Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тапқыр болсаң, талас жоқ!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Интеллектуалды сайыс барысы
Жетекші: Базалық дайындық және компьютерлік технологиялар ПЦК информатика пәнінің оқытушысы Юнусова Гулзира Аштаевна
Сайысты ұйымдастырушылар: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің практиканттары
Айтжан Салтанат Ерсінбекқызы
Қыдырбаева Айгерім Қуанышбекқызы
Тақырыбы: Тапқыр болсаң, талас жоқ
Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары студенттердің дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, арнайы дайындалған слайд және бейнесұрақтар.
Барысы:
Кіріспе сөз (Айгерім):
- Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер, оқытушылар?! Бүгінгі «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары студенттердің дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Сайыс кезеңдерін түсіндірмес бұрын әділ – қазылар алқасымен таныс болсақ:
1. Базалық дайындық және компьютерлік технологиялар пәндік циклдік комиссиясының төрайымы - Кенишбаева Гулшат Нүрпейсқызы
2. Базалық дайындық және компьютерлік технологиялар пәндік циклдік комиссиясының информатика пәнінің оқытушысы - Муталиева Әдемі Алдабергенқызы
Салтанат:
- Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:
І.Бәйге
ІІ.Жұмбақ сандық
ІІІ.Жеті жұрттың тілін біл
IV.Ойлан тап (жұмбақ)
V.Жорға
VI.Бейнесұрақ
VII.Кім жылдам?
Сайысты бастамастан бұрын әр топ басшысы топпен таныстырып, команданың ұраны мен ұстанымын қысқаша айтып өтсе. Жаңа жеребе тасталған болатын, сол бойынша өз тобымен бірінші болып «Интерфейс» тобы, екінші «Ғаламтор», үшінші «Info active» тобы таныстырып өтуіне рұқсат етіңіздер.
«Интерфейс» тобы. Топ командирі – Бибінұр қонақтарға топты, өзін және топ құрамын таныстырды. Сонымен қатар топтың ұраны мен эмблемасын айтып өтті.
«Ғаламтор» тобы. Топ командирі – Нұржан топтың атауы неліктен «Ғаламтор» аталуына тоқталды және топ студенттерін таныстырды.
«Info active» тобы. Топ командирі – Ақжол да топ атауына және ұранына қысқаша тоқталып топ студенттерімен таныстырды.
Таныстыру бойынша І-топ 5ұпай, ІІ-топ 3ұпай, ІІІ-топ 4ұпай иеленді. Мұнда «Интерфейс» тобы эмблемасының болуымен және топ студенттерінің әрбірін компьютер құрылғыларына ұқсатып таныстыруымен жоғары ұпайға ие болды. «Ғаламтор» эмблемасы жоқ және сайысқа қатысатын студенттер саны (әр топта 5 студент болуы керек болған) түгел болмағаны үшін төмен ұпай алды. «Info active» тобы эмблемасы болмағандықтан «Интерфейс» тобынан бір ұпай төмен алды.
Топпен таныстыру кезінде
Салтанат:
І кезең:
«Бәйге». Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші
жауап беруге тырысасыздар. Жауаптар дұрыс болмаса, келесі топ
студенттері жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай алуға
мүмкіншілік бар. Сонымен, барлықтарыңызға
сәттілік!
- Ал,
бастайық!
Аталған үш топ кезекпен интерактивті тақтада берілген бір сұрақты таңдап, сол бойынша жауап берді. Сұрақтар тізбегі келесідей болды:
-
Ақпараттың өлшем бірліктері (Байт, бит)
-
Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Себет)
-
Компьютердің негізгі құрылғылары (Жүйелік блок, монитор, пернетақта)
-
Пернетақтаның қызметі (Ақпарат енгізу құрылғысы)
-
Delete пернесінің қызметі? (Курсордың оң жақтағы батырмасын өшіреді)
-
Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
-
Ең алғашқы операциялық жүйе (MS DOS)
-
Электронды есептеуіш машина жасау идеясын ұсынған кім? (Чарльз Бэббидж )
«Бәйге» кезеңі бойынша «Интерфейс» тобы 10ұпай, «Ғаламтор» тобы да 10ұпай, ал «Info active» тобы 5ұпайға ие болды.
Айгерім:
ІІ кезең. «Жұмбақ сандық»: Бұл кезеңде сұрақтар деңгей бойынша беріледі. Сіздер берілген тақырыптардың бірін таңдап, деңгей бойынша ұпай жинайсыздар
Сұрақтар реті келесідей болды:
Ақпараттандыру
10 - ҚР-ның ақпараттандыру туралы Заңы қай жылы қабылданған? (2007)
20 - Өзіне қажетті электрондық-ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасайтын және оларды пайдаланатын субъект (пайдаланушы)
30 - Пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет (ақпараттық қызмет көрсету)
40 - ақпараттық жүйелер немесе оларды құрастырушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін техникалық-аппараттық құралдардың жиынтығы (ақпараттық коммуникациялық желі)
50 - Ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процесстер мен бағдарламалық техникалық құралдардың жиынтығы (ақпараттық технология)
60 - Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды дамытуға бағытталған әлеуметтік – экономикалық процесс (ақпараттандыру)
Дербес компьютер
10 - Компьютердің миы (процессор)
20 - Қатты диск дегеніміз... (мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт есте сақтайтын құрылғы)
30 - Операциялық жүйе (түрлі желілер арасында ақпарат алмасу үшін қолданылатын арнайы жүйе)
40 - Alt пернесінің қызметі (басқа пернемен бірге басылып, компьютер жұмысын басқарады)
50 - Бір байт неден тұрады (8биттен)
60 - Пиксел – бұл (түсті нүктелерден тұратын нүкте, нүктелер монитор экранына бейнені шығарады)
Интерактивті тақта
10 - ActivBoard? («қалам»)
20 - Бірнеше беттерден тұратын жұмыс жасауға арналған құжат (флипчарт)
30 - Тестілеу бағдарламасы ( ActivVote)
40 - Мәтінді баспа түрінде жазу батырмасы Мәтінді баспа түрінде жазу батырмасы
50 - Пердеше батырмасы
60 - Жаңа флипчарты ашу, сақтау, баспаға беру т.с.с қызметтер қай батырмада қарастырылған (басты меню)
MicrosoftOffice
10 - Мәтін жазу редакторы (Word)
20 - Жұмыс кітабы дегеніміз не? (Excel электрондық кестесінде құрылған файл )
30 - Жаңа слайдтты қандай команданың көмегімен құруға болады? (Главная-Создать слайд)
40 - WordArt дегеніміз..... (мәтінді әсемді түрде жазу)
50 - Excel редакторында ұяшық дегенымыз не? (бағанамен қатардын қиылған орны)
60 - Microsoft Office бағдарламасына кірмейді (Paint)
Интернет
10 - Дүнежүзілік өрмек (интернет)
20 - Интернеттегі Web-парақтарды көру үшін мына прогрпммалар қолданылады (Internet Explorer, NetScape Navigator )
30 - Интернетке кіретін әрбір компьютердің төрт блоктан тұратын өз адресі (ІР-адресі)
40 - Сервер (Server) (Желіні пайдаланушыларға ортақ қор көздерін қамтамасыз ететін компьютер)
50 - Интернет провайдері (Internet Service Provider, ISP) (Интернетке қатынауға мүмкіндік беретін ұйым)
60 - Интранет (Intranet) (жеке желі)
«Жұмбақ сандық» кезеңінде І-топ 370ұпай, ІІ-топ 210ұпай, ІІІ-топ 160ұпайға ие болды.
Айгерім:
ІІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»: Бұл кезеңде әр командаға жеке-жеке сұрақтар қойылады. Сұрақ жауабы үш тілде берілуі керек. Жауап бір тілде айтылса 5ұпай, екі тілде болса 10, үш тілде болса 15 ұпаймен бағаланады. Жауап жоқ жағдайда келесі топ студенттері жауап беруіне болады.
1.Компьютердің енгізу құрылғысы, манипулятор
(тышқан - мышка - mouse)
2.Терезені жабу батырмасының аты (Жабу -
закрыть - exit)
2.Құжатты сақтау батырмасының аты (Сақтау -
сохранить как - Save as)
3.Қажет емес символды алып тастау пернесі
(жою - удалить - delete)
4.Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, eight)
5.Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина, basket)
6.Операциялық жүйенің негізгі объектісі? (терезе, окно, window)
7. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, three )
8.Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, folder)
9. Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, keyboard)
10. Word қандай бағдарлама? (мәтіндік, текстовый, text)
«Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі бойынша І-топ 45, ІІ-топ 45, ІІІ-топ 35ұпайға ие болды.
Салтанат:
IV кезең. «Ойлан тап»: Бұл кезеңде тақтаға әзіл-жұмбақтар қойылады. Білетін топ қол көтеріп жауап береді. Дұрыс жауапқа 10ұпай.
1. Жануарға ұқсас атым
бар,
Бағдар көрсетер затым
бар
Кілемше үстінде
тұрамын,
Ең қажетті құралмын
(тышқан)
2. Қанша тетік
тізілген
Саусағыңды
сезінген
Барлық сенің
ойыңды
Компьютерге енгізген
(пернетақта)
3. Экранның бетінде оның
тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер –
курсор)
4. Барлық сурет,
мәтінді
Компьютерге
енгізген
Керек емес жерін
де
Компьютерден өшірген (мәтіналғы –
сканер)
5. Компьютермен
енеді,
Қағазға басып береді
(принтер)
6.Төрт бұрышты
әйнек,
Тұнып тұрған әлек
(Монитор)
7. Қағаз бетінен
алады,
Бірден компьютерге салады (Мәтіналғы -
сканер)
8. Өзі темір, жаны
жоқ.
Ақпаратты сақтап,
таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (Жүйелік
блок)
«Ойлан тап» кезеңінде І-топ 20, ІІ-топ 25, ІІІ-топ 20 ұпай иеленді.
Салтанат:
V кезең. «Жорға»: Бұл кезеңде топ басшылары сайысқа түседі. Бір минут уақыт беріледі. Бір минутта неше сұраққа жауап берсе сонша ұпайға ие болады. Дұрыс жауап-1ұпай
І-топ командирі – Бибінұрға қойлған сұрақтар:
1.Компьютердің миы (жүйелік блок)
2.Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4.Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5.1 кбайт-та неше бит бар? (1024 байт)
6.Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7.Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8.Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9.Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10.Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11.Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
12.Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)
13.Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
14. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
Бибінұрға 1минутта 14сұрақ қойылған болатын, Бибінұр оның 11-не дұрыс жауап беріп 11ұпайға ие болды.
Айгерім:
ІІ-топ командирі – Нұржанға қойылған сұрақтар:
1. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)
2.Қазіргі кездегі стандартты
ОЖ(Windows)
3.Алғашқы компьютер қашан, қайда пайда болды,
қалай аталды?(1946 жылы АҚШ та,
ЭНИАК)
4.Интернетте хат алмасу не арқылы жүзеге
асырылады?(электрондық
почта)
5. Әлемдік
желі(Интернет)
6. Баспа құрылғысы (принтер)
5.Өзідігінен көбеюге қабілетті (вирус)
6.Файлдар жиыны (бума)
7.Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9.Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)
10.Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
11.Компьютердің маманы (программист)
Нұржанға 1минутта 11сұрақ қойылды, оның 6 сұрағына дұрыс жауап берді.
Салтанат:
ІІІ-топ командирі – Ақжолға қойылған сұрақтар:
1.Ең ұзын перне (пробел)
2.Мәліметтерді өңдеудің неше түрі бар? (2)
3.Alt+F4 пернесінің қызметі (терезені жабу)
4.Мәліметтерді әліпби бойынша немесе өсу, кему ретімен өңдеуді не деп атаймыз? (сұрыптау-сортировка)
5.Файл, Главная, Вставка орналасқан жол (меню жолы)
6.Жолдар мен бағандар қиылысқан орын (ұяшық)
7.Электронды кесте алғаш рет қай жылы жасалды?(1979)
8. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
9. Курсордың оң жағындағы символдарды өшiру пернесi? (delete)
10. Файлдар жиыны (бума)
11.Excel жадында сақталған арнайы формула (функция)
12.Ең кең тараған мәліметтер қорын басқару жүйесі (MS Access)
13.Көрмеге әуен кірістіру үшін қандай команда орындаймыз (Вставка-Видео-Видео из файла)
Ақжолға 13сұрақ қойылып үлгерді, соның 3-не дұрыс жауап беріп 3ұпай иеленді.
Айгерім:
VI кезең. «Бейнесұрақ»: Әр топқа жеке бейнесұрақ қойылады. Дұрыс жауап 20ұпайға есептеледі.
І-топ: Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды.
Чарльз Бэббидж
ІІ-топ:
XVII-ғасырда өмір сүргенфранцуз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының,кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының авторы. 16 жасында Ол «Қима туралы» еңбегін жазады. Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.
Блез Паскаль
ІІІ-топ:
Американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін атқарған. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алып, Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді. Сонымен қатар Apple корпорациясының негізін қалаушы.
Стивен Пол Джобс
Бұл кезеңде үш топта дұрыс жауап беріп, әрқайсысы 20ұпайды еншіледі.
VІІ. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңіміз екі бөлімнен тұрады:
А) Тақтада әріптердің шатасуы арқылы берілген сөздер ілінеді. Студенттер сол шатасқан әріптерден информатикаға байланысты терминдерді табуы қажет. Бір сөз – бір ұпайға есептеледі.
1. Нимотор -----------
Монитор
2. Пьюромтек -------
Компьютер
3. Енрепатқат --------
Пернетақта
4. Лайф ----------------
Файл
5. Рльоукятакл ------
Калькулятор
6. Атқсуа --------------
Сақтау
7. Аэкторикелн -----
Электроника
8. Дңеөу --------------
Өңдеу
Б) Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
«Кім жылдам» кезеңінде І-топ 6, ІІ-топ 5, ІІІ-топ 6 ұпайға ие болды.
Салтанат:
-Сайыстың барлық кезеңдері толық аяқталды. Ендеше қазылар алқасы ұпай көрсеткіштерін есептеп, жеңімпаз команданы анықтағанша біз кішігірім ойын ойнайық: Экранда әзіл мақалдар беріледі, күнделікті тұрмыста қандай мақалмен сәйкес келетіндігін табу керек.
1.Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2.Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3.Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4.Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5.Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6.Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7.Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8.Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9.Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Айгерім:
Міне, бүгінгі сайысымыз аяқталуға аз қалды. Сайыстың басты мақсаты – ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары студенттердің дарынын ашып, білімдерін көтеру болған. Сайыс барысында біз мақсатымызға жете алдық. Ендеше сайысты қорытындылау және жеңімпаздарды мадақтау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.
Қазылар алқасының мүшелері Гулшат Нурпейсқызы, Әдемі Алдабергенқызы және жетекшіміз Гулзира Аштайқызы сайысқа қысқаша тоқталып, жеңімпаз команданы атады. Сайысқа қатысқан топтар мадақтама қағазымен марапатталды.
«Интерфейс» тобы І орын
«Ғаламтор» тобы ІІ орын
«Info active» тобы ІІІ орын
-
Міне, сайыс қорытындысы осылай болды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп тектен тек айтылмаса керек. Ия, шынында да «Тапқыр болсаң, талас жоқ!»
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс,-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз!