Тапқыр достар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тапқыр достар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапқыр достар
Мақсаты: Оқушылардың бірінші жарты жылдықта алған білімдерінің көрсеткішін байқау. Балаларды оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру, көпшілік ортасында өзін - өзі тәрбиелі ұстау, ұстазды, құрдастарын көре отырып, өзін тани білу; Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, сөздік қорын дамыту. Топпен жұмыс жасауға, бірін - бірі тыңдауға, ұйымшылдықпен әрекет етуге тәрбиелеу.
Барысы: Сұрақ шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыттасып шалқысып.
Көңілді кеш жасайық.
Ал, сайыскер балалар!
Білімдерін сынайық,
Тапқыр достар ішінен
Көшбасшысын табайық!
- Олай болса оқушылар бүгінгі «Тапқыр достар» сайысымызды бастаимыз.
І топ Сұнқар
ІІ топ Білгірлер
ІІІ топ Жасқыран
Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ, яғни сіздердің балдық жүйелеріңіз асық арқылы анықталады. Қай топ көп асық жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1. Жылдам сұрақтар
Әр топқа 5 сұрақ қойылады.
2. Қай жемісті таңдайсың?
Жемістерге жасырылған тапсырмаларды орындайды.
3. Кімнің есінде қалды?
Естерінде қалған сөздерді теріп жазады.
4. Келші, досым, көмектесші!
Топ болып бірлесіп, саңырауқұлақ жапсырады.

1 - кезең «Жылдам сұрақтар»
І топ
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. 5+3 - тің қосындысы нешеге тең? (8)
3. Түйе сүтінен жасалатын сусынды не деп атайды? (Шұбат)
4. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы)
5. Жұмбақтың шешуін тап
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (Бор)

ІІ топ
1. Жылқы сүтінен жасалатын сусынды не деп атайды? (қымыз)
2. 6+4 - тің қосындысы нешеге тең? (10)
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (ә, ө, ү, е, і)
4. Жұмбақтың шешуін тап
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте. (Шырша)
5. Біздің ауданымыз қалай аталады? (Қармақшы)

ІІІ топ
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап көрсет.(Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Жұмбақтың шешуін тап
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
3. 6+2 - нің қосындысы нешеге тең?(8)
4. Сиыр төлі қалай аталады? (Бұзау)
5. Жылдың төрт мезгілін ата (Қыс, көктем, жаз, күз)
2 - кезең Қай жемісті таңдайсың?
Алма
Үй жануарларын ата
Алмұрт
Жабайы жануарларды ата
Шие
Сурет арқылы әңгімені тап
Құлпынай
Бұл ненің дыбысы?
Жүзім
Жасырылған затты сипап сезу арқылы табу
Ананас
Бұл заттардың жалпы атауы қалай?
Анар
Сиырдың пайдасы қандай?
Таңқурай
Бұл ертегі қалай аталады?

3 - кезең Кімнің есінде қалды?
Қой, парта, қар, ай, ешкі, қағаз, кітап, ит, сағат, шана.
Естерінде қалған сөздерді теріп жазады.

4. Келші, досым, көмектесші!
Электронды оқулықта көрсетілген қиылған мозаика құрастырады.
Топ болып бірлесіп, саңырауқұлақ жапсырады.

Қорытынды бөлім
Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын ашық айтуға тәрбиелеу. Марапаттау, қай топ асық көп жинаса сол топ оқушылары жеңіске жетеді.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі