Материалдар / "Тапқырлар мен білгірлер"- атты сайыс сабақ. 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тапқырлар мен білгірлер"- атты сайыс сабақ. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
740
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тапқырлар мен Білгірлер»

атты сайыс

(10 класс)



Өткізген: Біржанова А.Б

«Абай атындағы №33 орта мектеп»

Мақсаты: 10-сынып оқушыларының жалпы физика пәні бойынша білім деңгейлерін тексере отырып білімдерін одан ары дамыту.физикаға қызығушылықтарын арттыру.


Түрі: Ойын. Жарыс.



Жоспары:

І тур. Бәйге.

ІІ тур. Көкпар.

ІІІ тур,Қыз қуу

ІV «Лабиринт»

V тур. Полиглот.

VІ тур. «Сиқырлы текше»

VІІ тур. «Физворд шешу»

VІІІ Қортындылау

Физика бұл өмірдің,

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен,

Елімнің өзен даласы.


Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары бір физика ғой.




Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі оқушылар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Білгірлер мен тапқырлар » атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Ендеше, құрметті көрермендер, «Білгірлер мен тапқырлар» атты физикалық сабағымызды бастайық.

І-тур. Бәйге.


Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ баға беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бірге көріңіз.


Сайысымыздың І-кезеңі - «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық анықтамаларға қоңырау соғу арқылы жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:



1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)

2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ.

(идеал газ)

4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

(қаныққан бу)

5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция)

6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)

9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)

11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)

12. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.

(жылдамдық)

13. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)

14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)

15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады)

16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.

(механикалық қозғалыс)

17. Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. (деформация)

18. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)

19. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)

20.Суды елеуішпен алып жүруге бола ма? (Болады кристалл күйінде)



ІІ-тур. Көкпар.

Адам - Алып таңғажайып ісімен,

«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

Физикалық заңдылықтар күшімен.


Бұл адамдар ардақтаған халықтар,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,

Алыптарды әрқашанда танып қал.


1. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)

2. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)


3. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)


4. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)


6. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)


ІІІ-тур-Қыз қуу

Слайдта берілген тапсырманы орындайды

ІV-тур.«Лабиринт»

Команда капитандарына тапсырмалар таратылады. Ойыншылардың міндеті, осы тапсырмаларды шешіп, әділқазыларға көрсету. (Сендерге 3 минут уақыт берілсін)


DrawObject1











Жауабы: масса, уақыт, жылдамдық, ұзындық, күш, көлем.

DrawObject2











Жауабы: метр, м/с, кг, с, м, Н, м3.






V-тур. Полиглот.

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

7 ұпай, шәкірт саған несібе.


1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])


2.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді

Бірақ өзі көрмейді. ( компас,compass [кампәс])


3.Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады. ( магнит, magnet [магнет])


4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope [телискоуп])


5.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды ( сағат,часы, clok [клок])


6.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength [стрензсі])


7.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy [енеджи])

8. +10 упай (сыйлык упай)











VІ-тур. «Сиқырлы текше»

Осы текшенің көмегімен экрандағы қалташадан қажетті номерді таңдаймыз. (осы ойыннан соң, жұлдыз саны аз екі ойыншы шығарылады)

1 қалта. Шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(2 жұлдыз)(жұмыртқаны айналдыру керек, пысқан тез айналады)

2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: КІлті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (2 жұлдыз) (конвертті жағып жіберу керек)

3 қалта. Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбінде тиын жатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет, стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (2 жұлдыз) (пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)

4 қалта.Темір жол вагонының ішінде вагонмен бір бағытта тасбақа жылжып барады. Жерге қатысты аталған екі дененің қайсысы үлкен жылдамдыққа ие тасбақа ма әлде вагон ба? (1 жұлдыз) (тасбақа)

5 қалта. Газдар мен сұйықтардың, сұйықтар мен қатты денелердің қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? (1 жұлдыз)

6 қалта. Қандай зат сұйық күйден қатты күйге ауысқанда атын өзгертеді? (1 жұлдыз)

7 Неге май сорпанын бетіне шыгып кетеді? (Май судан женіл)

8 Бір стақан сүт ауырма, әлде қаймақ ауыр ма? (сүт)

9Ұшып бара жатқан ұшақтан жүк тасталады Егер самалет ұшу бағыты мен жылдамдығын өзгертпесе жүк жерге түскен кезде самалет қайда болады? (Жүктін үстінде)

10 Ауа шарлары неге су бетінде қалқып жүреді? (ауа судан женіл)

VІІ-тур. «Физворд шешу»

Бұл ойында әр ойыншы өзінің қандай физикаға қатысты сөздерді білетіндерін көрсетеді қай жақ көп жазса сол жақ женіске жетеді, физикадан білімдерін барынша қолдану керек. (Ойыншылар плакатқа көбірек сөз жазуға тырысу керек)

Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Әділқазылар алқасына сөз беру:

Грамотамен марапаттау.


VІІІ-тур. «Қортындылау және жеңімпаздарды мараппаттау»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!