Тақырыбы: "АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәжірбиедегі рефлекция" кәсіби даму бағдарламасының түйінді идеясын өз тәжірбиеме енгізу туралы рефлексивті есеп. Бұл барлық мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәжірибедегі рефлексия» кәсіби даму

бағдарламасының түйінді идеясын өз

тәжірибеме енгізу туралы рефлексивті есеп

Тақырыбы:АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі.

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар

ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жү-

зеге асырып, өмірге енгізу , игеру және жетілдіру-

бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас

ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

(Н.Назарбаев)

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты -білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп  оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Жаңа ғасырдың жан - жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты      назарында. Мұғалім иннотехник инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойын ша қандай тарауға, не тақырыпқа пайдалану тиімді деген зерттеу жүреді. Яғни, әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан сабақ барысында қолдану өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді технологияны таңдайды.Бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады.Информатика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беруде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі – мектеп бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын ұйымдастыру және өткізу. Дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары енгізіліп, мектеп бітіруші түлектер емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше дайындалу мүмкіндігіне ие болды. 
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс екені заманның талабын.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің

өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде

пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу . Білім беруде АКТ -ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру , қазіргі заман

талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды

пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға

мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған

білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп

оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ

құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін

оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен,

тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.

Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа,

нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты

мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс

істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға,

дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде

болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі

тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан

қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын

пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап,

артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің

тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды

демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды,

оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты

арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа

материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық

материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші

жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану

арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар

педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы.

Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б.

техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы

білеміз

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман

дайындау . Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.

Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның

сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана

білу , оны қадір тұту , қастерлеу , арындай таза ұстау - әр мұғалімнің

борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз

сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –

педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі

жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл

тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы

қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын

талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары

болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа

парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және

тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың

кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап

отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа

технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі

ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ)

пайдалану . АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті

шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді

шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан -жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды

талап етеді. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде

қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері,

ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау , сақтау мен өңдеу , оларды

жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар

қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық -аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ -ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың

жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық

ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау

құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен

құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер,

жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін

қазіргі кездегі байланыс құралдары.
«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»модулінің оқыту нәтижесі:

1.Оқушылардың қабілеттерін жетілдіруде АКТ арқылы ақпараттың негізгісін таңдауға, өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауда тиімді пайдалана білуді меңгерді.

2. Кең көлемді ақпараттарға оқушының өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3. Мұғалімдердің желілік қоғамдастық жүйесін тиімді қолданудың басымдықтарын жетілдіре алды.

4. Қашықтан біліктілікті арттырудың замануи жүйесініндегі мәселелерді бірлесе шешуді меңгерді.

5. АКТ пайдалану модулінде мұғалімдердің АКТ –ны пайдалануда өздерінің өзгерісін жете танытты.

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»модулін оқытудағы нәтиже:

1. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренді.(тапсырмалар деңгейін анықтай білу) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды білді.

«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқытудағы нәтижем:

1. Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере аладуды үйренді.

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін оқыту нәтижесінде:

1. Мұғалімнің жеке міндеттерін анықтай біледі;

2. Мұғалімдердіңәріптестерімен серіктесуде оқыту тәжірибесінің жетілетінін, өзінің іс-тәжірибесін таратуда кәсіби дамудың қажеттілігін түсінді.

Бағдарламадағы барлық модульдер оқушы туралы теориялық білім қалыптастырды, оқыту үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті.

Әр модульдің мазмұны мұғалімдердің кәсіби қызметінде құндылығы мен сенімділігін арттырды. Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам,

-дәріс оқудан өз бетімен білім алып өз тәжірибемді жетілдірдім;

-топтық, диалогтық трененгтер жүргізді үйрендім;

-АКТ технологияны тиімді пайдалануды үйрендім;

- оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды,өз-өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім;

- тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім;

-әр адамның айтылған ойы құнды екендігін түсіндім;

-оқыту сапасын бағалауда шынайы көріністі тануды білдім;

-мұғалімдердің көшбасшылық сапасын анықтадым және дамытуға тырыстым, сонымен қатар өзім көшбасшы болуды үйрендім.

  Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралап оқытуға ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:

1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау(музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.
3.Білімді   бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны сабақ­тарда пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы материалдарды өңдеу.
2. Барлық тілдердегі сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.[3].
Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Әр пәндерді оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Cабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының өз бетімен жұмысы;

  • Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білікдағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы  зор.

Күнделікті сабақта электрондық оқулыкты пайдалану өте тиімді.Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады.Бұл оқушылардың оқу      материалын         формальды     жағынанда жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық    белсенділігі нарттырыпқанақоймай, логикалы қойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты :

Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау , сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. АКТ-ны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз информатика сабағында теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. Сабағымда АКТ-ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ-мен байланысты. Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау тәсілдері кластер жасау, «Синквейн» бес жолды өлең жазу, шағын эссе жазу, логикалық есептерді шешу, реферат, сөзжұмбақ және т.с.с әдіс-тәсілдер қолданылуда. Бұл әдіс-тәсіл бағдарламаның сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және оқудағы басқару мен көшбасшылық модульдерімен байланысты. Себебі оқушының шығармашылық деңгейін дамыту үшін сын тұрғысынан ойлаудың «Синквейн» бес жолды өлең жазу, шағын эссе жазу , «Мозайка» кластер жасау, «Автор орындығы» стратегиялары қолданылса, реферат, сөзжұмбақ құру, компьютерде деңгейлік тапсырма орындау және т.б. АКТ модулі арқылы іске асырылады.

Мен өз сабағымда АКТ-ны толықтай пайдаландым деп айта аламын. «Жас информатиктер» тобына өткен «Информаика әлемінде» атты сайыс сабағыма бесінші сынып оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты: оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін, білік-дағдыларын дамыту, машықтандыру. Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, топта  жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады. Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарын ояту ,түрлі ой тастау, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Аялы алақан» тренингін өткіздім. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, көктемнің алғашқы күндеріне деген бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіре отыра осы күнге сәттілік тіледі.Оқушылар «Ғажайып компьтерлер» әдісі арқылы «монитор» және «пернетақта» деп екі топқа бөлінді. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады: Сұрақтың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау түрлерін пайдалана отырып, оқушылар өткен сабақты еске түсірді, ол үшін мен «Білім ағашы» әдісін пайдаландым, оқушылар ағаштың жапырағында жасырылынған сұрақтарға жеке-жеке жауап береді. Бұл кезеңде барлық оқушылардың деңгейін анықтап алуымызға болады. «Сөз жұмбақ» шешеміз, оқушылар топпен бірігіп жұмыс жасайды. Сұраққа жан – жақты ойланып жауап беруге дағдылана бастағаны байқалды. Бірақ осындай ойлауға жеткізудің өзі мен үшін үлкен жұмыс болды. Оқушылар Постер қорғайды «Компьютердің пайдасы және зияны » туралы өз ойларын айтты, сол бойынша 1 және 2 топ арасында пікір-талас әңгіме жүргізілді. Осы кезде оқушылар бір-бірімен  сөйлесіп,топ болып ақылдасып,ұтқыр шешімдер айту арқылы пікірталас болып кетті. «Ребус» шештік, оқушылар топ болып жұмыс жасайды, оқушылардың тез ойланып, жұмыс жасағандарын білдім. «Қызықты жұмбақтар» бөлімінде оқушыларға компьютерге байланысты интербелсенді тақтадағы ұяшықтағы жұмбақтарды шешті. Жұмбақтарды шешу барысында топта келіспеушілік те байқалды. Топтағы жұмыста балалар бір-біріне көмектесіп, керек кезде қателерін өзгертіп жатты, кейін жұмбақты әр топтан бір оқушы шығып, жауабын айтты. «Компьютермен жұмыс» осы бөлімде оқушылар компьютермен жұмыс жасады, оушылар ауыз екі сөйлегеннен гөрі компьютерде жұмыс жасау барысында ойларын толық жеткізіп отырды, әр кезең сайын оқушылар жетонмен бағаланып отырды. «Аралда көңіл-күй» рефлексиясында оқушылар сабақтан алған ісерлнрін жазып көрсетті. Сайыс барысында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тарауы бойынша қолданылған әдіс тәсілдерім оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ модулі, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық оқушылар жаңа әдіс – тәсілдер бойынша топқа бөлу, постер арқылы ойларын еркін қорғап, өз пікірлерін ашық түрде жеткізе алатындығы байқалды. Осыдан менің байқағаным мұғалімнің айтқанын оқушылар бір-бірлерін айтып жатқаны оқушының оқуына көп ықпал етті.Жұмыстарда оқушылардың бір-бірлерін құрметпен қарауға бір-бірінің пікірін тыңдауға ынтымақты қарым –қатынастың негізі қаланғанын байқадым. Барлық оқушылар өздерінің пікірлерін дұрыс болмасада айтып жатты. Олардың қателерін жанындағы сыныптастары түзеп отырды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларым көп ақпарат көздерімен қаруланды. Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы сабақтың құрылымы да, мазмұны да біршама қоюлана бастады. Сабақ үстінде барлығының назары сабақта болды. Сабақ нәтижелі болды, оқушылардың ойлары ұшқыр, кей кездерде мені таң қалдырып жатты. Тек ұстаз тарапынан дұрыс бағыт - бағдар, бағалау, мадақтау жүргізілсе болғаны. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Қорыта келгенде,  информатика   сабағында жаңа  инновациялық   технологияларды  пайдалану,осы электрондық әдістемелік  оқу құралында  айтылған  мәліметтерді сабақта пайдалану өте тиімді, ол оқушының өз бетімен  жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, ойлау  қабілетін дамытады.  Бұл, әрине оқытушының  тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі асерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа  тақырыпқа  деген   баланың  құштарлығы  оянады  деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде әдістемелік  оқу құралын сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1].Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
[2]. 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей

[3].Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспек­тілері».

[4].М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1071
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі