Тақырыбы: «Астана-арман қала».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Астана-арман қала».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. Астананың өсіп, көркейіп келе жатқандығын түсіндіру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Астана-арман қала».

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. Астананың өсіп, көркейіп келе жатқандығын түсіндіру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, апайлар, балалар! Бүгінгі «Ақжелкен» ортаңғы тобының Астана күніне орай өткізілетін «Астана-арман қала» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Ата-бабам арман еткен,

Егеменді Қазақ жерін.

Қуанышың көптен күткен,

Құтты болсын дархан елім.

Интерактивті тақтадан топтағы Нұрасылов Сәкенмен онлайн сөйлесу. Сәкен өзінің Астана қаласында қалай қыдырып жүргендігі жайында достарымен бөліседі және біздің отіп жатқан іс-шарамызды тамашалайды.

Олай болса балалар іс-шарамызды бастайық.

Хор: «Елтаңбасы елімнің».

Балалардың тақпақтары.

Ұлболсын: Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Рахман: Шырқап көкке асқақ ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам –Астанам.

Көркем: Жыр қып төктім өзіңе
Шумақтарын сезімнің
Әсем қала – Астанам
Құрдасымдай өзімнің.
Ұлпан: Әуелейді асқақ ән
Болашаққа бастаған
Мәртебемсің сен менің
Айналайын Астанам.
Ишан : Ту. Біздің республикамыздың мемлекеттік Туы - тік төртбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықты білдіреді.
Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астында қанат жайған қыран бүркіт бар. Жанында ою - өрнек салынған, алтын түспен берілуі тыныштықты, байлықты білдіреді.
Назым : Елтаңба. Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген. Күннің сәулесіндей айнала уықтар тараған. Екі жағында екі қанатты тұлпар салынған ол - қорғауды білдіреді. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.
Үстінде « жұлдыз», астыңда «Қазақстан» деген жазуы бар.
Ұлболсын: Әнұран. Мемлекеттік әнұран – маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Әнұранды тұрып, оң қолымызды кеудемізге қойып айтамыз.

Ишан: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам.

Нұрбақыт: Сарыарқаның төсінде
Гүл жайнаған, Астанам
Ақпейілдей арнайы
Ақ тілегім, жас бала.
Нұрасыл: Елордасы елімнің,
Қазағымның жүрегі
Астанамды бірінде,
Күллі әлем біледі.


Дінислам: Қымбат маған есілің
Жүрегімде жүреді
Жарқын болсын ертеңнің
Осы елдің тірегі.
Гүлназым: Астанам - арман қала
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да.

Ән: «Ел жүрегі Астана».
Ерасыл: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған.
Болашақтың есігін
Оң қолыңмен аш маған.

Наргиз: Жас астанам, жас қалам.
Тарихым бар ашпаған.
Ордасы боп ашылдың,
Ей, бас қалам - Астанам.
Шаяхмет Айзере: Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.
Назым: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам - Астанам.
Нұрболат: Шырқап көкке аспан - ән
Болашаққа бас қадам,
Қазақ рухын биіктен
Ей, бас қалам - Астанам.
Би: «Жаса Қазақстан» бір топ жігіттер.
Балаларды мадақтау. Қонақтармен, экранда бізді көріп отырған Сәкенмен қоштасу.
- Сау болыңыздар.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі