Материалдар / Тақырыбы: " Аңдар қысқа қалай дайындалады?"

Тақырыбы: " Аңдар қысқа қалай дайындалады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жабайы жануарлар,олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту.Аңдардың тыныс тіршіліктерін бақылауға үйрету.Жабайы жануарлардың жүнінің түсін ауыстыру,қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы туралы білімдерін кеңейту. Жабайы жануарлардын аттарын атай білуге үйрету.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: « Дәрумендер»

Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы қарапайым түсініктерін,дәрумендердің түрлері мен ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

Білімділік: Күз мезгілі туралы , көкөністер мен жемістер туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Түрін,түсін, пішінін ажырату және атау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оған қамқорлық жасауға баулу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап.

Құралдар мен материалдар:Көкөністер мен жемістердің суреттері.

Сөздік жұмыс: дәрумендер.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық










Ұйымдастырушы

лық-ізденістік





















Рефлексиялық-түзетушілік

1. Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барлық жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.


Қонаққа Маша келеді. Балалар мен сеңдер сияқты бәрін білгім келеді. Мен жыл мезгілі туралы да ештене білмеймін.

Мен сеңдермен отырып бәрін тыңдап отырайыншы.


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі неше ай болады?

  • Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

  • Күз мезгілінде ауа –райы қандай ?

  • Ал, бүгін күн қандай?

  • Күз мезгілінде не жинаймыз?

  • Дұрыс көкөністер мен жемістерді жинап аламыз.

  • Көкөністер мен жемістердің қандай пайдасы бар?

  • Иа олар бізге пайдалы,онда көптеген дәрумендер бар. Оларды жесек ауырмаймыз,өсеміз.



  • Оларды ыстық сумен жуып жеу керек.

  • Көкөністерден салат жасаймыз.Тамаққа қосамыз.

  • Олардың аттарын қайталату.




Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар ,

Үлкен болып өседі.

Балаларды мадақтау.




Дидактикалық ойын « Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Бірнеше суреттер тастап оның ішінен көкөністер мен жемістерді тауып көрсету.


Олардың атауларын қайталап көрсету.


Тақтаға жеке-жеке шығып іліп көрсету.

Көрдің бе Маша біздің балалар бәрін біледі.

Рахмет мен сеңдерден көп нәрсе білдім.

Енді мен бәрін жуып жейтін боламын.

Сау болыңдар балалар!


Қимылмен көрсетеді .



Сұраққа жауап береді.


Бүгінгі ауа райын анықтайды.









Сұрақтарға жауап береді.








Картоп,қияр, сәбіз,қызанақ т.б .










Қимылмен жасайды.






Дидактикалық ойынды ойнайды.



Күтілетін нəтиже:

Айтады:Көкөністер мен жемістердің атауын. Түсінеді: Адамға өте пайдалы дәрумендер екенін

Қолданады: Ойын кезінде көкөністер мен жемістерді басқа заттардан ажырата алады.




















Күні:

Білім саласы: « Коммуникация»

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Алма» Рза Қонақова

Мақсаты:Дұрыс тамақтану ,дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту,жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға ( жемістер мен азық) сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Дәрумендер туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Балалардың сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, мадақтау, қорытынды

Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер, алманын суреті.

Сөздік жұмыс: Тамсандырар

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық іс-әрекеті







Мотивациялық қозғаушы.






Ғажайып сәт






































Қорытынды.











Балалар шаттық шеңбер құрады.

Құтты қонақ келіпті ,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздр ме қонақтар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Құстар жылы жаққа кетеді.

Жемістер мен көкөністерді қайтеміз?

-Дұрыс жинап аламыз.

Жемістер мен көкөністерде көптеген дәрумендер бар. Олардың біздің деңсаулығымызға пайдасы өте көп.


Осы кезде есік қағылады.

-Балалар бізге біреу келген сияқты.Мен қарап келейін.

-Балалар қараңдар бізге біреу қорапша тастап кетіпті. Ішінде не бар екен?Бұл не балалар? Кім біледі?

Бұл алма ғой.

  • Балалар не?

- Алманың түсі қандай?

- Алманың пішіні қандай?

- Алманың дәмі қандай?

- Алма қайда өседі?

- Алма қандай? Жұмсақ па әлде қатты ма?

Алманың түсі жасыл ,сары қызыл болады.

Алмада көптеген дәрумендер бар

-

Жақсы балалар алмалардың түрлері көп екен.Енді мен сеңдерге алма туралы тақпақ оқып берейін мұқият тыңдап отырындар.Енді бәріміз бірге отырып жатайық.


« Алма»

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсаңдырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайын.


- Сөздік жұмыс:

- Қане бәріміз қайталап айтайық

Лар-лар,лар алма тамсаңдырар. Тамсаңдырар деген дәмін тамсанып жеу.

Қане тағы қайталаймыз.

- Енді кесте бойынша тақпақты қайталап айтамыз.


Алдияр мен Әлимамен қайталау.

Жақсы балалар сеңдермен тақпақты түсте қайталап жаттаймыз.

Ал ,енді алманы алгоритм бойынша түсіндіріп айтайық.


Бұл не? Бұл алма

Алманың түсі қандай? Түсі қызыл,сары,жасыл.Алманың пішіні қандай? Пішіні дөңгелек.

Дәмі қандай? Дәмі тәтті.

Алма қайда өседі? Ағашта өседі.Қолға ұстағанда қандай?

Қолға қатты.Алмамен не пісіреді? Компот,тосап ,дәмді торт.

  • Балалар сеңдерге ұнады ма?

  • Сеңдер өте жақсы қатыстыңдар .Ендеше бәріміз ұнаған көңіл-күйге барамыз.

  • « Көңіл –күй» әдісімен қорыту.




Балалар қайталап

айтады.



Сұрақтарға жауап береді.




Бұл алмалар.






Бұл алма.

Алманың түсі жасыл.

Алма дөңгелек.

Алма тәтті.

Алма бақта ағашта өседі.

Алма қатты.


Сұраққа жауап береді.










Тақпақ айту.


Кесте бойынша 1-2 рет қайталау.






1-2 баламен қайталау.















Қайталап айту.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Алмаларды сипаттай алуы.

Түсінеді: Алмалардың түстерін,түрлерін пайдасын ажыратып түсінеді.

Істей алады: Кесте бойынша тақпақ айта

айта алады.







Айы/күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: « Аңдар қысқа қалай дайындалады?»

Мақсат : Балалардың жабайы жануарлар,олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту.

Міндеттер:

1.Тәрбиелік : Табиғатты сүюге, оны қорғауға, аңдардың тыныс тіршіліктерін бақылауға, аялауға тәрбиелеу..

2.Білімділік:. Жабайы жануарлардың жүнінің түсін ауыстыру,қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы туралы білімдерін кеңейту.

3. Дамытушылық: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланысты анықтау қабілетін дамыту.

Сөздік жұмысы : Қорек жинау, тіршілік ету.

Технологиялық қамтамасыз ету: Сұрақ- жауап,түсіндіру,көрсету.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық








Ұйымдастырушы

лық-ізденістік































Рефлексиялық-түзетушілік

1. Шаттық шеңбері:

Арайлап таң аатты,

Күн сәулесін таратты.

Қайырлы таң балалар ,

Қайырлы таң апай.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілінде күн суық болады. Кейбір жануарлар ұйқыға кетеді. Кейбіреулері өздеріне тамақ жинап дайындалады.


. Мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?
- Ең айлакер аң…

 Ең қорқақ аң…
- Балды жақсы көретін аң …
- Үстінде тікенегі бар...
- Аң патшасы...
- Батыл аң…
Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз? Бұларды бір сөзбен жабайы жануарлар дейміз.Неге жабайы жануарлар деп айтамыз? Себебі олар орманда өмір сүреді. Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді?

Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Қоян, түлкі, қасқыр олар қысқа қорек жинамайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Себебі, өздеріне қорек таба алады. Қоян, қасқыр, түлкі, тиін қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.
Аю жаз бойы өзінің қорегін жинап, қысқа дайындалады екен..


Сергіту сәті

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп ,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Дидактикалық ойын.

« Құйрығын тап » ойыны.

Балаларға жабайы жануарлардың суреттерін беріп олардың құйрықтарын табуға көмектесу.

« Көңіл-күй» әдісімен қорыту.



Қимылмен жасайды.




Сұрақтарға жауап береді.






Түлкі

Қоян

Кірпі

Арыстан

Қасқыр








Жануарлардың атын қайталап айтады.










Қимылмен көрсетеді.





Ойынды ойнап көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Жабайы жануарлардын аттарын.

Түсінеді: Жабайы жануарлардың жүнінің түсін ауыстыру,қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауын.

Істей алады: Ойын кезінде жануарлардың құйрықтарын табады.









ЖИ арқылы жасау
18 Желтоқсан 2017
7277
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі