Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Абай біздің бабамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең - жырларын, дұрыс түсіне білуге бір - бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, шығармалар мазмұны бойынша өсиет - өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулыққа қарсы шығу, Отанды және елді қадірлеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізі күні: 16.02

Бала саны:12

Тақырыбы:Абай біздің бабамыз
Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең - жырларын, дұрыс түсіне білуге бір - бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, шығармалар мазмұны бойынша өсиет - өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулыққа қарсы шығу, Отанды және елді қадірлеуге үйрету.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, айту, түсіндіру, көрініс қою.
Қолданылатын құралдар: Абайдың суреті,Жыл мезгілдерінің суреттері
Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан.
Сәлем бердік Жер - Ана,
Сәлем бердік баршаға!
Қатты сөйлемейміз, ұрыспаймыз.

Балалар, мен сендерге бір өлең оқып берейін мұқият тыңдаңдар.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
– Балалар, бұл кімнің өлеңі?
– Абай атаның өлеңі
– Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Абай атаны көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: – Абай атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Әкесінің аты Құнанбай. Шешесінің аты Ұлжан. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған. Енді Абай атамыздың қара сөздерін еске түсірейік.
Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.

Адам үш нәрседен қашу керек:
Біріншісі надандық,
Екіншісі еріншектік
Үшіншісі залымдық.
Егер ақылды болғың келсе күніне бір рет немесе жұмада бір өзіңнен өзің есеп ал
Сәл нәрсені көңілге бекіту керек.
Кеселді нәрселерден қашық болу керек.
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп - көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды.
Тәрбиеші: Міне, көрдіңдерме, Абай атамыз не жақсы, не жаман екенін көрсетіп берді. Біз атамыздың өсиетін орындап жүруіміз керек.
Балалар: 4 мезгіл. Қыс, көктем, жаз, күз.
– Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көрінісі бейнеленген.
– Қане, осы өлеңдерін есімізге түсіріп жіберейік.
Жыл мезгілдері:
Қыс - құнар береді
Көктем - дән себеді
Жаз - бастап өсірсе
Күз - жинап береді

Маған Абай атаның қыс туралы өлеңі ұнайды. Айнала аппақ қар, сырғанап ойнаймыз.

Су қатып мұз болады.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Маған Абай атаның көктем туралы өлеңі ұнайды. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан - жануар адамзат анталаса
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Маған Абай атаның жаз туралы өлеңі ұнайды. Жазда күн жылынып жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады.
Жазды күні шілде болғанда
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Маған Абай атаның күз туралы өлеңі ұнайды. Күзде жапырақтар сарғаяды, күн салқындайды. Жеміс - жидек, көкөністер піседі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.
Сергіту сәті:
Балалар адамдар, аңдар, құстар, шыбын - шіркейлер бәрі - бәрі тамақсыз өмір сүре алмайды. Тамақ табу үшін еңбек ету керек. Адамдар мал өсіреді, егін егеді, жеміс - жидек, көкөніс отырғызады, оларды күтіп баптайды. Жануарлар да жазда қыстық қоректерін әзірлейді, қысқа дайындалады. Еңбек етсең ғана қарның тояды. Осы еңбекке байланысты қандай мақал - мәтел білеміз?.
Ойын: Кім жылдам
Тәрбиеші: Абай атамыз тек өлең жыр жазып қоймаған сонымен бірге орыс тілінен қазақшаға аударып аудармамен айналысқан.
И. А. Крыловтың көптеген мысқыл мысал өлеңдерін аударған. Ол мысалдарының көбісі қазіргі біз айтып өткен еңбекке байланысты.
Жұмбақ жасыру:
Қазір «Түлкі мен қарға» мысалын сахналап көрсетейік
Қорытындылау:
Абай атамыздың өсиетін орындап, үлкен азамат болу біздің міндетіміз.































Picture 6

«Абай біздің бабамыз»

Тәрбиешілер : Сыздкова А.М. Капарова Ш.А

Мақсаты:Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең - жырларын, дұрыс түсіне білуге бір - бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, шығармалар мазмұны бойынша өсиет - өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулыққа қарсы шығу, Отанды және елді қадірлеуге үйрету..

«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ «Балапан» тобында-«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен арнайы жоба « Ұлы даланың Ұлы есімдері » «Абай біздің бабамыз» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен сурет арқылы жұмыс жүргізілді, Балалар қызыға суреттерге қарап қызығушылық танытып сұрақтарға жауап беріп,қысқаша өз ойларын айтты. Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Балалардың жас ерекшеліктерін ескеріліп , ойын түрінде өткізілді.

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
558
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі