Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ Мерзімі: 03.09.18ж. Тақырып: Мен өзімді танимын Сабақ № 1 Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық. Мұғалім: Мырзалиева Гаухар Сынып: 5 «А,Ә»
|
Сабақтың мақсаты: Адам өзін-өзі тануды сүйіспеншілікпен жетілдірудегі мүмкіндіктері туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері: Білімділік:кешірімшіл болу қарапайымдылықтың белгісі екендігін үйрету; Дамытушылық: адамдарға риясыз қызмет ету қасиетін дамыту; Тәрбиелік: жанашырлыққа,кешірімшіл болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық,тақта,бор, дәйексөз, стикер қағазы. |
|
Сабақтың барысы:
(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. \\Тыныштық сәті: Нұрға бөлену 2.Әңгімелеу - Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер? Әңгімелеп беру. |
|
|
3.Дәйексөз «Өзіңді өзің танысаң істің басы» Шәкәрім Құдайбердіұлы
|
Дәйексөздің мағынасын ашу |
|
4. Әңгімелеу. Отын оқиғасы Аңыз Бекет ата жас кезінде Пақыржан қажыдан жеті жылдай дәріс алады. Ұстазы Бекттей зейінді ықыласты шәкіртіне айрықша құрмет көрсетеді. Кезекті жыл аяғы да жетіп, келесі оқу жылына қажетті ас-су, ағаш жинап алу керек болады. Ұстаз барлық шәкіртіне балта мен ара беріп, орманнан отын алып келуге жұмсайды. Шәкірттердің бәрі шама-шарқынша ағаш кесіп, арқалай алғанша көтеріп келеді. Тек Бекет қана тезек құрлы салмағы жоқ, қурап қалған қу түбіртектерді теріп әкеледі. Мұны көрген шәкірттер Бекетті келеке ете бастайды. Тіпті біреулері ұстазға шағым айтады. Не үшін былай еткенін сұраған Ұстазға Бекет: Жаңа өскен жас тал біткен зар илеп, «Бәріміз де асқақ болсақ, бәйтеректей биік болып өссек» деп едік, «Қиянат жасама адамзат баласы»! – деп жылап тұрған соң ешқайсысын қор етуге қолым бармады. Өмірді қиюдан өткен өлшеусіз күнә бар ма, ұлы Ұстаз?! – деп жауап береді. Мұқият тыңдап болған соң мұндай кең ойлылық пен кемелдікке көңілі толған Ұстаз: -Адам баласына алдымен керегі - аяушылық пен мейірім. Бекеттен басқаларың отынды орманға апарып тастаңдар! – деп бұйырған екен. - Бала Бекеттің іс - әрекетінен нені түсінуге болады? - Ұстаздың айтқанынан не түйдіңдер? - Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?? - Сенің өмірлік мақсатың қандай? - Өмірдің мәні неде? |
|
|
5. Шығармашылық жұмыс 1. Берілген сұрақтарға ой-толғау жазу:
Өзіңді өзің тану ізгілікке, жақсылыққа талпынуды білдіреді. Адам бұл өмірге тек жақсылық жасау үшін келеді. Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерін ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі. Өзін-өзі таныған адамның ниеті түзу, ойы таза, сөзіне берік болады. Өзіңді өзің танысаң, өмірді танисың. |
Дәптермен жұмыс |
|
6. Топпен ән айту. Оқушылардың таңдауы бойынша ән айту. |
|
|
7. Үйге тапсырма Келесі сабақ: 2 – сабақ «Біз өмірдің гүліміз» Әнуарбек Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу. |
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге: Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік бүкіл әлемде. |
|
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы № 121ЖОМ» КММ Мерзімі: 10.09.18ж. Сабақтың тақырыбы: Мен өзімді танимын Сабақ №2 Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу Мұғалім: Мырзалиева Гаухар Сынып: 5«А,Ә»
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: - Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету; Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау; Тәрбиелік: - өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық, дәптер, тақта, бор, стикер |
|
Сабақтың барысы:
(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену. Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»
«Біз өмірдің гүліміз» Зеңгір көктен Бал достыққа, Нұрын төккен, Жолдастыққа, Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз. Жайдары өскен, Тыныштықта, Жайнап өскен, Нұр құштықта, Біз өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз! |
|
|
3. Дәйексөз «Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады» Оқушылархормен оқиды, ұл балалар оқиды, қыз балалар оқиды. Оқушылар өз пікірлерін айтады. |
Дәйексөздің мағынасын ашу.Мысалдар арқылы түсіндіру. |
Сенің өзің Василий Сухомлинский Өзіңе өзің ие бол. Өзіңе өзің қызмет етуді кішкентайыңнан үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керекті нәрсені атқаруға өзіңді өзің үйрете біл. Адамдарға жамандық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме. Кішкентайыңнан қанағатшыл болуға үйрен. Бар жаныңды сала оқу – сенің тал бойыңа жарасқан. Ой жалқаулығын жек көр. Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн – бұл босқа өткен күн. Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани байлығыңның қайнар көзі кітап болып табылады. Өз кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты оқып қана қойма, сонымен бірге оны қайталап оқы.
|
|
1-топ:«Жақсы адам болу үшін не істей аламын?» - деген сұраққа жауапты жоспар түрінде жазамыз. 2-топ: «Жақсы болу – парызым» тақырыбына эссе жазу. 3-топ: Жоба түзеді – «Мен қандай адам болғым келеді» (төмендегі сұрақтарға жауап жаза отырып түзу;)
Қорытынды: Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. Абай. |

7. Үй тапсырмасы Келесі сабақ: 3 – сабақ: «Айгөйлек» әнін жаттап келу. |
|
|
Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге: Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
|
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: « Н.Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ
Мерзімі: 17.09./21.09.18ж.
Тақырып: Менің талпыныстарым Сабақ №3 Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: Ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру, шыншылдық. Мұғалім: Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: - Ойдың, сөздің және істің бірлігі ақиқатқа жол екендігін үйрету; Дамытушылық: - Өз көңіл күйін, эмоцияларын, сезімдерін басқара білу арқылы басқалардың барлығынан тек жақсыны көре білуге баулу; Тәрбиелік: - Ақиқат құндылығы арқылы шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық,дәп - тер, дәйексөз, үнтаспа, стикер қағазы. |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап,Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену. 2.Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»
|
|
|
3.Үй тапсырмасын сұрау. Қуанамын (жатқа айту) Қуанамын мен күнде, Қуанамын сәт сайын Таң арайлап атқанда. Әкем еркелеткенде. Күн шуағын төгіп бір, Құшағында анамның Гүл жұпарын шашқанда Тәтті ұйқыға кеткенде. Қуанамын мен күнде Қуанамын әр күні Бұлбұл құстың үніне Болған сайын көңілді. Бейбіт елге мол шуақ, Ата-анам сыйлаған Төгіп тұрған күніме. Жақсы көрем өмірді |
|
|
4.Дәйексөз «Іздеген жетер – мұратқа» Халық нақылы
|
Дәйексөздің мағынасын ашу. |
|
5.Әңгімелеу Ағаштағы ұлу Аңыз Көктем тым кеш шықты. Желдеткен суық күннің бірінде ұлу шие ағашына өрмелей бастады. Көрші ағаш басында отырған торғайлар мұны көріп, шиқ-шиқ күле бастады. Сосын бір торғай ұшып келіп, ұлудан сұрады: -Оуу, ұлу батыр, көрмейсің бе, бұл ағашта шие жоқ қой? Өрмелеуін тоқтатпастан, Ұлу былай деп жауап берді: - Мен өрмелеп шыққанша болады! - Ағашқа өрмелеген ұлудың көздегені не деп ойлайсыңдар? - Мақсатқа қол жеткізу оңай ма? Неліктен? - Мақсатшыл адамның бойында қандай қасиеттер болады? - Өзің алдыңа қандай мақсат қойдың? |
|
|
6.Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс
2) «Патшаның даналығы» (аңыз) - Жан-жануарлардан, құстардан қандай үлгі-өнеге алуға болады? - Сүйіспеншілікпен еңбектену дегенді қалай түсінесіңдер? Қорытынды: Адам алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс – адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді. |
|
|
7.Үйге тапсырма Келесі сабақ:1) Нығмет Баймұхамедов сөзіне жазылған «Айгөлек» әнін жаттап келу. 2) «Менің арманым» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
|
8.Топпен ән айту Айгөлек Ә: Бақытжан Байқадамов Көлдей шалқып жас өмір, Асыл сөздің ұстазы Тасып жатқан шағында. Ақын болар ұрпақпыз. Кемерінен шалықтап, Өнер, білім, еңбекке Асып жатқан шағында. Жақын болар ұрпақпыз. Ойын ойнап, ән салмай, Он саусағы майысқан Өсер бала болар ма? Шебер болар ұрпақпыз. Күміс күлкі көрмей ол, Тұла бойы толған бір, Кемеліне толар ма! Өнер болар ұрпақпыз. Қ-сы: Айгөлек-ау, айгөлек, Қ-сы: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдың жүзі дөңгелек. Айгөлек деп ән шырқа, Айдай толған кезімде Ел бөбегі, кел бөбек. Би билеймін дөңгелеп. |
|
|
9.Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге: Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде. |
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мерзімі: 24.09.18ж.
Тақырып: Менің талпыныстарым Сабақ №4 Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: шындықты айту, уәдені орындау, тілалғыш болу; батылдық. Мұғалім : Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіріп,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Шындық кез-келген шыңға апаратынын үйрету; Дамытушылық: Уәдені орындауға, берген сөзде тұруға дағдыландыру; Тәрбиелік: - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық, дәптер,тақта,бор, стикер қағазы. |
|
Сабақтың барысы:
(5 «Т» -ны сақтау) Талап,Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену. Тыныштық сәті. «Орманға ойша саяхат»
1.Құстарға ерекше қасиеттері қалай көмектеседі? 2.Жақсы адам болу үшін қандай қасиеттеріңді дамытар едің? 2) «Менің арманым» тақырыбына жазып келген эссені оқиды. |
|
Ізденген жетер – мұратқа. Халық мақалы Оқушыларға хормен оқыту, ұл балаларға оқыту,қыз балаларға оқыту.
|
Дәйексөздің мағынасын ашу. Оқушылардың пікірін тыңдау. |
Өмірдегі басты нәрсе не? В.Сухомлинский
|
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
Төмендегі мәселелерге назар аудару.
2)Буриме әдісі: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлең жолдарын аяқтау. Адам болғым келеді С.Дәуітов Ойы терең мұхиттай ... болғым келеді, Көңілі аппақ сүттен де ... болғым келеді. Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен, Бал бұлақтай мөп-мөлдір ... болғым келеді. Отты, ойлы жыры бар ... болғым келеді, Қиындықтан қайтпайтын ... болғым келеді, Адамдардың бәрінен ... болғым келеді, Ең бастысы өмірде ... болғым келеді. Керекті сөздер: таза, дана, бала, кіші, асыл, ақын, кісі.
|
Дәптермен жұмыс |
Жобаны жазып келу, төмендегі сұрақтарды басшылыққа аламыз.
|
|
Ертегі Сарай Сөзі С.Қалиевтікі, әні Б.Дәлденбайдікі Балалар деп жарқырар күн шырағы, Әй-әй апай халқымыздың шынары. Жан апайдың салдыраған Сарайынан, Жанымызға тарайды нұр шуағы. Қ-сы: Ертегі Сарай Шертеді талай, Бар ғаламның жұмбақ сырларын,ғаламат. Көмкеріп арай, Елтеді маңай, Балалардың тыңдап жыр,әнін бағалап, Ұл-қыздарын шақырып шартараптан, Омарташы сияқты бал таратқан. Самғасын деп біздерді биіктерге, Өнер,білім,денсаулық арқалатқан. |
|
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, есімізге сақтаймыз.Барлығымыз бірге: Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
|
Тексерілді:
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ
Мерзiмі: 01.10.18ж.
Тақырып: Танымға бастар жол Сабақ №5
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Шындықты айту, уәдеде тұру, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық.
Мұғалiм:Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Танымға бастар жол адам өміріндегі дұрыс әрекет құндылығы арқылы жүзеге асатынын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - Өмірдегі өзіңді өзің тану адамдарға риясыз қызмет етуден басталатынын үйрету; Дамытушылық: - Шынайылықтың белгісі шындықты айта білуге баулу; Тәрбиелік: - Уәдеде тұруға, жанашырлық танытуға тәрбиелеу. |
|
||||||||||||||
|
Сабақ барысы:
Тыныштық сәтi. «Орманға ойша саяхат» 2.Үй тапсырмасын тексеру. Жазылған жобаларын оқыту.
|
Ресурстар: Оқулық,дәптер,ақ парақ, үнтаспа |
||||||||||||||
|
3.Дәйексөз «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» Халық нақылы
|
|
||||||||||||||
|
4. Әңгiмелеу Қожа Ахмет Йассауи (Аңыз)
|
|
||||||||||||||
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
|
|
||||||||||||||
|
6.Топпен ән айту. Балдырғандар жыры Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков Әнін жазған: Мұрат Ыбыраев |
|
||||||||||||||
|
7.Үйге тапсырма беру. Келесі сабақ: Қайырымдылық аңыз әңгімені оқып келу. «Мен қайырымды баламын» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
||||||||||||||
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге: Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
|
«Өзін-өзі тану»пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы№121жалпы орта мектебі»КММ
Мерзімі: 12.10.17ж.
Тақырыбы:Танымға бастар жол Сабақ №6 Құндылық :Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Мұғалім: Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5«А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: қиянат жасамау адам өміріндегі маңызды іс екендігі жөнінде түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Міндеттері: Білімділік: - айналаңа,жан-жануарларға қамқор болу туралы білімдерін кеңейту; Дамытушылық: - әрқашан көмектесуге дайын болуға ықпал ету; Тәрбиелік: - мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу. |
|
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Орманға ойша саяхат» |
Ресурстар: Оқулық,дәптер,үн таспа, |
«Мен қайырымды баламын» тақырыбына жазған эсселерін оқыту. |
|
«Жақсылық істеуден жалықпа, Істеген жақсылығыңа өкінбе!» Кабуснама
|
|
Қайырымдылық (Аңыз)
|
|
Қорытынды: ...Ей ,перзентім, қай кезде де болмасын, жақсылық істеуді жадың- нан шығарма. Жақсылықты жалпы халыққа жаса, жамандықтан аулақ бол, керісінше сөйлеме, теріс ой ойлама. Бидайды көрсетіп арпа сатпа. Әр істе әділетті бол. Әділ жанға бидің де, қазының да қажеті жоқ. |
|
Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. |
|
Келесі сабақ: «Мейірімділік - жүректе» тақырыбында сахналық көрініс дайындау. |
|
|
8.Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде. |
|
Тексерілді:
«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» КММ
Мерзімі:15.10.18ж.
Тақырыбы: Мен - адаммын! Сабақ №7 Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімді болу, шынайылық, сыйластық. Мұғалім: Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Міндеттері: Білімділік: Кешірімді болуға үйрету; Дамытушылық: Жақсылықты шынайы жасауға баулу; Тәрбиелік: Мейірімді, қайырымды болуға, сыйластыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық,дәптер,тақта,бор, |
|
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Орманға ойша серуен |
|
«Мейірімділік - жүректе» тақырыбында сахналық көрініс қояды. |
|
«Адам деген ардақты ат» Халық нақылы 1.Ардақты деген ат кімдерге айтылады? 2.Нағыз адам деп кімді айтамыз? 3.Басқа жаратылыс иелерінен адамның артықшылығы неде? |
Дәйексөздің мағынасын ашу. |
Аяз би (Аңыз) Аяз би хан болған соң бұрынғы қой бағып жалшылықта киген қырық жамау шекпені мен ескі түлкі тымағын өз сарайының босағасына іліп қойған екен. Кей кезде билігі мен байлығы асып-тасып, басына «ит дүниені түгел бағындырсам» деген ой түсе қалса, дереу ескі киімдеріне қарап, өткен күнде кім болғанын есіне түсіріп, райынан қайтады екен. Сөйтіп өзіне-өзі: Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл, Ханмын деп тасыма, Баймын деп аспа, - деп тоқтау салып отырады екен. Сұрақтар: 1.Билік пен байлық адамды өзгертпес үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? 2.Адам өзін-өзі қалайша тәрбиелегені дұрыс деп санайсыңдар? 3.Адам үшін өмірдеі басты нәрсе не деп есептейсіңдер? 4.Өзіңді – өзің басқара аласың ба? Қалайша? |
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
|
|
|
6.Топпен ән айту. Ана туралы жыр Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі, Әні: Ш.Қалдаяқовтікі Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арналған. Қайырмасы: Әлдилеп,аялап,өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де,мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. |
|
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: Ермек Өтетілеуовтың сөзіне жазылған «Нағыз адам» өлең жолдарын жаттап келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып,барлығымыз бірге: Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізде сақтаңыздар! Сау болыңыздар! |
|
Тексерілді:
«Өзiн-өзi тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі»КММ Мерзiмі: 22.10.18ж.
Тақырыбы: Мен - адаммын! Сабақ №8
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Әдепті болу, ұқыптылық, сабырлылық, әділеттілік.
Мұғалiм:Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі дұрыс әрекет құндылығын тұлға ретінде өмірдегі орнын анықтауға көмектесетінін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларды әдепті болуға үйрету; Дамытушылық: Әрқашан сабырлы болуға баулу; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әділеттілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық,дәптер, журнал,үнтаспа, тақта, бор |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» - ережесін сақтау. Тыныштық сәтi «Су асты патшалығына ойша саяхат» |
|
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. Ермек Өтетілеуовтың сөзіне жазылған «Нағыз адам» өлеңін жатқа айту.
|
|
|
3. Дәйексөз. «Қателігін мойындаған адам мықты» Оқушыларға хормен оқыту, ұл балаларға оқыту, қыз балаларға оқыту. Дәйексөздің мағынасын оқушылардың пікірін тыңдау арқылы ашу. |
Дәйексөздің мағынасын ашу. |
|
4.Әңгімелеу Қарапайым адам В.Сухомлинский
|
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
|
5.Шығармашылық жұмыс. 4-тапсырма Жағдаяттарды шешу: 1.Асханаға тамақтануға келгеніңде еденде шашылып жатқан нан қалдықтарын көрдің. Сенің әрекетің қандай? 2. Мектеп дәлізінде келе жатып, жерде жатқан қолғапты көрдің. Сенің әрекетің қандай? 3. Сабақтан үйге қайтқанда жолда ауыр сөмкесі бар қарт адамды кездестірдің. Сенің әрекетің қандай? 4. Үйге кіреберісте көршілеріңмен кезігіп қалдың. Сенің әрекетің қандай? 5-тапсырма Айналаңдағы адамдардың игілікті, қайырымды істері туралы жоба құру. Төмендегі жоспар бойынша құруға болады: - таңдаған адам туралы шағын мәлімет, - ол адамның адамгершілік қасиеттері; - оның игілікті, қайырымды істерінен мысал; - үнемі айтатын ақыл-кеңестері; - сенің ол адамға ризашылығың, алғысың. Тест: дұрыс жауапты тауып, белгіле. 1-тест: Мұғалім оқушыларға әңгімені іштей оқуға тапсырма берді. Сен әңгімені дауыстап оқып,сыныптастарыңа кедергі келтірдің. Балалар саған реніш білдірді. Сенің әрекетің қандай? А) Бұл қылығыңды мойындасаң да, кешірім сұрамайсың. Ә) Сен бұл қылығыңа мүлдем ұялмайсың. Б) Сен сыныптастарыңнан кешірім сұрап, енді бұлай істемеуге уәде бересің. 2-тест: Анаңның үй шаруасынан қолы босамай, саған ініңді ойната тұруды тапсырды. Ал сен теледидарға қарап тапжылмай отырдың. Інің жылап анаңның мазасын алуда. Сенің әрекетің қандай? А) Теледидар көріп отыра бересің. Ә) Теледидарды өшіріп, ініңді ойнатасың. Б) Анаңның мазасын алғанын байқамаған болып отыра бересің? 3-тест: Кеше досың екеуің ұзақ уақыт футбол ойнадыңдар. Ал досың бүгінгі сабаққа дайындалмай келгендіктен, тақта алдында қызарып тұр.Сенен көмек күткендей қарай береді. Сенің әрекетің қандай? А) Байқамағансып отыра бересің. Ә) Алдымен сабаққа дайындалып, сосын ойнау керектігін ұйғарасың. Б) Көмектескің ақ келеді, қолыңнан келер пайда жоқ екенін түсінесің. |
|
|
6.Топпен ән айту. Жан әке Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған, Шыңның да шырқау көңіл құша дәмін, Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған. Шыңға да кей сәттерде түссе дарын. Осынау дөңгеленген дүниеде, Сүрініп кетпес үшін әке сонда, Жан әке кімбар сендей қымбат маған. Сенің өз болмысыңнан күш аламын. Қайырмасы Пейілің егіз даламмен, Көңілің көрік сыйлап гүлбағына, Мейірім ыстық жаныңнан. Өмірдің қанықтырдың сырларына. Неліктен түстім саған мен, Мен әке қуанамын бар жаныммен, Еліктей балғын шағымнан. Өзіңнің перзентің боп туғаныма. Алтынға балап тұлғаңды, Артыңда қалар ізіңмін. Қызығын көріп жүр мәңгі, Өсірген ұл мен қызыңның. |
|
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: 1) Ұстаз бен шәкірт аңыз әңгімені оқып келу. 2) «Менің мінезімнің дұрыс және осал жақтары» шағын әңгіме жазу. |
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, есімізде сақтаймыз. Барлығымыз бірге: Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
|
Тексерілді:
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121ЖОМ» КММ
Мерзімі: 05.11.2018ж.
Сабақтың тақырыбы: Адам мінезі Сабақ №9
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттері: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.
Мұғалім: Мырзалиева Гаухар Сынып: 5«А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығы ынтымақтастықты нығайтатындығы жайлы түсінік беру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: - Ой тыныштығында отырып үйренуге шақыру; Дамытушылық: - Әркез сыпайылықты сақтауға баулу; Тәрбиелік: - Шыдамдылыққа, сыйластыққа, тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық, стикер, дәптер,тақта,бор |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 5 «Т» - ережесін сақтау Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын сұрау. 1)Әдібай Табылдының «Мінез» өлеңін жатқа айту. 2) «Менің мінезімнің дұрыс және осал жақтары» шағын әңгіме жазып, оқу. - Мінез дегеніміз не? - Жақсы мінезді болудың артықшылығы неде? - Өз мінезіңді қалай жақсартуға болады? |
|
|
3.Дәйексөз «Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе – ізгі іс немесе мінезі түзулік» Жүсіп Баласағұни
|
|
|
4.Әңгімелеу. Ұстаз бен шәкірт Аңыз
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс. 1)Жағдаят шешіңдер: Айгүл мен Айман дос. Бір күні қоңырау кезінде Айгүл байқамай Айманның аяғын басып кетті. Айман оған ашуланып бірден Айгүлдің де аяғын басты. Екі дос бір-біріне ренжіп сол күні сөйлеспеді... Сенің әрекетің қандай? 2)Оқулықтың 39 бетіндегі суреттерге қарап, саған қай сурет ұнайды? Неліктен? Қорытынды: Мінез адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның іс-әрекетінен оның мінезін тануға болады. Адамның мінезі оның өзіне, өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Адамдардың адал қызмет етуі, сабырлы, төзімді, ақкөңіл болуы жақсы мінездің көрінісі болып табылады. Жақсы мінезді адам айналасына шуақ шашқан Күнмен тең. |
|
|
6.Топпен ән айту. Үйрендім Сәнді Ақылай Жақсылықты асыруды үйрендім Жамандықты жасыруды үйрендім Жауласқанға ат құйрығын кесісіп Жақсыларға қосылуды үйрендім Анда –санда ашығуды үйрендім Ашудан соң басылуды үйрендім Қабағымнан қар жаудырып лезде Күндей болып ашылуды үйрендім Жылағанды жұбатқанды үйрендім Орынымда тұрақтауды үйрендім Дүниенің шешпесемде жұмбағын Жауабы бар сұрақтарды үйрендім Бақта гүлді өсіруді үйрендім Отты отпен өшіруді үйрендім Қарсы шыққан досым түгүл дұшпанда Бір-ақ сәтте кешіруді үйрендім Алғанымды қайтаруды үйрендім Арызымды айта алуды үйрендім Дүниені шыр айналып ойыммен Өлеңге кеп жай табуды үйрендім Жақсыларды сағынуды үйрендім Тағдырыма бағынуды үйрендім Жақын түгіл алысыма іс түссе Жаным жасып қамығуды үйрендім Кей сәттерде үндемеуді үйрендім Кім болсаңда күндемеуді үйрендім Азды-көпті адамдарды таныдым Біліп тұрып «Кім» демеуді үйрендім Кейбір кезде құбылуды үйрендім Көпшілікпен жұмылуды үйрендім Кертартпаның кердеңіне келіспей Кері қарай бұрылуды үйрендім |
|
|
7.Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Дос болайық бәріміз» жаттап келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде. Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде. . |
Үнтаспа Баяу ән қойылады |
Тексерілді:
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

Мерзiмі: 12.11.2018ж.
Сабақтың тақырыбы: Адам мінезі Сабақ №10
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Шындықты айту,уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу.
Мұғалiм: Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мазмұны |
Ресурстар: |
|
Сабақтың мақсаты: Адам мінезінің негізін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: - Уәдені орындау, уәдеде тұру мінезіңнің тұрақтылығы екендігін түсіндіру; Дамытушылық: - Ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға ықпал жасау; Тәрбиелік: - Шындықты айтуға, тілалғыштыққа тәрбиелеу. |
Оқулық, тақта, бор, дәптер, |
|
Сабақтың барысы:
5Т ережесін еске түсіру. Тыныштық сәтi. Жағымды көңіл күйге келу. «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. Ахат Жақсыбаевтың «Халық суретшісі» мәтінінің мазмұнын сұрау. 1.Әбілханның арманына жетуіне не ықпал етті? 2.Жақсы мінезді адамның бойында қандай қасиеттер болады? 3.Мінезі жақсы адам айналасымен қалайша қарым-қатынас жасайды? 4.Адам өз мінезін жақсарта ала ма? Қалайша? 5.Өзіңді жақсы мінездімін деп санайсың ба? Неліктен? |
|
|
3. Дәйексөз. «Арғымақ аттың құйрығы – әрі жібек, әрі қыл. Асыл мінез азамат- әрі төре, әрі құл» Халық мақалы Оқушыларға хормен оқыту.Ұл балаларға оқыту, қыз балаларға оқыту. Дәйексөздің мағынасын ашу.
|
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
|
4.Әңгімелеу. Мінез Әдібай Табылдының жазған өлеңін мәнерлеп оқыту.
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, дәптермен жұмыс. 1)Төмендегі сөздердің ішінен жақсы мінезге тән қасиеттерді теріп жаз: Кішіпейілділік, қырсықтық, адалдық, ақкөңілділік, мақтаншақтық, жауапсыздық, қайсарлық, мейірімділік, ұстамдылық, ашуланшақтық, жігерлілік. 2) «Мен не істей аламын» тақырыбында шығармашылық жұмыстар көрмесін жеке және топпен де жасауға болады. (мата, қатырма қағаз, полиэтиленді пакет, баклашка т.б.) Жұмысымызды сұрақтарға жауап бергеннен кейін бастаймыз. - Жоба тақырыбы: жобамызды қалай атасақ болады? - Жоба нысаны: кімге және қалай көмек бергіміз келеді. - Жоба пәні: не істегім келеді? Қорытынды: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші – адамшылық қасиеттер болып саналады. Егер бұл екеуі бірдей болып келсе, біз өз ойымыз бен іс қимылдарымыздан абзалдық пен жетілуді табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, қайырымды адамдар бола аламыз, осылайша бақытқа қол жеткіземіз. «Көркіне ақылы сай екен, Ақылына мінезі сай адам екен» деп бекер айтылмаған. |
|
|
6.Топпен ән айту. Дос болайық бәріміз Өлеңін жазған: Хасензан Талғаров Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев |
|
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: №11 Әбен Нұрмановтың Уәде туралы мәтінін оқу. «Мен уәдемде тұрамын» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін тыныс алып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде . |
Баяу ән қойылады. |
Тексерілді:
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары
Мектеп: Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖОМ» КММ Мерзiмі: 19.11.2018ж. Сабақтың тақырыбы: Болу – болып көріну емес Сабақ №11
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Әдепті болу, ұқыптылық, уәдеде тұру, басқалар туралы жамандық ойламау.
Мұғалiм: Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы
Сынып:5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойы, сөзі, ісі бірлікте болуға тәрбиелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларды өсек айтпауға, жаман ойламауға үйрету; Дамытушылық: Оқушыларды басқалар туралы жаман ойламауға баулу; Тәрбиелік: Оқушыларды уәдеде тұра білуге, әдепті болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық, дәптер, тақта, бор, слайд |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену» |
|
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Мен уәдемде тұрамын» тақырыбына жазған эсселерін оқу. |
|
|
3. Дәйексөз. «Адамды айтқан сөзінен емес, істеген ісінен танисың»
|
Дәйексөздің мағынасын ашу. |
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат) Уәде туралы Әбен Нұрманов
|
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
|
5.Шығармашылық жұмыс. Жағдаятты шешу: Арман мен Асан көрші. Бір күні Асан Арманның велосипедін тебуге сұрады. Араман: - Бір сағат теуіп алып кел , мен апамның үйіне сүт апарып беруім керек, - деді. Асан: - Мен уақытында әкелемін, уәдемде тұра аламын, - деді. Сөйтіп Асан велосипедті теуіп кетті. Бір сағат өтті Асан көрінбеді. Бір сағат отыз минут болды, Асан жоқ. Арман не болды екен деп Асанның үйіне барса, оның анасы Асанның көрші ауылдағы досының үйіне кеткенін айтты. Арман көңілсіз үйіне келді. Ары жүрді, бері жүрді Асанның сөзінде тұрмағанын, айтқанын орындамағанын түсінбеді.
2)Ойы, ісі, сөзі бірлікте болатын адамға сипаттама жаз. - Ол қандай адам, бойында қандай қасиеттері бар? |
|
|
6.Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. |
Үнтаспада қосылып айтамыз |
|
7.Үй тапсырмасы.
|
|
Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде . |
|
Тексерілді:
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖОМ» КММ
Мерзiмі: 26.11.2018ж.
Сабақтың тақырыбы: Болу – болып көріну емес Сабақ №12
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық.
Мұғалiм: Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы
Сынып: 5 «А,Ә»
|
Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету; Дамытушылық: Оқушыларға өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету; Тәрбиелік: Оқушыларды уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық, дәптер, тақта,бор |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Сөз маржанын терейік» тақырыбына жазған жобаларын оқыту. Отты жүрек мәтінінің мазмұнын сұрау. Қ.Толыбаев.
Айтып бер. |
|
|
3.Дәйексөз. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» нақыл сөз
|
Дәйексөздің мағынасын ашу. |
|
4.Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы) Аңыз айту «Ажалдан құтқарған асыл сөз» Ертеде бір хан шеру тартып келе жатады.Бір шөлейт шөлсіз далаға кездесіп, әскері де, аттары да шөлдейді.Осылай зымырап келе жатқанда, алыста бір кішкене бұрат көрінеді. Хан жігіттеріне адырла жер сусыз болмайды, барып қараңдар дейді.
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, дәптермен жұмыс. 1) Уәдесіне берік адамға тән қасиеттерді тізбелеп жазу.
Қойылым мүшелері: Автор, Ақыл, Қайрат, Жүрек, Ғылым. Автор: Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат: «Ей, ғылым, өзіңде білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. .... Осы екеуі маған қалай таласады?» Ақыл: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залады болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?». Жүрек: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан мене тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. .... Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» Автор: Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: Ғылым: Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгілі қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгілі жиреніп, үйден қуып шығады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрінде жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Қорытынды: Адамға қалай болса да, қашан да болса, пайда келтіретін ой мен іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының өзінде бар. |
|
Жас ұлан Ғұсман Жандыбаев Жас қырандай ұшарында Тыныштықты жыр ғып шерткен Кеудесін күш кернеген Балалықтың тәтті үні. Балалықтың құшағында Алтыннанда қымбат неткен , Жас құрақтай тербелем. Бұл күндердің шаттығы. Қ-сы: Балдай өмір, көлдей көңіл, Жырымыз да, әніміз де, Өзендейміз тасыған. Таң мен түнді жалғаған. Бала шақтан, болашаққа, Бақыттымыз бәріміз де, Қанат қаққан жас ұлан. Қызықтарға қанбаған. |
|
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: №13 сабақ Мәдіхат Төрежановтың Қолғабыс мәтінін оқып келу. «Еңбек» туралы мақал-мәтел жазып, жаттап, мағынасын түсіндіріп келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде . |
|
Тексерілді

Мерзiмі: 03.12.2018ж.
Сабақтың тақырыбы: Еңбек қуанышы Сабақ №13
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық.
Мұғалiм: Мырзалиева Гаухар
Сынып: 5 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Еңбектің жемісін сүйіспеншілікпен жасағанда көретіндігі жайлы түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: Адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету; Дамытушылық: Кешірімшіл болуға дағдыландыру; Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: Оқулық, дәптер, тақта, бор,суреттер |
||||||||||||||||

Баяу музыка қойылады. |
||||||||||||||||
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Еңбек» туралы мақал-мәтел жазып, жаттап, мағынасын түсіндіріп айту. |
|
||||||||||||||||
|
3.Дәйексөз. « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» халық мақалы
|
Дәйексөздің мағынасын ашу. |
||||||||||||||||
|
4. Әңгiмелеу (сұхбат). Қолғабыс Мәдіхат Төрежанов
|
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
||||||||||||||||
|
5.Шығармашылық жұмыс, дәптермен жұмыс. Өзіңнің бір аптадағы жасайтын еңбегіңнің тізбесін жазып көрсет:
Қорытынды: Адам еңбекпен өседі. Еңбек адамды жақсылыққа, игілікке жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа, бақытқа бөлейді. Адал еңбектің жемісі тәтті болады. Еңбек таза ниеттен, адалдықтан, төзімділіктен, жауапкершіліктен, еңбек сүйгіштіктен құралады. Ізгілік бастаулары да – еңбектен басталады. |
|
||||||||||||||||
Болайықшы осындай Айымкүл Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл, Таза бала мұнтаздай, Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған. Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай, Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам. Қ-СЫ: Еңбекшіл осындай, Болайықшы досым – ай! |
|
||||||||||||||||
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Еңбек қуанышы» жайлы сахналап қойылым қою. |
|
||||||||||||||||
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде . |
|
Тексерілді:
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары
№75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .17ж. № 14 сабақ
Сабақ тақырыбы: Еңбек қуанышы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік, ұқыптылық.
Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып:5 «б,в,г»
|
Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының еңбектегі мәнін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - басқалардың еңбегі туралы жаман ойламауға үйрету; Дамытушылық: - әрбір еңбекте өз-өзіне сенімді болуға жетелеу; Тәрбиелік: - әділеттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
|
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Еңбек қуанышы» жайлы сахналап қойылым қою. |
|
|
3.Дәйексөз. « Еңбектің наны тәтті, жалғаудың жаны тәтті » Халық мақалы
|
|
|
4. Әңгiмелеу (сұхбат). Күн күлше Мәди Айымбетов
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс Әбілхан Қастеевтің: «Шөп шабу», «Мақта жинау», «Алтын дән» тақырыбында салынған суреттерге әңгіме құрастыру. |
|
«Сен маған сүюді үйреттің» Ә: Ербол Байырбеков С: Ақмарал Леубаева Сен маған сүюді үйреттің, Кім дос, кім дұшпанды үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім. Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің, Тәкаппар өктем едім ... Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Ұстазсыз мектеп едім. Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. |
|
|
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Сұлу сұлу емес, жаны сұлу сұлу» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде . |
|
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары
№75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .17ж. № 15 сабақ
Сабақ тақырыбы: Адам жанының сұлулығы
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: байсалдылық, ызақорлық, сараңдық, өзін-өзі алдамау.
Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып:5 «а,ә,б,в,г»
|
Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету; Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету; Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу. |

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Сұлу сұлу емес, жаны сұлу сұлу» тақырыбына жазған эсселерін оқып, неге олай танығаны жөнінде түсіндіреді.. |
|
|
3.Дәйексөз. «Сыртқы сымбыт ішкі тереңдікке сай болуы керек» Ебіней Бөкетов
|
|
|
4. Әңгiмелеу (сұхбат). «Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» аңыз
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс 1. 63 беттегі мәтінді оқып, сахналап берейік. (Айнұр мен Айманның достығы) 2. «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбына эссе жазу. Қорытынды: Адамның сұлулығы – бұл ішкі және сыртқы сұлулығы- ның үйлесімділігі. Ол, адамның мінезінен, сыртқы келбетінен, рухани байлығынан көрінеді. Адамның көркем мінезі, әдемі әдебі, нұрлы ақылы жан дүние сұлулығы болып саналады. Ішкі сұлулықты әрдайым көзбен көре алмайсың, оны адамның жасаған іс-әрекетінен байқауға болады. Ішкі сұлулық жанды жадыратады, айналаға ізгілік сыйлайды. |

7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: Қадыр Мырзалиевтің «Не үшін» өлең жолдарын жаттап келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде . |
|
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары
№75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .17ж. № 16 сабақ
Сабақ тақырыбы: Адам жанының сұлулығы
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық (кеңпейілділік); қоршаған ортаны қорғау, ақжарқындылық.

ің, Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. Қадыр Мырзалиевтің «Не үшін» өлең жолдарын жатқа айту.
|
|
|
3.Дәйексөз. Адамның нағыз байлығы затта емес, Ақыл-парасатта, рухани байлықта В.Сухомлинский - Өзің байлық деп нені санайсың? - Рухани байлық дегеніміз не? - Өзің байлығыңның бағасын бере аласың ба? |
|
|
4. Әңгiмелеу (сұхбат). Қарындаштың бес сапасы (аңыз)
|
|
|
5.Шығармашылық жұмыс 1. Төмендегі сөздерді пайдаланып өлең жолдарын жаз: Мейірімділік, ақниет, адалдық, кеңпейілділік, ізгілік, әдептілік, қамқорлық, сүйіспеншілік.
Қорытынды: (Ілияс Есенберлин) Адамның сыртқы пішін сұлулығы бар да, ішкі сезім дүниесінің сұлулығы бар емес пе? Поэзия соның қайсысын таңдаса да жырлайты- ны адам ғой. Ал адам туралы сыр шертілген болса, ең алдымен оның ішкі дүниесінің сұлулығы, оның рухани күші, жан сезімнің байлығы сөз болады. Міне, бұл қасиеттер ақынды қанағаттандыра алады, оның поэзиясына жан береді, қуаныш әкеледі. Әдемі болғанда кәдімгіде көркем болсын деймін. Түрі, бойы, мінезі бәрі сәйкес келсе, міне, сонда ғана сұлулық өзіне тән үйлесімін сақтай алады. Тест тапсырмалары: 1-тест: Сен үй тапсырмасын орындап отырсың. Ұялы телефоның шырылдап қояр емес. Бұл хабарлама жазып отырған сыыныптас досың. Сенің әрекетің қандай? А) Сен телефоннан шыққан дауысқа мән бермейсің. Ә) Досыңа кедергі келтіріп жатқанын айтасың. Б) Сен телефоныңңды өшіріп тастайсың. 2-тест: Сынып жетекші Ермек екеуңнің кезекші екендіктеріңді ескертті. Сабақтан соң кезекшілік міндеттеріңді атқару үшін қалдыңдар. Ермек кезекшілік міндетін атқарудан бас тартты. Сенің әрекетің қандай? А) Ермектің қылығын сынып жетекшіге айтатыныңды ескертесің. Ә) Ермекке ерегісіп кезекшілік міндетіңді атқармайсың. Б) Кезекшілік міндет қиындық келтірмейтіндіктен оны өзің атқарасың. 3-тест: Сен Арманға жексенбі күні отын жаруға көмектесемін деп уәде бердің Ал сен Арманға баруды ұмытып кеттің. Сенің әрекетің қандай? А) Шындықты айтып кешірім сұрайсың. Ә) Бұған өзіңді кінәлімін деп санамайсың. Б) Досыңның көңлінен шығу үшін сылтау айта саласың. 4-тест: Досы Сәуле екеуің автобусқа міндіңдер. Бос орын біреу болғандықтан , қыз балаға орынға отыруды ұсындың. Келесі аялдамадан қарт кісі мінді , бос орын жоқ. Сәуле қарт кісіге орын ұсынуды ойлаған да жоқ. Сол сәтте алыста отырған ағай өз орнын ұсынды. Сенің әрекетің. А) Сәулеге жайлап ымдайсың. Ә) Дереу Сәуленің қылығының дұрыс еместігін айтасың. Б) Сен бұл жағдайды маңызды емес деп санағандықтан үндемей тұра бересің. |
|
|
Топпен ән айту Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. |
|
|
7.Үй тапсырмасы. 1. Сұлтан Қалиев сөзіне жазылған «Ертегі сарай» өлеңін жаттап келу. 2. Келесі сабақ: «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу, эссе жазып келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде . |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Танымға бастар жол

шағым қалдыра аласыз