«Асқақтай бер айбынды, Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Тәуедсіздік туралы түсініктерін кеңейту, еліне туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру, өз елін – жерін ұлтының намысын корғауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі
Мәңгілік ел атың
Ата-баба рухымен
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып
Қонды еліме.
Әнұран «Менің Қазақстаным»
Тәрбиеші: Балалар сендер тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
1-бала: Тәуелсіздік – бақытты өмір!
2-бала: Тәуелсіздік – ол менің ана тілім!
3-бала: Тәуелсіздік- менің қуанышты күндерім!
4-бала: Тәуелсіздік - Егеменді елдің еркін дамуы!
Музыка әуенімен залға алтын пырақ кіреді
Алтын пырақ: Саламатсыңдар ма балалар?! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Тәрбиеші: Салеметсізбе алтын пырақ! Біздің тәуелсіздік мерекесіне қош келдіңіз!
Алтын пырақ: Балалар мен Алтын пырақ - атпын. Сонау Астана қаласынан өздеріңе келдім. Мен Отанымыздың Елтаңбасында бейнеленген Алтын пырақпын. Менің Елтаңбада бейнеленген себебім ат қазақ халқының жүйрік, қазақ батырының серігімін. Мен мерекеге арнап өздеріңе хаттама алып келдім.
Тәрбиеші: Рахмет саған алтын пырақ! Мен хаттаманы ашып, балаларға оқып берейін. Хатты ашып оқиды.
Хат
Сәлеметсіңдерме кішкентай бүлдіршіндер! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Сендер біздің елдің патриоты болып, жүректерің Отан деп соқсын. Сендер тәуелсіз елдің болашағысыңдар. Көк байрағымыз биіктерде желбірей берсін!
Тәрбиеші: Біздің балалар тәуелсіздік мерекесін асыға күтеді. Сондықтан да тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдап көріңіз.
Тәуелсіздік туралы тақпақтар
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше болып мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Алтын пырақ: Жарайсыңдар балалар, өнерлерің өрге жүзсін. Ал енді бүгінгі мерекемізді көңілімізді көтеріп, ойынмен жалғастырайық. Ұлттық ойын «Көкпар»
Ойын «Көкпар»
Алтын пырақ: Тамаша балалар, ал енді менің жолға шығатын уақытым келді. Сендермен қоштасайын, сау болыңдар! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәрбиеші: Сау болыңыз алтын пырақ!
Пырақ музыкаәуенімен шығып кетеді
Тәрбиеші: Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаматтығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қолдауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? Тәуелсіздік жолында қаншама батыр қыздарымыз күрескен болатын сол батыр қыздарымызға арнап балалар өлең шумақтарын орындайды.
Тақпақтар Тәуелсіздік батырлары туралы (Сабира, Ләззат батыр қыздар)
«Мен қазақтың қызымын» Ән
Тәрбиеші: 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан Республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні Республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді. Елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
Тақпақтар Батырлар туралы (Қайрат, Тұрар т.б батыр ұлдары)
1. Егемен елдің ұлымын
Ертеңгі күннің нұрымын
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін
Біліммен жұпар жинаймын
Еліме бақыт сыйлаймын.
2.
Тәрбиеші: Ортаға биші ұлдарымызды шақырамыз. «Батырлар» биімен
«Батырлар» биі (ұлдар)
Отан-әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз- адамның туып өскен жері, туған – туыстарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым – Отан.
Көрініс
Музыка әуенімен залға Күн (бала) кіріп,айналып жүгіріп келіп ортада тұрады.
Бала атпен шауып кіреді.
Бала: Алақай, алақай! Алатаудың басынан күн шуағы көрінді.
Бала: Ата, ата күн шуағын қараңыз, бізге қарап күлімдеп тұр. (Ата кіреді)
Ата: Е, құлыным желтоқсанның суық , ызғарлы желі басылып, Ұлы дала жеріне арайлы күннің шуағы шашылды ғой! Алаштың батыр ұл-қыздары бабаларымыз аңсаған теуелсіздігімізді алып берді.
Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелетін асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той
Ата: Жүр құлыным, ел аралап сүйінші сұрайық.
Бала: Бала атасын айналып шауып Жарайды Ата! Сүйінші, сүйінші! Атпен шауып шығып кетеді Атасы немересінің соңынан шығады.
Атамекен
Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігі мәңгі жадымызда. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағызым етеміз. Осымен құрметті қонақтар ортанғы топтың дайындаған «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» ертеңгілігіміз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: «Асқақтай бер айбынды, Қазақстан!»

шағым қалдыра аласыз