Тақырыбы: «Әнші балапан» байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Әнші балапан» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Әннің терең мазмұнды мәні оятар»,- деп Абай атамыз айтқандай қазақ деген ұлы да ғұлама ,өнерлі де өрелі халықтың ұрпақтары екенімізді мақтаныш тұта отырып осы киелі сахнамыздың төрінде нақышына келтіре талай ән салып көпшіліқтің ықыласына бөленіп, батасын алған Роза мен Мәдина апаларымыздың ізін басар ізбасарлары да болашақ ұрпақтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әнші балапан»


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар

және ата-аналар!
Бүгін ,өнерге талпынып қанат қаққан жас жеткіншектердің өнерін ұштау мақсатында, өнеріміздің қадір-қасиетін сезінуге, оны құрметтеуге, баулу мақсатында өткізгелі отырған «Әнші балапан» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер!
Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара даладай мол көсіліп, кең тараған бір жанр бар ол- ән жанры.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің терең мазмұнды мәні оятар»,- деп Абай атамыз айтқандай қазақ деген ұлы да  ғұлама ,өнерлі де өрелі халықтың ұрпақтары екенімізді мақтаныш тұта отырып осы киелі сахнамыздың төрінде нақышына келтіре талай ән салып көпшіліқтің ықыласына бөленіп, батасын алған Роза мен Мәдина апаларымыздың ізін басар ізбасарлары да болашақ ұрпақтар.

Олай болса құрметті көрермендер , «Әнші балапан» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

«Еркетай» шағын орталығының меңгерушісі : Медетбекова Шолпан Аманқызы.

«Еркетай» шағын орталығының әдіскері: Утешева Зауре Мұратқызы.


Асыл- тастан, өнер-жастан,
Шығады деп дарынды .
Халық айтса халық сөзі ,
Әрқашан да нанымды.

Байқаудың шартымен таныстыру: ән және би бөлімінен.

Олай болса байқауымыздың алғашқы үміткерін қошеметпен ортаға шақырайық.

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,

Қай қазақ бар әншісін қарсы алмаған.

Айкерім сынды әншіміз ән шырқаса,

Жан бар ма екен қызығып,тамсанбаған.

«Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Айтқұл Айкерімнің орындауында «Ойыншықтар» әнін қабыл алыңыздар.


Бұл шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Сан мыңдаған жастар өсті,
Өнер алды елімнен- деп
«Жұлдыз» тобының сүйкімді бүлдіршіні Зубаржаттың орындауында «Қазақстан» әнін тамашалаңыздар.


Бізбен бірге ән салып, қол соғыңдар, 
Таң қалыңдар сүйсініп, тамсаныңдар.
Жас әншінің уыздай өнеріне,
Болашақта «Жұлдыз» деп қарсы алыңдар!
«Құлыншақ» тобының әнші қыздары Тұмар мен Айнараның орындауындағы «Айгөлек» әнін қабыл алыңыздар.


Бұлбұлдай сал, ән салсаң, аңыратып,

Орман,тоғай,өзенді жамыратып.

Аңыратып, ағызып ән нөсерін,

Толқынымен жүректі жадыратып.


Алуа қызымыздың орындауындағы «Ертегілер» әнін тамашалаңыздар.


Достарым бар қуанып,

Тамашалар кештерде.

Талшыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде.


Кезекті мың бұралып билейтін биші қыздарымыздың өнеріне кезек берейік.

Байқауымызға қатысушы ең кішкентай «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің « » биін тамашалаңыздар.


Өсе берсін, гүл қыздар,

Әнге қостық жыр қылып.

Күлімдегеп құлпырып,

Жүздерінен нұр тұнып.

«Құлыншақ» тобының әсем де ару қызы Даянаны «Испан» биімен қарсы алайық.


Аспанда мәңгі күн тұрсын,

Шуағы сендердей құлпырсын.

Балапандай қыздар- ай,

Өнерлеріңе нұр жаусын,- дей отырып ортаға «Жұлдыз» тобының биші қыздарын ортаға шақырайық.


Қызықтырып өнерге,

Жетелеймін баланы.

Ұлттық өнер емеспе,

Дамытатын сананы,

Әнші,биші баланы- деп, «Күншуақ» тобынан Асылхан мен Айкерімнің «Орыс» биін тамашалайық.


Мерекеміз бүгінгі құтты болсын

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып

Қане, достар қуанышпен орта толсын – деп ортаға «Балапан» тобының «» биін тамашалайық.

«Флэшмоб» - «Құлыншақ» тобы

Адам етіп бағалы,

Өнерпаз қып баулысам.

өнер отын жағады,-деп сахнаға бүгінгі әнші балапан сайысына қатысқан өнерпаздарымызды шақырамыз.


Таңданайық өнерге тамсанайық,

Бәріміз де қосылып ән салайық.

Шабыттансын көңіл көтерсін,

Өнерліні мадақтап жар салайық- дей келе осымен байқауымызды аяқтап, сөзді әділқазылар алқасына береміз


Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен ән кешіміз аяқталды.


Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
1866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі