Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған «Ата сөзі-тәрбие көзі»
үйірме жұмысының сабағы
№6 ортаңғы топ
Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Мақсаты:1.Балаларды әдептілікке,инабаттылыққа, сыпайлыққа баулу;
2. Нақыл сөздер, тақпақтар жаттау арқылы тіл мәдениетін
қалыптастыру;
3.Әдептілік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуге
дағдыландыру.
Көрнекілері: тақырыптық суреттер,слайд-суреттер
Сабақтың өткізу тәсілі: саяхат-сабақ
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
«Сіз», «біз» деген жылы сөз
Жылытады жүректі.
Баршаға керек жақсылық
Оятар игі тілекті.
-Балалар, бүгін біз сендермен «Әдептілік әлеміне» саяхатқа шығамыз.
Ол үшін барлығымыз әдемі, әдепті сөздерді еске түсірейік, сонда ғана бұл әлемнің есігі ашылады.
-Қандай әдепті сөздерді білесіңдер? (балалар жауабы)
Дұрыс, балалар, міне біздің «Әдептілік әлемінің» есігі де ашылды.
-Қош келдіңдер! (1-слайд)
-Балалар, «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек, әдептілік адам көркі дейді
қазақ халқы .
-Ал, әдепті адам-әдемі адам.
Енді әдемі сөздерді қайталайық:
-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш!
-Сәлеметсіз бе?!
-Кешіріңіз.
-Рахмет.
-Көп жасаңыз.
-Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз.
Тақпақ тыңдау.
Анаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек? (Ә. Дүйсенбиев)
-Рахмет, ана –деу керек.
-Ата-ананың тілін алған, үлкенді құрметтеген ,адамдарды сыйлаған, сыпайы сөйлеген баланы қандай бала дейміз? (әдепті, тәртіпті бала)
2-слайд –тақырыптық суреттер
-Мына сурет бойынша қай баланы тәртіпті дейміз?
-Ал қай бала тәртіпсіз?
Жақсы сөздер жаттайық.
1.Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2.Үлкенді сыйлау-кішілік,
Үлгі мінез-кісілік.
3.Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Сергіту сәті.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
«Әдептілік әлеміндегі» саяхатты жалғастырайық.
3-слайд -тақырыптық сурет (үлкендеге-көмек,кішілерге-қамқорлық)
-Балалар, мына суреттерге қарап, бұл қандай бала екенін анықтайық.
Үлкендерді сыйлайды,
Кіші қамын ойлайды,
Сүймейді жат әдетті,
Қандай бала?- балалар бірге: әдепті бала
4-слайд-тақырыптық сурет (ата-әжесіне қамқорлық)
Құрметтейді атасын,
Ардақтайды апасын,
Көкесін жақсы көреді,
Үнемі көмек береді.
Қандай бала?- балалар бірге: әдепті бала
5-слайд- тақырыптық сурет (әкені құрметтеу)
Су құйдым да құманмен
Қолына әкемнің ,
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
Қандай бала екен ол?- балалар бірге: әдепті бала
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақ болып Дымбілмес келіпті,қонағымызды қарсы алайық.(қолында ыдыстағы гүлі бар)
Дымбілмес:-Ой мен қайда кіріп кеттім?
-Балалар, осылай кіруге бола ма?
-Кіргесін амандасу керек.
-Дымбілмес, біздің балалар әдепті балалар, сондықтан сені әдептілікке үйретеді. Кел, жоғары шық, төрлет, біздің балалардан үйрен-жамандықтан жирен.
Дымбілмес: Жарайды, онда менің сендерге әкелген сыйлығым бар,соны бірге күтіп, әдепті сөздермен өсірейік .(құмырадағы гүлге су құю)
Сендердің әдепті сөздеріңмен бұл гүл әдемі болып өседі.
-Балалар, біз қандай әдепті сөздерді білеміз?
(балалар бір-бір сөзден айтып отырып, бір қасықтан гүлге су құяды)
Міне, біз осындай сөздерді күнде айтып отырсақ, біз әдепті де әдемі болып өсеміз. Алдымыздағы гүл сияқты адамдарға қуаныш сыйлаймыз.
-Кәне, орнымыздан тұрып,бәріміз бірге «Әдептілік-әдемілік» деп сабағымызды аяқтайық.
«Біз өмірдің гүліміз» әнін шырқап, шаттық көңілмен қоштасу.
-Сау бол,Дымбілмес.
-Сау болыңдар, балалар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған «Ата сөзі-тәрбие көзі»
үйірме жұмысының сабағы
№6 ортаңғы топ
Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Мақсаты:1.Балаларды әдептілікке,инабаттылыққа, сыпайлыққа баулу;
2. Нақыл сөздер, тақпақтар жаттау арқылы тіл мәдениетін
қалыптастыру;
3.Әдептілік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуге
дағдыландыру.
Көрнекілері: тақырыптық суреттер,слайд-суреттер
Сабақтың өткізу тәсілі: саяхат-сабақ
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
«Сіз», «біз» деген жылы сөз
Жылытады жүректі.
Баршаға керек жақсылық
Оятар игі тілекті.
-Балалар, бүгін біз сендермен «Әдептілік әлеміне» саяхатқа шығамыз.
Ол үшін барлығымыз әдемі, әдепті сөздерді еске түсірейік, сонда ғана бұл әлемнің есігі ашылады.
-Қандай әдепті сөздерді білесіңдер? (балалар жауабы)
Дұрыс, балалар, міне біздің «Әдептілік әлемінің» есігі де ашылды.
-Қош келдіңдер! (1-слайд)
-Балалар, «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек, әдептілік адам көркі дейді
қазақ халқы .
-Ал, әдепті адам-әдемі адам.
Енді әдемі сөздерді қайталайық:
-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш!
-Сәлеметсіз бе?!
-Кешіріңіз.
-Рахмет.
-Көп жасаңыз.
-Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз.
Тақпақ тыңдау.
Анаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек? (Ә. Дүйсенбиев)
-Рахмет, ана –деу керек.
-Ата-ананың тілін алған, үлкенді құрметтеген ,адамдарды сыйлаған, сыпайы сөйлеген баланы қандай бала дейміз? (әдепті, тәртіпті бала)
2-слайд –тақырыптық суреттер
-Мына сурет бойынша қай баланы тәртіпті дейміз?
-Ал қай бала тәртіпсіз?
Жақсы сөздер жаттайық.
1.Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2.Үлкенді сыйлау-кішілік,
Үлгі мінез-кісілік.
3.Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Сергіту сәті.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
«Әдептілік әлеміндегі» саяхатты жалғастырайық.
3-слайд -тақырыптық сурет (үлкендеге-көмек,кішілерге-қамқорлық)
-Балалар, мына суреттерге қарап, бұл қандай бала екенін анықтайық.
Үлкендерді сыйлайды,
Кіші қамын ойлайды,
Сүймейді жат әдетті,
Қандай бала?- балалар бірге: әдепті бала
4-слайд-тақырыптық сурет (ата-әжесіне қамқорлық)
Құрметтейді атасын,
Ардақтайды апасын,
Көкесін жақсы көреді,
Үнемі көмек береді.
Қандай бала?- балалар бірге: әдепті бала
5-слайд- тақырыптық сурет (әкені құрметтеу)
Су құйдым да құманмен
Қолына әкемнің ,
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
Қандай бала екен ол?- балалар бірге: әдепті бала
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақ болып Дымбілмес келіпті,қонағымызды қарсы алайық.(қолында ыдыстағы гүлі бар)
Дымбілмес:-Ой мен қайда кіріп кеттім?
-Балалар, осылай кіруге бола ма?
-Кіргесін амандасу керек.
-Дымбілмес, біздің балалар әдепті балалар, сондықтан сені әдептілікке үйретеді. Кел, жоғары шық, төрлет, біздің балалардан үйрен-жамандықтан жирен.
Дымбілмес: Жарайды, онда менің сендерге әкелген сыйлығым бар,соны бірге күтіп, әдепті сөздермен өсірейік .(құмырадағы гүлге су құю)
Сендердің әдепті сөздеріңмен бұл гүл әдемі болып өседі.
-Балалар, біз қандай әдепті сөздерді білеміз?
(балалар бір-бір сөзден айтып отырып, бір қасықтан гүлге су құяды)
Міне, біз осындай сөздерді күнде айтып отырсақ, біз әдепті де әдемі болып өсеміз. Алдымыздағы гүл сияқты адамдарға қуаныш сыйлаймыз.
-Кәне, орнымыздан тұрып,бәріміз бірге «Әдептілік-әдемілік» деп сабағымызды аяқтайық.
«Біз өмірдің гүліміз» әнін шырқап, шаттық көңілмен қоштасу.
-Сау бол,Дымбілмес.
-Сау болыңдар, балалар.
шағым қалдыра аласыз













