Достық - әдеп,
сыйласым,
Дос өмірлік
қимасың.
Дос - арыңдай
қымбатты,
Достық сезім тым
тәтті.
Достық - йгі
жақсылық,
Достық ниет жақсы
үміт.
Достық жасап
адамға
Достаса біл әмәнда –
деп бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды
бастаймыз.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
біздің сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерді сайыстың жоспарымен
таныстырып кетейін.
Жоспары: 1. Таныстыру
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. .«Мақал-сөздің мәйегі».
4 Кім көп біледі?
5. «Сөз мәйегі»
6. Жеңген топ жеңілген топқа қолқа
салады.
Әр сайыстың төрешісі болады,
Әр тартыстың нәтижесі шығады.
Әділ баға беретін қазылармен
Танысқымыз келеді де тұрады.
Ендеше әділ қазылар
алқасымен таныс болыңыздар.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Шығып жүрген жақсы аты,
«Білгір» тобын ортаға,
Шақырайық халайық.
«Білгір » тобы өз топтарымен таныстырады,
ұрандарын айтады.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын
бар.
«Тапқыр» тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Қиыннан қиыстырып,
Әріптен сөздер құраймыз.
Қай топ епті екенін
Бұл бөлімде сынаймыз! Бұл кезеңде топтарға
әріптер таратылады, мұғалім сұрағына сол әріптен басталатын сөзбен
жауап беру керек.
Алғашқы топқа қ,б,а,ы,т,с,е,а әріптері
үлестіріледі. Қойылатын сұрақтар: Ұлттық ойынның түрі. (Асық) Тамақ
дайындайтын ыдыс. (Таба) Аяқ киімнің өкшесі қалай аталады? (Тақа)
Қымыз ашытатын ыдыс. (Саба) Асықтың ең үлкені. (Сақа) Дұрыс емес.
(Қате) Үлкендерден алатын өнегелі сөз. (Бата) Келесі топқа
ш,к,ө,е,к,с,і,е әріптері үлестіріледі. Қойылатын сұрақтар: Ыдыстың
бір түрі. (Кесе) Төрт түлік мал. (Ешкі) Жаңа емес. (Ескі) Үйлердің
арасындағы жол. (Көше) Әкенің інісі. (Көке) Ертегіде Қожанасырдың
серігі болған жануар.(Есек) Маңдай сүйегі қалай аталады?
(Шеке)
ІІІ кезең: «Мақал-сөздің
мәйегі».
Әр топқа 5 мақалдан беріледі. Жалғасын
табу керек.
І топ:
Дұшпаныңнан бір сақтан...
/Жаман достан мың сақтан/.
Дос сыртыңнан мақтар,
/Дұшпан көзіңе мақтар/.
Досы жоқ адам- ...
/Тұзы жоқ тағам/.
Ағаш тамырымен мықты,...
/Адам досымен мықты/.
Ерегескен ел болмас,
/Есептескен дос болмас/.
ІІ топ:
Досы көпті жау алмайды,
/Ақылы көпті дау алмайды/.
Жақсымен жолдас болсаң-ісің
бітер...
/Жаманмен жолдас болсаң-басың
кетер/.
Күлме досыңа,...
/Келер басыңа/.
Досы көппен сыйлас, ...
/Досы азбен сырлас/.
Жақсы дос үшін ...
/жан пида/.
сөйлем шығару. (5 мин уақыт)
1. І Т Н І Л (тілін)
2. І Б У Л (білу)
3. М З П Ы Р Ы А (парызым)
4. ААН (ана)
5. Х Қ Н Л А Ы (халқын)
6. С Г Н Й Е У (сүйген)
7. Т А С Ы Л Н (салтын)
8. С Е Ү Р Й (сүйер)
9. А Қ Р А (арқа)
10. С Е Г Т І Ө Н Д І
(төсіндегі)
11. У АР (ару)
12. А Л Қ А (қала)
13. Д Ы Қ А Л Ы (ақылды)
14. Р А Қ Я И (қария)
15. Н Ы А Ғ (ағын)
16. Р Я А Д И (дария)
Тәуелсіздік күніін
ата
А.Құнанбаев 5 асыл істі
қай өлеңінде айтады атап бер
Ен сұлу
құс
Қазақстанның ата-заңы
қашан қабылданды
Зере Абайға кім
боладыы
Жабы сөзі қандай мағына
береді?
Тышқаннан қорқатын
аң
Қазақ тіліне тән
дыбыстар саны нешеу
Түйе сүтінен жасалатын
сусын
ҚР елтаңбасының
авторлары
Өтірікші кімді алдайды
өзін
Көгілдір сөзіне
анықтама бер
Қазылар
орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары
кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың
сайысында,
Жеңіске жетер дейміз
нағыз мықты,- дегендей,
ойыншыларымызды бағалау
үшін әділ қазыларға сөз берейік.
«Тапқыр достар» атты
танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл-әр ұлттың
қайталанбас байлығы, тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ.
«Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» деген екен дана халқымыз.
Достықтың арнасы кең, тамыры терең. Ендеше, балалар, дос бола білейік! Адал
дос болайық! Сау болыңыздар!