Материалдар / Тақырыбы: "Ә" әрібі мен дыбысы

Тақырыбы: "Ә" әрібі мен дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әә дыбысы мен әрпімен таныстыру; ә дыбысынан басталатың сөздерді атап және оларға дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; дыбыстың айтылу артикуляциясын жаттықтыру; тапсырма орындау кезінде бір-бірін және педагогтың нұсқауын тыңдап, нақты орындай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2020
523
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


1.Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

Мақсаты: Өз елі туралы түсінік беру.

Міндетті: Отан туралы тақырыптың сөздерді айтуға үйрету.

Сөздік қорларын белсендіру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту. Өз еліне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, дәптер.

Сөздік жұмыс: Отан, үй. Қала.

Шаттық шеңбер:

Ең даласын

Егін жапқан.

Бар баласы,

Бақыт тапқан.

Менің жерім,

Туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан!

Мұғалім: - Балалар, қандай сөз айттық біз?

Бала: - Қазақстан.

Суретпен жұмыс:

  • Суреттен не көріп тұрмыз?

Таулар, өзен, ағаштар.

  • Бұл біздің Отанымыз, Қазақстан. (түсіндіру)

Суретті сөздік.

Отана, Қала. Үй суреттері.

Родина – Отана. Қала – город. Үй – дом.

Мұғалім: - Балалар, біздің қаламыз қалай аталады?

Нұр – Сұлтан біздің қала.

«Қ» дыбысының айтылуын үйрету.

Қ-қ-қ-қала.

Қ-қ-қ-Қазақстан.

Қ-қ-қ-қуыршақ.

Қала суретін көрсету, айтқызу.

Қуыршақты көрсетіп айтқызу, қайталау.

Сергіту сәті.

Кел, балалар, тұрайық,

Тұрсақ енді шеңберге,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Киіз үйдей болайық.

Үй суретін көрсету.

Мұғалім: - Балалар, кешке, қайда барасыңдар?

Балалар: - Үйге барамыз. Үй сөзін қайталату, бекіту.

Мұғалім: - Балалар, кімде қуыршақ бар?

Ендеше дәптердегі қуыршақты бояйық. (балалардың жауабы: Менің қарындасында бар, топта бар)

Күтілетін нәтиже:

Отан, туған ел туралы біледі.

Қала, Қазақстан, үй сөздерін айта алады.

Дәптерде жұмыс жасауды меңгерді.







2.Тақырыбы: Үй құстары.

Мақсаты: Балаларға үй құстары атауларын қазақ тілінде атауды үйрету.

Міндетті: сөздік қорларын белсендіру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, ойыншықтар, дәптер.

Сөздік жұмыс: қаз, тауық, әтеш.

Шаттық шеңбер:

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынамын ұшуға.

Иіліп келіп, қол созам,

Аяғымның ұшына,

1,2,3- ал кеттік ұш!

Мұғалім: - Балалар, біз жаңа «құстар» болып қанат жайып ұштық. Қане, мына суретте қандай құс бар екен қарап көрейік.

  • Қаз. Қане, қанат жайып қаз болайық.

  • Қаңқ, қаңқ қаздарым.

Суреттегі тауық, әтеш, үйрекпен таныстыру.

Суретті сөздік.

Балалар үй құстарын екі тілде айтады.

Мұғалім: - Балалар, мынау үйрек.

Үйрек сөзін айтқанда ерніміз алға созамыз.

Қане, айтайық.

Дыбыстық жаттығу:

Ү-ү-ү-үйрек.

Ү-ү-ү-гүл.

Ү-ү-ү-үй.

Ү-ү-ү-жүрек.

Утка-үйрек.

Сердце – жүрек.

Сергіту сәті:

Алтын айдарлы әтеш оянды,

Ойқастап жүріпті.

Жан-жағына қарапты,

Айдарын тарапты,

Секіріп, айқалап,

Шарбаққа қоныпты.

Мұғалім: - Балалар, әтеш қалай айқалайды?

Бала: - Ку-ка-ре-ку!

Мұғалім: - Тамаша, ендеше қазір сол әтешті сендер бояп беріңдер.

Күтілетін нәтиже: Үй құстарын біледі.

Үй құстары ерекшеліктерін игереді.

Үй құстары әтеш, қаз, үйрек, тауық атауларын айта алады.


3.Тақырыбы: Құстар.

Мақсаты: құстар атауларын қазақ тілінде атауды үйрету.

Міндетті: есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қазақ тіліне тән ұ дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру. Құстарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, дәптер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: Көгершін

Қарға,

Шымшық,

Қарлығаш.

Шаттық шеңбер:

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонбайсың.

Жем шашайын шоқып ал,

Сонда сен тоңбайсың.

Тосын сый.


Мұғалім: - Балалар, қане көздерінді жұмыңдар. Қазір ғажап бір нәрсе көресіңдер.

Тоты құсты (тордағы) кіргізу.

Мұғалім: - Ал, ашыңдар көздеріңді. Не көріп тұрсыңдар?

Балалар: - Тотықұс.

Мұғалім: - Тотықұс қандай?

Бала: - Әдемі.

Мұғалім: - Балалар, қараңдар тотықұс жалғыз келмепті, өзінің достарымен келіпті.

Суретте қарға, шымшық, қарлығаш.

Суретті сөздік.

Жаңа сөздерді екә тілде айтқызу, қайлату.

Дыбыстық жаттығу.

Ұ-ұ-ұ-құс,

Қар-қар-қар-қарға.

Ға-ға-ға-қарға.

Құ-құ-құ-құс.

Ғаш-ғаш-ғаш-ұарлығаш.

Шық-шық-шық- шымшық.

Сурет бойынша айт. Суретте қыз, көгершіндер бейнеленген.

Мұғалім: - Балалар, қане қызға ат қояйық.

  • Вика көгершіндерге не шашты?

(шемішке, нан қоқымын)

Суретте не бар?

Құс, шемішкі.

Құс шемішкіні шоқыды. (жақсы көреді) ал, мына суретте не бар?

Қарлығаш, күн суреті.

Қарлығаш ұшты. Қарлығаш күнге ұшты.

Сергіту сәті.

Келіп көктем құстары,

Бау – бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.

Мұғалім: - Балалар, құстарға не шашамыз? (береміз)

-нана қоқымын, шеміке.

Ендеше қазір дәптерді ашып құстарды жемге шақырып жемдерін бояйық.

Күтілетін нәтиже: Құстар атауларын біледі.

Құстары туралы білімдерді игереді.

Құстары атауларын айта алады.



4.Тақырыбы: Төлдер.

Мақсаты: Төлдер атауларымен таныстыру.

Міндетті: сөздік қорларын молайту, тән дыбыстарды (ө) дұрыс айтуға дағдыландыру.

Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: бұзау, құлын, бота, қозы, лақ.

Шаттық шеңбер:

Достарым көп бақшада,

Көңілдіміз бәріміз.

Достықты біз сүйеміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Тосын сый.

Қуыршақ Әлия кіреді қасына ерткен қошаақаны бар.

Әлия балалармен амандасып қасындағы қозы ( қошақанының) адасып қалғанын айтады.

Мұғалім: - Балалар, қараңдаршы бұл кішкентай қозы. Осындай жануарларды біз қайдан көріп едік?

Бала: -Әже ауылынан.

Мұғалім: - Дұрыс, онда кеттік ауылға. Ауылға поездбен барайық.

Қуыршақ Әлия: - Алақай! Мен барамын, ауылға.

Қасына қозыны алып вагонға мінеді.

Ауыл суреті жайлып жүрген төлдер.

Әже амандасып, қарсы алады.

Жаңа сөздермен таныстыру.

Суретті сөздік.

Мұғалім: - Балалар, мынау не?

Телёнок.

Әже: - Ол қазақша «бұзау».

Мұғалім: - Қане, балалар қайталайық «бұзау».

Балалар екі тілде төлдер атауларын айтады.

Мұғалім: - Балалар, төлдер – это детёнышы. Қане, айтайық «төлдер».

Мұғалім «Ө» - дыбысы қалай дұрыс айту керектігін түсіндіреді.

Дәптердегі суреттерді қазақ тілінде айтқызу, қайталату.

Өзен. Төрт. Көбелек.

Сергіту сәті.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Әже: - Ой, балапандар сендерге көп рахмет!

Менің қозым (қошақанымды) әкеп бергендеріңе.

Балалар: - Сау болыңыз, әже! Әжемен қоштасып төлдерді қарап атап берейік.

«Не артық?» ойыны.

Әлия: - Ал, қасқыр үй жануары ма?

Балалар: - Жоқ қасқыр орманда жүреді.

Қуыршақ Әлия: - Балалар, маған сендермен қыдырған өте ұнады. Рахмет, сендерге менің кетуім керек.сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже: Төлдердің атауларын біледі.

Үй жануарлары, олардың ұғымдарды туралы білімдерді игереді.

Төлдер атауларын айта алады.















5.Тақырыбы: Қандай?

Мақсаты: үлкен, кіші ұғымдарын үйрету.

Міндетті: сөздік қорларын молайту, тән дыбыстарды дұрыс анық айтуға жаттықтыру; қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: суреттер ойыншықтар, дәптер.

Сөздік жұмыс: биік, үлкен, аласа, кішкентай.

Шаттық шеңбер:

Терезені ашайық,

Таза ауа кірсің деп.

Жаттығулар жасайық,

Денем мықты болсың деп.

Мұғалім: - Балалар, жаттығу жасасақ үлкен болып өсеміз, иә?

Мұғалім: - Балабақшаға кім әкелді сендерді?

Бала: - Әке, ана, ата, әже.

Мұғалім: - Дұрыс, олар үлкен, ал сендер әлі кішкентайсыңдар.

Суретпен жұмыс.

Суретті сөздік

  • Әке мен қыз бала суреті.

  • Әке қандай?

  • Әке үлкен.

  • Қыз қандай?

  • Қыз кішкентай.

Ағаш биік, бұта аласа. (түсіндіру)

Ал, мынау не, балалар?

  • Қарбыз, таңқұрай.

  • Қарбыз қандай?

  • Қарбыз дәмді.

  • Қарбыз үлкен.

  • Таңқұрай кішкентай.

Дыбыстық жаттығу.

І-і-і- биік.

Қар-қар-қар –қарбыз.

Ң-ң-ң-таң.

Ү-ү-ү- үлкен.

Тіл мен тышқан суреті.

Балалар екі тілде айтады, салыстырады.

Суретпен жұмыс.

Суретте үй, шарбақ, ұшақ, қағаздан жасалған ұшақ бейнеленген.

  • Үй қандай?

  • Үй биік.

  • Шарбақ аласа.

  • Ұшақ үлкен.

  • Қағаздан жасалған ұшақ кішкентай.

Сергіту сәті.

  • Кімнің ұшағы алысқа ұшады.

Балаларға қағаздан ұшақтар жасап тарату.

Мұғалім: - Балалар, ал мынау не?

Доптарды көрсету. Үлкен және кішкентай доп.


Дәптермен жұмыс.

Ендеше, қазір дәптерлеріңе үлкен және кішкентай допты саласыңдар. Жаңа сөздерді бір қайталатып, қорыту.

Қорытынды нәтиже:

Үлкен, кіші сөздерін біледі.

Үлкен- кіші ұғымдарын игереді.

Сөз ішінде үлкен, кіші сөздерін қолдана алады.





6.Тақырыбы: Формалар (пішіндер)

Мақсаты: Балаларға пішіндер атауларын қазақ тілінде білуді үйрету.

Міндетті: Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтуға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: суреттер, пішіндер.

Сөздік жұмыс: үшбұрыш, шеңбер,шаршы, пішін.

Шаттық шеңбер:

Күн, сәуле шашқаның үшін, рахмет!

Ағаш, көлеңкең үшін, рахмет!

Кең тыныс алғаным үшін,

Таза ауа, саған да рахмет!

Тосын сый. (Сайқымазақ кіреді) балалармен амандасып қорапшаны беріп кетеді.

Мұғалім: - Балалар, қараңдаршы мынау не?

- Ішінде не бар екен, көрейік.

Қорапша ішінен дөңгелекті алады.

- Мынау дөңгелек.

- Қане, қайталайық.

- Мынау үшбұрыш, ал мынау шаршы.

Суретті сөздік.

Балалар пішіндерді екі тілде айтады.

Топта ұқсас заттарды тапқызу, айтқызу.

Ойыншық үйдің шатыры, мәшиненің дөңгелектерін, текшелерді көрсету, қайталау.

Сурет бойынша айт.

СShape1 уретте үйдің шатыры пішіні бейнелеген. Үйдің шатыры үшбұрышқа ұқсайды (үшбұрыш секілді).

Суретте доп шеңбер пішінде берілген.

Доп шеңберге ұқсайды.

Түрлі – түсті кубик пен шаршы пішіні берілген.

Кубик шаршыға ұқсайды.

Сергіту сәті.

Ойын: «Үй тұрғызамыз»

Жаңа үйді саламыз, (шатырды көрсету)

Тату - тәтті тұрамыз. (екі қолын төбеге қою, төрт саусақпен)

Үйімізде терезе, (терезе жасау)

Қарашы сен, Айзере.

Дәптермен жұмыс.

Мұғалім: - Балалар, енді дәптердегі шаршыны әдемі суретке айналадырып бояйық.

Күтілетін нәтиже:

Балалар пішінді біледі.

Пішіндер туралы ұғымдарды игерді.

Пішіндерге ұқсас заттарды айта алады.



7.Тақырыбы: Еліміздің рәміздері

Мақсаты: Қазақстан туы туралы түсінік беру, оны сипаттай білуге үйрету.

Міндетті: Сөздік қорын белсендіру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтуға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ моторикасын дамыту. Ел рәміздеріне деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: рәміздер, дәптер.

Сөздік жұмыс: ту, күн, бүркіт құсы, ою.

Шаттық шеңбер:

Көк тудың желбірегені,

Бойыма қуат береді.

Айқасқа түссе жан мен ту,

Жан емес маған керегі.

Көк тудың желбірегені.

Мұғалім: - Балалар, мынау біздің ту.

Қане, енді қарайық туда не бар?

Күн, бүркіт құсы, ою.

Суретті сөздік.

Күн – солнце, қыран құс – орёл, ою – орнамент түсіндіру. Екі тілде айтқызу.

Фонетикалық жаттығу.

Үн-үн- күн,

Ұс-ұс-ұс- құс.

Ю-ю-ю-ою.

Ұ дыбысының айтылуын түсіндіру, қайталау.

Суретті берілген құс, ұя, ұшақ суреттерінің сөздерін айтқызу, қайталату.

Сергіту сәті.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Жаңа сөздерді тағы қайталату, туды сипаттату.

-Туда не бейнеленген?

Күн, бүркіт құсы, ою.

Дәптермен жұмыс:

Олай болса, балалар дәптерде әсем ою бар, соны әрі қарай бастыру керек.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ