; мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен жүргізілетін тапсырмалар әдістерін ұсынады; мұғалімдермен бірге баланың мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге балалардың жеке жұмыстар бағдарламасы белгіленеді.
4. Балалар бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкенде және негізгі мектептен жалпы білім беретін орта мектепке және кәсіптік мектепке көшкенде психологиялық зерттеулер жүргізіледі, ол психологиялық зерттеулер арқылы оқушының жаңа кезеңде оқуға даярлығын ескере отырып, балалармен жеке жұмыс бағдарламасын мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп белгілейді.
5. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты жұмыстар жүргізіледі.
6. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу және мінез-құлық ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.
7.Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
-педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек – ересек);
-педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді (ересек – бала);
-кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге кеңестер береді.
8. Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты түсіріп және оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби қызметінің қарым-қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін тигізеді.
9. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының өзекті мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген және өткізілген шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау жүргізеді.
І. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отыра, олардың психологиялық сауатын
көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.
Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
-
Балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес,зейін,ерік,ойлау,сөйлеу, қабылдау т.б.)
-
Бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру.
-
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеумен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау.
-
Оқушылардың әрбір психикалық процестерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру.
-
Арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау.
-
Интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
-
Оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу.
-
Педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру,
ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді
байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін:
-
Сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
-
дарынды оқушылар;
-
озат оқушылар;
-
үлгермеуші оқушылар;
-
«қиын» оқушы мәселесі;
-
Сабақтарға қатысады:
-
оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
-
оқушылардың психикалық процестеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
-
мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында;
-
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
-
мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
-
педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
-
ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
-
оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
-
Мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері:
-
Психологиялық сауаттандыру;
-
Психологиялық консультация;
-
Педагогикалық-психологиялық консилиум;
2.2.4. Психолог жұмысындағы кеңес беру. Кеңес берудің мақсаты мен міндеттері
Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын- психокоррекция деп атайды. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетіледі.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасуларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиетпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және псиологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды.
Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші – клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең, ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетінін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық таңдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқиғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды.Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді.Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді.Осы түсініс клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының «азығы» болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін бұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.
Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушы мен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселені шешу жолын іздеу.Бұл процестің маңыздылығы – клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алуы.
Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір –бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы болады. Біз мұнда оларды шартты түрде ғана бөліп, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны студенттерге түсіндіріп, олардың болашақ мамандық қызметіне бұл тәсілдерді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндей жерлерде тоқталамыз.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен,егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психоррекциялық және психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтар мен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
«Психокоррекция» мен «психотерапия» терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдарды бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырады. Оның үстіне «психотерапия» термині халықаралық болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асыратын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындағы шек өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұны А.С. Спиваковская, т.б. авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екенін атай отырып, дегенмен психологиялық кеңес беруді арнайы медициналық дайындығы жоқ психологтар жүргізуіне болатындығын, кеңес беру тек психологиялық жағдайға көзқарасты өзгертуге бағытталған болғандықтан оны адамның психикалық қасиеттеріне белсенді ықпал ету арқылы өзгерту керек емес кезде психолог мамандар жүргізе алатыны айтылған.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайда болатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға қатаң талап қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болу керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс рөл атқарады деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымы басқаша болады: оларды көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады.
Сонымен, кеңес беруші – психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. «Біз күйеуміз екеуміз үнемі себепсіз ұрысып қаламыз», немесе, «Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады». Психотерапевтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: «Мен өзімді өзім ұстай алмайтын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын», немесе, «Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты болады да тұрады, оны ешқандай себепсіз қызғанамын». Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалынады. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы – белгілі дәрежеде ерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін-өзі өте терең және жан-жақты,барлық қыр-сырына түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шағымдар локусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға дайындығы – онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды. Клиентке көмек беру үшін кеңес беруші оған өзінің проблемаларын толық түсініп, өмірлік күрделіліктерге басқаша қарау, бұл проблемалардың неден орын алғанын көрсете білу және әдетте байқалмайтын қиындық көзі болатын тараптардың өзара қатынастарын талқылау арқылы жүргізеді.Ықпал жасаудың мұндай формасының негізі, бәрінен бұрын, клиенттің көзқарасын қалыптастыру және оның негативтік қатынасын өзгерту болып табылады. Кеңес беру әңгімесі барысында клиент оқиғаға кеңірек және тереңірек қарау арқылы ондағы өзінің рөлін бағалауға, осы жаңа көзқарасына сәйкес өткен оқиғаға өз қатынасы мен мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік алады.
Психотерапевтік ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда психологиялық ықпал жасау жұмысының бастапқы, шағымды талдау кезеңдерінде-ақ тереңдеп, қайта қалыптастыру процесінде үлкен рөл атқарады. Маманмен әңгімелесу барысында клиенттің қазіргі кездегі өзінің басқалармен арақатынасының өзекті оқиғалары ғана емес, өткен мәселелерде (балалық, жеткіншектік, қыз – бозбалалық шақоқиғалары) талданады. Адамның психологиялық өмірінің, түс пен өңнің ассоциациясы секілді байланысы бар ерекше формалары психотерапияда жиі-жиі пайдаланылады. Психотерапияның ерекше бейнесі – көмек сұраған адам мен кәсіби маман арасындағы қатынас көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады: тасымал және контртасымал терминдерімен белгіленетін қатынас, сараптау үлкен орын алады. Кеңес беру барысында сұрақтарға клиенттің берген жауаптары мүлдем талқыланбайтын кездері психотерапиялық ықпал мүмкіндіктерін тереңдету мен кеңейтудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Р.Урсано, С.Зонненбери, С.Лазар т.б. психотерапевтердің айтуы бойынша мұндай тәсіл жүйкенің терең қабаттарын сараптау арқылы клиенттің патогенді күйзелістері мен ерекше мінез-құлық себептерін терең түсінуге алып келеді және жеке тұлғаның қиналып жүрген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпал жасаудың бұл түрлерінің ұзақтығы да әртүрлі болады. Психологиялық кеңес беру көбіне қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі. Ал психотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары – клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші – психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы, т.б. көрсеткіштері әртүрлі адамдарды кездестіруге болады.Олардың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлекциясының даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкіндігі бар, өте қабілетті, бірақ ол қабілетін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметін пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер, т.с.с. кездеседі.
Мамандардың психотерапиялық ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте үлкен және олар теориялық психологиялық дайындықпен қатар белгілі медициналық білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибелі супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психиатриямен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада қызмет атқаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевтердің арасында арнайы дайындықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес, пациент деп аталатынын байқаймыз.Сондықтан бұл саладағы маманның толыққанды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес. Соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығаяды.
Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы – кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда көмек көрсетілу керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегі алдына қойып отырған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді (мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып, оның сүйіспеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс – психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және не керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің рөлі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенін де түсіне бастайды.
Бірақ клиент өзіне психологиялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстылығының мағынасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдалану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қаралған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің қағидалары
Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық кеңес беру, коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтың этикалық қағидаларына сай жүруі керек. Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса, оның ішінде, қабылдау барысында кеңес беруші клиентке ассоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолог баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұйықтық көрсеткен жеткіншек баласына кеңес беру барысында рухани жарақаттанғаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескел мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жарамсыз деп танылады. Кәсіби қағидалар мен талаптарды орындамау психологтың дипломынан, тәжірибеленуші құқығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді ғана орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ. Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, Психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А. Бодалев, В.В. Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:
- қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;
- клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;
- кеңес беруге тыйым салу;
- кеңес берудің анонимділігі;
- жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;
- клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;
- психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;
- кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
Бұл тұжырымдаманың негізінде клиентті қабылдау кезінде оның өзін қалыпты және ыңғайлы сезінуге бағытталған кәсіби әрекеттің тұтас кешені жатыр. Тілектестік қарым-қатынас әрекеттің жалпы қабылданған нормаларын сақтау арқылы шағымданушының мұқтаждығын мұқият тыңдай білуді, қажетті психологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысуды қарастырады. Әр клиентті психологтың қуанышпен күтіп алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен күдік тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы және оның төркінін түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. Сондықтан кеңес алушыға, коррекциядан өтушіге тілектестік білдіру негізгі талаптардың бірі болып табылады
Клиенттің құндылығы мен нормаларына бағыттану
Бұл қағида бойынша психолог өзіне жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған нормалар мен ережелерге ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалары мен идеяларына бағытталуын ойластырады. Клиенттің өзінің құндылықтар жүйесіне сүйенгенде ғана психологиялық кеңес беру арқылы оған тиімді ықпал етуге болады. Сондықтан кеңес беруші қиын болып отырған қарым-қатынасы және басқа жағдайы туралы шағымданып келген адамның мұқтаждығына терең түсініп, оның толық ашылуына мүмкіндік бермесе ол сырын аша алмай тұйықталып қалады, нәтижесінде кеңес беру ықпалының мүмкіндіктері де мүлдем іске аспайды. Клиент құндылықтарын қабыл алып, оларды құрметтей отырып, қажетті сөздермен қуат берсе, кеңес беруші олардың өмір жолындағы кедергі болып тұрған жағдайлардан адамгершілік сақтап өтуіне ықпал ете алады.
Кеңес беруге тыйым
Кеңес беруге тыйым салуға негіз болатын себептер өте көп және алуан түрлі. Бәрінен бұрын, психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесінің таяздығы қандай болмасын басқаға кепілдендірілген кеңес беруге мүмкіндік бермейді. Психологиялық кеңес беру барысында психолог әрбір адамның өмірін толық түсінбесе ол белгісіз және алдын-ала болжанбайтын күйінде қалады. Оның үстіне, кеңес бере отырып психолог клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаға жауапкершілікті толығымен өзінің мойнына алады. Бұл жағдай кеңес алушы тұлғаның шындыққа бара-бар қатынасын дамытуға ықпал жасауы да, жасамауы да мүмкін. Егер тәжірибесі таяз, әлі шеберлігі қалыптаспаған маман психологиялық кеңес барысында клиенттің проблемаларын шешуге ықпал ете алмаса, онда психолог өзін «гуру» ұстанымына қояды. Бұл ұстанымда клиенттің психологиялық жағдайын басқаруға, сол жағдайдан адамгершілікпен шығу жолын үйретуге мүмкіндік болмайды, сондықтан мұндай кеңес берудің зиян жағы басым болуы мүмкін. Клиент өз өмірін сараптап талдаудан, оны өзгертуге ұмтылудан бас тартып, өзінің басынан өтіп жатқан оқиғаға немқұрайлы қатынас қалыптасуына алып келеді.Бұл жерде кеңесті іске асырудағы кез-келген сәтсіздік кеңес берушінің беделіне теріс әсерін тигізіп, кеңес беруші сәтсіздіктің негізгі себебі ретінде бағаланады. Мұндай жағдай, әрине, клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғалардағы өз рөлін түсінуге кедергі келтіреді. Сондықтан, психолог кеңес беруге шамасы келмейтінін байқаса бұл туралы пікірін клиентке ашып айтып, кеңес бере алмайтынын мойындауы керек. Осындай жағдайларда кеңес беру жұмысын жалғастыруға толық тыйым салынады.
Кеңес берудің анонимділігі
Психологиялық кеңес берудің негізгі шарты – оның анонимділігі , яғни құпиялылығы. Бұл қағида бойынша клиенттің психологқа айтқан кез-келген ақпараты және психодиагностикалық зерттеу нәтижелері оның келісімінсіз ешқандай жеке тұлғаларға, қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдарға, оның ішінде туысқандарына немесе достарына айтылмайтындығына психолог кепіл береді. Көптеген елдерде бұл ережеден туындайтын мемлекет заңында арнайы қарастырылған баптар бар. Барлық мәліметтер құпия сақталынатыны туралы клиент алдын –ала ескертіледі. Дегенмен, кей кездерде психологиялық зерттеу барысында клиенттің берген ақпараттарында оның біреудің өміріне қастандық жасап, қауіп туғызып тұрғаны туралы тиянақты мәлімет алынған жағдайда бұл құпияны психолог қажетті мекеме өкілдеріне жеткізуі қажет. Бірақ, әрине, бұл жағдайда психологтың өте абай болғаны және клиент мүддесін есепке алғаны дұрыс.
Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу.
Психолог өз клиенттерімен достық қарым-қатынасқа өте отырып немесе өзінің достары мен жақын туыстарына кәсіби көмек көрсетуге тырысып, оларға жығылғаны, айтқанымен жүргені тәжірибесі мол және кәсіби шеберлігі қалыптасқан кеңесшілерде де кездеседі. «Өз Отанында пайғамбары жоқ» дегендей, психолог өз туысқандарына психологиялық кеңес беру мақсатында кез-келген ұсыныстар мен әңгімелер жүргізуі оның кәсіби қызметі оңай бағасызданылатындыққа алып келеді, сонымен қатар басқа да көптеген себептер бойынша да бұл жолдың қиын жерлері бар.
Психотерапияда клиенттермен жұмыс жүргізу үшін маңызы өте зор екі негізгі ұғым бар: а) «тасымал», яғни клиенттің психотерапевтке және онымен өзінің қатынастарын, негізгі проблемалары мен шиеленістерін тасымалдай білуге бейімділігі; б) «контртасымал», яғни психотерапевттің клиентке қатысты ішкі проблемалары мен шиеленістерін және өзінің белгілі адамдармен қатынастарын жобалауға бейімділігі. Психоанализге З.Фрейд енгізген бұл ұғымдар бүгінгі күні психотерапияның түрлі бағыттарында кеңінен қолданылады. Олар кез-келген адам қатынастарында және психотерапия шеңберінде қалыптасқан арнаулы қатынастар адамның ішкі мұқтаждығы мен тілегінің ықпалында болатындығын білдіреді. Оның үстіне, тіпті кәсіби психотерапевт те контртасымалға «қарусыз» болады. Әр жас маман өзінің контртасымалын клиент проблемаларын сараптау мақсатында пайдалана білуін, түсінуін, өзгелерді басқару үшін және бірқатар басқа да жеке және тұлғааралық феномендерді анықтау үшін ол тәжірибелі мамандармен бірлесіп ұзақ жұмыс жүргізіп, жеке тұлға ерекшеліктерін талдауға үйренуі – міндетті талаптардың бірі. Бұл феномендер кеңес беру процесінде де түрлі деңгейде пайдаланылады. Бірақ арнайы дайындықтан өтпеген адам бұл күрделі құбылыстарды жүргізу ерекшеліктерін істеуі қиын.
Кеңес беруші клиенттің беделін сақтау үшін ол туралы жеткілікті мәлімет алуының қажеттігін, мәліметтілігі аз болуымен байланысты толық көмек көрсетуі қиын екенін түсіндіруі керек. Бірақ мәліметтілік кейде кеңес беруші мен клиент арасында тығыз жеке қатынас орнатуға, олардың жақын адам ретінде бір –бірінің талаптары мен тілектерін қанағаттандыруына және кеңес беруші клиент проблемасын тиімді шешуге қажетті объективті ұстанымдарды сақтай алмайтынына алып келуі мүмкін. Басқа елдер тәжірибесінде клиент пен кеңес берушінің (психотерапевт пен клиенттің) тұлғааралық қатынасы орын алғанын, оның ішінде төсек қатынасына түсуі анықталып, оның психотерапевт қызметінен босатылғаны жарияланған. Сондай-ақ бұл оқиғаға алуан түрлі көзқарастар болды. Бірақ, осы пікірталастардан жасалған қорытынды біреу: мүмкіндігінше жеке қатынастарды болдырмаған жөн, ал егер осы жағдай орын алса психологтың өте абай болып, психолог кеңес беру немесе психотерапия процесін жүргізуді тоқтатуы керек.
Клиенттің кеңес беру процесіне кірістірілуі
Кеңес беру процесі тиімді болу үшін, клиентті қабылдау кезінде ол өзінің проблемасы бойынша көтерілген әңгімеге кірістірілгенін сезініп, кеңес берушімен талқылаған мәселелердің барлығын эмоцияға шылыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс. Мұнда кірістірушілікті қамтамасыз ету үшін психолог өзінің диагностикалық әңгімесінің дамуын біртіндеп клиенттің басынан өткізілген жағдайдың барлығын бір – бірімен ұштастырып, сол оқиға болған жағдаймен логикалық жағынан байланыстырып, талдаудың мағынасы шағынушыға түсінікті болатындай етіп жүргізуі керек. Себебі, талқылаған мәселелердің барлығы клиентке түсінікті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратындай болмаса ол өз оқиғасын шешу үшін үлкен шыдамдылықпен оны сараптап, нәтижесінде осы жағдайдан шығу жолдарын белсене іздеуге кіріспейді.
Клиентті қабылдау кезінде ол кенеттен толқып, тақырыпқа деген қызығушылығын жоғалтып, жалығып, іштей психолог пікірімен келіспей, болған жағдай туралы ешнәрсе айтқысы келмей қалатын кездері болады. Бұл жағдайда клиентке оқиғаны соңына дейін түсіндіріп айтудың, себептерін талдап, түсіндіруге тырысып, әңгімелесуге оны мәжбүр етудің пайдасы жоқ. Мұндай кезде психолог тақырыпты ауыстыра отырып, күнделікті болып жатқан, баршаға ортақ тақырыптарға ауыстырып, сол әңгіме барысында психологпен сөйлесуге қызығушылығын қайта шақырып, кейде әзілдесіп және басқа тәсілдердің көмегімен клиентті кеңес беру процесіне қайта кірістірген жөн. Зерттелінушінің қызығушылығын сақтағанда ғана оның психологиялық кеңеске деген оң көзқарасын жандандыруды қамтамасыз етуге, жағдайды дұрыстап алуға мүмкіндік туады.
Клиенттерге жауапкершілікті өз мойнына алдыру
Кеңес беру барысында клиенттің жауапкершілік локусы өзгелерден өзіне ауыстырылуы тиіс. Бұл міндетті шешпей қандай да бір нақты нәтижеге жету мүмкін емес. Тек қана адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінген кезде ғана ол өз басына қиындық туғызған жағдайға өзі де кінәлі екенін мойындап, оны өзгертуге шынымен тырыса бастайды. Керісінше, кінәсін мойындамаған жағдайда ол айналасындағы адамдар тарапынан көмек пен жағдайды өзгертуді күтеді және талап етеді.
Жауапкершілік локусын клиенттің өзіне аудару оңай шаруа емес. Қабылдау барысында психолог жасай алатын нәрсе – бұл клиентке оның адамдармен қатынастары күрделі сипатта екендігін түсіндіріп, оны оң белгіге аударуға ықпал ететін жолдарын көрсету. Бұл жағдайда кеңес беруші өте маңызды нәтижеге қол жеткізеді, себебі адам өзінің оқиғаға жауаптылығын сезіне отырып, өз өмірінде өзгерістер болуы үшін не істеу керектігі туралы өзі шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдаудағы психологтың көмегі өте пайдалы.
Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру
И.В.Цзен, Ю.В.Пахалов, т.б. ғалымдар клиент пен психолог қатынасы ерекшеліктерін анықтауға төрт ұстанымды атап көрсеткен: теңдік, серіктестік, жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға. Әртүрлі жағдайларда кеңес беруші түрлі ұстанымдарды жетекші ретінде іріктеп алады. Бірақ кеңес беруде өте дәстүрлі болып теңдік ұстанымы мен клиентке қатысты серіктестік ұстанымдары табылады. Дегенмен бұл жағдайларда да бағыттаушы және анықтаушы рөл психологқа жүктеледі. Сондықтан осы позицияны толығырақ қарастыру керек.
Кеңес беру процесіндегі психологпен теңдік ұстанымы бойынша клиент өзін кеңес берушімен тең құқығы бар әріптес ретінде сезінсе, психологпен тең белсенділік көрсетіп, өнімді жұмыс істейді. Кеңес беруші клиентті әріптесі ретінде бағалап, оның өмірінде орын алған оқиғалар мен жағдайлар бойынша оны жазғырмайтындықтан клиенттің өзі туралы қандай да бір ақпаратты жасыруға негізі жоқ болады. Теңдік ұстанымы бойынша кеңес берушінің өзі де клиентпен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай басымдық, білгірлік көрсетпейді. Бұл жағдай маманның қаншалықты беделді екенін, қаншалықты берік ұстанымда болғанын, олардың білімін, іскерлігінің және клиент сөздерін талдауына соншалықты көп ынта қоятынын көрсетеді де, оған сенімін арта түседі. Әрине, теңдік ұстанымда болу арқылы кеңес беруші ұтып қана қоймай оның жоғалтатыны да бар: себебі «жоғарыға» ұстанымында болған беделдімен клиент көбірек есептеседі, оны ешқандай сынамастан ұйып тыңдайды. Көптеген сеанс беретін гипнотизерлер табысының құпиясы осы қарсылықсыз беделде. Гипнотизердің ұстанымы мен даңқы олардың тиімді ықпалын қамтамасыз етеді. Ал психологиялық кеңес беру үшін қабылдау кезінде психологтың ұстанымы мен мінез-құлқы өзгеріссіз нәрсе ретінде көрсетуге болмайды. Жоғары кәсіби маман қажет жағдайда өзінің білімі мен, беделіне сүйене отырып бір жағдайда «жоғарыға» ұстанымын ұстанады, ал келесі жағдайда клиенттің өзіндік бағасын көтеруге, оның білімі мен беделін атап көрсетуге ұмтыла отырып «төменге» ұстанымын ұстанатын актер болып келеді.
Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
Кеңес берушіде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Бірақ олардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда – кеңес беру әңгімесі болып табылады. Әңгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады.
Клиентпен әңгімелесу
Кеңес беру тәсілдерінің ішінде ерекше тобын құратындары – клиентпен әңгімелесу. Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арақылы жүргізілетін қатынас барысында клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап, қолдап отыруды орынды пайдалану қажет. Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтын адам бар екеніне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүрген сырларын шертеді. Осы қызығушылық пен тыңдаудың өзі, мәселенің негізіне психологтың шын көңілмен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде клиенттің көзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтер кеңінен пайдаланылады.
Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті міндетті алып кеңес беруде тиімділікке жету мақсатымен қолданылатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан тұратын күрделі құрылым болып табылады.Олардың ішінде психолог сөзінің нақтылығы мен анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.
Арнайы тапсырма беру әдіс-тәсілдері
Клиенттің психологиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланылатын әдістемелер мен арнайы жасалған техникалар үлкен орын алады. Оларға, мысалы, гештальт-терапия шеңберінде жасалған «бос орындық техникасы», отбасылық терапия шеңберінде жасалған «келісімдер жасау», т.с.с. әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б. түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да, клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбінесе кеңес берушінің теориялық бағдарымен, сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс-тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойынша теориялық еңбектермен таныстығын, бұл жұмыстардың ерекшеліктерін толық түсінгенін, сондай –ақ әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасап, олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің, оның кәсіби жинақтылығының шарты болып табылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағыналы жағынан тереңдетіп, оны эмоционалды жағынан үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін, клиент пен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері
Кеңес берушінің ықпал етуінің вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиент пен кеңес беруші ара-қатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Психологиялық ықпалдың болуының негізгі шарты - әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады:
а) психологтың көзқарасы – сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап, айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру;
б) отырысы –отырғанда клиентке қарама-қарсы емес, кішкене бір біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады;
в) бет көрінісі - психологтың бет-әлпетінде тілектестік, мейірімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс, ол психотерапевтикалық әдістерінің бірі болып табылады;
г) дене қалпы –психологтың отырысы емін –еркін, дене қалпы ашық, клиенттен жабық емес болуы керек. Қол қусырылған, қолы тыныш таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді, сондықтан психологтың дене қалпы клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай туғызатындай болуы керек;
д) дауыстың ырғағы, күші – психолог даусы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін, кей кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар;
е) паузаларды пайдалану – психолог кейде үндеместен отырып клиентке өз ойын, тағлымын толық айтуға мүмкіндік беруі керек.
Осы талаптарға сай ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру өз функциясын толық орындайды.
.
Оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңес беру
Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері
Отбасына кәсіптік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар – психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болады. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
1.Психодинамикалық көзқарас. Бұл топқа М.Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.
2.Бихевиористік көзқарас. Бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес, «қалай», «қашан», «қайда», «не» деген қамқорлық көрсетумен шектеледі. Негізін құрушылар Д.Тиболт, Г.Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайында болады деген болжам ұстанған.
3.Гуманистік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің психотерапевтік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған. Ол кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.
4.Психологиялық кеңес берудің моделі. Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В.Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты – мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал-ахуал туғызады, өзінің жекелігі мен тілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқа да ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары «осы жерде және қазір» деген жағдайда талқыланады.
5.Құрылымдық моделі. С.Минухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндіріледі. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабы құрады. Отбасы келесідей жүйеліктерден тұрады: ерлі-зайыптылар жұбы, олардың ата-аналары, балалары.
6.Кеңес беру моделінің стратегиясы. Кеңес берудің бұл моделін жасаған Дж. Галлей тұжырымдамасы бойынша, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары өзін -өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарас жүйесінің құрылымы – бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындыларының жиынтығы.
Отбасылық кеңес беру құрылымы
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады:
1.байланыс орнату;
2.Проблемаларды анықтау;
3.Іс-әрекет фазасы;
4.Шешім қабылдау фазасы;
5.Кері байланыс фазасы.
Бірінші фаза - өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушылармен өзара әрекеттесу шегін анықтауды талап етеді. Ол бастапқы әңгімелесу –кеңес беру барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада клиент пен психологтың аралауы, олардың қарым-қатынасын құрудағы арақашықтығы қандай болу керек екені анықталады. Кеңесші әңгіме өткізгенге дейін отбасын, ата-аналар мен баланың байланыстарын қадағалап, бақылау нәтижелерін талдап алады. Бұл бақылау барысында психолог бала мен ата-ананың байланыс жасауындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды, балалар мен олардың ата-аналарының әсерлену ерекшеліктерін, тілдесу арқылы және ыммен түсінуінің сипатын, ата-ана жағынан баланың мінез-құлқын бағалау мен іріктеу әдістерін бағалайды. Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ата-аналардың психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттерінің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде-ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік нысаны, ата-аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.
Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. Бұл фазада кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері нақтыланады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене отырып проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт –бағдарын түсіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе- екі жақ бір-бірін жете түсіне отырып, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан, клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негіз ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемаларын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру-алу процесінің мақсаты – кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.
Үшінші фаза – іс -әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблемаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша түсінуге жетелеу жүргізіледі. Бұл фаза үшін мынадай динамика тән: кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылады, төзімділігі төмендейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң біртіндеп мәселені талдау барысында, оның мән-мағынасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгере бастайды. Мұндай өзін-өзі түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілкке жетелеп, эмоционалдық тарыққан жағдайлардан шығарып алуы керек. Қорытындысында кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.
Төртінші фаза-шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сенімге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клиент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрі жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кейін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш-қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырады.
Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарын жүзеге асыруға тиіс: ақпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық, тұтынушылық сипаттары.
Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитофон мен диктофонды, кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Алынған ақпараттарды толығырақ ұғыну үшін ассистент көмекшілері әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процестің динамикасы мен нәтижелігін қадағалайды.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке көрсеткен қызметінің тиімділігіне, психологтың кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы мүмкін:
-беделді, ұқыпты сұрастырушы, сенімді нығайтушы, диагноз қоятын, түсінуге ұмтылады;
- ұқыпты кеңесші, сырт қарағанда селқостау болып көрінгенімен, салиқалы кеңес береді;
-Беделді психолог осал көрінетін клиентке күш – қайрат беріп, ізгілікке ұмтылуға баулиды, өзінің күш-жігерімен клиенттің сенімін нығайтады;
-Сұрастырушы психолог, ерекше белсенділік білдіреді, сұрақтарды көп қояды, пайдалы көзқараста болады;
-Диагноз қоюшы психолог, көптеген жағдайда тәуекелге жиі барып, ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.
Кеңес беруді жүргізу барысында психолог өзінің кәсіби біліктілігі мен дағдысын сыннан өткізіп, оңай және қиын сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды назарға алады. Осы жинақталған клиенттің ойын, айтқандарын ой елегінен өткізіп, оны қорытындылай білу, керек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу, клиентпен ақылдаса отырып, бірлесе шешім қабылдау – кеңесшінің шеберлігінің көрсеткіштері болып табылады.
Психолог кеңес беру кезінде ресми әңгімеге бармай-ақ, клиенттен қымсынып тым тұйықталып қалмай, немесе жеңілтектікпен шектесетіндей тым ашыла бермей өзінің ойын еркін жеткізуі керек. Гипотезаны берік ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы да мүмкін. Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей, немесе беделін төмендететіндей тура сұрақ қоюға да болмайды.
Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру
Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепшілік қарым-қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп, дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады.Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тіл алғыштық, шынайы адалдық, жақсы- жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыз, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге өзін-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілікті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірмен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса, біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездерге айналады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады.Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.
Мектепке дейінгі жас кезеңінде мектепте оқуға даярлықтан өту-өтпеуіне, отбасындағы тәлім-тәрбие алу ерекшеліктеріне байланысты бала психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Олардың ішінде депривация көрініс берген және осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан өтпегендері мектептік қарым-қатынасқа және оқушының күн тәртібіне адаптациядан өтуі қиын болады. Депривация (жетіспеушілік деген мағынаны береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
1.Сенсорлық депривация балада қоршаған сыртқы ортаның және ондағы тітіркендіргіштерінің аз өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығы және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады.
2.Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз өсуімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардың танымдық әрекеті шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады.
3.Эмоционалдық депривация баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айырылуымен, ата-анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация өкімет үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық проблеманың түрі болып табылады.
4.Әлеуметтік депривация баланың денсаулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады. ДЦП, сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын шағындағы өздерінің құрбыларымен қимыл ойындарға толық қатысуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады.
Балаларда жиі кездесетін ауытқудың келесі түрі –агессивтілік.
Бала өміріндегі проблемалар мен қиындықтар жөнінде кеңес беру
Ата-ананың гиперқамқоршылық ұстанымы өзінің баласының көптеген қылықтарын дұрыс бағаламауына алып келетінімен де қауіпті: ата-ана оның мінез-құлқын әлі қалыптаспаған деп санап, сондықтан оның көптеген әрекеттерін кумән тудыратын ретінде қабылдай бастайды. Көмек сұрай келген клиенттер нақты емес аргументтерге сүйене отырып өте мағынасыз шағымдар айтады: «Маған қызым нашақор секілді көрінеді. Ол кейде үйге кеш қайтады және оның көздері жанып тұрады». «Мені қызымның моральдық бейнесі өте үрейлендіреді. Мен оны жігіттердің шығарып салғанын бірнеше рет көрдім және олардың екеуімен сүйісіп қоштасты». Бірақ клиенттің кез-келген әңгімесін кеңес беруші мұқият және шыдамдылықпен тыңдауы керек, себебі, бір жағынан бұл шағымдардың астарында өте маңызды нәрсе жатуы мүмкін, ал екінші жағынан, клиентпен сенімді байланыс орнатылғанда ғана оның пікіріне ықпал етіп, ата-ана үрейін өз арнасына түсіруге болады.
Клиентпен ары қарай жүргізілетін жұмыс оның өз баласы туралы айтқан әңгімесінің қаншалықты шындыққа жанасатындығына байланысты болады. Мысалы, клиент: «Менің қызым нашақор, мұны өзі мойындайды. Ол наша шегуді тастағысы келгенімен, бұл талабынан ешнәрсе шықпады. Енді бізге не істеу керек екенін білмейміз?» деген шағым айтады. Түрлі әлеуметтік және психологиялық ауытқулармен байланысты проблемалар қандай да бір ресми (медициналық, құқықтық және т.б.) бастамаларға алып бару қорқынышымен ұштасады. Мұндай қорқыныш көп жағдайларда ақталған болып шығады. Әрине, психологтан көмек күтіп отырған адамның жағдайы қандай қиын болғанымен ол туралы медициналық немесе қандай да бір басқа мекемелерге бұл мәліметті жеткізіп, оны басқа жерлерде көтермеуі керек, бірақ мұндай қатынастың дұрыс шешілуі клиенттің өмірлік оқиғасының жақсаруына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайларда психологтың клиентке кәсіби түрде көрсететін көмегінің тиімді болуын қамтамасыз етуге негіз болатын реті бар:
Клиентті тыңдау, оған жанын қинап жүрген барлық проблемаларын толық айтуға мүмкіндік беру, оны қолдау.
Проблемасын шешуге нақты көмек көрсету кімнің қолынан келетінін, қайда, неліктен және қалай бару керек секілді білікті ұсыныс жасау.
Клиенттің баласы қандай жағдайда екенін толық анықтау үшін оны қандай мамандарға көрсетудің жолдарын іздестіру.
Клиентке өз баласымен тіл табысып, онымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуына көмектесу.
Бұл міндеттердің алғашқысы өте қарапайым шешіледі: клиентті тіпті еңбек жолын жаңа бастаған кеңес беруші де бар ықыласымен тыңдай алса, оның проблемасы жеңілдегендей болып қалады. Ата-ананың басына осындай жағдай туғанда олар өз қайғысын тек оның басына туған күн, бұрын еш жерде, ешқашан, ешкімде кездеспеген қорқынышты нәрсе өтіп жатқандай көрінеді және бұл проблеманың шешімі жоқ деп есептейді. Клиенттің мұндай үрейленген сезімін төмендетіп, оның жағдайында өзгерістің болуы мүмкін екендігіне үміттендіруге өте көп көңіл бөлінеді.
Көбінесе клиент өзінің басына туған қайғысымен қайда баратынын, нашақорларды кім және қай жерде емдейтінін, психиатриялық көмекті қайда және қалай көрсететінін білмейді. Егер психолог клиентке қажетті ақпаратты меңгертсе, ол бұл жағдайда өзінің кеңес беруші функциясын психологтың әлеуметтік-диспетчерлік қызметі ретінде атқарады-клиентке қайда, және қалай бару керектігін, кімге және не айтуды, не туралы сұрауы керектігін және т.б. қажетті әрекеттері туралы кеңес береді. Кеңес беруші осындай клиенттің психологқа қаралуы барысында оның жағдайларын анықтауға көмектесумен қатар тағы да бір өте маңызды міндетті орындауы керек. Себебі, клиент ондағы әлеуметтік ортаның реакциясы қандай болатынын, олардың болашағына әсер ету мүмкіндігі қандай екеніне үлкен көңіл аударады. Өйткені ол он баланың ата-анасы бола отырып, балаларының ішінен біреуі осындай халге ұшырап, алғаш рет кеңес сұрап келген болар. Бұл жерде не болады? Қалай қабылдайды? Не айтты? Бұл мағынада кеңес беруші қоршаған адамдардың клиентке көмектесуге дайындығын, ал басқа мамандарға қаралу нәтижесінде оның басына түскен жағдай туралы әңгімеден туған қайғы мен ұят күйзелісі ғана емес, қажетті көмекті де әкелетінінің кепілі болу керек. Қандай да бір себептермен кеңес алудан қорқатын адамның маманға баруы өте күрделі міндет. Мұндай жағдайда өз баласын маманға жіберген ата-ана мотивацияның дұрыс тоны мен тәсілдерін таба алмайды. Көптеген жағдайда ол, «онда саған сенің күшті екендігіңді түсіндіреді» деп сендіреді, қоқытады, яғни баланың ата-анаға сенімсіздігін тудыратын сәттерді баса көрсетеді. Қалыптасқан жағдайда ұлына не қызына ол ата-ана нені және қалай айтатынын талқылау барысында мүмкіндігінше негативті сәттерді алып тастап, позитивті сәттерді енгізу керек. Мұнда осындай оң әсері бар әрекеттер ретінде мыналарды атап өтуге болады:
а) баланы артық психологиялық және физикалық күйзелістерден сақтауға қажетті көмек көрсетілуі;
б) ата-ана баласына қамтамасыз ете алатын көмегін анонимдік ұстанымға сәйкес ұйымдастырылуы;
в) егер қажет болса білікті, атақты маманға көрсету;
г) ата-ана баласының басына түскен қатерлі жағдайға байланысты сезімдері мен күйзелістері жайында әңгіме айту арқылы ( Сен жақсы баласың. Сенің басыңа түскен оқиға кездейсоқтық, оны тезірек түзетеміз де, жайлы өмірімізге ораламыз) басқа да мамандарға қаралу қажеттілігінің тағы бір дәлелі болатындай мысалдар келтіруі.
Әңгіме барысында неше түрлі эндогендік аурулар кездесетіні туралы, осы отбасының басына келген жағдайлардан басқа көптеген кездейсоқтықтар болатынын, ата-ана баласы ұшыраған оқиғадан алып шығуға жауаптылығы туралы және осындай мәселені ана мен бала біріге отырып шешкен кездерін үлгі ретінде келтіруге болады. Бірақ клиенттерге алдында тұрған күрделі және бірден шешуді талап ететін оқиға неліктен орын алғанын, оны қалай сараптап, талдап, шешу жолдарын табуға ұмтылу мүмкін емес болып көрінеді. Кеңес беруші әңгіме барысында өткен нәрсенің себебін талдау арқылы одан шығу мүмкін екендігін көрсетумен бірге оларды келешекте кінәлау, көңілі толмаушылық ұстанымынан біртіндеп болашақ өмірді сеніммен қабылдау және қолдау ұстанымына бағдарлау процесі жүреді.
Өкінішке орай, көптеген ата-аналар балаларының психологиялық және әлеуметтік қиындықтары жайында айтқанда балаларын сынауға және өздерінің сөздерінің дұрыстығын дәлелдеуге құмар болады. Ал, онсызда қиналып жүрген балалар ата-аналарын «мен сенің олармен байланыспауыңды неше рет ескерттім», немесе «барлығына өзің кінәлісің, сондықтан енді сен маған қарсы сөйлеуші болма» секілді ескертулердің өзін ауыр қабылдап, бұл сөздерді үлкендердің көмектескісі келмеуінің белгісі деп есептеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тек ақыл-кеңес айтып, қалай өмір сүруі керек екендігін үйрету кем және мәнсіз шара болып келеді. Балаларға осы жағдайдан шығуға үлкен қолдау көрсету өте керек және оларды ары қарай құлдыраудан кеңес беру немес жазалау арқылы емес, ата-ананың тарапынан білдірген үлкен сенім ғана құтқара алады.
Кеңес беруші адам ата-анаға оның баласының не айтып, не істегенін түсіндіріп беретін дәнекершісі ретінде баланың психологқа немесе басқа мамандарға көрінуі қандай ауыр тиетіндігін түсіндіруге тура келеді «өзіңізді оның орнына қойып көріңіз, осындай жағдайда сізге біреудің көмектескенін қалайсыз ба?». Бала мен ата-ананың қарым-қатынас бір-біріне сенім артуға негізделген, жақсы қатынас болғанда ғана баласына шамалы болса да отбасы ықпал етіп, оны кеңес берумен, қолдау көрсетумен, есірткі қабылдаудан, әлеуметтік қауіпті адамдармен байланысудан және т.б. оқшаулық сипаттағы қатынастардан сақтай алады. Ата-анамен сенімді қарым-қатынас болғанда бала, бір жағынан, оларды көп тыңдауға бейім болады, ал, екінші жағынан, жақын адамдарының жанын ауыртудан қорқып өзін-өзі ұстаудың өте мықты ішкі құралын қалыптастырады.Олай болса, сенім білдіру жағдайы тікелей ғана емес, қосалқы бақылау үшін де көп мүмкіндік береді. Егер ата-ананың баласымен қатынасы кеңес алуға келген сәтте айтарлықтай бұзылған болса, оларды қалыпқа келтіруге бағытталған арнайы іс-шаралар сенім акциясы, ашық әңгімелесу және т.с.с. жоғарыда айтылған әдістемелерді пайдалану арқылы оларды талқылауға болады.
Кеңес берудің бұл формалары қиын жұмыс түрлеріне жатады, сондықтан клиент проблемаларын талдау кезінде тәжірибесіз кеңес берушілерде үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, проблемасы бар баланың әкесімен не шешесімен сәтті әңгімелесуден соң клиенттің үгіттеулеріне жауап ретінде психолог әрине баламен кездесуге бел байлайды. Ал ол бала мүлдем басқа жағдайды, басқа түрде қатынас құруды және араласуды қажет ететін жұмыс пайда болуы да мүмкін, сонымен қатар, психолог баланың ерекшеліктеріне икемделе алмаса бұл кездесу сәтсіздікке алып келуі де мүмкін. Сондықтан психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру алдында және оның барысында психологиялық ықпал етудің барлық формулаларын меңгеруге тырысып, алдын ала жасалған бағдарлама бойынша оны ешқандай жағдайда ауыстырмастан жүргізу керек.
2.2.5. Психологиялық ағартушылық жұмыс.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс.Оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу жолдары және оны қалыптастырудағы мұғалімнің орны. Әдістемелік семинар. Семинар тақырыптары: (мысалға)
Жеке тұлға дамуында кездесетін ауытқулар және олардың пайда болу себептері;
Шығармашылық қабілеттілікті тәрбиелеу;
Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
Ата-аналардың психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру. Ата-аналар жиналыстарына баяндамалар даярлау, әртүрлі саладан мамандар шақыру.
Әлеуметтік-диспетчерлік қызметі. Дамуында ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету, олардың құжаттарын медициналық-психологиялық комиссияға дайындау. Медициналық-психологиялық комиссияның шешімі бойынша дамуында патологиясы бар балаларды арнайы мектепке орналастыру, қажеттілікке байланысты көмек көрсету.
2.2.6. Мектеп психологының бастауыш сынып оқушыларымен жұмысы.
Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері
Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жеке психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологы баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ой дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды рөл атқарады, дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды.
Жаңа ержелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.
Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыру қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылар болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.
Бірінші сынып оқушыларының басым көбі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастармен қарым-қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптыстыру психологтың келесі міндеті болып анықталады. Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болу керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар,балаларға үй тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ұйымдастыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңіндегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.
Қазіргі кезде көптеген мектептер гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.
Балалардың мектепке даярлығын есепке алу
Психологиялық қызметті жүйелі ұйымдастыру үшін әр оқушыға жеке карточка арнап, зерттеу нәтижелерін соған тіркеп отыру керек. Сонда балалар туралы жиналған мағлұматтарды қажетті уақытында тауып алып, сол балаға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік туады.
Психологиялық карточканың үлгілері көп. Ал, мектепке қабылданған баланы психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу нәтижесін тіркеуге арналған кесте төмендегі үлгідей болуы мүмкін. Бұл кестенің ыңғайлығы — бағалауға арналған көрсеткіштермен оны баллға айландыру шкаласының берілгендігінде. Барлық көрсеткіштер бойынша баланың даму деңгейін бағалап шықққаннан соң оның мектепте оқуға даярлығының көрсеткіші жалпы балл бойынша өзі шығып тұ
Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеудің көптеген ерекшеліктері бар. Бірінші және екінші сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тесттері олардың оқу және есеп шығару шеберлігі енді қалыптасып келе жатқанын ескере отырып жасалған. Ал 3-4 сынып оқушылары сауаты ашылған, олар көптеген жазба түрде берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап шығуға мүмкіндіктері бар. Осы ерекшеліктерін ескере отырып бастапқы оқыту кезеңіндегі балаларды зерттеу барысында арнайы жасалған тесттер қолданылады.
Мектепке қабылданған баланың оқу мазмұнын толық меңгеруге даярлығын анықтаудың маңызы өте үлкен. Психолог баланың даму деңгейін жан-жақты диагностикалау барысында осы қасиеттерді бағалаумен қатар олардың таным процестері дамып, оқытуға қажетті деңгейге жетуі мүмкін. Барлық диагностикалық тесттердің түзету дамыту әсері өте мол болғандықтан оларды орындатудың өзі дамытулық әсерін тигізеді.
Мектепке енді қабылданған баланың әлеуметтік статусы өзгергенімен ол ақыл-ой, интеллектуалдық даму жағынан мектепке даярлық тобындағы кезіндегідей. Сондықтан олардың таным процестерін зерттеуге мектепке қабылдау кезінде қолданылған әдістемелер модификациясы, немесе С.Д.Забрамная, Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер әдістемелері өте ыңғайлы болады. Сонымен қатар мектепке қабылданғандарды зерттеуге және олармен танысу үшін әңгімелесуге арнайы жасалған әдістемелер бар. Олар: «Қисынсыздықтар», «Мен қай жерде тұрамын?», «Менің көшем», «Менің достарым», «10 сөз», «10 сан», т.б. Бұл жерде осы әдістемелер көмегімен балалардың оқытуға даярлық деңгейін анықтау жолдары көрсетілген.
2.2.7. Мектеп психологының жеткіншектермен жұмысы
Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т.б көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс дағдарыс деп аталады.Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды, болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшіліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірістік орын алу мүмкін.Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым жан сезінуі» деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасындану да бала өмірінде едауыр орын алады.Осы жас кезеңінің ерекшіліктерін ата — аналар, мектеп мұғалімдрі, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
-барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл- кеңесінен құтылғысы келуі;
-үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
-үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар.Олар; 1.Балалардың оқудан басқа айналасатын шаруасының болмауы.2. Радио, телидидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған електейтіндігі.3. Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.4. Күні — түні фантастикалық және криминалистикалық әдибиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі.
5. Акцентуацияның көрінісін беруі. 6.Агрессиясының анық байқалуы.
Психологтың жеткіншек жас кезегіндегілермен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдылығына үлкен көңіл бөлу қажет.
2.2.8. Мектеп психологының қиын оқушылармен жұмысы.
«Қиын оқушы» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың ортасын білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің ұжымдық формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.
Мінез құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.
Қиын балалар мәселесін туындататын негізгі себеп.
Қиын балалар туындататын себептер мыналар болуы мүмкін:
-
Басқа мемлекеттердің идеологиялық және моральдық теріс әрекеттері. Қазіргі заманда жастарға қатты әсер еттетін фактор – бұқаралық ақпарат құралдарының кең таралуы (әсіресе теледидаор арқылы батыстық, яғни Батыстың «әдемі» өмірі жайлы мифтер, т.б.) таратуы.
-
Адам санасында өмір салтында дәурені өткен жаман әдет қалдықтарының қалып қоюы. Мұндай элементтер: ұлтшылдық, шовинизм, басқыншылық. Бюрократизм және т.б.
-
Адамның әлеуметтік прогрестігі пассивті ұстанымы. Адамның қоғамдық қатынастарға және еңбекке салғырттық сияқты жаман қылықтарға бой алдыруы.
-
Тұлғаның өз даму қатарынан артта қалуы, адамдатмен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмауы. Баланың тәрбиесіздігі, әдепсіздігі, дөрекілігі және т.б. жағымсыз мінез – құлық бітімдері олардың ортадағы өмірін қиындатады.
-
Балалар мен жасөспірімдерге қоғамдық тәрбие берудегі кемшіліктері мен қателіктері.
Мектеп өзінің тәрбиеленушілеріне ерте бастан әлеуметтік қажетті кәсіп таңдауына көмектесуі керек. Тек сонда ғана тәрбиеленушінің қоғамдық өмірге деген қызығушылығы артуы мүмкін.
-
Мектептегі және отбасындағы тәрбиедегі кейбір жетіспеушіліктер. Мұнда кейбір жасөспірімдер педагогикалық ұжымда жүргізіліп жатқа
тәрбиелеу іс-шаралаына жете бағынбайды, сөйтіп ол өзінің
интелектуалды даму жолынан қалып қояды.
Қиын балаларды тәрбиелеу жолдары.
Нағыз тәрбие алған тұлғаның бойында кері әсерлерге қарсы тұратын күш болады және өзінің мінез-құлқындағы жетіспеушіліктерге қарсы тұратын күш болады және өзінің мінез-құлықындағы жетіснеушіліктерге қарсы тұрып, оны түзетуге тырысады. Сонымен қиыннан тәрбиелеуді алдын алу дегеніміз – бұл қоғамнвң нұсқауымен толыққанды өмірлік ұстаған белгілі бір мақсаты бар, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелеудегі басты міндет – тұлғаға дұрыс бағыт – бағдар беру. Қазіргі заманғы педагог бала тәрбиелеу жолында әр түрлі үйірмелер, жиындар ұйымдастыра білу қажет. Тіптен ата-аналармен үйірме сабақтарын жүргізуге (тағам әзірлеу, бақшада жұмыс істеу, техникалық жұмыстар және т.б.) болады. Ата-ана, ұстаз және баланың бірігіп жұмыс істеуі ата-анаға үлкен талап ретінде, яғни олардың педагогикаға деген қызығушылықтары оянуы мүмкін. Оны өздерінің балаларының тәрбиесіне арнау сияқты көзқарастар қалыптасады. Мұндай бірігіп жұмыс істейтін ұжымның ұраны: «Өзіғң білетін және істей алатын бар жақсы нәрсені балаға үйрету».
Қазіргі заманғы сабақ – бұл мұғалімнің балаларға түсіндіру барысында сол түсіндіріп тұрған ақпаратын басқа ақпараттармен байланыстыра отырып үйрету, оқушыға түсінікті етіп жеткізу.
Жалпы балалар мен жасөспірімдердің бойында төмендегідей жиі кездесетін жетіспеушіліктерді атап көрсетуге болады:
-
үлкендермен, жолдастарымен тіл табыса алмауы (мақтаншақтық, дөрекілік, т.б.);
-
өзін-өзі ұстай алмауы;
-
дұрыс тәрбие алмауы; соның салдарынан тиянақты еңбек ете алмауы;
-
өзіне деген өмірдегі сенімсіздік, тіршіліктегі пассивтілік, ынжықтылық, тұрақсыздық, т.б.
-
жіберген қателіктерін өз бетімен дер кезінде түзете алмауы.
Қиын балаларды тәрбиелеу ісінде төмендегідей кеңестерді орындаған жағдайда балаларды қайта тәрбиелеу сәтті болады деп есептелінеді:
-
«қиын» баланы қайта тәрбиелеу оны қоршаған ұжымның бағдар-бағыттауы бойынша әдептілік жолмен жүргізу;
-
«қиын» балаларды тәрбиелеу жұмысын жиі, бірізді тұрақты ғылыми ұйымдастырылған түрде жүргізу;
-
Жүйкесі жұқарған балаларды уақытында емдеуі ұйымдастыру.
Балаларды мектепке даярлығын тіркеу кестесі (үлгі)
Нұсқау: Бала дамуының әртүрлі деңгейін көрсететін үш варианттағы жауаптарды оқып, оның қайсысы зерттелінушіні нақты сипаттайтын болса, соны белгілеңіз. Оны анықтау үшін балаларды мектепке қабылдау барысында және қыркүйек айында жүргізілген әңгімелесу, ертегі айтқызу, басқа да жоғарыда берілген кестедегі көрсеткіштер арқылы бағаланып, нәтижесі сол кестеде тіркеледі .
Бағалау шкаласы:
26-30 балл -мектепке даярлығы жоғары;
21-25 балл -жақсы;
16-20 балл -орта;
11-15 балл -қанағаттанарлық;
6-10 балл -төмен.
Осы кесте бойынша балалардың мектепке оқуға даярлығын және бастапқы оқыту бағдарламасын меңгеруге даярлығын бағалап шығу үшін мектепке даярлық тобын зерттеуге арналған әдістемелерді немесе олардың модификацияларын қолдануға болады. Сонымен қатар бастауыш мектепке қабылданған балаларды зерттеуге арналған арнайы жинақтар қолданылады
Зерттеу нәтижелерін толтыру бланкісі
Фамилиясы ..............................................................................................
Аты ...........................................................................................................
Жынысы ...................................................................................................
Оқитын сыныбы .......................................................................................
Психодиагностика жүргізілген күні .........................................................
Жиналған баллдары ...................................................................................
Мектепке даярлығының көрсеткіші.........................................................
№ |
Бағаланатын көрсеткіштер |
Бағасы |
1. |
Дыбысты дұрыс айту |
|
|
|
1 2 3 |
2. |
Тілдік коммуникациясы |
|
|
|
1 2 3 |
3. |
Мазмұнын жеткізуі |
|
|
|
1 2 3 |
4. |
Сөздік қоры |
|
|
|
1 2 3 |
5. |
Ірі және майда қимыл әрекеттерін қадағалауға қиналады |
|
|
|
1 2 3 |
6. |
Графикалық әрекеттері |
|
|
|
1 2 3 |
7. |
Оқу, ойын әрекеттеріне көзқарыс |
|
|
|
1 2 3 |
8. |
Өз қатарларымен және үлкендермен қарым-қатынасы |
|
|
|
1 2 3 |
9. |
Өзіне қызмет көрсету |
|
|
|
1 2 3 |
10 |
Бағдарламаны меңгеру |
|
|
|
1 2 3 |
Баланың таным процестерін зерттеу әдістемесі
«Қисынсыздықтар» әдістемесі.
Мақсаты: баланың еске сақтау қабілетін зерттеу, логикалық ойлауының көрініс беруін, өзінің ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу.
Бұл әдістемені Ш.Е.Рысмаханбетованың «Қисынсыздықтар» суретті бойынша жүргізуге болады. Балаға сурет көрсетілгеннен соң оған келсі нұсқау беріледі: «Мен келесі жұмысқа дайындалып болғанша сен мына суретті көріп отыр». Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көрсетілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайыңда алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен).
Бала суретті алып, оны қарап отырған кезде психолог өз жұмысымен айналасып, балаға 30 секунд уақыт береді. Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды.
Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, сонан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсету керек.
Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тарту керек:
-
Саған сурет ұнадыма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар қойылады.
-
Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала суреттің фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі.
-
Суретте не салынған? Бала жауабына мазмұнына байланысты қосымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін.
-
Тағы не бар еді?
-
Сурет қызық па?
-
Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?
-
Өмірде осындай жағыдайлар кездеседі ме?
-
Орындары ауысып кеткен жерлері бар ма?
Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақтарды қоюдың ешқандай қажеті жоқ.
Орындау уақыты 3 минут.
Бағалау шкаласы:
-
9-10 балл – бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамыған деп бағаланады.
-
7-8 балл – бала суреттегі қисынсыздықтардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатқа сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.
-
5-6 балл – бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп қалғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса қойылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.
-
3-4 балл – бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналса, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толық түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму деңгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
-
1-2 балл – бала тек сұрақтар қойып жетелеу барысында қиынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.
«10 сөзді жаттау» әдістемесі.
Мақсаты: Баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.
Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы,оған қосымша стимулдық материалдар(ойын,көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.
Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады.Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс.Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріс сөзбен бастайды: «Балалар,мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын.Оларды мұқият тыңдап,есте сақтап қалуға тырысыңдар.Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар.»
Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын.Сендер сол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар.Бірінші қайталаған сөздерің мен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар»
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі: «Мен тағыда қайталаймын,ал сендер жақсылап тыңдаңдар» Бесінші рет қайталағанда : «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын,сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» -деп ескерту қажет.Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді.Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы керісінше,кеми береді.
Сөздер тізімін қайталап оқу барысында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ.тек қана сөздерді өте жай қайталағанда,балаларға: «тағыда қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.
Орындау уақыты 7-8 минут.
Бағалау шкаласы:
-
Бір рет оқығанда -5-6, бес рет қайталағанда -8-10 сөзді қайталау -сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады.
-
Бірінші оқығанда -3-4, бесіншіден кейін-5-7-орта
-
Бірінші оқығанда -1-2, бесіншіден кейін-3-4-төмен
-
Бірінші оқығанда -0 бесіншіден кейін-1-2-өте төмен
Сөздер:уақыт,нан,аспан,өсімдік,қар, май,ағаш,көрпе ,киім,дала
осы сияқты бірнеше варианттағы тапсырмалар жасап алу керек.
Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері. Бурдон тесті.
Мақсаты: зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау.
Орындау ережесі: «5 минут ішінде осы кестедегі әріптерді қатар бойынша оқып, «с», «қ», «ә» әріптерін былай етіп «/с», «/қ», «/ә» сызып таста. Әр бір минут аяқталғанда (оны психолог айтып отырады) келген жеріңе белгі қойып, жұмысыңды одан әрі жалғастыра бер,5 минут өткеннен соң жұмысыңды бағалаймыз».
Тапсырманы орындау барысында балаларға қосымша тапсырма берудің және тапсырманы орындау ережесін қайта түсіндірудің қажеті жоқ. Тапсырмаларды орындауға берілген 5 минут уақыт аяқталғаннан соң орындау парақтарды жинап алу керек.
Бағалау шкаласы: Әр минутта қарап шыққан әріптер көлемі және қате сызылған әріптер саны анықталады. Қате сызылған әріптер саны қарап шыққан қатар санына бөлінеді. Осы қатынас қанша көп болса, бала зейіні сонша бағаланады.
Тапсырма парағы
С х қ е х а р с т у л ә с қ ж ф в д л қ ә ө т с я с в к е қ г ұ ш а і ы с м ә ы ф ж қ а с ч о р п к ә ң ж ю л д ң ә с қ о г і и м ы ж ғ ә с в п и н г қ з ш ғ с е а ә в д с щ қ н е х ф қ с ә б д л о р п қ і ә д ж б о с в п р и ғ р ә ф д ш о ө р қ е н ә я ч к е і с м қ р л ә в ж з о қ п л ы в ә с б э ч ә и п с ы д э п н і г у қ ш о л н г ә м л ы ф ч с п и в ш б ұ қ і ғ а с е п и т ы ю л ә і ң а ғ п с м и р г ш қ ұ о г ц ң ә с ч в а о л ә л о ш қ ұ р н з в а т с ә в ы ф ч с б д о п ш г ұ т қ д ц е ә п к г т с и п э г ә в ц қ з ы е п с р п н ә з в қ ұ и м с г д в ә с ы ц й х қ б ә о р с н е к ә қ д л о з у ә л а ф қ ө ғ ң с б ш л ә и р а ә т и с қ г о р д а н ш ә т и б с я в ф ө қ ұ ү ғ ң д ә э ю я ф ы в с о у х з қ л к е ә т и д с в ж д л ә ш л н қ р п а ұ с а к ғ н ә і қ т и с г н ж ә п н қ а м қ н и р с и д г ә с в қ л ш г ә ы в с д л о э с л қ н е а қ о т в ә м д с щ н г о ц с ң с о т и қ р н ұ қ т ш і ә м с х б л ә т ш с қ о н р а е ә қ о р т и қ с а д л қ о н ә т р ы н л ә о ы ш қ и х з с ч і ә г н қ п а ц қ с м а с у а н ш қ э д ә ф о а н қ и д с в а о г з х у ш к қ с в д л т р ә в қ ш ы қ ө о д с ң н г ә в з х қ т о г ә м к ы қ т в с э ә ч я қ а д л е қ т р в
А.З. Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі.
Орындау ережесі: Тапсырманы орындату алдында балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз- сөздегі әріптердің орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады. Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап. Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.
Анаграммалар.
-
СЕПЕ
-
ДӘМЕІ
-
РАМНА
-
АЖДҒАЙА
-
РОНЫДҚЫ
-
ИҒАМРТА
-
АБЫТРЛҚЫ
-
ЕШЕШДНКІ
-
АТСПРЫАМ
Мақсаты: Акцентуация көрініс беруін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.
Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонградтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестен жасаған.
Тест нәтижесін талдау.
Сұрақтар соңында жақшада берілген нөмірлер акцентуация типін көрсетеді.Әр нөмір бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген коээфициентке көбейту арқылы акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді.Талдау жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.
Шкала № |
Акцентуация типі |
Жиналған ұпайлар |
Коэффициент |
Акцентуация көрсеткіші |
||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
Гипертимді Лабильді Сенсетивтік Шизоидтық Эпилептоидтық Тұрақсыз Астене-невротик Демонстративтік Циклоидтық Афффектті-экзальтациялық. |
|
|
|
Жеткіншектер акцентуациясын анықтау.(Шмишек тесті)
Орындау ережесі. Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі, оларда номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілер қойылған болады. Зерттелінуші таңдапалған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.
Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті.
-
Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1)
-
Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе? (7)
-
Жылауың оңай ма? (6)
-
Жұмысымда қате жоқпа,деп бірнеше рет тексересіңбе (-2)
-
Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе?(-2)
-
Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше тез өзгереді ме?(9)
-
Сен ойын барысында жетекші болуды ұнатасың ба?(8)
-
Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болды ма?(5)
-
Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен орындауға тырысасың ба?(7)
-
Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба?(1)
-
Біреуді ренжітіп қойғаныңды тез ұмытасың ба?(-7)
-
Өзіңді мейірімді, басқаларды аяйтын деп ойлайсың ба?(6)
-
Пошта жәшігіне хат салғанда, ол бір жеріне ілініп қалды ма, деп тексересің бе?(4)
14.Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға тырысасың ба?(8)
15.Кішкентай кезіңде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің?(2)
16.Балалар сені өте ынталы және ұқыпты деп санайды ма?(2)
17.Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты ма?(9)
18.Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға болады ма?(8)
19.Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болды ма?(5)
20.Әдетте мүңданып жүресің бе?(3)
21.Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба?(10)
22.Бір орында ұзақ отыру саған қиын ба?(1)
23.Саған әділетсіздік жасағанда өз құқығыңды қорғайсың ба?(7)
24.Мысықты рогаткамен атқан күнің болды ма?(6)
25.Дастархан немесе перде қисайып тұрса сенің жының келеді ме?(4)
26.Кішкентай кезіңде үйде бір өзің қалуға қорқатын ба едің? (2)
27.Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға бөленесің бе?(9)
28.Сыныпта ең жақсы оқушысың ба?(8)
29.Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болды ма?(-3)
30.Ашулануың оңай ма?(5)
31.Кейде өзіңді бақытты сезінесің бе?(10)
32.Басқалардың көңілін көтере аласың ба?(1)
33.Біреу туралы өз ойыңды ашық айта аласың ба?(7)
34.Қаннан қорқасың ба?(6)
35.Мектеп тапсырмасын шын көңілмен орындайсың ба?(4)
36.Әділетсіздіктің құрбаны болғандарды қорғайсың ба?(4)
37.Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба?(2)
38.Жылдамдық пен нақтылықты талап ететін жұмысқа қарағанда жай немесе нақты емес жұмысты көбірек ұнатасың ба? (2)
39. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9)
40.Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге құмарсың ба? (8)
41.Үйіңнен қашып кеткен уақытың болды ма? (5)
42.Балалармен, мұғалімдермен ұрысып қалып, мектепке бара алмай жүрген кез болды ма? (3)
43.Өмір сүру қиын ба? (3)
44.Сәтсіздікке ұшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1)
45.Ұрысып қалғанда, өзің кінәлі болмасаң, татуласуға әрекет жасайсың ба? (-7)
46.жануарлардың жақсы көресің бе? (6)
47.Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба? (4)
48.Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп төнгендей болып сезінесің бе? (2)
49.Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9)
50.Сұрақтарды біле тұрып жауап беруге қиналасың ба? (8)
51.Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5)
52.Балалармен бірге болу ұнай ма? (3)
53.Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе? (10)
54.Істерді ,ойынды ұйымдастыру қолыңнан келеме?(1)
55.Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге әрекет жасайсыңба? (7)
56.Кино көргенде ,кітап оқығанда жылайсың ба?(6)
57.Міндеттеріңді орындауға қиналасың ба? (4)
58.Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7)
59.Түнде қараңғы көшемен жүруге қорқасың ба? (2)
60.Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4)
61.Жатарда көңіл күйің ,ал тұрғанда –тұнжыраған болған ба ?(9)
62.Бейтаныс балалар арасында өзіңді еркін сезінесің бе?(8)
63.Басың ауырады ма?(5)
64.Жиі күлесің бе?(-3)
65.Егер біреуді ерекше силайтын болсаң,оны білдірмей жүре аласың ба?(8)
66.Бір күннің ішінде әр түрлі жұмыс жасай аласың ба?(1)
67.Әділетсіздікке жиі кездесесің бе?(7)
68.Табиғатты жақсы көресің бе? (6)
69.Үйден кетерде,ұйқыға жатарда есікті,электр тетіктерін тексересің бе?(4)
70.Өзіңді қорқақпын деп санайсың ба?(2)
71.Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме?(9)
72.Драмкружокқа қатысуға,сахнадан өлең оқуды ұнатасың ба?(8)
73.Себепсіз бұртыйып,ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің болады ма?(5)
74.Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3)
75.Қуаныштан бірден қайғы-қасіретке ауысатын кез кездеседі ме?(10)
76.Қонақ күте аласың ба?(1)
77.Ашуың ұзаққа созылады ма? (7)
78.Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба?(6)
79.Жіберген қатені жөндеу үшін дәптердің бір бетін көшіріп жазасың ба? (4)
80.Өзіңді сенімсіз адам деп есептейсің бе?(7)
81.Қорқынышты түсті жиі көресің бе?(2)
82.Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма?(4)
83.Қоршағандар уақытын көңілді өткізіп жатса ,сенің көңілің көтеріледі ме?(9)
84.Жағымсыз жағдайды уақытша ұмыта аласың ба?(8)
85.Сәтсіздіктерді ойыңнан шығармай жүресің бе?(8)
86.Әдетте аз сөйлейсің бе?(3)
87.Орындаған роліңе беріліп кеткенде өзіңнің кім екеніңді ұмытасың ба?(8)
Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдістемесі)
Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.
Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді.Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд,Анри),екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теорияларда бар(Маллер,Дуб,Доллард)
Агрессия терминімен жеке тұлғаның субьект-субьекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.Деструктівтік әрекет дегеніміз -адамның алдында тұрған бөгетке шабауыл жасап қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет.Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға,табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады.Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Бірінші – мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп –сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі – инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданылатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.
Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасағанӘр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған.
Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.
Бағалау шкаласы.
Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.
Физикалық агрессия: ия-1, жоқ-0 келесі тұжырымдамаларға: 1,25,31,41,48,55,62,68; Жоқ – 1, ия – 0, келесілерге: 9,7.
Жанама агрессия: ия-1, жоқ-0: 2,10,18,34,42,56,63; Жоқ – 1,ия – 0: 26,49.
Тітіркенушілік: ия-1, жоқ-0; 3,19,27,43,50,57,64,72; жоқ – 1, ия – 0:11,35,69.
Негатевизм: ия-1, жоқ-0; 4,12,20,28; , жоқ – 1, ия – 0: 36.
Өкпелегіштік: ия-1, жоқ-0; 5,13,21,29,37,44,51,58.
Күдіктелушілік: ия-1, жоқ-0; 6,14,22,30,38,45,52,59; жоқ – 1, ия – 0: 33,66,74,75.
Вербалды агрессия: ия-1, жоқ-0; 7,15,23,31,46,53,60,71,73; жоқ – 1, ия– 0: 1,33,66,74,75.
Кінәлі сезіну: ия-1, жоқ-0; 8,16,24,32,40,47,54,61,67.
Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға айландырып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады.
Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады.
Ал екіншісі, агрессия индексі – 1,3,7 шкалалар қосындысы ретінде анықталады.
6,5 плюс-минус 3 – қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі;
21 плюс-минус 4 – агрессияның нормадағысын көрсетеді.
Баланың агрессиясын анықтағанда бір әдістемені қолданып, сол бойынша қорытынды жасауға болады. Міндетті түрде Кеттел, Шмишек, Спилбергер т.б. проективтің әдістемелердің нәтижесімен салыстырып анықтау қажет.
Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдістемесі)
Орындау ережесі: Тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Сауалнама.
-
Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.
-
Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.
-
Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
-
Егер маған жақсылап өтініш жасамаса, тапсырманы орындамаймын.
-
Өмірде маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.
-
Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
-
Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.
-
Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданымның алдында қатты қысыламын.
-
Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.
-
Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.
-
Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.
-
Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
-
Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.
-
Егер маған күтпеген жерде сый-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.
-
Менің басқалармен келіспей қалатын кезім жиі болады.
-
Кейде менің ойыма өзім ұялатын нәрселер келеді.
-
Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.
-
Мен ашуланғада есікті тарс еткізіп жауамын.
-
Мен сыртқы көрінісімнен әлде қайда ашушаңырақпын.
-
Егер біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, мен оған әрқашан қарсы тұрамын.
-
Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.
-
Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
-
Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.
-
Жұмыстан қашатын адамдар өздерін кінәлі сезіну керек.
-
Менің отбасымды әбіржіткендер – жұдырыққа жығылғысы келгендер.
-
Дөрекі әзілге мен бармаймын деп ойлаймын.
-
мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.
-
Егер біреулер өздерін бастық сымақ санаса, олар менменсіп кетпес үшін бар күшімді саламын.
-
Апта сайын мен өзіме үнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.
-
Адамдардың көбісі маған қызғаншақтықпен қарайды.
-
Басқалардан өзімді сыйлауды талап етемін.
-
Ата-анам үшін ештеме жасамағаныма қамығамын.
-
Сізді әрқашанда ызаландырған адамдардың «тұмсығын бұзуға» тұрады.
-
Мен еш уақытта ашуға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.
-
Егер басқалардың маған деген көз қарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға ренжімеймін.
-
мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.
-
Ешкімге байқатпауға тырыссам да, қызғаншақтық «ішімді ит жегендей» етеді.
-
Кейде мені күлкіге келтіретіндер бар сияқты.
-
Мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.
-
Менің күнәларымның бәрі кешірілсін.
-
Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.
-
Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.
-
Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.
-
Шынымен жек көретін адамым жоқ.
-
Бөтендерге еш уақытта сенім білдірмеу – менің ұстанымым.
-
Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.
-
Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.
-
Ашуланған кезімде қол жұмсауым мүмкін.
-
Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.
-
Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сезінемін.
-
Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені, бірге жұмыс істеуге қиын адам, деп есептер еді.
-
Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрселер істейді, деп ойланамын.
-
Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.
-
Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.
-
Төбелескенде басқалардан артық-кемім жоқ.
-
Қатты ашуланғанда бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.
-
Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.
-
Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.
-
Мен бұрын адамдар тек шынын айтады, деп ойлайтын едім.
-
Ашуланғанда ғана ұрсамын.
-
Егер қателік жасасам қысылып жүремін.
-
Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса – күшімді көрсетемін.
-
Өзімнің ашуымды кейде, стол төбелеп көрсетемін.
-
Өзіме ұнамайтындарға дөрекілік көрсетемін.
-
Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.
-
Дөрекілерді өз орнына қоя алмаймын.
-
Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын, – деген ой маған жиі келеді.
-
Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.
-
Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
-
Басқалар намысыма тиіп,ызаландырғысы келеді,деген ойға сирек бөленемін.
-
Мен, көбінесе адамдарды тек қорқытамын.
-
Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.
-
Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.
-
Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетуге тырысамын.
-
Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.
Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жас өспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.
Интеллектуалдық икемделгіштіктер (лабильділікті) анықтау әдістемесі.
Мақсаты: Әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілділігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу.
Орындау ережесі: Әдістеме жүргізу үшін тапсырмалар арнайы бланкке түсіріліп, зерттелінушілердің қолына беріледі де оны орындау тәртібі түсіндіріледі.
«Сіздерге, онша қиындығы жоқ, 40 тапсырма берілген. Олардың әрқайсысын орындауға 2,3,4,5 секунд уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде тапқан жауаптарыңызды бланкінің номері аталған жеріне толтырасыздар. Тапсырмаларды тез және зейіндеріңізді жинақтап отырып орындаңыздар». Психолог әр тапсырманы асықпай оқып береді де, оны орындау уақыты аяқталғаннан соң, келесі тапсырма оқылады. Зерттелінушілер жауаптарын қолындағы бланкіге толтырып отырады.
Бағалау шкаласы.
Икемделгіштік (лабильділік) көрсеткіші жіберілген қателер санымен анықталады.
0 – 4 қате – лабильділігі жоғары, оқуға қабілеті жақсы.
5 – 9 қате – лабильділігі орта
10 – 14 қате – лабильділігі төмен, қайта үйрету қиын.
15 және оданда көп қате – іс-әрекеттің барлық түріне икемсіз.
Тапсырмалар.
(1-ші квадрат) Смадияр деген аттың бірінші әрібі мен жылдың бірінші айының соңғы әрібін квадрат ішіне жазыңыз.(3сек)
(4-ші квадрат) «Жел» деген сөзді квадратқа жазғанда бір әріп үшбұрыштың ішіне түссін.(3 сек.).
(5-ші квадрат) Төртбұрышты екі вертикалдық және екі горизонталдық сызықтармен бөліңіз . (4 сек).
(6-шы квадрат) Бірінші шеңберден төртінші шеңберге қарай сызық жүргізіп, оны екіншінің үстінен, үшіншінің астынан өтетіндей етіп орналастырыңыз. (3 сек)
(7-ші квадрат) Үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойып, ал үшбұрыш пен төртбұрыштың ортақ ауданына 1 деген санды жазыңыз. (3 сек)
(8-ші квадрат) Екінші шеңберді үшке, ал төртінші шеңберді екіге бөліңіз.(4 сек)
(10-шы квадрат) Егер бүгінгі күн сәрсенбі болмаса атыңыздың соңғы әрібінен бұрынғыны квадрат ішіне жазыңыз. (3 сек)
(12-ші квадрат) Бірінші тікбұрыштың ішіне плюс, алтыншысына 0 қойыңыз да, үшіншіні сызып тастаңыз. (4 сек).
(13-ші квадрат) Нүктелерді тік сызықтармен қосып шығыңыз, кішкентай үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойыңыз.
(15-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың сыртына шеңбер сызыңыз да, дауыстыларды сызып тастаңыз. (4 сек).
(17-ші квадрат) Трапецияның бүйір қабырғаларын бір-бірімен қиылысқанша төмен қарай жалғастырыңыз, қиылысқан нүктені өзіңіз тұратын мекен-жайыңыздың соңғы әріпімен белгілеңіз. (4 сек).
(18-ші квадрат) Егер «синоним» деген сөздің алтыншы әрібі дауысты болса, тікбұрыштың ішіне 1 деген санды жазыңыз. (3 сек).
(19-шы квадрат) Үлкен шеңберді қайта сызыңыз да кішісінің ішіне плюс белгісін қойыңыз. (3 сек).
(20-шы квадрат) 2,4,5 нүктелерді бір-бірімен қосыңыз, ал 1 мен 3 нүктелерді тастап кетіңіз. (3 сек)
(21-ші квадрат) Егер екі көпсанды сандар бір-біріне тең болса арасындағы сызықшаның үстіне қанат белгі қойыңыз. (2 сек)
(22-ші квадрат) бірінші сызықты үшке бөліп, екіншісін екіге бөліп, үшінші сызықтың ұштарын «А» әріпімен жалғастырыңыз. (4 сек).
(23-ші квадрат) Бірінші сызықты ұшын екінші сызықтың жоғарғы ұшымен қосыңыз, ал екінші сызықтың үстіңгі шетін төртінші сызықтың төменгі ұшымен жалғастырыңыз. (3 сек)
(24-ші квадрат) Тақ сандарды сызып тастап, жұп сандардың астын сызып қойыңыз. (5 сек)
( 25-ші квадрат) Екі фигураның сыртына шеңбер кигізіңіз, сонан соң оларды бір-бірінен вертикаль сызықпен бөліп қойыңыз. (4 сек)
(26-шы квадрат) А әріпінің астына төменге бағытталған стрелка қойыңыз, ал В ның астына жоғарыға бағытталған стрелка, С әрібінің астына қанат белгі соғыңыз. (3 сек)
(27-ші квадрат) Егер «ҮЙ» мен «ҮЙРЕК» деген сөздер бірдей әріптен басталатын болса, ромбтардың арасына минус белгісін қойыңыз. (3 сек)
(28-ші квадрат) Сол жақ шеті клеткаға 0, ал оң жақтағы шеткі клеткаға плюс белгісін қойып, ортасынан диагональ өткізіңіз. (3 сек)
(29 квадрат) Қанат белгілердің астын сызып, бірінші қанат белгінің ішіне А әріпін жазыңыз. (3 сек)
(30-шы квадрат) Егер, «СЫЙЛЫҚ» деген сөздегі үшінші әріп И болмаса, келесі сандар суммасын жазыңыз 3+5. (3 сек)
(31-ші квадрат) «САЛЮТ» деген сөздегі дауысты дыбыстарды дөңгелектеп сызып, ал «ЖАҢБЫР» деген сөзден дауыссыз дыбысты сызып тастаңыз. (4сек)
(32-ші квадрат) Егер 54 саны тоғызға бөлінетін болса, төртбұрыштың сыртына шеңбер сызыңыз. (3 сек)
(33-ші квадрат) 1 санынан 7 санына қарай сызық сызып, оны жұп сандардың астынан, тақ сандардың үстінен өткізіңіз. (4сек)
(34-ші квадрат) қасында сан жазылмаған шеңберлерді сызып тастап, саны барлардың астын сызып қойыңыз. (3 сек)
(35-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың астына төмен қараған, дауыстылардың астын – жоғары қараған стрелка қойыңыз. (3 сек)
(36-шы квадрат) «ҚОЛ» деген сөзінің бірінші әрібін шеңбердің ішіне, ал екіншісін – тікбұрыштың ішіне түсіріп жазыңыз. (3 сек)
(37-ші квадрат) Горизонталдық сызықтарды солға қараған, вертикал сызықтарды – жоғары қараған стрелкалармен белгілеңіз. (5 сек)
(39-шы квадрат) Екінші сызықты екіге бөліп, бірінші сызықтың екі ұшын сол нүктемен қосыңыз. (3 сек.)
(40-шы квадрат) Вертикал сызықтар көмегімен тақ сандарды жұп сандардан бөліп қойыңыз. (5 сек).
(41-ші квадрат) Сызықтың үстіне жоғары қараған, ал астына – солға қараған стрелка қойыңыз. (2 сек).
(42-ші квадрат) «М» әрібінің сыртына шаршы, «К» - ның сыртына шеңбер, ал «О» -ның сыртын үшбұрыш салыңыз. (4 сек).
( 43-ші квадрат) 5 пен 2 сандарының қосындысын тікбұрыштың ішіне, алымын – ромбтың ішіне жазыңыз. (4 сек)
(44-ші квадрат) 3-ке бөлінетін сандарды сызып тастаңыз да, басқаларының астын сызып қойыңыз. (5 сек)
(45-ші квадрат) Қанат белгілерін тек шеңбер ішіне, 3 санын тек тікбұрыш ішіне қойып шығыңыз. (3 сек)
(46-шы квадрат) Әріптердің астын сызып, жұп сандардың сыртына шеңбер салыңыз. (5 сек)
(47-ші квадрат) Тақ сандардың сыртына шаршы скобка, жұп сандардың сыртына дөңгелек скобка қойып шығыңыз. (5 сек).
Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін зеттеу әдістемелері
Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.
Мақсаты: Баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (нейротизмнің көрінісін) анықтау.
Нәтижесін бағалау кілті
Эстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:
Ия – 1,3,8,10,13,17,22,25,27,39,44,46,49,53,56;
Жоқ – 5,15,20,29,32,37,41,51.
0 – 10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз;
15 – 20 балл жинасаңыз сіз экстровртсіз;
11 – 14 балл – амбиверт көрсеткіші болоып табылады.
Нейротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:
Ия – 2,4,7,9,11,14,16,19,21,23,26,28,31,33,38,40,43,45,47,50,52,57,
0 – 10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;
11 – 16 сезімталдық белгісі;
17 - 22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар;
23 – 24 невротизм патологияға жақындаған.
Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:
Келесі сұраққа жауап берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:
Ия – 6,24,36; Жоқ – 12,18,30,42,48,54.
0 -3 балл жинасаңыз сізге барлық уақыт сенуге болады.
4 – 5 – жалғандығыңыз көрініп тұр.
6 – 9 – жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойса болады.
Бағалау шкаласы бойынша жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына экстраверсия бойынша анықталған балларды түсіріп, ал нейротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек.
Нейротизм
20
18
16
меланхолик 14 холерик
12
0 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20
8
6
флегматика сангвиник
4
2
0
Эмоционалдық тұрақтылық
Сол нүктелердің түсірген перпендикулярлардың қиылысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандарының қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.
Көрсеткіштер бойынша мінездеме.
Сангвинк-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоралары көп, өмірсүйгіш.
Холерик-экстраверт; айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист; белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында психопат.
Флегматик- экстраверт; тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды,қарым-қатынасқа жайлы,интеллекуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден саулығын бір қалыпты сақтайды.
Меланхоллик- экстраверт; тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, ден саулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.
Орындау ережесі: «Сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ беріледі. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл – ойдың дамуы деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».
Сауалнама.
1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөліну үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?
2.Сізді түсінетін, жұбататын және көңіліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?
3.Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?
4.Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?
5.Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?
6.Берген сөздеріңізді барлық уақытта орындайсыз ба?
7.Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?
8.Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?
9.Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?
10.Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?
11.Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?
12.Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағдай болды ма?
13.Жағдайға байланысты ойланбайтын әрекет жасауыңыз жиі болады ма?
14.Өзіңіздің айтқаныңыз немес істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?
15.Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?
16. Сіздің намысыңызға тию оңай ма?
17.Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?
18.Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?
19.Кейде күшіңіз тасып, тауды қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?
20.Өзіңіздің қарым–қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?
21.Арманға жиі бөленесіз бе?
22.Сізге дауыс көтергендерге солайша жауап бересіз бе?
23.Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?
24.Сіз өзіңізді кінәлі деп сезінуіңіз жиі болады ма?
25.Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?
26.Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?
27.Басқалар сізді көңілді, еті тірі деп есептейді ме?
28.Бір істі бітірген соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» - деген ойға бөлінесіз бе?
29.Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
30.Сіз өсек айтатын кездер болады ма?
31.Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болды ма?
32.Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?
33.Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?
34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
35.Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?
36.Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?
37.Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?
38.Сіз ашушаңсыз ба?
39.Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс ұнайды ма?
40.Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?
41.Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?
42.Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігіп барасыз ба?
43.Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?
44.Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?
45.Бір жеріңіз ауырады ма?
46.Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?
47.Сіз шыдамсыз адамсыз ба?
48.Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?
49.Өзіңізге сеніміңіз күшті ме?
50.Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?
51.Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләззаттанасыз ба?
52.Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?
53.Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?
54.Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?
55.Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жисіз бе?
56.Басқаларды әзілдетуге құмарсыз ба?
57.Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?
Қиын балалармен жұмыс жолдары
Мақсаты:
-
Тақырыпқа сай оқушылардың білім өрісін кеңейту;
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мәселелерді шешу және проблемаларды терең түсінуін анықтау, тіл байлығын, шешендігін, өз ойын жеткізе білуін дамыту;
-
Оқушылардың тәртіп ережелерін дұрыс түсінуіне, жағымсыз жағдайлардан алшақ болуына, өз-өзіне баға беруіне тәрбиелеу.
Қолданылған құрал жабдықтар: Шарлар, тестік әдісі, қиын баланың үлгісін жасау парағы, әр балаға бейджиктер, жылы тілектер, мақтау жұлдыздары.
Қатысқан оқушылар: 8 – сынып оқушылары.
Тренинг: «Маған ұнайды».
Шарты: Шеңбер құрамыз. Жүргізуші өзінің атын және өзінің ұнайтын ісін айтады. Ал келесі тренингке қатысушы алдында айтылғанды қайталап, өзінің атын және ұнайтын ісін айтып жалғастырады. Тренинг бастаған жүргізушінің өзіне келгенше, тренинг жалғаса береді.
Бала – адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, оны қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру – ата-анасының ардақты борышы. Баланың сергек, пысық, саналы, әдепті болып өсуіне жол ашатын нәрсе – еңбек. Баланы жастан еңбексүйгіш етіп тәрбиелейтін де ата-ана. Баланың еңбекке бейімделуі үй шаруасынан басталады.
Балаға ата-ананың газет-журналмен шұғылдануы, өз білімдерін көтерулері де әсер етеді. өйткені, оларды көрген бала да газет-журналға әуес, оқығыш келеді.
Баланың қолына есепсіз ақша ұстату зиянды. Бала әр нәрсеге әуес, еліктегіш келеді. Орынсыз берген ақшаға зиянды нәрселер сатып алып, пайдалануға әдеттенеді. Қолға түскен тиынды орынсыз жұмсау қай балада болса да табылатын мінез. Баланы бақылау, ұқыптылыққа үйрету, келешекте оның өз тұрмысын меңгеріп әкетуіне жол ашады.
Ата-ана бала алдында сыпайы, тату, зиянды мінез – құлықтан аулақ болуы керек. Баланың жинақы, таза болып өсуіне әсіресе, анасы жауапты. Баланың мектептен жақсы білім алуына да ата-анасы зор әсер етеді. Ол үшін баланың ата-анасы мектеппен қатынас жасап, баланың халжайымен танысып отырулары керек. Бала сабақтан төмен баға алса да, сыныпта тәртіп бұзса да; «мен сөйтіп едім» деп үй ішіне айтып келмейді. Сол үшін баланың күнделік, дәптерін қарап отыру ең оңай, ең қолайлы әдіс. Баланың мектептегі тәртібі, сабақ үлгерімі, мінез-құлқымен танысудың тағы бір жолы – ата-аналар жиналысына жиі қатысып отыру. Кейбір ата-аналар: «менсіз де оқып жатыр ғой» деп мектептен қол үзіп, алыс жүреді. Бұл баласының келешегін ойлаудан бойды аулақтату болып табылады.
«Қиын бала» - жан – жақты танып ашу. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. Әр топқа тапсырма беріледі, оны жеке-жеке мән жайын ашып жазу керек. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі, әр топ жұмысын қорғайды.
Қиын баланың мінезі |
Қиын баланың ортадағы іс – әрекеті |
Қиын баланың болашағы |
В.А. Сониннің әдісі «Бұл әлемде мен кіммін?»
Тренинг: «Ашулы шарлар»
Шарты: 8-10 баланы ортаға шығарып, шарларды үрлеп, оларды байлауын сұраңыздар.
-
Қатысушыларға түсіндіріңіздер! Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – сезімін.
Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.
-
Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
-
Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол – қатерлі жол.
Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуді ұсыныңыз. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер.
-
Шар кішірейді, бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
-
Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсыныңыздар. Бұл нені білдіреді? Ашудың қауіпсіз жолын табу - әр адамның өз қолында.
2.2.10. Психологтың педагогикалық ұжыммен жұмысы.
Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?
Мақсаты: Қарым-қытынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйсымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.
Бағалау шкаласы. «Иә» жауабы – 2 балл ,«Кейде – 1 балл,«Жоқ» - 0балл
Нәтижесін талдау;Барлық баллдар қосындысы бойынша қарым-қатынаста Сіздің мінез-құлқыңыз қандай өзгешіліктерге ие екені анықталады.
30-32 балл. Сіз ешкіммен тіл табыса алмайсыз, ешкімді менсінбейсіз, сондықтан оқшауланып жападан жалғыз жүресіз. Көкірек мінезіңіз өзіңізге де, жақын адамдарыңызға да өте қиын жағдай туғызады. Көпшілікпен араласуға және тіл табысуға тырысыңыз, өзіңізді өзіңіз бағалаңыз.
25-29балл. Сіз аз сөйлесесіз, томаға-тұйықсыз, жалғыз болғанды қалайсыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс және басқалармен араласу сізді тұйыққа тіремесе де, аз уақытқа болса да тыныштығыңызды бұзады. өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз және оған риза емессіз. Сіз мұндай назарлық пен шектелместен мінезіңізді жеңуге күш саласыз. Оған Сіздің күшіңіз жетеді. Кейде жұмысқа беріліп кеткенде ашық-жарқын болып, өзгелердің барлығымен тіл табысып кетесіз. Сондықтан тек қана өзіңіздің тұйықтығыңызды өзгерту керек.
19-24балл. Сіз белгілі дәрежеде көпшілсіз, таныс емес ортада өзіңізді емін-еркін сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, оны орындауға шешімді жылдам қабылдайсыз. Дегенмен, жаңа адамдармен араласуға, бәсекеге түсуге пікірталастарға қатысуға асықпайсыз. Өзіңізді жоғары бағалайсыз, сондықтан Сіздің сөздеріңізде басқаларды кемітушілік кездеседі. Бұл кемшілікті түзетуге болады.
14-18балл. Сіз басқалармен қарым-қатынасыңызды дұрыс құра аласыз. Сіз өте әуесқой, әңгімешіл адамсыз, басқаларды жақсы тыңдайсыз, қарым-қатынаста ұстамдылық көрсетіп, өз пікілеріңізді, көзқарасыңызды асықпай дәлелдейсіз. Жаңа адамдармен тез араласып, тіл табысып кетесіз. Шулы ортаны ұнатасыз. Ойда-жоқтағы (экстреваганттық) қылықтарды, көп сөйлегенді жақтырмайсыз.
9-13балл. Сіз ашық-жарқынсыз (кейде шектен тыс). Өте әуесқой, құмар болғандықтан олар туралы көп айтқандығыңыз сонша, кейде айналадағылар жалығып кетеді. Жаңа адамдармен танысу сізге қиын емес. Әр уақытта көпшілік ортасында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтініш-сұрансысына жоқ деп айтпайсыз, тек ол сөзіңізді орындамауыңыз да мүмкін. Тез ашуланғышсыз, бірақ қайтымыңыз да тез. Егер істі өзіңіз орындағаныңыз келсе, алған беттен қайтпайсыз. Жауапты мәселелерді шешуді Сізге сабырлық, батырлық, орындаушылық жетпіспейді.
4-8 балл. Сіз өте көпшіл, іскер, білгір, күрделі тақырыптар басыңызды ауыртса да жарыс сөздерге қатысуды ұнатасыз. Қандай да бір сұрақтарды үстіртін білсеңіз де, өз ойыңызды айтпай қалмайсыз. Барлық жерде өзіңізді суда жүзген балықтай, емін-еркін сезінесіз. Барлық іс-шараларға белсенді қатысып, мойыныңызға алған істерді аяғана дейін жеткізе алмасаңыз да, оны орындауға белсенділікпен кірісесіз. Сондықтан да сіздің басшыларыңыз бен әріптестеріңіз сенімсіздікпен қарайды. Бұл мәселеге көңіл аудырыңыз.
3 балл. Сіз ашық-жарқын, көп сөйлейтін адамсыз, басқалармен өте тез тіл табысып кетесіз, бірақ бұл бұл мінезіңізді көпшілік ұнатпайды. Сізге қатысы жоқ істердің барлығына араласып, тиісті емес мәселелердің барлығын сынап-мінейсіз, сондықтан саналы немесе санасыз түрде айналадағылардың ұрыс-жанжалының себепкері боласыз. Өзіңіз тез ашуланғыш, өкпелегіш, сын көтермейтін болғаныңызға қарамастан өзіңіз кейде ешкімнің көңіліне қармайсыз. Жауапты жұмыстардан бас тартасыз. Әріптестеріңіздің, отбасы мүшелерінің сіздің осы мінездеріңізден өте қиналатын сәттері болады. Сіз өзіңіздің мінезіңізді жөндеуге үлкен көңіл бөлуіңіз керек.
Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?
Орындау ережесі. Төмендегі сұрақтарға «иә», «кейде», немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Сауалнама.
1.Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тқр. Күту сізді шаршатады ма?
2.Ауру әбден асқынға дейін дәрігерге бармай жүресізбе?
3.баяндама жазу, хабарлама жасау, т.б. сияқты іс-шараларды орындау сізге қиындық туғызады ма?
4.өзіңізге таныс емес қалаға іссапармен баруды ұсынса сіз оған бармаудың бар әрекетін жасайсыз ба?
5.Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді ұнатасыз ба?
6.көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда (жол көрсету, уақытты айту, т.б.) ашуланасыз ба?
7. «Әке және бала» мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезіңіндегі адамдардың бір-бірін түсінуі қиын ба?
8.осыдан бірнеше ай бқрын 300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?
9.Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей, тарелканы ысырып қоясыз ба?
10.Танымайтын адаммен жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлесе оны жақтырмай қаласыз. Солай ма?
11.Сізге қай жерде болмасын (дүкенде , кітапханада, театр кассында, т.б.) ұзақ кезек керек болса Сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?
12.Талас-тартыс мәселелерін қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?
13.Әдебиетті, өнер мен мәдениетті бағалауда Сіздің өзіңізге ғана тән пікіріңіз бар, сіз «бөтен» пікірлерді ескермейсіз. Солай ма?
14.Сізге анық мәселе туралы біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, Сіз үндемейсіз бе, жоқ турасын айтасыз ба?
15.Қызметтегі сұрақтар, оқу тақырыптарын меңгеруде басқа біреулер көмектессе, Сіз қысылмайсыз ба?
16.Сіз өз пікіріңізді (ойыңызды, бағалауыңыз) ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша түрде баяндауды ұнатасыз ба?
Сіз және Сіздің айналаңыздағылар.
Мақсаты: Сіздің басқалармен тіл табысуыңызды бағалау.
Орындау ережесі: Өзгелер Сізбен достасқысы келеді ме, жоқ болмаса Сізден қашқақтап жүреді ме? Сіз басқалардың көңілін табуға мән бермей жүрген шығарсыз? Осы сұрақтарға жауап беруге ұсынылып отырған тест көмектеседі. Сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз да «а» немесе «б» әріптерімен белгіленген жауаптардың біреуін таңдап алыңыз.
Кілті
Берілген кілтке сай жауап бір баллмен бағаланады.
1а,2б,3а,4а,5а,6б,7б,8б,9а.
Нәтижесін талдау
0-3 балл--: Сіздің шыншылдығыңызды айнадағылар түсінбей қалады, сондықтан өз ойыңызды өзгелерге айтудан бұрын ойланып алсаңыз қарым-қатынастағы проблемаларыңыз азаяды.
4-6 балл: басқалармен тіл табысуға икемсіз,бірақ Сіз шыншылдық білдіргенде айналадағылармен түсінбеушілік орын алуы мүмкін, сондықтан сын айтуға құмарлығыңызды басып жүріңіз.
7-9 балл: өзгелерді өте жақсы түсінесіз, сондықтан қарым- қатынас мейірімділік пен ынтымақтастық жолымен жүреді.сізді барлығы сыйлайды, шын достарыңыз көп.
Сіз және Сіздің айналаңыздағылар.
Тапсырмалар.
1. Сіз қонаққа барғанда неге көбірек көңіл бөлесіз?
А)Ыңғайлы киінуге
Б)Жағдайға қарай киінуге.
2. Сіз досыңыздың құмарлығын қолдамайтын болсаңыз оның сұрағына:
А)Шыныңызды айтасыз
Б) Бүктірмелеп жауып бересіз.
3.Бір уақытта екі кездесуге баратындай жағдай
Б)Өзіңізге ұнайтын адаммен кездесуге
4.Сіздің досыңыздың отбасындағы орын алған түсінбеушілік бойынша кеңес беру керек болса: болып қалса, қайсысына барасыз?
А)Бұрын айтылған кездесуге
А)Бас тартасыз
Б)Сіздің ойыңызша кімдікі дұрыс екенін ашық айтасыз.
5.Танысыңыз сіздің сіздің балаларға арналған телебағдарлама деп бағалайтын көрсетілім туралы үлкен қызығушылықпен пікірін айтқанда Сіз оған:
А) Мен оны көрген жоқпын көру керек екен
Б)Бір рет көрген едім, бірақ маған ол ұнамады.
6.Танысыңыз «Жаңа машинаны өте қымбат алдым-ау» - деген ойымен бөліссе, Сіз шынында да ол артық төледі деп есептесеңіз:
А)Оны аяғына дейін жеткізесіз
Б)Жаңа машинамен құттықтайсыз.
7.Қонақтардың біреу Сіз білетін анекдотты айтуды бастап, аяғын есіне түсіре алмаса:
А) оны аяғына дейін жеткізсіз.
Б)үндемейсіз.
8.Атын ұмытып қалған адамды кездестіргенде:
А)Жағдайдан шығу жолын іздейсіз.
Б)Есіңізге түсіре алмағаныңызды айтасыз.
9.Бас қатыру немесе отбасыңыздағы түсінбеушілік сізді мазаласа:
А) сыр сақтайсыз
Б) кездейсоқ адамдарға дейін сырыңызды ақтарып саласыз
Қарым қатынасқа икемділігін зерттеу тесті.
Мақсаты: зерттелінушінің ашық- жарқындығы мен қарым-қатынасқа икемділігін бағалау.
Орындау ережесі: Ұсынылғын 20 тұжырымдаманы мұқият оқып, оның әрқайсысына «ия», немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Кілті: Жоғарыдағы тапсырмаларға жауаптарыңыз төмендегі кілтке сай келсе 1 балл деп бағалайсыз.
«Иә» болса-5,6,9,11,12,13,14,15,16,19
«жоқ» болса-1,2,3,4,7,8,10,17,18,20
Нәтижесін талдау
10 баллға дейін-тұйықсыз, қарым-қатынасқа икемсіздік білдіресіз
11-14 балл –амбивертсіз, қарым-қатынасқа икеділігіңіз орта
15-20 балл – ашықсыз, қарым-қатынас жасауға икемсіз
Қарым қатынасқа икемділігін зерттеу тесті.
Тапсырмалар.
-
Мен өзге адамды ұнататынымды ашық айтамын.
-
Маған достасудан гөрі қолдау көрсеткен керегірек
-
Мен жолдасымның табысқа жеткені туралы естісем абыржып қаламын
-
Достарымның алдында менің міндетімнен құқығым басым екенін сеземін.
-
Өзіме-өзім қанағаттану үшін мен біреуге көмектесуім керек
-
Достарымның арасында мен ешнәрседен қам жемемеймін
-
Достарым мені әбден жалықтырды
-
Мен бір нәрсе істеп жатқанымда басқалардың қарап тұрғанын ұнатпаймын
-
Мен қанша қиналсам да басқаларға көмектескеніме риза боламын
-
Досым қателессе де оны сыйлағанымнан келісе саламын
-
Өзім жеке қалғанда қорқыныш сезімге жиі бөленемін
-
Өмірдегі ең үлкен қуаныш-басқалармен қарым-қатынас жасау
-
Мен достарды ең жақын және сенімділермен шектеймін
-
Көпшілік арасында болғанды ұнатамын
-
Жақындарыммен ұрысып қалсам ұзақ уақыт мұңайып жүремін
-
Басқаларға қарағанда менің достарым көп
-
Өзгені бағалағанда мен басқалар берген мінездемеге емес, өз сезімім мен ойыма көбірек жүгінемін
-
Мен қарым-қатынастан ләззаттанудың орнына адамдардың лауазымды және қалталы болғанына көбірек көңіл аударамын
-
Жақын достары жоқтарға жаным ашиды
-
Менің жақсылық істегенімді көпшілік бағаламайды
Басшы болуға икемділікті бағалау тесті
Төмендегі ұсынылатын тест басшы болудың жеке көрінісінің дәрежесін анықтайды
Берілген 50 сұрақта сіздің мінез-құлқыңызды анықтау үшін берілген 2 түрлі жауаптар бар.Сіздің пікіріңізге сәйкес келетінін таңдап алыңыз.Жаман жауаптардың жоқ екенін біліңіз.Сұрақтарға тез ,ойланбай жауап беру керек.
-
Айналадағылардың назарында жиі боласыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Сізді қоршаған адамдардың көпшілігі қызметтері жағынан сізге қарағанда жоғары орында деп ойлайсыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Қызметтеріңіз бірдей адамдармен жиналыста бірге болғанда,өз ойыңызды айту қажет емес деп ойлайсыз ба, оны айту керек болса да? а) Иә б) жоқ
-
Сәби кезіңізде кішкентай достарыңыздың ойындарын басқару ұнайтын ба еді? а) Иә б) жоқ
-
Сізге қарсылық білдірген адамның, оның дұрыс еместігіне көз жеткізуден қанағаттанасыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Сізді батылсыз адам деген кез болды ма? а) Иә б) жоқ
-
Мынадай тұжырымдармен келісесіз бе ? Жекелеген ұлы тұлғалардың жасағандары ғана әлемдегі ең пайдалысы? а) Иә б) жоқ
-
Сіздің мамандық белсенділігіңізге сілтеме жасайтын кеңес берушіге зәрусіз бе? а) Иә б) жоқ
-
Адамдармен әңгімелескенде салқынқандылығыңызды жоғалтқан кездеріңіз болды ма? а) Иә б) жоқ
-
Сізден айналағыңыздағылардың қорқуы сізге қанағат бере ме? а) Иә б) жоқ
-
Барлық жағдайда ( жұмыстық кеңес, достық компания т.б.) өзіңізге көңіл аударатын және барлық жағдайды бақылауға ыңғайлы жерге отыруға тырысасыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Сіздің сыртқы бейнеңізді сендіретін әсер (импозантты) қалдырады деп есептей ме? а) Иә б) жоқ
-
Сіз өзіңізді армандаушымын деп есептейсіз бе? а) Иә б) жоқ
-
Егер айналаңыздағы адамдар сіздің пікіріңізбен келіспесе, сіз сасқалақтамайсыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Сіздің өз ұсынысыңыз бойынша жұмыс топтарын (спорттық, қызықты т.б.) ұйымдастырған кездеріңіз болды ма? а) Иә б) жоқ
-
Егер сіз белгілеген шаралар белгілі қорытынды бермесе а ) Сіз оны басқа біреуге тапсырғанға қуанасыз б) қабылданған шешіммен байланысты барлық жауапкершілікті өзіңізге аласыз
-
Екі пікірдің қайсысы сіздің пікіріңізге тура келеді? А) нағыз басшы барлық істі ұсақ-түйекке дейін өзі істеу керек б) нағыз басшы басқара білу керек
-
Қандай адамдармен жұмыс істегенді жақсы көресіз? А) бағынышты , жуас б) бірбеткей адамдар
-
Қызу айтыстан қашқалақтайсыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Бала кезіңізде әкеңіздің өктемдігіне жиі ұшырадыңыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Мамандық туралы пікірталаста сіз өзіңіз келіспеген адамды өзіңізге қарата аласыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Мынадай көріністі елестетіп көріңіз: Достарыңызбен орманда қыдырып жүрген уақытта сіздер жолдан адасып қалдыңыздар, кеш батып келеді,шешім қабылдау қажет:
-
а) Сіз бұл мәселені топтағы ең білгір адам шешу керек деп ойлайсыз б) Сіз басқалардың шешіміне арқа сүйейсіз, келісесіз
-
Мынадай сөз бар: қалада 2- болғанша ауылда 1- бол деген Егер сізге таңдау берсе сіз не істер едіңіз? А) ауылда 1- болу б) қалада 2- болу
-
Сіз өзіңізді басқа адамдарға қатты әсер ететін адаммын деп есептейсіз бе? а) Иә б) жоқ
-
Сіздің сәтсіз өткен тәжірибеңіз сізге жеке бастама бастауға кедергі келтіреді ме? а) Иә б) жоқ
-
Сіздің пікіріңізше нағыз басшы ол: а) өз ісін жақсы білетін б) мінезі күшті
-
Сіз барлық уақытта адамдарды түсінуге тырысасыз а) Иә б) жоқ
-
Айналаңыздағы тәртіптілікті сыйлай білесіз бе? а) Иә б) жоқ
-
Басшылардың қай типі сізге құрметті болып көрінеді? А) Өзі барлығын шешетін б) Әркезде ақылдасып отыратын
-
Сіздің пікіріңізше, басшылардың қай типі фирманың, өндірістің жұмысына ыңғайлы? а) бірлесіп,ақылдасып істейтін тип б) Авторитарлық тип
-
Сізді жиі пайдаланып кетеді деген әсер сізде жиі бола ма? а) Иә б) жоқ
-
Сіздің бейнеңізге қай портрет жақын? а ) Қатты дауыс,шапшаң қимыл,сөз үшін қалтаға түспейсіз б) Бәсең дауыс,асықпай жауап беру, өзіңізді бақылап қимылдау.ойлы көзқарас
-
Жұмыс жиналысында сіз бір өзіңіз басқаларға қарама-қайшы ойдасыз, бірақ сіз өзіңіздің ойыңыз дұрыс екеніне сенімдісіз.Өзіңізді қалай ұстар едіңіз? А) үндемей қоя саласыз б)Өзіңіздің ойыңыздың дұрыс екенін дәлелдейсіз
-
Сіз туралы басқалардың қызығушылығын өз мақсатына пайдаланады деп айтады ма ? а) Иә б) жоқ
-
Егер Сіз бір үлкен іске жауапты болсаңыз, онда сіз үрей қорқынышты сезінесіз бе? а) Иә б) жоқ
-
Өзіңіздің кәсіби мамандығыңыздан не күтесіз? А) біреуге бағыну б) тәуелсіз болу
-
Сіз қалай қарайсыз. Жанұяның бақытты болуына маңызды сұрақты ерлі зайыптының біреуінің шешкені дұрыс па? А) дұрыс б) дұрыс емес
-
Сізге керек емес нәрсені біреудің сөзіне еріп сатып алғансызба? а) Иә б) жоқ
-
Сіз өз ұйымдастырушылық қабілетіңіз ортадан жоғары деп есептейсіз бе?
-
Қандай да бір сәтсіздікпен кездескенде өзіңізді қалай ұстайсыз? А) сәтсіздіктен есім шығады б) сәтсіздік жылдамырақ қимылдауыма көмектеседі
-
Қызметтес жолдастарыңызға кенеттен кінә тағасыз ба,егерде оларға кінә лайықты болса? а) Иә б) жоқ
-
Сіз өзіңіздің жүйкеңізді өмірдің тауқыметіне шыдай алады деп есептейсіз бе? а) Иә б) жоқ
-
Егер сізге қайта құруды орнату керек болса, сіз қалай орындайсыз? А) дереу өзгеріс жасаймын б) біртіндеп өзгеріс енгіземін
-
Сіз өте мылжың адамның керек кезінде сөзін бөле аласыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Сіз мына ұғыммен келісесіз бе: «Бақытты болу үшін елеусіз өмір сүру керек» а) Иә б) жоқ
-
Әрбір адам өзінің адамгершілік қасиетімен көрнекті іс жасау керек деп ойлайсыз ба? а) Иә б) жоқ
-
Сіз бала кезіңізде кім болуды армандағансыз? А) әйгілі суретші,композитор,ақын б)ұжым басшысы
-
Қандай әуенді тыңдағанды жақсы көресіз? А) салтанатты, қуатты, күшті б)Мұңды , лирикалық
-
Сіз маңызды адамдармен кездескенде қобалжисыз ба?
а) Иә б) жоқ
-
Сіздің ерік күшіңізден күштірек адамды жиі кездестіресіз бе?
а) Иә б) жоқ
Басшы болуға икемділікті бағалау тесті
Нәтижесін талдау
1,2,4,5,7,10,11,12,15,20,21,22,23,24,26,28,31,32,33,34,37,39,41,42,43,44,46,48- сұрақтардың «А» жауабы 0 баллдан,
3,6,8,9,13,14,16,17,18,19,25,27,30,35,36,38,40,45,47,49,50- сұрақтардың «б»жауабына 1 балдан есептеп барлық баллдарды қосу керек
25 және одан төмен – жетекшілік қасиеті әлсіз байқалады
26-35 балл-жетекшілік қасиеті белгілі бір дәрежеде көрініс береді
36-40 балл- жетекшілік қасиет күшті ,жоғары көрсеткішке ие
40 баллдан жоғары –үстемділікке бейімділіктің көрсеткіші
2.2.11. Психологтың ата-аналармен жұмысы.
« Отан отбасынан басталады» - дейді халық. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық – адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметік, қоғамдық құрылысқа байланысты қалыптасқан. Әрбір отбасында әкеге байланысты, баба кейуана, ата, әже, әке, аға, әпке, іні, қарындас, ал шешеге байланысты : түп нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы қарындас деген туыстық ұғымдар бар.
Отбасындағы туыстық қатынастар әкенің жақындығына байланысты міндеттері, парыздары, борыштары бар. Міндет – күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау әрекетін іске асыру жолы. Парыз – міндетті іске асырудың қалыптасқан рәсімдері. Борыш – ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін ақтау үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс-әрекеттер және ол парыз деген сөздің де баламасы. Яғни бала өзін әлпештеп өсірген ата-ана алдында олардың жан аямай жасаған еңбектерін өтеуге қарыздар. Егер ол нағыз адам болса, ең әуелі ата-ана алдындағы борышын өтеуді өмір жолына мақсат етіп қойып, сол мақсаттарды орындауға, жан-тәнімен әрекет жасап еңбек етеді.
Әкенің негізгі мақсаты – баланы өмірге баулы, тәлім беріп тәрбиелеу. «Мен балам үшін өмір сүремін» - дейді жақсы әке. Әкенің үлгі-өнегесі, ақыл нұсқауы, талап етуі бала үшін бұлжытпай орындайтын заң іспетті.
Ақ сүт берген ана баласы үшін жанын да аямайды. қазақта «Әкемді алсаң, ал құдай, шешемді қой, шекпен тоқып берсем де өлмеймін ғой» - деген мақал бар. Түнде ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған, түнде шошып оянған –ананың ақ мейірімі, оның қызметі ересен еңбек бағаланбаса, ол – қорлық. Бірақ ана бәрін де кешіреді, аналық міндеттерін орындай береді. Әпке – екінші ана. Ол әрі анаға көмекші, әрі өзінен кіші ұрпақты тәрбиелеуші.
« Ағасы бардың жағасы бар» - дейді халық. Аға - әкеден кейінгі отбасының иесі.Ол -әрі әкеше көмекші, әрі отбасындағы барлық тірлікті басқарушы, тәрбиеші, тәлімгер. Аға ініге, қарындасқа үлгі- өнеге көрсетіп, қамқоршы болуға міндетті.
«Інісі бардың тынысы бар» - деп, халық інісінің ағаға көмек көрсетіп, оған сүйеніш болатынын уағыздайды. «Аға – бордан, іні – зордан» - деген мақал ағаның кешірімділігін іні пайымдалана бермей, іні одан да зор болып, яғни асып түсуге тиіс деген ұғымды білдіреді. Іні ағаны ардақтап, ақылына тәнті болып, кеңесіп отыруға міндетті. Інісі мен қарындасы ағасын әкесіндей сыйлауы керек. Қзақта қарындасын сыйламағанның қары сынсын» - деген мақал бар. Ұлттық дәстүр бойынша қыз баланы әсіресе, ең кіші қызды әлпештеп аялау - әрбір жақынның міндеті. Ал қарындас ағасына қызмет етуде, әпкесіне көмек көрсетуді өзінің негізгі міндетім деп, инабаттылық қарым- қатынаста болуы керек.
«Бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе меймансың», «Бір-біріңді жатпай сыйла, жат жанынан түңілсін» - деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары бағалайды. Әке, ана,ата, әже, көке, әпке, аға, іні, қарындасым, панам, күнім, алтыным т.б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру – отбасындағы әрбір адамның парызы.
Ата-ананың алдына қойылған басты міндеттердің бірі – жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу. Қоғам өміріндегі барлық өзгерістер психология ғылымының алдына жаңадан жанұдағы ересектер мен баланың қатынас ерекшеліктерін зерттеу мәселелерін қойып отыр.
Еңбек адамының уақыты есептеулі, егер дұрыс пайдалана алмаса, бала тәрбиесіне « жетпейді » деген сылтауды ата – аналар көбірек айтады.
Бала тәрбиесі – игілікті істердің ең бағалы,жауапты кезеңі.Сондықтан оған « қалған » уақытын арнау әбестік болады.
«Бала тәрбиесіне балабақша,мектеп жауап береді » деп, өзінен жауапкершілікті қашықтатқан ата – ана қателеседі.
Тәрбие – қоғамдық, әлеуметтік процесс.Ол отбасында, балабақшада, мектепте, шаруашылық және өндіріс орындарында жүзеге асырылады. Жеке адам – ең алдымен өзіне - өзі тәрбиеші,содан кейін ол айналасындағылардың бәріне де тәрбиеші. Ал ата – аналардың тәрбиешілік рөлі барлығынан да асып түседі. Балаға әсіресе, ана етене жақын.
Отбасының тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Бұл екі тәрбиеші өзінің қоғам алдындағы, отбасындағы тәрбиешілік ауқымдарын кеңейтіп, нағыз ұстаздық дәрежеде тәжірибелерін кемелдендіре бермесе , ата – ананың беделінің асқар биігіне шыға алмай қалады. Ана мен әке өздерінің үлгі - өнегелері, бейнелері арқылы әдептілігімен, өнерпаздығымен, бір – біріне деген өзара достық қарым – қатынасымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі - өнеге көрсете алады.
Егер оқытушы маманданған ұстаз десек, ата – ана - өздерінің өмірлік іс тәжірибесі арқылы тәрбиелік іс - әрекеттерін қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз ісінің шебері, білгір адам болуы қажет.
Отбасылық өмірдің алуан қырлы құбылыстарында ата – аналар сан рет жаңылыс басып, іс - әрекетін қайта түзеумен қажырлана береді. Кейде тез байқап, дер кезінде түземесе, кездейсоқ кемшілік отбасын үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін.
Бала психологиясын терең біліп, педагогтік тәсілдерді игере білмеген ата – ана осылай жаңылысып, опық жейді.Ата – ана тәрбиелеу әдістерін жан – жақты білуі керек.Өйткені ата – ана да ұстаз.
«Отбасылық қарым - қатынастың аймағы» тесті
Авторы Э.Г.Эйдемиллер
Мақсаты: баланың ата-аналармен өзара қарым-қатынасын зерттеу, ата-аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудегі кемшіліктерін диагностикалау.
Орындау ережесі. Сауалнама екі блок тапсырмалардан тұрады. Біріншісі ата-аналарға арналған, ал екіншісі олардың балаларына арналған. Зерттелінушілерге алдын-ала тапсырманы түсіндіріп даярланған бланкілер таратылып беріледі. Сауалнаманың әр сұрағының тұсында жауап нұсқаларын таңдап алып, оны белгілеуге арналған бос бағандар бар. Сол жерге әркім өзі дұрыс деп тапқан жауап нұсқаларының тұсына белгі қояды.
Ата- аналарға арналған сауалнама
№ |
Тапсырмалар |
Иә |
Кейде |
Жоқ |
1 |
Сіз отбасының барлық мүшелері тең құқықты болуы керек деп санайсыз ба? |
|
|
|
2 |
Балаңыз Сізбен бірге үйдің шаруашылық істеріне араласады ма? |
|
|
|
3 |
Баланы күш көрсетіп жазалау – тәрбиелеудің ең тиімді әдісі дегенге келісесіз бе? |
|
|
|
4 |
Баланы жиі мадақтау пайдалы ма? |
|
|
|
5 |
Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды және отбасылық мәселелерді жиі талқылайсыз ба? |
|
|
|
6 |
Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба? |
|
|
|
7 |
Сіздің ойыңызша, педагогтар Сіздің балаңызға әділетсіз қарайды ма? |
|
|
|
8 |
Сіздің қолыңыз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба? |
|
|
|
9 |
Баланың өз ата-анасын сынауға құқығы бар ма? |
|
|
|
10 |
Балаңыздың отбасылық кеңестің шешімін бұзуға құқығы бар ма? |
|
|
|
11 |
Отбасының әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқығы бар ма? |
|
|
|
12 |
Балаларыңыз Сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты Сізден кеңес сұрайды ма? |
|
|
|
13 |
Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін педагогикалық ұстанымдарға жүгінесіз бе? |
|
|
|
14 |
Баланың өткен қателіктерін есіне түсіресіз бе? |
|
|
|
15 |
Отбасымда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп есептейсіз бе? |
|
|
|
Балаларға арналған сауалнама
№ |
Тапсырмалар |
Иә |
Кейде |
Жоқ |
1 |
Демалыс күндері ата-анаңмен қыдырасың ба? |
|
|
|
2 |
Ата-анаңмен бірге үй шаруашылық істеріне араласасың ба? |
|
|
|
3 |
Ата-аналар баланы тәрбиелеу үшін физикалық жазаны жиі қолданады ма?( қол көтеру,ұрып-соғу т.б) |
|
|
|
4 |
Отбасың сені жиі мақтайды ма? |
|
|
|
5 |
Жеке бастық мәселені ата-анама айтудың аса қажеті жоқ деп ойлайсың ба? |
|
|
|
6 |
Кейбір жағдайларды ата-анаға сеніп айтудың аса қажеті жоқ деп ойлайсың ба? |
|
|
|
7 |
Ата-анаң сені мұғалімнің алдында жиі жақтайды ма? |
|
|
|
8 |
Менің қолым жетпеген нәрсеге балам жетеді деп ата-анаң ойлайды ма? |
|
|
|
9 |
Ата-ана өздерін дұрыс ұстамаса баласына ескерту айтуға құқығы бар ма? |
|
|
|
10 |
Ата-анаңның әрекеттерін дұрыс емес деп санасаң, отбасылық кеңестің шешімін орындаудан бас тартасың ба? |
|
|
|
11 |
Әрбір жағдайды ата-анаң немесе өзің шешесің бе? |
|
|
|
12 |
Ата-анаңмен жақын әрі жиі сырласасың ба? |
|
|
|
13 |
Ата-анаңның бала тәрбиелеуде сөзі мен ісі бір-біріне сай келеді ме? |
|
|
|
14 |
Ата-анаң сенің бұрынғы теріс әрекеттеріңді жиі есіңе түсіреді ме? |
|
|
|
15 |
Ата-анам мені жақсы түсінеді деп ойлайсың ба, ал сен ше? |
|
|
|
Жауаптарды бағалау кілті
№ |
Иә |
Кейде |
Жоқ |
1 |
Ж |
Ж |
ҚҚ |
2 |
ББ |
ЖЖ |
ЖПП |
3 |
ҚҚҚ БББ |
Қ ББ |
Ж |
4 |
ЖБ |
Ж |
ҚП |
5 |
ЖБ |
П |
ҚП |
6 |
ЖБ |
ҚП |
ЖБ |
7 |
ҚҚ ПП |
ЖЖ |
Қ |
8 |
ҚА |
Қ |
ЖП |
9 |
Ж |
Ж |
Қ |
10 |
Ж |
Ж |
Қ |
11 |
П |
БП |
Б |
12 |
БББ |
ППБ |
ППП |
13 |
ПҚ |
Қ |
ЖБ |
14 |
ҚҚ |
Қ |
ЖЖ |
15 |
ББ |
БПП |
ППП |
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас 4 полюс арқылы көріс береді:
Б – белсенділік
П – пссивтік
Ж – жұмсақтық
Қ – қаталдық
Егер 3-4 шкала бойынша бірдей ұпай жиналса, онда отбасындағы тәрбие үйлесімді, қызық әрі ата-ананың балаға қоятын талабы бір-біріне сәйкес келеді. Егер 2 шкалада ұпай саны жоғары болса, онда қорытындысы төмендегідей:
ЖБ – ауыруға бағыттап тәрбиелеу
БЖ – қарсыласу гиперпротекциясы
ҚБ – қатаң өзара қатынас жағдайлары
БҚ – доминаттау гиперпротекциясы
ЖП – қарсыласу гиперпротекциясы
ПЖ - гиперпротекция
ҚП - өте жоғары моральдық жауапкершілік
ПҚ – эмоциялық шеттету
Осы жұптар бойынша отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалап шығу керек.
Отбасы әдістемесі.
Әдістеме типі: психодиагностикалық,проективтік.
Авторлары-Г.Т.Хоменстаускас,А.И.Захаров Р.Бернс,С.Кауфман т.б.
Мақсаты: отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау.
Жүргізуге қажетті материалдар:ақ қағаз, ручка,түрлі түсті қаламдар,өшіргіш.
Жүргізу тәртібі: балаларға табиғатта кездеспейтін жануардың суретін салып,оны атау керек екендігі түсіндіріледі.
Тестіні талдау ережесі:
-Суреттің парақта орналасуы.
Сурет вертикалды жағынан парақтың ортасында болса немесе парақтың жоғары жағында орналасса -өзін-өзі бағалауы өте жоғары,өзінің қазіргі жағдайына разы емес,барлық жағынан басқалардан жоғары болғысы келеді.
Сурет парақтың төмен жағында орналасса-өзін өзі бағалауы төмен,өз өзіне сенімі жоқ,шешім қабылдауы баяу,үрейленіп жүреді.
Суреттің орталық мағыналық бөлігі-бас.
Оңға қараған бас-іскер адам,жоспарланған,ойлаған іс әрекеттерін іске асырады.Солға қараған бас-ойлағыш адам, «іс адамы »емес,жоспарланған нәрселердің кейбіреулері ғана орындалады.Іске кірісер алдында ойланып толғанып,қорқақтық көрсетеді,шешім қабылдауы қиын.Тік орналасқан бас-эгоцентризм белгісі.
Бас мүшелері.
Көз – қорқыныш белгісі, ол барлық детальдарымен, көз қарашығына дейін анық салынса – зерттелінуші мазасыздануы және қорқынышы анық байқалғаны.
Кірпік – ұстамалы мінез көрсетуі, өзінің келбетіне, модаға сай киінуіне өте үлкен мән беретіндігі, жұртты таң қалдыруға құмарлығы.
Құлақ – мағлұматтарға қызығуы, өсекке құмарлығы, «мен туралы басқалар не ойлайды екен, не дейді екен» деп құлақ түріп жүреді.
Ауыз – ашық, ішінен тілі көрініп тұрса – ол сөзшең, басқалардың сөзіне онша көңіл бөлмейді.
Ерін – ерекше көңіл аударылса – сезімталдық; ауыз ашық, тіл көрініп тұрған жоқ – үндемесе; қаралап бояған ауыз – қорқақтық сенімсіздікті білдереді; тістері көрініп тұрса - өзің-өзі қорғауға вербалдық агрессияны пайдалануы.
Өте үлкен бас – ақылдың белгісі (эрудиция).
Мүйіз, тырнақ, инелер – қорғануы, физикалық агрессия белгісі.
Қауырсын – өз-өзін сәндеуге және ақтауға құмарлық, көзге түсуге ынталық.
Жал, түк, кекіл, шаш – сексуалдылық белгісі.
Аяқ:Аяқ ауыр, үлкен, жуан, бір сызықтың бойында орналасқан, орнықты болса – адам орнықты, байсалды, шешімді жан-жақты ойланып қабылдайды; тәуекелшіл емес, нақты фактілерге сүйенеді.
Керісінше болса – жеңілтек ойы қысқа.
Аяқ мүлде жоқ болса – ойланбай шешім қабылдайды.
Аяқтың денемен жалғасуы - әдемілеп, нақты қосылса адамның өзінің ойын, шешімін қадағалап жүруі; әйтеуір жалғасса – керісінше, ерме , жеңілтек, ойшыл емес.
Біркелкі аяқтар – дәстүршыл, жаңашыл, шығармашылыққа құмар емес. Түрлі аяқтар, жалғаулар болса – дербестік, тәуелсіз, өз ойы бар, жаңашыл, өнерге жақын адам болуы мүмкін.
Фигураның үстінде тұрған бөлшектер:
Олар пайдалы немесе тек сән элементі болуы мүмкін.
Қанат, қосымша аяқтар, қармалауыштар, сауыт, қауырсындар – энергия, жан-жақты даму, өзіне деген сенімділік, белсенділік белгісі.
Бұйралары, гүлдер - өзіне басқалардың көңілін аударуға құмарлық, демонстративтік.
Құйрық - өзінің, іс-әрекетіне, шешіміне, ойына, істеген жұмысына құмарлық білдіреді: құйрық оңға бұрылған болса –(+), солға қараған болса – (–) сенімді, жақсы, төмен қараған (-) өзіне өзі риза емес, тұнжыраңқы.
Фигураның нұсқасы.
Инелер, сауыт салынған, қараланған – қоршаған ортадан қорғану.
Бұрыш-бұрыш сурет – агрессиялық қорғанысты білдіреді.
Жоғары қараған қалқан - өсек, келеке, беделдің жоқтығынан қорғану.
Дененің басқа жерлеріндегі қалқаншалар – қорғанысқа даярлық.
Шеңбер тәрізді фигура – тұйық, сырын ешкімге айтпайтын адам.
Жалпы энергия.
Егер сурет тек қана жануарларды сипаттайтын элементтерден тұратын болса – энергия үнемделген; суреттің сызықтары әрең көрінеді–созылмалы ауырудың белгісі.
Қосалқы элементтерге бай штрих, бояуы қою, детальдары көп болса - энергия өте жоғары.
Тақырыпқа байланыстылығы;
Салынған жануар салушының бейнесі болып табылады.
Адамға ұқсастығы;
Тік жүретін (екі аяқты), адам киімін киетін, түрі адамдарға ұқсас болса – инфантилизм, эмоционалдық дамуы жетілмеген.
Дененің жанды жерлерін көрсетуі;
Көзге лампочка бұрап, құйрыққа электрошнур, басына пропеллер қадап, аяқ орнына трактордың немесе танктің шынжыр табаны болса – психологиялық дамуында ауытқуы бар екені анық байқалады.
Шығармашылық мүмкіндіктері.
Дайын, табиғатта бар жануарға ұқсастық – нәрсіз, ешқандай жаңалық жоқ
Ерекше фигура – шығармашылық белгісі.
Атаулары; ұшқыш қоян, бегемот – рационалдылық,шыншылдық белгісі.
Латыншаға ұқсас келеген атаулар – эрудиция белгіс.
Мағынасыз атаулар – жеңілтектік белгісі, әзіл атаулар – қоршаған ортаға деген көзқарас.
Қайталану (тру-тру) – инфантилизм, өте ұзақ атаулар – фантазиясы жақсы дамыған.
2.2.12. Психологтың сынып жетекшілермен жұмысы.
119