Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Маусым 2018
462
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»Мақсаты:а) Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. ә)Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. б)Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.Түрі: интеллектуалды ойынӘдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ - жауап, сөздікҰйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3 «Ә» - сыныбында өткелі отырған «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайысқа қош келіпсіздер.І топ Өсімдіктер ұраны:Бір тал кессең, он тал ек.
ІІ топ Құстар ұраны:Құс ұясын бұзбаймыз,Құстарды біз қорғаймыз.
Шын жүйріктер сыналады жарыстаЖарыстың ба орта жолда қалыспаӘділқазы бағалайды сіздердіЖеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:Оқу ісінің меңгерушісі: Тлеуова ГҚосымша білім беру педагогы: Ильясова ОБастауыш сынып мұғалімі: Мыржыбаева Ұ, Ал енді сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:1 - кезең. «Білімді болсаң, байқап көр»2 - кезең «Ойлы болсаң, ойлап көр»3 - кезең «Жүйрік болсаң, озып көр»4-кезең «Білгенге –маржан, білмеске арзан»5 - кезең «Сөз ойла, тез ойла»6-кезең «Мерген болсаң, атып көр»Білім деген биік шыңБақытқа сені жеткізерБілім деген ақылшыңҚиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.1 -кезең «Білімді болсаң, байқап көр» Әр топқа зымыран сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. 1. Мәтіннің түрлерін атаңдар (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) 2.«Өнер білім бар жұрттар» кімнің өлеңі? ( Ы. Алтынсарин) 3.8х6= (48)4.Адамның денесі неше бөліктен тұрады? (4 бас, мойын, көкірек, құрсақ)5. Минор қандай әуен? (қайғылы, мұңды көңіл күйді бейнелейтін әуен)1.Тұрлаулы мүшелерді атаңдар (бастауыш, баяндауыш)2. «Төрт ана» кімнің өлеңі? (М. Шаханов)3.9х8= (72)4.Адамның ішкі мүшелерін атаңдар (ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек, қуық)5. Мажор қандай әуен? (қуанышты көңіл күйді бейнелейтін әуен)2 - кезең. «Ойлы болсаң, ойлап көр» Мақалды жалғастыру керек, әр топқа 5 мақал - мәтел беріледі. Берілген мақалдардың жалғасын табу. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.І.топ1.Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді;............ Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.2.Астың дәмін тұз келтірер,........... Ауылдың сәнін қыз келтірер.3.Бөтен жердің гүлінен............... Туған жердің тікені артық.4. Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп.5.Мектеп - кеме,............. Білім теңіз.ІІтоп1. Тіл тас жарады,.......... тас жармаса бас жарады.2. Тауды, тасты жел бұзар,..... адамзатты сөз бұзар.3. Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл.4.Еңбек етсең ерінбей,............ Тояды қарның тіленбей5.Әке көрген оқ жонар,......... Ана көрген тон пішер3 - кезең «Жүйрік болсаң, озып көр» - шебер қолдар сайысы. Әртоптың оқушыларының сол қолдары байланған. Берілген суретті әдемілеп қиып шығып, қағазға жабыстыру керек. Ең жоғары ұпай – 5, уақыттарына қарай ұпай саны кеміп отырады.Әдемі әуен қойылады.Білім, ой мен арымыз,Рухани нәріміз.Сайыскерлер сіздергеҚол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.Ән: «Әже» орындаушы Шірінбай С
Ой сергіту: Сайыскерлер атадан қалған асыл мұраларымыз ертегі, төртүлік туралы жыр, бесік жырынан өздерінің жаттағандарын айтып өтсін.4-кезең «Білгенге –маржан, білмеске арзан» Өрнектерді баған түрінде жаз, есепте:І топ Өсімдіктер226+152 =378 474:2=237129-25 =104 969:4=242(қалд.1)318х3 =954 ІІ топ Құстар132+274= 406 656:2=328 146-98=50 907:2=453(қалд.1)315х3= 945 5 - кезең «Сөз ойла, тез ойла». Әр топ мына жердегі әріптердің біреуін таңдап алу қажет. (Әріптер таңдап алынады). Айналымның шарты – берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек. Мысалы: М – әрпін таңдатып, бір мұғалімге ойнату арқылы түсіндіру. (Әріптер Д, С, К, Е, Т)Мұғалімге:1. Пырылдап ұйықтайтын не?2. Қиындықты қалай жеңесіз?3. Ұстаз кім?4. Тіл не үшін керек?5. Сіз кімсіз?6. Ананың көңілі балада, баланың көңілі.....7. Ұялғанда не істейсіз?Оқушыларға:І топ Өсімдіктер1. Суды немен ішесің?2. Сенің досың кім?3. Бүгін сенде неше сабақ?4. Қандай тағамды ұнатасың?5. Қай көшеде тұрасың?6. Жасың нешеде?7. Қай ертегіні ұнатасың?8. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?9. Көршің кім?10. Сан есімге мысал айтІІ топ Құстар1. Тамақты немен ішесің?2. Қай жануар ұнайды?3. Зат есімге мысал айт4. Көйлекті неден тіккен?5. Сүйікті пәнің?6. Сен үшін ең құрметті кім?7. Мектеп саған не береді?8. Қазақстан қандай?9.Сенің мінезің қандай?10. Ағаңның есімі?
6-кезең «Мерген болсаң, атып көр»Тақтада ұяшықтар жасырынған. Ұяшықтардың ішінде жұмбақ, сыйлық, (0) жоқ, ертегідегі кейіпкерлер бейнеленген суреттер бар. Сол ұяшықтарды мергендікпен дәлдеп әр топ өз қоржынына ұпай санын жыйнайды. Жұмбақтар:1.Бірін-бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
2.Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
3.Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау - деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік. Әділ – қазылар анықтап болғанша, тамаша әуенге кезек берелік.
Ән: «Атақ» орындаушылар: Анас Д, Мәулен А.Көрермендер арасында ойын: Ойды сергітуге арналған жаттығуларЖаңылтпаш айтайық1. Он қап он қапты қақ,Он қапты қақ та, қатта2. Аралдар бар,Аралдарда жабайы маралдар барАраларында жаралы маралдар барӘділ – қазылар алқасына сөз кезегін беруҚорытынды:Жарайсыңдар барлығың да өренім,Асып - тасып төгілді ғой кемелің.Риза болды қатынасқан көрермен,Сайыстағы бар қызықты көргендер. Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен 3 «Ә» сыныбының «Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайысы өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)