Материалдар / Тақырыбы: Ашық сабақ "Білім күні"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Ашық сабақ "Білім күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім күні туралы балаларға түсіндіру.Балаларды жан-жақты білім алуға, тәрбиелі болуға баулу.Әріптестеріммен жұмыстарымды бөлісу және өздеріне қажетілігіне қарай көмек алуға деген мақсатым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1780
121 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 4.09.2017ж

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «1 қыркүйек -білім күні»

Мақсаты: 1.Балаларға 1-қыркүйек күні- білім күні жайында түсінік беру. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

2.Есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

3.Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, өлең оқу, сергіту, ойын.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Қозғаушы қызмет түрі

Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн!

Армысың, жер ана,

Армысың, достарым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылулық сыйлайды.

Ұйымдастырушы ізденушілік

Ән ұран орындау, Әңгімелеу:

-Балалар бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне арналады.

-Балалар 1-қыркүйек күні барлық мектеп,балабақша, оқу орындарында сабақ басталады.Бұл күн бәріміз үшін үлкен мереке. Алғашқы қоңырау соғылатын күн.

-Балалар жақсы, тәрбиелі оқушы болу үшін жақсы оқу, айтқанды тыңдап жақсы бала болуларың керек.

Сұрақ-жауап:

-Балалар біз өткен оқу қызметінде Қазақстан республикасының рәміздерімен танысқан болатынбыз, есімізге түсірейікші?

-Біз қандай рәміздерді білеміз?

-Біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Қазақстан елордасы қай қала?

-Балалар біздің туған жеріміз қалай аталады?

-Балабақшамыздың аты қалай аталады?


Өлең оқу: М.Әлімқұлов «Отан»

Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен бабамыз бен атамыз.

Отанды әркім анасындай қастерлейді бағалап,

Өйткені отан анасындай бізді өсірер аялап.

Міне, балалар біз осындай бақытты мемлекетте өмір сүреміз.

Ендеше балалар бүгінгі мерекеге арнап тақпақ айтайық есімізде сақтап жаттап алайық.

Қыркүйектің бірінде,

Кеудем толды дірілге.

Құлақ түрем елеңдеп,

Бақша деген бір үнге.

Сәлем саған балабақшам,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім,тәрбиені,

Ой санама еккеніің.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Алма ағашындай жайқалып,

Әдемі болып өсеміз.

Д/ойын: «Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Балалар ән ұранды орындайды.





Балалар тыңдайды, түсінеді.










-Елтаңба, әнұран, ту.

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Астана қаласы.

-Боранқұл селосы.

-Боранқұл бөбекжайы.




Өлеңді тыңдайды мағынасына түсінеді.











Мереке туралы түсінеді өлеңді жатқа айтуға үйренеді








Қимыл қозғалыс жасайды.





Ойынға қатысып сурет бойынша әңгімелеп береді.

Жөндеуші-жетекші

Қорытындылау:

-Балалар міне, осы күннен бастап бізді қызықты оқу, ойындар басталады.

Көптеген қызықты күндеріміз бірге өтеді, үйренеріміз көп болады.

Балаларды мадақтау, оқу қызметін аяқтау.


Балалар жауап береді, тыңдайды.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар 1-қыркүйек білім күні екенін беледі.

Түсінеді: Балалар өз отанын, елін, туған жерін құрметтеуді, білім күнінде көп қызықты заттарды үйренетіндерін түсінді.

Меңгерді: Балалар сурет бойынша өз ойларын жеткізіп әңгімелеп беру керектігін меңгерді.












«Боранқұл бөбекжайы» МҚКҚ

















«1 қыркүйек -білім күні»

(ашық оқу қызметі)










Өткізген:

«Балауса» бірінші кіші тобының

тәрбиешісі: Куракбаева А.










2017 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!