Тақырыбы: «Алтын күз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Күз мезгілі туралы түсінік беру. • Ашық түстерді пайдаланып саусақпен күздің суретін салу, түстерді ажырата білу. • Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Алақанмен сурет салу техникасын үйрету. Әр түрлі қисық сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:................................ Айы:...........................



Айналамен таныстыру.

Тақырыбы: «Алтын күз»

Сабақтың мақсаты:

  • Күз мезгілі туралы түсінік беру.

  • Ашық түстерді пайдаланып саусақпен күздің суретін салу, түстерді ажырата білу.

  • Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Алақанмен сурет салу техникасын үйрету. Әр түрлі қисық сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету,әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Көрнекі-құралдар: Күз көрінісі бейнеленген суреттер, түрлі - түсті акварель бояулары, қылқалам, қарындаш, өшіргіш.

I апта

I.Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы) Алақанмен айналаға

Шуақ нұрын шашайық

Сәттілік тілеп күлімдеп

Біз сабақты бастайық.

Сұрақ - жауап айдары:

- Төрт жылда неше жыл мезгілі бар

- Төрт жыл мезгілі бар

- Қалай атаймыз

- Көктем, жаз, күз

- Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік

- Күз

- Күз айларын атайықшы

- Қыркүйек, қазан, қараша

- Күз ерекшелігі қандай

- Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдер киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.

Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді, жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды. Жаңа тақырыпқа арналған бейненің жасалу тәсілі: бала гуашқа саусағын батырып, содан соң қағазға саусақпен нүкте, сызықтар арқылы күздің бейнесін салады. Жұмыс аяқталғаннан соң саусақтарын сүрткішке сүртеді, сосын саусақтары оңай жуылады.

Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар – жүйеленген талшықты жапырақша және оның сабағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды. Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады. Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады.

Альбоммен жұмыс: Саусақты гуашқа малып алып жапырақтың бейнесін салу. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.

IY.Сергіту сәті.

«Сиқырлы суреттер» деп аталатын дидактикалық ойынды өткізу. 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процестерін дамыту, тілдерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. 
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну көзделеді, нәтижесінде балалардың тіл байлықтары дамиды.


III апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Шығармашылық тапсырма: Саусақпен суреттерді салу.

IY.Сергіту сәті.

«Гүл» дидактикалық ойын. Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

IY апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесің

дер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.

Шығармашылық тапсырма: Саусақпен суреттерді бояу.

IY.Сергіту сәті.

V. Бекіту. Ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.«Күн мен жаңбыр» ойын. Шарты: Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Мұғалім: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Мұғалім қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады. 

VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Берілген тапсырмаларды өте жақсы атқардыңдар, сол себепті барлығыңа «жұлдызша» ұсынамын.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2018
1077
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі