Тақырыбы: "Анамыздың мейірімді жүрегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Анамыздың мейірімді жүрегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анамыздың мейірімді жүрегі.

Музыка әуенімен жүрекшемен кіреді. Музыка әуенімен әдемі қимылдар жасайды. Музыка аяқталғанда қолдарындағы шарды аспанға ұшырады.

Жүргізуші: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аналарға арналған.

- дей отырып қадірлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Батырхан: Аналарды сүйеміз! 

Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!


Айша: Ақ сүт берген балаңа 
Күш — жігерін жұмсаған 
Бұл өмірде жан ана 
Тең келеді кім саған


Санжар Т: Баланың да тірегі  
Дананың да тірегі  
Шаншымасын ешқашан  
Аналардың жүрегі
 


Айзада: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Алихан Қ: Мен анамды сүйемін, 
Сөзін ойға түйемін. 
Анашымды ардақтап, 
Басымды оған иемін.


Айлан: Аспандағы айымсың 
Бақытыма балаған 
Құтты болсын мерекең 
Айналайын жан анам.


Ән: «Мерекеңмен анашым!»

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Музыка әуенімен көктем келеді.

Көктем келеді.

Көктем: Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі.

Орман, торғай, бақтарда,

Өйткені мен көктеммін.

Құстар сайрай жөнеледі,

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!


Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала!

Анель: Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.


Абай: Құтты болсын ақ анам 
Сегізінші науырызың!

Аналардан тарайды,

Біздің ана тіліміз!

Амина: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.


Н. Алихан: Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін. 
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.


Арина: Жарқын жүзді жан аннам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан


Қамбар: Аялаған анашым, 
Мәпелеген анашым. 
Менің саған тілегім 
Қартаймашы анашым


Би: «Вальс»

Көктем: Рахмет балалар сендерге. Мен де сендерге бос келмедім. Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсіңдер ме?

Балалар: Иә

Көктем: Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2020
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі