1 наурыз-Алғыс күні
Көктемнің алғашқы айы наурыз,күнтізбеміздің парақтарын жанға жылу, жүрекке мейірім сыйлайтын мерекелерімен ашты. Соның бірі – елімізде биыл үшінші рет тойланып отырған Алғыс айту күні.Осы мереке біздің «ЕрТөстік»балабақшамыздың, есігін ашып кірген әрбір ата-аналарға бүгін біздің тәрбиеші,ұстаздарымыз ерекше көңіл күймен,әр топ түрлі безендірілген, арнайы әзірленген мерекелік қошаметпен қарсы алды.Керемет жақсы жағымды жылы сөздермен бір-біріне лебіздерін білдірген аналар,тәрбиешілерге жақсы тілектерін арнайы дайындалған тілек бұрыштарына жазып іліп жатты.
Бұл таңғы лебіздер әрі қарай жалғасып, балалармен тәрбиешілер бірігіп осы мекеме қызметкерлерін де құттықтап,мейірімге бөледі.Кешке балаларын алып кетуге келген ата-аналар құр қол келмей қолдарына балаларымен бірге қолдан жасалған, ақ тілектер жазылған ашық хаттарымен келіп,«сыйға сый-сыраға бал»демекші қайта қауышып жатқан сәттерімен, бізде куә болып осы әсерден махаббат алдық десек артық айтпаймыз.Керемет әсерлер жүректен-жүрекке жетіп жатқаны әрбір ата-аналар түгілі балалардың да көңілін селт еткізгені білініп тұрды.
Мейірім мен жаныңа жайлы жақсы сөз жетпей қалатын мына қысқа ғұмырда ,жұдырықтай жүрекке салмақ түспесін.Адамның ең нәзік, ең берік мүшесі осы жүрек. Сондықтан бұл өмірде бір- біріміздің жүрегімізді ауыртпауға тырысайық.
Адамдар қай жаста болмасын қарапайым жылы шырай мен мейірімге зәру болады.Қыстың қаhарлы күндері аяқталып,енді алда жақсылық,жайма шуақ күндердің келе жатқанын білдіргендей әсер алатын күн- осы Алғыс айту күні.Жұдырықтай жүректеріңіз мейірімге,адамгершілікке,сыйластыққа толы болсын,аман сау болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "1 наурыз-Алғыс күні!"
Тақырыбы: "1 наурыз-Алғыс күні!"
1 наурыз-Алғыс күні
Көктемнің алғашқы айы наурыз,күнтізбеміздің парақтарын жанға жылу, жүрекке мейірім сыйлайтын мерекелерімен ашты. Соның бірі – елімізде биыл үшінші рет тойланып отырған Алғыс айту күні.Осы мереке біздің «ЕрТөстік»балабақшамыздың, есігін ашып кірген әрбір ата-аналарға бүгін біздің тәрбиеші,ұстаздарымыз ерекше көңіл күймен,әр топ түрлі безендірілген, арнайы әзірленген мерекелік қошаметпен қарсы алды.Керемет жақсы жағымды жылы сөздермен бір-біріне лебіздерін білдірген аналар,тәрбиешілерге жақсы тілектерін арнайы дайындалған тілек бұрыштарына жазып іліп жатты.
Бұл таңғы лебіздер әрі қарай жалғасып, балалармен тәрбиешілер бірігіп осы мекеме қызметкерлерін де құттықтап,мейірімге бөледі.Кешке балаларын алып кетуге келген ата-аналар құр қол келмей қолдарына балаларымен бірге қолдан жасалған, ақ тілектер жазылған ашық хаттарымен келіп,«сыйға сый-сыраға бал»демекші қайта қауышып жатқан сәттерімен, бізде куә болып осы әсерден махаббат алдық десек артық айтпаймыз.Керемет әсерлер жүректен-жүрекке жетіп жатқаны әрбір ата-аналар түгілі балалардың да көңілін селт еткізгені білініп тұрды.
Мейірім мен жаныңа жайлы жақсы сөз жетпей қалатын мына қысқа ғұмырда ,жұдырықтай жүрекке салмақ түспесін.Адамның ең нәзік, ең берік мүшесі осы жүрек. Сондықтан бұл өмірде бір- біріміздің жүрегімізді ауыртпауға тырысайық.
Адамдар қай жаста болмасын қарапайым жылы шырай мен мейірімге зәру болады.Қыстың қаhарлы күндері аяқталып,енді алда жақсылық,жайма шуақ күндердің келе жатқанын білдіргендей әсер алатын күн- осы Алғыс айту күні.Жұдырықтай жүректеріңіз мейірімге,адамгершілікке,сыйластыққа толы болсын,аман сау болсын!
шағым қалдыра аласыз













