Тақырыбы: "Әкем, шешем және мен спортшымыз шетінен"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Әкем, шешем және мен спортшымыз шетінен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен спортшымыз шетінен» Мақсаты: а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. ә) Күш - қуат пен секіргіштікті дамыту. б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу. Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар қонақтар! Бүгін бізде үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата - аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылығына сәт сапар тілейміз! Сайысқа қатынасатын ата - аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады. Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен спортшымыз шетінен»
Мақсаты: а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш - қуат пен секіргіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар қонақтар! Бүгін бізде үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата - аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылығына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата - аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке - жеке таныстыру.
2. Құрсауды бір - біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4. Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5. Допты шеңберге лақтыру.
6. Асық тау.
7. Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа _________ мен ______ отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
____________отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

_______________ отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
2 - сайыс.
___________ отбасы.
Қане, қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізді шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.

__________________отбасы.
Қане, босқа қарап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ. Ойынның шарты
Екі отбасының мүшелері бір - біріне 2 метр қашықтықта қарама - қарсы тұрады. Мәреде әр отбасының топ жанында 10 құрсаудан қойылған. Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез - тез беріп тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді.
Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жетеді.
Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.
Ән шашу.


ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған. 4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.


ІV. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Жарысатын екі топты сайыскері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.
Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.
Би: «Қара жорға»


IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 м - дей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек. Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеңберге дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.


VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп ығады.
Жүргізуші: Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,
Қол соғайық жеңісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып, бекініп.
Күшімізді сынайық.

VII. «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау. Осымен сайысымыз аяқталды.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі