Материалдар / Тақырыбы: «Армысың, Алтын күз!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Армысың, Алтын күз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Сөздік қорын молайту,ойлау,есте сақау қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
593
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Армысың, Алтын күз!»

Қатысатын кейіпкерлер: Жүргізуші және Алтын күз. (25 бала, әнге -25, биге – 16 бала)

Мерекелік ертеңгіліктің барысы: 
Зал күздің белгісін білдіретін шарлармен, жапырақтармен, көріністермен безендіріледі . «Жапырақтар» әні әуенінің ырғағымен бастарына жеміс- жидек, киген мерекелік көңіл – күймен балалар залға кіреді.

Ұйымдастырушылар :Манкебаева И.К.Сейдилдаева М.С.

Ертеңгілік жүргізуші:Сейдилдаева М.С.

Мақсаты:

1.Білімділік : Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналау.

2.Дамытушылық : Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Сөздік қорын молайту,ойлау,есте сақау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік : Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Жүргізуші:

Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Құрметті ата- аналар ,әріптестер сіздерді «Армысың,Алтын күз! » атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсалайық.

1. (Бецин А.В – звук дождя и пианиноәуенінің ырғағымен балалар кіреді )

«Күз» әні:

Балалардың тақпақтары: 5- бала

1.Бауыржан

Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
2. Айсезім
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
3. Лиза

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.
4.Айқын

Алақай, алақай,

Шаттанады балақай.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке.

5.Нұрай

Ағаштарды жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Құстар қайтып барады,
Көк аспанды қалықтап.

6.Арген

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Жүргізуші:

-Балалар бұл не? Біреу жылап тұрған сияқты.

Өйткені күн суытты ,құстар жылап жатыр. Құстар тоңды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой.
Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
Балалар: Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі.Ауа - райы бұзылып жаңбыр жауады.
Жүргізуші: Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша , бізге молшылық береке әкеледі.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін табасыңдар ма?

Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығады.
Баспағын бойын шөпке жасырады,
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.
«Қарбыз»

2 ( Светлана Ранда әнінің ырғағымен Саңырауқұлақ кіреді)

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә,  таныдық.

Саңырауқұлақ: Мен сендерді мерекелеріңмен  құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын, мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердің не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар:Иә.
Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта оралмайды .

Жүргізуші:Дұрыс айтасың,Саңырауқұлақ.

Сарғайды тоғай,

Сап -сары маңай .

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып .
Күн күркірейді. Саңырауқұлақ қорқып кетеді. Бұл не?

Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.

Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көремін.

Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсең онда балалар, барлығымыз «Жаңбыр» әнін айтайық.

3. Ән «Жаңбыр»

(Б.Бейсенова) «Жұлдыз» топының балаларының орындауында)

Жүргізуші:  Бізге Күз ханшайымы қонаққа келемін деп уәде беріп еді, неге кешігіп жатыр екен? Саңырауқұлақ,мүмкін сен көрген шығарсың?
Саңырауқұлақ: Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар. Келіп қалатын шығартосайық .

Жүргізуші:  Олай болса Күз ханшайымы келгенше балалармен бір ойын ойнайық.

4 . Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

(ұлдар мен қыздар)

Әуен желдің дауысы:Жел мен жаңбырдын дауысы. Күз бен жел кіреді:
Күз ханшайымы: Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Жел: Ақалай мақалай, ақалай мақалай. Күз ханшайымын ұйықтатып тастайын. Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Саңырауқұлақ пен жүргізуші желдін артынан қуады.

Саңырауқұлақ:  Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын.

Күз бізге керек ,оны балалар тосып отыр.

Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады, мен барлығын ұшырып жіберемін.

Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессің.
Жел:  Жоқ, мен мықтымын.
Саңырауқұлақ:  Ондай болса мықтылығынды көрейік. Кел екеуіміз жеміс жеп жарысайық.
Сен жеңсең күзді бізге қайтарасын, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.

Жүргізуші:Әне, көрдің бе, біздің Саңырауқұлақ қандай мықты?
Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік.
Жүргізуші: Енді уәдеңде тұрып, Күз ханшайымын қайтар.

5. («Жапырақтар» әніне (Razmik Grigoryan & Светлана Ранда – Листопад)

Күз ханшайымы оянады.

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.
Жүргізуші: Қош келдің, берекелі Күз ханшайымы. Бүгінгі  мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.

Күз ханшайымы : Сіздерге өзіммен бірге көкөністер мен жемістерді алып келдім, қазір олар өздерін таныстырады.

Балалардың тақпақтары: (5 бала)

1.Вероника

Мен жүзіммін ,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Сары күзде үзіліп,

Себетке кеп тізілдім.

2.Айкерім

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайың.

3.Руслан

Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,  
Қараса егер салғырт кім.

4.Айғаным

Мен моншақты шиемін,
Құмарсындар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,    
Тамағыңа сүйегім.

5.Айару

Дөп дөнгелек сап сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп ,    
Менің атым өрік.

6. Серік

Жапырақтар тасалап,

Өсетін жері бақша – бақ.

Күрең қызыл шіркін – ай,

Менің атым құлпынай.

7. Фатима

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін.

Жүргізуші: Рахмет сендерге жемістер сендер өнерлі екенсіңдер.Бізге Қояндар да қонаққа келіпті. Олар өздерімен бірге «Сәбіздер» биін ала келіпті.

6.Би:«Сәбіздер»

( Детский веселый танец 12ұл)

Жүргізуші: Бізге көкөністер де қонаққа келген сияқты.

Жиналыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға ,

Тиеді көп пайдамыз- деп көкөністер де өзара таласып жатқан сияқты.

Балалардың тақпақтары: (6 бала)

1.Мейірхан

Көкөністің ішінде,

Менің атым қызылша.

Денсаулығын нығайтып,

Қызмет етем адамға.

2.Наргиз

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрган ол мен қызанақ ,

Күнге қарап ұялып.

3.Ислам

Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.  
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

4.Сабина

Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.    
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

5.Алмас

Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып .   
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.

6.Бану

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.    
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Күз ханшайымы :

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды  тоқтатайық.

Балаларға әкелген жемістерімізді беріп қоштасайық. Рахмет өнерлеріңе, енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар.

Жүргізуші:Күз ханшайымы тоқтаңыз , сіз жылдағы дәстүріңізді ұмытқан сияқтысыз. Біздің кішкетай ханшайымдарымыз сізбен билеу үшін осы күнді қаншама күтті.

Күз ханшайымы:Кешіріңдер ханшайымдар, келіңдер мен сендермен бірге «Жапырақтар» биімді билейік.

7.«Жапырақтар» биі

(14 қыз)(«Жапырақтар» әніне (Razmik Grigoryan & Светлана Ранда – Листопад)

Жүргізуші: Рахмет сізге Күз ханшайымы. (Күз ханшайымымен қоштасу) Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Армысың,Алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!