Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 2


Білім беру ұйымының атауы


Пәні

Дене шынықтыру

Бөлім:

5-бөлім. Шаңғы/кросс/коньки даярлық негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Күні:


Сыныбы: 4

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану

Сабақтың мақсаты:

(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Оқушылар аяқ күшін дамытуға арналған жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қиындықтарды еңсеру жолдарын таңдайды және қозғалысты дұрыс реттейді.

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.




(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды сапқа тұрғызады, амандасады, қатысымды анықтайды. Қауіпсіздік ережелерін еске салады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында заң мен тәртіпті сақтау, ережені бұзбау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы қысқаша түсіндіреді. Жеңіл жүру, аяқ бұлшықеттерін қыздыру жаттығуларын ұйымдастырады

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.


Саралау тәсілі.

Қимылы баяу оқушыларға қозғалыс қарқынын төмендетуге рұқсат етіледі, ал физикалық дайындығы жоғары оқушылар жаттығуды толық амплитудада орындайды.

Сапқа тұрып, педагог нұсқауын тыңдайды. Жүру мен қыздыру жаттығуларын арақашықтық сақтай отырып, өз мүмкіндігіне сай орындайды. Қозғалыс кезінде тәртіп сақтайды.

ҚБ:

Ауызша кері байланыс – педагог дұрыс орындаған қозғалыстарды мадақтап, түзетуді қажет ететін сәттерге ауызша нұсқау береді.

Спорт зал.

Сабақтың ортасы


6+4 минут




1-тапсырма: «Секіру арқылы аяқ күшін дамыту»

Орнынан ұзындыққа секіру және жартылай отырып секіру жаттығуларының техникасын көрсетеді. Қону кезінде тізені сәл бүгіп, тепе-теңдікті сақтауды ескертеді. Қауіпсіздік талаптарын қадағалайды.

Саралау тәсілі:

Қолдауды қажет ететін оқушыға секіру қашықтығы қысқартылады, ал физикалық дайындығы жоғары оқушыға секіру саны арттырылады.

Жаттығуларды белгіленген аймақта орындап, секіру кезінде аяқтың дұрыс қимылына және қауіпсіз қонуына назар аударады.

ҚБ:

ЖИ-бағалау (уақыт өлшеу қосымшасы)

Дескриптор:
– Секіру техникасын дұрыс орындады.
– Қону кезінде қауіпсіздік ережесін сақтады.
– Жаттығуды белгіленген уақытта аяқтады.

Конустар, өлшеу сызығы, секундомер немесе уақыт өлшеу қосымшасы бар телефон.



8 минут орындау

4 минут кері байланысқа



2-тапсырма: «Белгі бойынша алға–артқа қозғалу»

Белгі бойынша алға секіріп, артқа шегініп қозғалу жаттығуын ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау мен қозғалысты бақылауға бағыт береді.

Саралау тәсілі:

Кейбір оқушыға қозғалыс саны азайтылады, ал қабілеті жоғары оқушыға дәлдік пен жылдамдық талап етіледі.

Белгіге дейін секіріп барып, кері қозғалады. Өз қозғалысын реттеп, басқа оқушыларға кедергі жасамайды.

ҚБ:

Ауызша кері байланыс

Дескриптор:
– Белгіге дейін және кері қозғалысты дұрыс орындады.
Арақашықтықты сақтады.
– Қозғалысты бақылап орындады.

Белгі таспалары немесе сызық, конустар, ысқырық.


8 минут










4 минут


3-тапсырма: «Сергіту сәті – Қимылды қайтала»


Саралау тәсілі:
Жаттығулардың қарқынын оқушы өз мүмкіндігіне қарай таңдайды. Қиын қимылдарда баяу орындауға рұқсат етіледі.

Функц.сауаттылық:
Оқушы өз дене жағдайын бақылап, шаршау деңгейіне қарай қозғалыс қарқынын өзгерту арқылы денсаулығын сақтауға үйренеді.

Пәнаралық байланыс:
(Өзін-өзі тану – өзін бақылау, жауапкершілік; Биология – бұлшықеттердің жұмысы)

Оқушылар баяу қозғалып, тынысын реттейді.

Дескриптор:
– Сергіту жаттығуларын мұқият орындады.
– Қозғалыс қарқынын дұрыс таңдады.
– Қауіпсіздік ережелерін сақтады.

Музыкалық әуен, спорт зал кеңістігі, белгіленген қозғалыс аймағы.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Оқушылар «Мен бүгін … үйрендім», «Мен үшін ең пайдалы тапсырма … болды» деген сөйлемді аяқтау арқылы өз әсерін білдіреді.

Үй тапсырмасы:

Үй жағдайында аяқ бұлшықеттерін дамытуға арналған 2–3 жеңіл жаттығуды қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындап келу.

Рефлексия жасайды.


Ауызша мақтау – сабаққа белсенді қатысқан, тәртіп сақтаған оқушыларды ауызша мадақтау.

Спорт зал.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12