Материалдар / Тапқырлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тапқырлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Биологиядан 7,8 сыныптарға арналған сыныптан тыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




ЖPicture 1 амбыл облысы, Меркі ауданы

35 орта мектебінің биология пәні мұғалімі:

Тилегенова Камар Жайлаубаевна

Еңбек өтілі:12 жыл

Санаты: І


Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар» сайысы


Сабақтың мақсаты: а) Биология пәнінен алған білімдерін нақтылау,

еске түсіру, естерінде қалдыру;

ә) Экологиялық және эстетикалық тәрбие беру;

б) Күнделікті өмірде өсімдіктің алар орны мен маңызын

терең түсіндіру

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

«Бір тал кессең, он тал ек»

«Дала көктен шығады, дәрі шөптен шығады»

«Өсімдік - өмір кілті»

«Сенің денеңнің қуаты, өсімдіктің шырынында»


Барысы: Балалар біз бүгін сіздермен «Тапқырлар сайысы» атты танымдық ойынымызды бастаймыз. Биология пәнінен алған білімдеріңді, қосымша өздерің оқыған материалдардан білгендеріңізді бүгін ортаға салмақпыз. Сендерге сәттілік тілеймін.

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар» - деген екен Жүсіп Баласұғын.

Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер!


О йынның кезеңдері:

I. Таныстыру

II. Жұмбақтар әлемі

III. Жеті жұрттың тілін біл

ІV. Жеті ғажайып бақ

V. Сөз тапқанға қолқа жоқ

VI. Қорытынды


Белді бекем жарыстарға  буып түс

Қара қылдай қақ жарылар әділ іс.

Шапқан кезде білім атты көмбеде,

Шабыттанып, қапы қалмай оза түс.

Білім сайыс болғаннан соң шабысы

Қосылады бір сыныптың мықтысы

Қобалжисың топтан қалай озам деп

Көрінеді  алған білім  табысы.





I. Таныстыру

1. «Жас ұландар» тобы

2. «Жас қырандар» тобы

II. Жұмбақтар әлемі

1. Атасы қисық ағаш,

Анасы жайма шелпек,

Бір сабақта құж-құж жентек

Жауабы: жүзім

2. Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

Жауабы: қауын, қарбыз

3. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды.

Жауабы: күнбағыс

4. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр.

Жауабы: қызылша

III."Жеті жұрттың тілін біл"

«Ақыл –ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» - деген екен Ғ.Мүсірепов.

Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет.

Қазақтан шыққан өткір ойлы, жан-жақты ғұлама этнограф, тарихшы, әдебиетші, географ, саясатшы Ш. Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлей білген екен. Ал, біздің дарынды оқушыларымыз да 3 тілді қалай меңгергенін байқап көрелік!

Өсімдіктерге байланысты тапсырманың жауабын тауып, 3 тілде айтып берген топқа 5 ұпай, 2 тілдегі жауабын тапқан топқа 3 ұпай, 1тілдегі жауабын айтқан топқа 1 ұпайды иеленеді.

1 Өсімдіктің жер асты мүшесі \ тамыр - корень – root \

2 Ең ірі жеміс \ асқабақ - тыква - pumpkin \

3 Өсімдіктің қай мүшесі ( жасыл асхана ) деп аталады?

( жапырақ – лист - letter)

4. Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі

(сабақ-стебель- stalk)

5. Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен (гүл-цветок- flower)

6. Мәңгі жасыл ағаш (шырша - ель- spruce)

ІV. «Ғажайып бақ» тапсырмасы

Бұл кезеңде оқушыларға өсімдіктер мен жануарларға байланысты әр түрлі қызықты сұрақтар беріледі. Бұл сұрақтарды оқушыларға алдын ала дайындалу, іздену мақсатына таныстырылған. Әрбір топ өздері таңдап, әртүрлі ұпайлық тапсырмаларды алады. Таңдаған ұпайды сол топ иеленеді. Таппаған жағдайда екінші топ жауап беруге болады. онда 10,20,30 ұпайлық тапсырмалар бар.

1. Ежелгі уақыттан  адамдар ағзаға қан құюдың маңызы бар екенін білген. Тіпті, Еж.Грецияда және Еж. Египет ескерткіштерінде  қан құю туралы жазылған. Папа Римский Иннокентий VIII қартайған шағында  өзіне үш жасөспірімнің  қанын құюды бұйырады.Ақыр аяғында папа да, жасөспірімдер де қайтыс болады.Себебін түсіндір?

Жауабы: Эритроциттердің жабысуы. Қан топтарының сәйкес келмеуі.

2. 1785ж атақты Итальян оқымыстысы Спалланцани бақаның өкпесін алып тастап  не болатындығын бақылады.Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ. Өкпесінен айырылған бақа өзінің қорегін аулап, секіріп ештеме болмағандай жүре берді. Бұл тәжiрибенiң нәтижесін қалай  түсiндiруге болады?

Ылғалды терісі арқылы тыныс алу

3. Ең мықты жәндік?

Жауабы: Ең мықты жәндік – құмырсқа. Бұл кішкентай бұнақдене өте еңбекқор. Ол өзінен 50 есе ауыр заттарды  көтере алады. Мысалы: пілді алсақ  ол өзінің дене  салмағының ½ бөлігін көтере алмайды.

4. Бұл аса маңызды өсімдік. Отаны Оңтүстік Америка. Сабағы мен жапырағы, жемісі улы болғандықтан жануарлар сүйіп жемейді. Крахмалды өсімдік. Халқымыз оны «екінші нан» деп атайды. Бұл қандай өсімдік?

Жауабы: картоп

V. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (Тез жауап беріліуі керек . Әр дұрыс жауап 1баллмен есептеледі)

1 Өсімдіктерді зерттейтін ғылым.\Ботаника\

2 Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? . \ 1981 жылы\

3. Қазақстанда қанша қорық бар? . \ 9 \

4 Өсімдіктің өсім мүшелерін ата.\ тамыр, сабақ, жапырақ\

5 Өсімдіктің көбею мүшелері . \ гүл, жеміс, ұлпа\

6 Жасушаны ашқан ғылым . \ Роберт Гук \

7 Тек өсімдік жасушасына тән денешік . \ пластик \

8 Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы \ ұлпа\

9 Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады \органикалық\

10 Тамыр шығу тегіне байланысты нешеге бөлінеді, оларды ата

\ 3- ке негізгі, жарнама ,қосалқы \

11 Бір жыл ішінде пайда болған сүрек қабаты \жылдық сақина \

12 Күн гүлі деп аталатын өсімдік \ күнбағыс \

13 Ең ірі жеміс \ асқабақ \

14 Фотосинтез процесін ашқан ғылым \ Тимирязов \

15 Жапырақтары түгелдей тікенге айналған өсімдік \ кактус \

16 Жарықта өсімдік жапырағынада жүретін проссесс \ фотосинтез\

17 Түрі өзгерген жер асты өркендері \ тамырсабақ , түйнек , пиязшық \

18 Түйнекте жетілмеген жапырақтың құрап түсіп қалған ізі \көзше\

19 Бидайдың жемісі не деп аталады \ дәнек \

20 Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы \ қос жынысты \

VI. Қорытынды:

Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулерді біліңдер. Үйден осындай өсімдікке байланысты теңеулерді кітапханалардан іздеп тауып, биология пәніннен дайындалып келіңдер.

1.Кактус- түн аруы

2. Күріш- ақ маржан

3. Мақта – ақ алтын

4. Бәйшешек –көктем гүлі

5. Картоп – екінші нан

6. Емен- ағаш алыбы

7. Зығыр – жібек түрі

8. Итмұрын емдік бұта

9. Жүзім –оңтүстік шырыны

10. Сексеуіл – оңтүстік отыны

VII. Бекіту: Оқушыларды марапаттау









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!