Тақырыбы: « Төрлет құтты жаңа жыл!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: « Төрлет құтты жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Амал мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Амал мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Мерекелік көңіл күй қалыптастыру.Үлкендерді және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Амал мерекесі!

Тақырыбы: « Төрлет құтты жаңа жыл!»

Мақсаты: Амал мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Амал мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Мерекелік көңіл күй қалыптастыру.Үлкендерді және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Ұлттық қол өнер көрмесі, амал мерекесіне арналған дастархан.

Тәрбиеші: Қайырлы күн ,құрметті тәрбиешілер,шақырылған қонақтар!

Жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт,жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке –бақыт, бейбітшілік тарататын Амал яғни көрісу мерекесі құтты болсын.

Ендеше бүгінгі «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілерінің Амал мерекесіне дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар!

(музыка ырғағымен балалар кіріп, сәлем беріп, молдас құрып отырады)

Бүгінгі ертеңгілікте Рауан ауылы және Қызыл-төбе ауылы.

Тәрбиеші: Ал, ендеше балаларды қарсы алайық.

Балалар: Бір-бірімен жасың құтты болсын! Сөздерін айтып көріседі.

Тәрбиеші:Балалар, біз Ұлдай әжейдің уйіне көрісіп барсақ қалай қарайсыңдар.

Балала :Жарайды.

Тәрбиеші: Ал, балалар, олай болса көлікке мініп, ән шырқап Ұлдай әжейдің үйіне барайық.

Ән: «Дастархан»

(Балалар Ұлдай әжейдің үйіне келеді.)

Әже:Қош келдіңіздер,құлындарым,жоғары шығыңдар!

Балалар:Әже, сәлембердік, -деп көріседі. Біз сізге Амал мерекесіне арнап өнерімізді көрсетсек дейміз.

Әже: -Көрсете қойыңдар,тамашалайын құлындарым!

Би: «Көңіл толқыны». Орындайтын: Қыздар тобы



Жыл басы мереке,

Ақ нұрға әлем боянды. Дана

Көрісу тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды!



Жылдың басы Наурыз, Бақытжан

жердің басы Наурыз,

Амал күні мереке.

Көрісеміз бәріміз.



Құрт бауырсақ шашылып,

амал тойы басталды. Жарас

Бір-бірімен көрісіп ,

төс қағыса бастады.



Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай. Арайлым

Амал тойын тойлайық,

әсем әнге салайық.



Наурыз тойы- тамаша,

көрісу тойы- жаңаша. Диана

Табиғатта тамаша,

тамылжып тұр жараса.



Кел балалар ойнайық, Жансая

амал тойын тойлайық.

баянды боп мереке

қыр гүліндей жайнайық.



Уа, ағайын халайық.

Мұнда назар салайыйық! Шапағат

Мерекесі халықтың

көрсіу тойын тойлайық!



Тәрбиеші:

Әнім де саған, биім де,

құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

күлімде халқым күлімде.- дей отырып кезекті биге береміз.

Би: «Тұлпарым» Орындайтын: Ұлдар би.

Әже: Жарайсыңдар құлындарым, амал меркесі құтты болсын қарақтарым.

«Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ел көгерер» дегендей, осы ауылдың үлкен ақсақалы, Нұрлыбек атадан бата сұрасақ.

Нұрлыбек ата:

Әумин!-бата берейін,

Жақсылықты терейін.

Амал күні жараңдар

Үстем болсын мерейің!

Аулымызға ас болып,

келген Амал құт болсын.

Көйлектерің көп болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын! Әумин


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар осымен Амал мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, қош сау болыңыздар!































Еркебұлан ЖМ балабақшасы

«Жұлдыз» тобы









Ертеңгілік:

«Төрлет құтты жаңа жыл!»

















Дайындаған: Тампиева А.Қ.

Тексерген әдіскер:----------- Абдуллаева Ж.О.











2016ж







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі