Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі»ММ.
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: « Қымыздың пайдасы»
Секциясы: қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау
Орындаған: Абуев Ерхан 3- сынып оқушысы
№2 Аманқарағай орта мектебі
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Рахметова Гульнар Каирканқызы
Мазмұны.
1. Кіріспе – 3 бет
2. Негізгі бөлім - 4 бет
Жылқының қасиеті- сүтінде – 5 бет
Қымыздың пайдасы - 6 бет
Қымыздың қасиеті мен түрлері – 7 бет
Қымыздың қышқылдығын анықтау – 8 бет
Қымызды ашыту әдістері – 9 бет
Қорытынды - 10 бет
Пайдаланған әдебиеттер – 11 бет
1.Кіріспе
Мәселе
Жылқы малының сүті қымызды тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Тақырыбы: « Қымыздың пайдасы»
Мақсаты: Жылқы сүті қымыздың пайдасын,түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Міндеттері:
Қымыз туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
Қымыздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;
Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу .
Нысаны:жылқы сүті қымыз
Пәні: дүниетану
Болжам: егер біз қымыз жайлы оқып білсек, онда қымыздың көптеген сырларын ашар едік.
Нәтижесі: іздену нәтижесінде қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін,әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білеміз.
Қандай сусынды жақсы көресің?- десе, көп бала кола, пепси,спрайтты атайды. Ал мен қымызды,шұбатты ұнатамын.
Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.
Аннотация
Ұлттық тағам – ұлы тағам. Ата
–бабаларымыздан мұра боп қалған осындай ұлттық тағамдарымыз бен
сусындарымыз, яғни ұлттық өнімдерімізді білу оқушылардың міндеті.
3-сынып оқушысы Абуев Ерхан “Қымыздың пайдасы” атты тақырыпта
ғылыми зерттеу жұмысын жасады.
Зерттеу жұмысының барысында
ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, дастарқан дәмінің бірі - қымыз
жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік шипалы сусын
екендігін зерттеп, өз ойымен ұштастыра
білді. Мені осы тақырып қызықтырған соң ата -
анамның, ұстазымның көмегімен, Аманқарағай мекеніндегі
Жолмағамбетовтар отбасымен, күнделікті тұрмыс - тіршілігімен, соның
ішінде жылқы, яғни бие сауып, қымыз дайындайтын жеке шаруашылығымен
таныстым.
Биелердің тұрағын, қалай, немен
қоректендіретінін өз көзіммен
көрдім.
2. Негізгі бөлім
“Жылқы –малдың патшасы,түйе-малдың қасқасы” деген мақал қазақта тегін айтылмаған.
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі,айырылмас досы болған.Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды.Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.
Ғылыми әдебиеттегі анықтамалармен танысып, бақылау жүргізу барысы, зерттелген нәтижелерге талдау жасап, қымыздың пайдасымен, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейтіндігімді айтып жетекшім екеуіміз пікірлесеміз.
Жылқының қасиеті- сүтінде
Жылқының бір қасиеті оның
сүтінде бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі
өмірінде ауыруға ем болған, сауға қуат берген осы қымыз. Сондықтан
оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін
айрықша жоғары. Туберкулезды қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт
1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған. Ұлы орыс жазушылары
Л.Н.Толстой Самара даласында, А.П.Чехов Андревек санаториінда
қымызбен емделген. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана
1910 жылы Бурабайда ашылған. Жылқының екінші қасиеті оның еті
ыссылып болып асқазанды күшейтеді.
Үшінші қасиеті жылқының сүтін пісіріп ішілсе адамның жүз-реңін
қызыл қылады. Төртінші қасиеті жылқының денесінен шыққан «тер»
иісіне жылан жоламайды екен. Ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде
білмей қалып жыланның ордасына барып қалғанда, жылқының тоңымен
төсек қылып, ерін көпшік қылып жатса жылан жоламаған. Жылқы
денесінен шыққан терден бір тамшысын жыланның аузына тамызылса
жыланның сол уақытта өлгені дәлелденген.
Бесінші қасиеті жылқының тезегін жылылай жараға тартса ем болған.
Алтыншы қасиеті оның жаңа тезегінің сығып алынған шырыны құлақ
ауруын қалдырады екен. Құлақтың естімеуінеде ем болған.
Жетінші қасиеті денесінен шыққан тер жағылса «Лишай» деген тері
ауруды емдейді. Сегізінші қасиеті бүрек тасына пайдалы. Дәрілерден
қабылдап, жорға атқа мініп, баяу жорға жөнелсе, бүйректегі тас
түседі. Тоғызыншы қасиеті жылқы тұяғын (копыт) ұсақтап, түйе
құмалағынан әлде жыңғылдан шоқ жасап, ұсақталған тұяқтың түтініне
отырса көтеу (геморой) ауруына таптырмайтын ем. Осыдан көп
пайдаландым. Оныншы қасиеті жылқы майына қарабұрышты қосып
қайнатып, сал болған (нисульт) қол-аяқты сыласа пайдасы
мол.
Қымыздың пайдасы
Қымыз — шипалы әрі жұғымды
сусын. Сапы қымыз —
дертке шипа, денеге күш.
Қымыз – ауруға
ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса
алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен
салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт
ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін
созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен
жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге
ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин
эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы
жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. «Жылқы
малдың патшасы, түйе малдың қасқасы» деген мақалдың айтылуы тегін
емес. Мерекелерде, басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның
жан серігі, досы болған.Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен
қымыз ашытады. Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымының
докторы, профессор З. С. Сейітов бұл сусын көптеген халықтарда өте
ерте кезден - ақ белгілі. Біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырда грек
тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын, оның
дайындау құпиясын ешкімге айтпайтынын жазды, сол сияқты ұлы орыс
ақыны А. С. Пушкин де жақсы пікір айтқан. Ең алғаш қымыздың емдік
қасиетін біліп емдеген Уфа қаласының дәрігерінің бірі – Авенариус
болған.
Ұлы орыс
жазушысы Л. Н. Толстой Самара қаласында, А. П. Чехов атындағы
«Андреевск» санаториясында қымызбен емделген. Ең алғашқы санатория
1858 жылы Самара (қазіргі Куйбышев) қаласына 6 км жерден
ашылған.
Қазақстанда
қымызбен емдейтін емхана 1910 жылы Бурабайда
ашылды,
Қымыздың қасиеті мен түрлері
Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері
мыналар: Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою
қымыз; Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан
кездегі қымыз; Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып,
екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан
қымыз – үш тәулік бойы
ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан
қымыз;
Дөнен
қымыз – төрт тәулік
ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау
қымыз – бесті қымыздан да
күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан
қымыз;
Қорабалы
қымыз – мол қордың үстіне күн
сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған
қымыз;
Сірге жияр
қымыз – күзді күні бие
ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн
жиналады.
Қымыздың қышқылдығын анықтау
Қымыздың қышқылдығын анықтаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл, біріншіден бос көмір қышқылы болған соң көпіршіп тұратын болғандықтан қымыздың қажетті көлемін өлшеп алудың қиындығына, екішіден, тағы сол бос көмір қышқылы болғандықтан ол әр байқауда әр түрлі мөлшерге бірдей болмауына байланысты; ал мұның өзі фенолфталеин индикаторы кезінде сілтінің шығынын арттырып, сілтімен титрлеуге әсер етеді. Демек, қымызды көмір қышқылынан арылтқаннан кейін ғана оның қышқылдығын анықтауға болады. Жалпы қышқылдықтан өзгеше бұл қышқылдық тұрақты деп аталады. Әлсіз қымызда ол 60-80º Т, орташа қымызда 81-100º Т, күшті қымызда 101-120ºТ болуы тиіс.Сиымдылығы 100-250 мл конус тәрізді колбаға 20 мл су құйып, пипеткамен 10 мл қымыз қосады да, оның қалғанын пипеткадан колбаға жібереді. Колбадағы сұйықты әбден араластырады, 3 тамшы фенолфталеиннің ерітіндісін қосып, сілітінің 0,1 н ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен сілтінің 0,1 н ерітіндісінің милли литр санын 10-ға көбейтіп, Тернер градусы бойынша қышқылдықты анықтайды. Параллельді анықталған көрсеткіштердің айырмашылығы Тернер бойынша бір градустан аспауы тиіс. Қымызды титрлеуге 9,5 мл 0,1н күйдіргіш натрий жұмсалды. Бұл жағдайда қышқылдық: 9,5ⅹ 10= 95ºТболады.
Қымызды ашыту әдістері
Қымызды алғаш ашытарда арнаулы даярланған
ашытқының − қордың үстіне жаңа сауылған бие сүті − саумал құйылып,
сабаның немесе күбінің сырты жылылап оралып, әлсін-әлі пісіп,
қор-ашытқы әбден езіліп, қымызға толық тарағанша піседі. Ашытқы
көбінде жылқының сүрленген жаясы мен сүйексіз семіз қазысынан
жасалады. Кейде сүрленген қойдың құйрық майынан да ашытқы жасайды.
Ашытқыны дәкеге орап, сабаға немесе күбіге салады. Ұннан жасалған
ашытқыны да қымыз ашытуға істетуге болады. Бабына келіп, сүрленген
жая және сүйексіз қазы немесе сүрленген қойдың құйрық майымен
ашытылған қымыз майлы және өте дәмді болады. Сарайыңызды ашып,
шөліңізді басып, тұмау сияқты жәй сырқаттарға тамаша ем болады.
Ондай қымыздың иісі мұрныңызды жарып, тәбетіңізді ашумен бірге, өте
сіңімді келеді.
Халқымыз бие сүтінен ашыту жолымен жасалатын қымызды сүтінің тегіне
(қандай биенің сүті), дайындау шеберлігіне, уақыт мезгіліне, жалпы
ерекшелігіне қарай отырып, өз ішінен көптеген түрлерге
бөлген.
Тазалық- жеке гигиенаның ең негізгі талаптары:
Сүт пен қымызға жақын жүретін қызметкерлер таза,әрі жинақы киініп, қолдарын мұқият жуып отыру қажет.
Биелерді сауу кезінде дәрігерлік-санитарлық ережелерді,тазалық гигиенасын, ветеринарлық-санитарлық
шараларды қатаң сақтау қажет
Қорытынды:
Осы күні жастар жағы қымыздың
орнына шетелдік «Coco-cola»,
«Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға
зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала
денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып
жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын
мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы
бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын
тазалау үшін осы сусынды пайдаланады
екен.
Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут
«Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін
көрінеді.«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын
денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан
тамырлары ауруларына шалдықтырады. Қымыздың халық денсаулығына
тигізетін пайдасының молдығын, болашақ ұрпақтың әлеуетін
арттырудағы маңызды рөлін ескере отырып, еліміздегі іскер
азаматтарға қымыз өндірісін жандандыруды қолға алып, ұлттық бренд
ретінде қайтадан жаңғыртудың жан-жақты, тынысы мол, берекеге
бастайтын іс екендігін айтқым келеді. Осы уақытқа дейін кең
қолданыс таппай келе жатқан дәстүрлі тағам өнімдеріміздің тағдыры
бүгінгі таңда мемлекеттің, Елбасының қолдауын иеленуіне орай,
сондай-ақ халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесінің елімізде
өткізілуіне байланысты шоқтығы көтеріліп, халқымыздың пайдасына
шешілетіндігіне сенімім мол.
Осы өнімдердің «Ұлттық тағами
бренд» ретінде ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінде лайықты орын
алатындығына зор сеніммен қараймыз. Сондықтан, тек қана
ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық
құндылықтарымызды жанымызға азық етейік,
ағайын! Қазақ халқының бір ғасырлық
тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын
атамыз: ...Үйірілген сары алтындай
сары қымыз,
Ауруға-ем,сауға –қуат,дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз,-
деген өлең жырларымен қорытындылаймын.
Ұсыныс
1.
Қымыздың адам денсаулығына, аурудың алдын алу мақсатында сапалы
дайындалған қымызды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға
алынса.
2. Қымызды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын
бірқатар емдеу сауықтыру орындары ашылса.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Табиғатты бақылау күнделігі»Алматы «Рауан» үшінші басылым,1997жыл, 22-бет, ИБ №6954,Қ.Аймағамбетқызы және Б.Абраева.
2. «Айналамен таныстыру» Алматы «Рауан» оныншы басылым,1997жыл, 20-бет,ИБ № 6918,Қ.Аймағамбетқызы және Б.Аскарбаева.
3. «Жаратылыстану»Алматы «Білім»баспасы 2002жыл,120-бет, Есназарова Ұ.Ә,Бекалай Н.
4. «Дүниетану»Алматы «Атамұра»,үшінші басылым,2008жыл,62-бет,ИБ№027,К.Жүнісова,Қ.Аймағамбетова,Н.Нұрахметов
5. «Табиғаттану» Алматы «Рауан» үшінші басылым,1997жыл, 20-бет,ИБ № 6967,Ә.Бірмағабетұлы,К.Жүнісқызы.
6.Канон медицинасы, Иби Сино, медицина Эпоки Навой, қазақ емшілігі.
7..Қ.Бозымов «Жылқы және түйе
шаруашылығы» Алматы «Қайнар»
1993
8..М.Г.Курамшина «Қымыз» Алматы,
1951
9.Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов
«Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968
Пікір
Абуев Ерхан Қостанай облысы Әулиекөл ауданы,№2 Аманқарағай орта мектептің 3- сынып оқушысы, Абуев Ерхан сыныпта топ басшысы, оқушылар арасында ерекше көзге түседі десем қателеспеймін. Сабаққа зерек, алғыр, өз бетімен әдеби шығармаларды оқуды ұнатады.
«Қымыздың пайдасы» атты жоба жұмысын 2015 жылдың 9 қаңтарынан бастады. Осы уақыт арасында Қымыздың пайдасы туралы оқып- біліп, дәлелдеу барысында Ерханның жобаға ерекше қызығушылық танытқаны байқалды.
Ерхан бос уақытын тиімді пайдаланады. Ата – анасының көмекшісі, үміт күтер ұлдарының бірі.Ойы ұшқыр, батыл, епті оқушы. Ғылыми әдебиеттегі анықтамалармен танысып, бақылау жүргізу барысында, зерттелген нәтижелерге талдау жасай отырып, қымыздың пайдасымен, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейтіндігін айтып екеуіміз сөз қозғадық. Болашақта осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көзбенен көріп, дәлелдегісі келеді. Бұл жұмыс өзіне қатты ұнайтыны байқалды. Осы жұмысты келешекте ары қарай жалғастыру жоспарында бар.
Ғылыми жетекшісі: Рахметова Гульнар Каирканқызы
12
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: « Қымыздың пайдасы» Зерттеу жұмысы

шағым қалдыра аласыз