400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 4


Білім беру ұйымының атауы


Пәні

Дене шынықтыру

Бөлім:

5-бөлім. Шаңғы/кросс/коньки даярлық негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Күні:


Сыныбы: 4

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру

компоненттерін дамыту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.3.3.1 дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану

Сабақтың мақсаты:

(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Оқушылар командалық эстафета барысында өз қозғалыс әрекетін бақылай отырып, тыныс алу, жүрек соғысы және шаршау деңгейіндегі өзгерістерді сезінеді, қозғалыс қарқынын реттейді және топпен жұмыс істеу ережесін сақтайды.

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.




(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды спорт залда белгіленген сызық бойына тұрғызады. Амандасып, қатысымды анықтайды. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді: командалық қозғалыс кезінде жолақты сақтау, белгісіз бағытқа шықпау, бір-біріне кедергі жасамау. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында заң мен тәртіпке бағыну, команда алдындағы жауапкершілік, әділ ойнау қағидаларын атап өтеді. Жеңіл жүру, буындарды қыздыру және аяқ бұлшықеттеріне арналған дайындық жаттығуларын жүргізеді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.


Саралау тәсілі.

Физикалық дайындығы төмен оқушылар жаттығуларды баяу қарқынмен орындайды, ал дайын оқушылар қозғалысты белсенді орындауға бағытталады.

Сапқа тұрып, педагог нұсқауын тыңдайды. Қыздыру жаттығуларын спорт зал кеңістігінде арақашықтық сақтай отырып орындайды, қозғалыс кезінде тәртіп ережесін ұстанады.

ҚБ:

Ауызша кері байланыс

Спорт зал еден белгілері, ысқырық, конустар.

Сабақтың ортасы


6+4 минут




1-тапсырма: «Командалық жүгіру эстафетасы»

Оқушыларды бірнеше командаға бөледі. Белгіге дейін жүгіріп барып, эстафетаны келесі ойыншыға тапсыру ережесін түсіндіреді. Қозғалыс кезінде өз жолымен жүгіруді қадағалайды.

Саралау тәсілі:

Кейбір оқушыға жүгіру арақашықтығы қысқартылады, ал физикалық дайындығы жоғары оқушыға жылдамдықты тұрақты сақтау міндеттеледі.

Команда құрамында белгіге дейін жүгіріп барып, кезекті келесі оқушыға береді. Эстафета тәртібін сақтайды.

ҚБ:ЖИ-бағалау (уақыт өлшеу қосымшасы)

Дескриптор:

- Эстафетаны белгіленген жолмен орындады.

- Командалық ережені сақтады.

- Қозғалысты уақытында аяқтады.

Конустар, старт-финиш сызығы, секундомер немесе уақыт өлшеу қосымшасы бар телефон.


8 минут орындау

4 минут кері байланысқа



2-тапсырма: «Кедергілер арқылы командалық қозғалыс»

Команда мүшелері белгіленген кедергілерді кезекпен аттап өтіп, қозғалысты жалғастыру тапсырмасын береді. Қауіпсіз қимыл мен тепе-теңдікті сақтауды ескертеді.

Саралау тәсілі:
Қиындық сезінген оқушыларға кедергіні айналып өтуге рұқсат етіледі, ал дайын оқушылар жаттығуды тоқтаусыз орындайды.

Кедергілерден өтіп, эстафетаны жалғастырады. Өз қозғалысын және тыныс алуын бақылайды.

ҚБ:

Ауызша кері байланыс

Дескриптор:

-Қозғалысты қауіпсіз орындады.

-Эстафета тәртібін бұзбады.

-Өз қимылын бақылап отырды.

Кедергілер, конустар, спорт зал кеңістігі.


8 минут










4 минут


3-тапсырма: «Сергіту сәті – Командамен қалпына келу»


Саралау тәсілі:
Оқушылар сергіту жаттығуларын өз мүмкіндігіне қарай орындайды, қажет жағдайда баяу қарқынға көшеді.

Функц.сауаттылық:
Оқушы эстафетадан кейін тыныс алуын, шаршау деңгейін сезіну арқылы өз ағзасындағы өзгерістерді бақылауды үйренеді.

Пәнаралық байланыс:
(Биология – жүрек пен тыныс алу жүйесінің жұмысы; Өзін-өзі тану – жауапкершілік және өзін-өзі реттеу)

Оқушылар баяу қозғалып, тынысын реттейді.

Дескриптор:

-Сергіту жаттығуларын дұрыс орындады.

-Өз дене жағдайын бақылады.

-

Қауіпсіздік талаптарын сақтады.


Музыкалық әуен, спорт залдың бос аймағы, ысқырық.


Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:
Оқушылар «Мен эстафета кезінде өз қозғалысымды … арқылы бақылай алдым» сөйлемін аяқтайды.

Үй тапсырмасы:
Үйде жеңіл жүгіруден кейін тыныс алуды қалыпқа келтіретін 2–3 жаттығуды орындап келу.

Рефлексия жасайды.


Ауызша бағалау және қоштасу

Спорт зал.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.07.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12