Материалдар / Тақырыбы: «Асық ойыны ұрпаққа аманат». (Ата –анамен жұмыс)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Асық ойыны ұрпаққа аманат». (Ата –анамен жұмыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміндегі студенттер,мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1579
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Асық ойыны ұрпаққа аманат». (Ата –анамен жұмыс)

Мақсаты: Ұлттық құндылығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау..Асық ойнының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының ( техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: -Қайырлы күн құрметті ата-аналар және әріптестер! Бүгінгі «Інжу» тобы мен «Бірлік» тобының арасында ұйымдастырылған «Білгенге маржан» интеллектуалдық дамыту «Асық ойыны- ұлттық қазынамыз»зертханалық іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Сөз кезегін бөбекжай директоры: Сағима Имангерейқызына береміз.


Бүгінгі іс-шарамыздың негізгі тақырыбы «Асық ойыны ұрпаққа аманат».

-Ортаға бүлдіршіндері шақырайық!

1. Екі топ балаларының орындауында «Асық» әнін қабыл алыңыздар.

2. Біртоп балаларымызды «Қара жорға» биімен ортаға шақырайық.

-Рахмет балалар өркендерің өссін.

-Асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Осы асық ойынын біздің батырларымызда, ақындарымызда ойнап өскен.Қазір балалар балпаң ба­са бастағаннан-ақ ата-анасы жүйкесі тыныш болуы үшін қо­лына планшет,телефон беріп қоятынын кө­ріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан ба­ланың зейіні тұйықталады, кө­зінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қи­саяды және кәдуілгі адами қа­рым-қатынасты ұмытады.

Олай болса баланың тұла бойындағы дамуы процестерді дамытуға керемет әсер ететін ойын бұл асық ойыны. Ендеше неге балаларымызға асық ойнап, сақа сыйлауды үйретпеске. Ол үшін экранға назар аударайық (слайд көрету)


  1. Асық дегеніміз не?

  2. Асық түрлері

  3. Асық атаулары

  4. Асық ойындарының денсаулыққа тигізер пайдасы.

  5. Асықты дұрыс ұстауды үйренейік!


Қолда асықты үстау техникасын үйрету:

- асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары: алшы, тәйкі (тәуке, тәйке), бүк, шік. (омпа және томпа).

- асықтың ойын түрлеріне сай қолға ұстау әр түрлі:

көбіне асықпен ойналатын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – басбармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады. (Бұл оңқай асықтарды дұрыс ұстау). Ал солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы – басбармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады.

  -Асық туралы біраз ой түйіп, мәлімет алдық.

 

Әділқазылар алқасымен танысып отырайық:

1.Әділқазылар алқасының төрайымы бөбекжай директоры:

Сағима Имангерейқызы

2. Бөбекжайымыздың дене шынықтыру пән мұғалімі : Бағдат Талғатұлы


Ұлттық салт-дәстүрді ұрпаққа өнеге ете отырып «Асық ойыны- ұрпаққа аманат» атты сайысымызды сіздерге сәттілік тілей отырып, ашық деп жариялаймыз!

Құрметті ата-аналар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан ұмыт болып бара жатқан асық ойынын баланың бойына сіңіріп, сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулу болып табылады.

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.


  1. Таныстыру (эмблема, ұран)

  2. Сұрақтар

  3. Тапсырмалар орындау

  4. Эстафеталық ойын.

  5. Бес тас ойыны

  6. Үй тапсырмасын қорғау


Екі жақтың ата-аналары таныстыру бөлімімен ортаға шақырайық.

(асықты қолға жасыру арқылы қай топтың бірінші бастайтынын анықтап аламыз)

Өздерінің дайындап әкелген эмблемаларын және ұрандарын ортаға салсын.

«Бірлік» тобы – Алшы

«Інжу» тобы-Алтын асық

-Жақсы көп рахмет, екі жақтың таныстыруларын бағалауға


Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз,-сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

-Рахмет.

«Інжу» тобы қыздары: Нұрайым,Ғалия,Ғазиза,Асылайдың орындауында қазақтың халық биін тамашалайық.



ІІ бөлім сұрақтар қойылады.

Кім бірінші жауап берсе сол топқа ұпай қосылады.

(асықты қолға жасыру арқылы қай топтың бірінші бастайтынын анықтап аламыз) 2 мин

  1. Баланы бесікке байлағанда ненің асығын байлаған? Не себепті? (ұл бала болса бесігінің басына бөрінің асығын іледі, бәле-жаладан аулақ шымыр, қайратты болсын дегені.қыз бала болса бесігіне еліктің (жабайт) сұлу көрікті болсын деп ырымдағаны.

  2. 10 қоймен 4 қасқырдан неше асық алуға болады? 36 асық

  3. Бір қойда неше асық болады? Сиырда ше?

  4. Асық түрлері мен атауларын біесіз бе? (сақа - асықтың үлкен әрі шымыр түрі, кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар, шүкейт – жас малдың асығы,, қойлық- қойдың асығы, ешкімек-ешкінің асығы, көктабан – қорғасын салмақты сақа асық, топай-сиыр асығы, қолқар – арқардың асығы )

  5. Асық ойынының түрлерін атаңыз? (Ханталапай, құмар түсті, бес тас, үш табан, асық ату, көпірден өткізу, асық қағу, шеңбер, хан, тас қала, )

  6. Асық ойнаудың тигізер пайдасы?

  7. Асық туралы қандай мақал –мәтел білесіз? (Ата баласы азарында асық ойнайды.Асығын ата алмаған сақасынан көреді, сөзін сөйлей алмаған, атасынан көреді.Оңқай-асықтай, күміс қасықтай)

  8. «Сақа» деп қандай асықты айтамыз?

  9.  Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды.Ол қалай?

  10.   Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады.Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады.Атаның неше немересі бар?Асығы нешеу? 23 асық, 3 немере

-Өте жақсы, енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.


Келесі тапсырма «Суырып салма ақын» деп аталады.

Яғни әр топтың ата-анасы 5 өтірік өлеңді, 5 мақал-мәтелдер айтулары қажет.

ІІІ бөлім

Тапсырмалар орындау (асықты қолға жасыру арқылы қай топтың бірінші бастайтынын анықтап аламыз)2 мин

Мына жерде әдемі жасалған көк,қызыл,жасыл және сары түсті асықтарды көріп отырсыздар.Екі топтан бір ата-анадан келіп,өзіне ұнаған асықтарды таңдайды. Яғни бұл асықтарда асық ойынының түрлері жасырылған. Әр топ өзіне түскен ойын түрін алып,өз орталарында отырып,талдап, түсініп,келесі топтың ата-аналарына ойнатады.

Ойынды өзара түсініп талдауға 3 минут беріледі. Ойнатуға ........ беріледі.

«Хан алшы» және «Ханталапай» ойындары түсті. Енді орындарымызға отырып,өзара келісіп,ойнатайық.

«Хан алшы» ойынының шарты

Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.


«Ханталапай» ойынының шарты

Бұл ойынға 4-5 бала қатысады.Ойынға 10 асық алынады Он бірінші асық «хан» болады.Бірінші ойыншы қос уыстап ұстаған барлық асықты ортаға иіруі керек.Басқа ойыншылар ханға қарап тұрады. «Хан» алшы түскенде балалар ортадағы асықтарға ханталапай жасайды.»хан» кімнің қолында кетсе асықтарды сол иіреді.»Хан» мен бірге қолына алған асықтардың санына байланысты ұпай саналады. «Хан» алшы түспесе, иірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғады, соғылған асықтардың біреуін алып ұпай жинайды.Бір-біріне тимей басқа асыққа соғылса немесе басқа асықты қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі.Осыдай ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды.


4 бөліміміз эстафеталық ойын.

Бұл ойында қазақтың ұлттық оюы қошқармүйізді асықпен өрнектеу керек.

Мына жерде асықтар санмен белгіленген.Сол асықта жазылған санның ретімен алып қошқармүйіз оюымызды өрнектеуіміз керек. Кім шапшаң оюды өрнектейді,сол жеңіске жетеді.

5 бөліміміз. Бес тас ойыны шарты:

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық.


6 бөліміміз үй тапсырмасын қорғау

(асықты қолға жасыру арқылы қай топтың бірінші бастайтынын анықтап аламыз)

яғни ата-аналар үйден әзірлеп әкелген тапсырмаларын ортаға шығып таныстырады.

Әділқазылар алқасына сөз ұпай санымен


Қорытынды.

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

Құрметті ата-аналар осымен «Асық ойыны ұрпаққа аманат» атты сайысымызды аяқтай келе, ұлттық ойынымыздың бірі- асық ойынымен тереңірек танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенеміз. Ұйымшылдықпен қатысқандарыңызға бөбекжай атынан көп рахмет айтамыз.Сау болыңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!