Тапқыр достар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тапқыр достар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек Сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



27Абыз негізгі мектебі












Shape1


сыныпаралық интеллектуалды ойын








Бастауыш сынып мұғалімі:

Кемпирбаева Н.А











Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың тіл және оқу, дүниетану, математикадан алған білімдерін тексере отырып, білімдерін толықтыру;

  • Оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, жинақылық, тиянақтылық, логикалық қабілеттерін дамыта түсу;

  • Ұжыммен жұмыс жасауға, сыныптастарының ойын тыңдауға үйрету.

Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйрете отырып кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Интеллектуалды ойынға қатысушылар - 1 сынып оқушылары.

Сабақ барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!

Бүгін сіздер 1-сынып арасында өткелі отырған «Тапқыр достар» атты сыныпаралық интеллектуалды ойынды тамашалауға жиналып отырсыздар.

Оқушыларға сәттілік тілей отырып топтармен таныстырайын.

1-топ «Болашақ» Ұраны: «Тәуелсіз елдің тірегі –білімді ұрпақ»

2-топ «Достық» Ұраны: «Егеменді елдің тірегі –оқу мен білім»

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына,

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына.

Мұғалім: Әр дұрыс жауапқа 1жұлдызшадан аласыңдар, қай топ көп жұлдызша жинап алса, сол топ жеңіске жетеді.

Кім тапқыр? Мен жұмбақтар оқимын, сендер дұрыс жауабын айтыңдар.

Picture 1



1- тапсырма: Кім тапқыр?


  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)


  1. Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)


  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


  1. Қанаты бар ұшпайды,
    Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)


  1. Жер бетінде жатқан арқан,
    Ұстауға оны бәрі де қорыққан. (Жылан)


  1. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)


  1. Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)


  1. Орманда сайрайды,

Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

  1. Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза.  (Мысық)


  1. Бітімі, тұрқы – 

Аумаған жылқы.
Киімі жолақ –
Айыбы сол-ақ.   (Зебра)

- Жарайсыңдар! (Әр топтың ұпайын санау)



2- тапсырма: Бәйге (20 сұрақтан)

І топқа:

  1. 4 түлік малды ата

  2. Сиырдың төлі

  3. Қ.Р. президенті кім?

  4. Біздің еліміз қалай аталады?

  5. Дыбыс дегеніміз не?

  6. Сөйлем неден құралады?

  7. 5 пен 4-тің қосындысы нешеге тең?

  8. Кемпірқосақтың неше түсі болады?

  9. Қой сөзінде неше буын бар?

  10. Жыл мегілдерін ата

  11. Қой төлі

  12. Мемлекеттік рәміздерді ата

  13. Ұлттық аспапты ата

  14. Алфавитте неше әріп бар?

  15. Жуан дауыстыларды ата

  16. 8 бен 2-нің айырмасын ата

  17. Қошақан сөзінде неше буын бар?

  18. Мемлекеттік туда не бейнеленген?

  19. Тас қандай табиғатқа жатады?

  20. 7 санының құрамын ата


ІІ топқа:

  1. Түйенің төлі?

  2. Еліміздің бас қаласын ата

  3. Дыбыс нешеге бөлінеді?

  4. Әріп дегеніміз не?

  5. «Кітапхана» сөзін буынға бөл

  6. Біздің Республикамыздың мемлекеттік тілі – қай тіл?

  7. Балық қайда болады?

  8. Мысық сөзінде неше буын бар?

  9. 7 мен 3-тің айырмасы нешеге тең

  10. Сөз неден тұрады?

  11. Қой төлі

  12. 5 санының құрамын ата

  13. Адам өмір сүру үшін не қажет?

  14. Біздің Отанымыз қалай аталады?

  15. Жіңішке дауыстыларды ата

  16. 8 бен 2-нің айырмасын ата

  17. Отбасын кімдер құрайды?

  18. Бас сөзінде неше буын бар?

  19. Жануар қандай табиғатқа жатады?

  20. Сүттен алынатын тағамдар

Музыкалық үзіліс: би

Picture 2

3. «Сөз ойла , тез ойла»

Кез келген дыбысты айтамын сол дыбысқа байланысты сөз айтады, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды, сөйлем құрайды.

1-топ Т Ж Н Қ

2-топ П О Б К

Picture 3

4. «Ұшқыр ой»

Сипаттау арқылы тауып ал.

- Тікұшақтай ұшады, көзінде көзілдірікпен жүреді (Инелік)

- Оның азығы бүр, жаңғақ, саңырауқұлақ. (Тиін)

- Гүлге ұқсас болып келеді, иіскей алмайсың? (Көбелек)

- Оның көптеген инесі бар? (Кірпі)

Әріптер берілген ,оқушылар әріп таңдайды , сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.

А – Бас қала (Астана)

Ә –Үй құсы (Әтеш)

Б –Суда тіршілік етеді( Балық)

Ғ –Тоқтар Әубәкіров кім?(Ғарышкер)

Д –Бізді ауырғанда емдейді (Дәрігер)

И – Адамның досы (Ит)

К –көру мүшесі( Көз)

Қ –мемлекеттік тіл (Қазақ тілі)

М – Пән аты (Математика)

Н –Қасиеттті тағам(Нан)

Р –Гүл атауы (Раушан)

Т –Төрт түліктің бірі (Түйе)

Ұ – Құстың үйі (ұя)

Ы – Кесе, қасық( Ыдыс)

І – Киім ілетін зат( Ілгіш)

5. Кім зерек? Карточка бойынша жұмыс

Жұмбақ есеп

  1. Табақта 5 өрік,

Қолымда 4 өрік

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік? (9)

Карточка бойынша жұмыс

  1. Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп бесеуін

Тағы алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін? (7)

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер!


Барлық жұлдызшаларды санап, жеңіске жеткен топты анықтау.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2018
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі