тапқыр болсан талас жоқ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тапқыр болсан талас жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
тапқыр болсан талас жоқ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 04.02.2022

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

Сыныбы: 5 «А» және 5 «В»

Пән мұғалімі: Дюлюмбаева Б.Б.

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  математикалық сайыс

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке, ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Әдістері: Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік

Өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Мұғалім:
Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

Сайысымызды бастаймыз.

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайын:

1-кезең. Таныстыру

2-кезең. «Кім көп біледі» (Wordwall.net)

3-кезең. «Бәйге» сайысы (Kahoot.com)

4-кезең. Тапқырлар сайысы

5-кезең. Топ басшылар сайысы

Қорытынды

Мұғалім:

Бүгінгі  күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар: 

І топ: «Алғырлар» тобы
ІІ топ:  «Тапқырлар» тобы

Жоспар бойынша топтар өздерін таныстырады.

2-кезең. «Кім көп біледі»? сайысында топтар Wordwall.net бағдарламасы арқылы ұяшықтарда жасырын тұрған логикалық сұрақтарға жауап береді. Екі топ кезекпен ұяшықтарды таңдайды. Әр дұрыс жауап берген топқа 10 ұпай беріліп отырады.


3-кезең. «Бәйге» сайысы (Kahoot.com бағдарламасы)

Kahoot.com бағдарламасы арқылы 6 тапсырмадан құралған сайыс. Екі топқа смартфондар беріледі. Есеп интерактивті тақтада көрсетіледі, ал жауаптары екі топтың смартфондарында көрсетіліп тұрады. Берілген арифметикалық амалдарды орындап 4 жауаптың арасынан бір дұрыс жауапты таңдайды. Бағдарлама автоматты түрде дұрыс жауап берген топқа ұпай береді. Әр тапсырмаға 90 секунд, ал тапсырмалардың жеңілдігіне байланысты 60 секунд уақыт беріледі.

4-кезең. «Тапқырлар» сайысы

Екі топқа 2 логикалық тапсырмалардан беріледі.

Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды табады.



5-кезең. Топ басшылар сайысы

Екі топтың топ басшылары сайысқа түседі. Топ басшылары 1 минут уақытта берілген сұрақтарға жауап береді. Барлық сұрақ 20. Егер сұрақты білмеген жағдайда келесі сұраққа өтуіне мүмкіндігі бар.

«Тапқырлар» тобы

1) 3 кесіндіден құралған фигура. (Үшбұрыш)

2) 7 жай сан ба, құрама сан ба? (Жай сан)

3) 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі. (30)

4) Ең кіші натурал сан. (1)

5) 1кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма? (Бірдей)

6) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса қанша тартады? (12 кг)

7) Тәуліктің төрттен бір бөлігі.

8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

9) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (Бұрыс)

10) 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең)

11) 1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)

12) 7 санының квадраты? (49)

13) Жарты сағатта неше минут бар? (30 мин)

14) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?

15) 231 саны 3-ке бөліне ме? (Иә)

«Алғырлар» тобы

1) Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)

2) Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)

3) Бір центнерде неше кг? (100 кг)

4) Жарты алманың жартысы неге тең? (1/2)

5) 1 метрде не см? (100 см)

6) 9 жай сан ба, құрама сан ба? ( құрама)

7) 4 кесіндіден құралған фигура (төртбұрыш)

8) 20 мен 25 ең кіші ортақ еселігі (100)

9) 3 жұмыртқа 3 мин қайнап піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин)

10) 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауырма? (тең)

11) Екі тәулікте неше сағат? (48)

12) 2005 саны 5-ке бөліне ме? (иә)

13) 1 т неше кг? (1000)

14) 0 цифры натурал санға жата ма? (жоқ)

15) 90 секунд көп пе, 1,5 минут көп пе? (тең)

Қорытынды

Мұғалім:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды марапаттау.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына,

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

Табиғаттың тылсым сырына.


«О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ











Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»












Өскемен қаласы, 2022 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2022
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі