400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 5


Білім беру ұйымының атауы


Пәні

Дене шынықтыру

Бөлім:

5-бөлім. Шаңғы/кросс/коньки даярлық негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру

компоненттерін дамыту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.3.3.1 дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану

Сабақтың мақсаты:

(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Оқушылар қарама-қарсы эстафета тапсырмаларын орындау барысында өз дене қимылындағы өзгерістерді бақылайды, қозғалыс қарқыны мен тыныс алуын реттей отырып, қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.




(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды спорт залда белгіленген сызық бойымен сапқа тұрғызады. Амандасып, қатысымды анықтайды. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді: қарама-қарсы қозғалыс кезінде жолақты сақтап жүгіру, соқтығыспау, белгісіз бағытқа шықпау. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында заң мен тәртіпті сақтау, ойын ережесіне бағыну, командалық жауапкершілік туралы қысқаша түсінік береді. Жүру, жеңіл жүгіру және аяқ бұлшықеттерін қыздыру жаттығуларын ұйымдастырады.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.


Саралау тәсілі.

Дайындығы төмен оқушыларға қозғалыс қарқынын баяулатып орындауға мүмкіндік беріледі, ал физикалық дайындығы жоғары оқушылар жаттығуды белсенді қарқынмен орындайды.

Сапқа тұрып, педагог нұсқауын тыңдайды. Қыздыру жаттығуларын зал кеңістігінде арақашықтық сақтай отырып орындайды. Қозғалыс кезінде тәртіп ережесін ұстанады.


ҚБ:

Ауызша кері байланыс – педагог қауіпсіз қозғалысты сақтаған оқушыларды мадақтайды.

Спорт зал еден сызықтары, ысқырық, конустар.

Сабақтың ортасы


6+4 минут




1-тапсырма: «Қарама-қарсы бағытта жүгіру эстафетасы»
Оқушыларды екі командаға бөліп, қарама-қарсы бағытта белгіге дейін жүгіріп, кері оралу тапсырмасын түсіндіреді. Қозғалыс кезінде жолақты сақтау, қарсы келе жатқан оқушыға жол беру керектігін ескертеді.

Саралау тәсілі:
Кейбір оқушыға жүгіру қашықтығы қысқартылады, ал дайын оқушыға жылдамдықты сақтау талабы қойылады.


Белгіге дейін жүгіріп барып, кері өз сызығымен қайтады. Қарсы бағыттағы оқушымен соқтығыспауға мән береді.

ҚБ:

📱 ЖИ-бағалау (уақыт өлшеу қосымшасы)
Дескриптор:

- Эстафетаны өз жолымен орындады.

-Қауіпсіздікті сақтады.

-Қозғалысты уақытында аяқтады.

Конустар, старт-финиш сызығы, секундомер немесе уақыт өлшеу қосымшасы бар телефон.


8 минут орындау

4 минут кері байланысқа



2-тапсырма: «Эстафетада секіру элементтерімен қозғалу»

Қарама-қарсы бағытта қозғала отырып, белгіленген жерде екі аяқпен секіріп өту тапсырмасын береді. Секіру кезінде қауіпсіз қонуға назар аударады.

Саралау тәсілі:

Қиындық көрген оқушыға секіру санын азайтуға рұқсат етіледі, ал қабілеті жоғары оқушыға қозғалысты кідіріссіз орындау ұсынылады.

Белгіге дейін жүгіріп барып, секіру элементін орындайды да, кері қайтады. Өз қозғалысын бақылайды.

ҚБ:

Ауызша кері байланыс
Дескриптор:

-Секіруді дұрыс орындады.

-Қауіпсіз қону техникасын сақтады.

-Эстафета ережесін бұзбады.

Секіруге арналған белгілер, конустар, спорт зал кеңістігі.


8 минут










4 минут


3-тапсырма: «Сергіту сәті – Қозғалысты бақыла»

Саралау тәсілі:
Оқушылар қозғалыс қарқынын өз мүмкіндігіне қарай таңдайды, шаршаған жағдайда баяу орындауға рұқсат етіледі.

Функц.сауаттылық:
Оқушы жүгіруден кейін тыныс алуын, жүрек соғысын бақылап, өз ағзасындағы өзгерісті сезіну арқылы қозғалысты реттеуді үйренеді.

Пәнаралық байланыс:
(Биология – жүрек пен тыныс алу жүйесінің жұмысы; Математика – уақытты санау)

Оқушылар баяу қозғалып, тынысын реттейді.

Дескриптор:

Сергіту жаттығуларын саналы орындады.

Өз дене жағдайын бақылады.

Қауіпсіздік талаптарын сақтады.


Музыкалық әуен, бос кеңістік, ысқырық.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:
Оқушылар «Мен эстафета кезінде өз қозғалысымды … арқылы бақылай алдым» сөйлемін аяқтайды.

Үй тапсырмасы:
Үйде жеңіл жүгіруден кейін тыныс алуды қалыпқа келтіретін 2–3 жаттығуды орындап келу.

Рефлексия жасайды.


Ауызша бағалау және қоштасу

Спорт зал.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.07.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12