Тақырыбы: « Жомарт күз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: « Жомарт күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.Шығармашылық ой қияалдарының дамуына ықпал ету. Күз өнімдерімен таныстыру. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым- қатынас қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Жомарт күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.Шығармашылық ой қияалдарының дамуына ықпал ету. Күз өнімдерімен таныстыру. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым- қатынас қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері ілінген.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, және тәрбиешілер «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ортаға 3 бала шығады.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық,

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық.



Қараша күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді.



Ендеше не тұрыс

Тойлайық, күлейік

Қуанып билейік!

Би :«.Жапырақтар.» биі.

(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды.)

Думан: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Көздерім бұлдырап,

Басым айналып барады.

2-бала:Енді не істейміз? Думанға қалай көмектесеміз.?

3-бала: Сабыр сақтаңдар , дәрігер шақырайық!

Думан: Жоқ,жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір тұрам тез.

4-бала: Онда дәрі ішіп ал, менде дәрі бар! Ауырмау үшін суық суға шомылу керек. Дәрігер айтқан!

Думан: Йя

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер!

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар?

2-бала: Думанға дәрігердің көмегі керек!

Дәрігер:Мен қазір қарап шығайын.

А-а-а –деп аузыңды ашшы. Тістері орнында, тамағы іспеген, қызуың бар екен, білдім неден ауырғаныңды! Ағзаңа дәрумендер жетпенген!

Думан: Енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс, көп-көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!

3-бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой, жемістерде, көкөністерде пісті ғой!

2-бала: Қоймаға қоңырау шалайық,күз өнімдерін осында алдырайық!

3- бала: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)

-Ало,ало! Қойма ма?

Бізге көкөністер мен жемістер керек, машинаға салып жіберіңіздерші, мүмкін болса, тезірек!

Жүргізуші жемістер мен көкөністерді әкеледі.

Тақпақтар:

Картоп біздің атамыз Апор деген алма бар

Жер астында жатырмыз Жер жаратын атағы

Бір тамырдан тараған ондай алма қайда бар

Ағайынбыз бәріміз. Алматы оның отаны.





Өсіретін бойыңды Мен моншақты шиемін

Дамытатын ойыңды Құмарсыңдар білемін

Қоянғада азықпыз Кетіп қалып жүрмесін

Сәбіздерміз жазықсыз. Тамағыңа сүйегің.



Тіл үйірген алмұртпын Берекесін сыйлауға

Тамсандырар бал дәмім өлкемізге күз келді

Жерге сілкіп түсірме Жемістерін жинауға

Ісіп кетер маңдайым. Шақырады біздерді.

Жүргізуші:

Бойға қуат нәрі,

Таптырмайтын дәрі.

Өнімдерді ортаға ала,

Тойлайық енді шаттана!

Жүргізуші: Балалар біздің бүгінгі мерекеге кім жетіспей тұр?

Балалар: Алтын күз

Жүргізуші: Ал ендеше ортаға Алтын күзді шақырайық.

Балалар: Алтын күз деп шақырады.

Алтын күз кіріп келеді.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Мен боламын Алтын күз.

Сәлеметсіңдерме балалар, армысыздар қонақтар. Мені мерекеге шақырғандарыңа рахмет.

Жүргізуші: Жарайсың Алтын күз кел балалармен мерекені бірге өткіз, төрлет, балалардың өнерін тамашала.

Тақпақтар:

Көбейді құт береке Күздің қазан айында

Астық толы қамбамыз Алма. Алмұрт піседі

Құтты болсын мереке Жапырақтар сарғайып

Алтын күзді тойлаймыз. Сыбдыр-сыбдыр түседі.



Ән салыңдар күліңдер

жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық.



Алтын сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап.



Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды.





Сары тонын жамылған

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Ән: «Достар»

Орындайтын: Думан, Ақбал, Ақмаржан

Алтын күз: Балалар сендермен менің ойын ойнағым келіп жатыр ойнайсыңдарма?

Балалар: Йя

Ойын: «Кім жылдам»

Жүргізуші:Қәне енді мерекемізді одан әрі қызықтыру үшін кезегімізді биге берейік.

Би: « Қолшатыр» биі (қыздардың орындауында)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар жарнамаға құлақ түріңіздер. Жаңалықтарды біле жүріңіздер.Әп-сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата-анаға үлкен сыйлығымыз бар.

Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар!

Тәрбиеші: Әсем әнсіз той болама?

Ән арнайық күзге жаңа.

Ән: хор « Жомарт күз»

Тәрбиеші: Сәнді киімдер шеруі. Сән әлемінен сырттап құр қалмаңыздар, «Күз-2016» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар, сендердің өнерлерің маған қатты ұнады. Рахмет сендерге менің седермен қоштасатын уақытым болды. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Енді бір сәт назар сап,

Мақтауменен сыйға лайық.

Сурет өнерін тамашалайық!

(Күз тақырыбында сурет салған ата-аналар ортаға шығып, өз туындыларын қорғайды.)

Жүргізуші:

Өнерлеріңізге ризамын.

Суретші екенсіздер нағыз.

Сыйлығымыз сіздер үшін!

Жүргізуші:

Жарнама, тағы жарнама!

Жаңалықтан құр қалма!

Тілек айтқанға сыйлық бар

Күзге арнап ортада!

Ата-аналарға сөз беріледі.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі