Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Танымдық сағаты Оқы да біл, ойна да күл! 3-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқы да біл, ойна да күл!" 3-4 сыныпта танымдық сағаттың жоспары бастауыш мұғалімдеріне, жас мамандарға өте қажетті де пайдалы болады деп сенемін. Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ойлау қабілеттерін дамытуға көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Танымдық сағаты «Оқы да біл, ойна да күл!»

Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды сайыс.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма,
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сайыс барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топтарға бөлу.

Кіріспе сөз:

- Армысыздар ұстаздар, оқушылар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, сіздер 3-4 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Оқы да біл, ойна да күл!» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Таластың тәрбиелі ұл-қызысыз,
Білімменен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз - дей келе, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға сайысқа қатысатын білімділерді ортаға шақырайық.
1-топ.
«Тайсалма»; 2-топ. «Тұлпар»
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Мұғалім:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
(Әділқазы алқасын сайлау)
Мұғалім:
Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына білімі жетер дейміз.
Сайысқа келген екі топта кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
І. Әр топтың өздерін таныстыруы және ұраны.

ІІ. «Ширату». (Әр топқа 10 сұрақ , дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.)

ІІІ. Мақал – сөздің мәйегі.

IV. «Ойжүйрік» (Суреттерді есте сақтау)

V. Танымдық сұрақтар

VI. Қорытынды (кері байланыс)

Ширату кезеңі
(Әр топқа мақалдың алдыңғы бөлігі айтылады, соңғы бөлігін айту керек)
1-топқа:
1. Аттан тай озады, ... (атадан бала озады)
2. Ашу дұшпан, ... (ақыл дос)
3. Еңбектің наны тәтті, ... (жалқаудың жаны тәтті)
4. Білімді мыңды жығады, ... (білекті бірді жығады)
5. Жері байдың - ... (елі бай)
2-топқа:
1. Кісі елінде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
2. Оқу білім азығы, ... (білім ырыс қазығы)
3. Күш – білімде, ... ( білім – кітапта)
4. Кітап – білім бұлағы, ... (білім – өмір шырағы)
5. Анасыз ақын да болмайды, ... (батыр да болмайды.)
ІҮ. Ғажайып төрттік
Математика
1. 1 дм. неше сантиметр? (10 см)
2. Бірінші қатарда 7 бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? (11)
3. 1 сағ. Неше минут бар? (60)
4. Санды өрнек неден құралады? (саннан)
5. 47 санында неше ондық, неше бірлік бар? (4 ондық, 7 бірлік)
Қазақ тілі
1. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтті? не қылды?)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
3. Адамдар не арқылы хабарлайды, сұрайды, кеңеседі? (тіл)
4. Сөз неден құралады? (әріп)
5. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?(
Ана тілі
1. «Қаздың тұзаққа түсуі», бұл қай ертегіде кездеседі? («Ұр, тоқпақ»)
2. «Түн ұйқысын төрт бөліп», деген жолдар кім туралы айтылған? (ана)
3. «Қанат туралы хикая»-ның авторы кім? (Ф.Оңғарсынова)
4. Қ. Аманжолов қай мезгіл туралы өлең жазған? (көктем)
5. «Ара мен Шыбын» - бұл өлең бе, мысалма? (мысал)
Дүниетану
1. Адам немен тыныс алады? (Ауа)
2.Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа,су,жарық,тағам)
3.Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
4.Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?(табиғаттан)
5.Табиғат нешеге бөлінеді? (2)
Ү. «Кім жылдам?» Топ жетекшілерінің сайысы 10 сұрақ қойылады.

VI. Қорытынды.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп сайысымызды аяқтаймыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
1045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12