Материалдар / Тақырыбы: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

Материал туралы қысқаша түсінік
ата анамен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
801
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

Мақсаты: Ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя  арасындағы  байланыс, әкенің  ұлға, шешенің  қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Барысы:

1-Тәрбиеші


 Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген- тон пішер» атты байқауымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Талпынып сайыскерлер шықты кәне
Көрермен қошеметтеп қол соғады.

Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.

АНАЛАР

1. Балғабаевтар отбасы

2.Оразхановтар отбасы

3.Қайратовтар отбасы

Атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің  жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиегі тікелей байланысты.

Байқауымыз төмендегі кезеңдерден тұрады:
1. Өзін- өзі таныстыру (қара сөзбен, өлеңмен немесе әнмен)


2.
«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» деп аталады. Мұнда аналар мен қыздар қолөнер сайысына түседі. (Үй тапсырмасын көрсетеді)


3. «Өнер- сауықтың гүлі» деп аталады. Ата- аналардың қол өнерін тамашалаймыз.

4. «Ақыл парасат сайысы» деп аталады. Онда ата- аналар қоржыннан асық алып, сол асық нөміріндегі сұраққа жауап береміз. 

5. «Біздің жанұя» (сурет салу)




Енді сайысымызды бастайық.

1.ТАНЫСТЫРУ

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.

2. Қол өнері

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып келесі сайыс түрі «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» деп аталады. Мұнда аналар мен қыздар қолөнер сайысына түседі. (Үй тапсырмасын көрсетеді)

Бәрекелді


3. Әдет – ғұрып, салт – дәстүрді қазақтың

Жарасымды,ұнасымды ғажап шық

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап  жаңартудан қашпайық!

Келесі сайысымыз «Өнер- сауықтың гүлі» деп аталады. Ата- аналардың қол өнерлерін тамашалаймыз.

Үстелдің үстінде түрлі түсті қағаздармен қайшы желім бар. Осыларды пайдалана отырып ою қиып ол қандай ою екенін айтып өтесіздер.

 4. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар».

Ақыл- парасат сайысы. Онда ата- аналар қоржыннан асық алып, сол асық нөміріндегі сұраққа жауап береміз. 

1 асық. Сүттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамын атаңыз.

 

2 асық. Әйел адамадар жағынан туыстық қатынастарды атаңыз.


3 асық. Киіз үйдің ішіндегі жабдықтарын атаңыз.

 

4 асық. Жеті қазынаға нелер жатады? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл- білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)


5 асық. Үш қуатты ата. (ақыл, жүрек, тіл)

 

6 асық. Үш арсыз дегеніміз не? (күлкі, ұйқы, тамақ)


7 асық. Қазақтың ұлттық мерекелерін білесіз бе?

 

8 асық. Маталардың түрлерін ата


9 асық. Дүниеде неше алыс бар? (жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман)

 

10 асық. Мұсылмандықтың бес парызын ата. (Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық)


11 асық. Қазақтың ұлттық аспаптарын  атаңыз.

 

12 асық. Қазақтың ұлттық сусындарын атаңыз. Қазақша ай аттарын атап беріңіз.


5. «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» ал тәрбиенің бастауы отбасынан басталады.

Келесі сайысымыз «Жанұя суреті» өзіңіздің отбасыңызды қалай бейнелейсіз.


«Ақ сүті оның өтеусіз жәй қала ма?
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға
О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасыңдағы, кәрің де
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар Ана деген тәңірге!» (А. Шәмкенов)

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып байқауға қатысқан аналарды марапаттауға сөз берейік.

Номинациялар:

1.Мейірімді әже

2.Ақылшы ана
3.Өнерлі ана


Тәрбиеші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен



Ән: Балғабай Саяның орындаунда «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші:  Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жерден

Тағы да үйренерміз аман болсақ

Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау – саламатта болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды қиып, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!


































Таныстыру.

Сая

Қылығымен баурайтын,

Әрбір сөзі балдай тым.

Сая қыз мен болам,

Бар жақсыны арнайтын.

Сәлем бердім иіле,

Баршаңызға ағайын.



Қайратқызы Іңкәр

Тілі балдай баламын,

Күннен қуат аламыз.

Алдыменен сіздермен

Сәлемдесіп аламыз.

Қайрат тегі Іңкәрмін,

Жақсы сөзін арнайтын.


Оразхан Айназым

Армысыздар халайық,

Сәлем беріп алайын.

Балабақша байқауы,

Ашар күннің арайын

Оразхан Айназым мен боламын,

Шаттығыңа бастайтын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!