жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Автомобильдің салқындату жүйесі
Тақырыбы: Автомобильдің ақпараттылығы және жүргізушінің жұмыс орны
Дәрістің жоспары:
Автомобильдің ақпараттылығы;
Ақпараттылықты жетілдіру жолдары;
Жүргізушінің жұмыс орны;
Жүргізушінің жұмыс орнын жетілдіру жолдары.
Автомобильдің ақпараттылығы
Автомобильдің ақпараттылығы – бұл автомобильдің жол қозғалысына қатысушыларды АЖЖ жүйесінің динамикалық қызмет етуі үшін қажетті және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету қасиеті. Жүргізушіге ақпарат сигналдар көмегімен түседі, олар: жол, жол қозғалысын реттеуші техникалық құралдар, ауа-райының жағдайлары, көлік құралдарының сигналдық жабдықтары, аспаптар панелі, басқару органдары және т.б. Сигналдар сезім органдары арқылы түседі және оның санасында– көру, есту, дене түйсігі сезімі түрінде бейнеленеді.
Ақпараттылық көзбен шолу болуы мүмкін (көлік құралдарының түрлері мен өлшемдері, шанақ түсі, автономдық жарықтандыру жүйесі, шамдық сигналдық жабдықтау, шолушылық параметрлері, аспап панельдерінің элементтері). Дыбыстық (дыбыстық сигнализаторлар, қозғалтқыш, трансмиссиялар, шиналар шуылы және т.б.; дене түйсігі (жүргізуші әрекетіне басқару органдарының реакциясы). Ақпараттылықты жіктеу 5.1 - суретте келтірілген.
Автомобильдің ақпараттылығын ішкі, сыртқы және қосымша деп бөледі.
Ішкісі жүргізушіге автомобильді басқаруға қажетті ақпаратты қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол келесі факторларға байланысты: шолушылық жүргізушіге уақытылы ешбір кедергісіз жол жағдайы туралы барлық қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік туғызуы керек. Сынып тұрған немесе тиімсіз жұмыс істейтін жуғыштар шыныларды үрлеуші және жылытушы жүйе, шыны тазартқыштар, артқы көріністің штаттық айналарының болмауы белгілі бір жол жағдайларында шолулықты күрт төмендетеді. Аспаптар панельдерінің, басқару батырмалары мен клавишалардың, жылдамдықты ауыстыру жетегінің және т.б. орналасуы жүргізушіге көрсеткіштерді, ауыстырып-қосқышқа бақылаудың минимум уақытын қамтамасыз етуі тиіс.
|
5.1 – сурет – Ақпараттылықты жіктеу
Автомобильдің шолулығы деп жүргізушіге, қауіпсіз қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін жол мен объектілерді бөгетсіз көруде объективтік мүмкіндігін анықтайтын конструкциялық қасиетін атайды. Ол ең алдымен, терезе өлшемдері, ені және шанақ тіректерінің орналасуы, жүргізушіні терезелерге қатысты орналастыру, шыны тазалағыштар тазартатын аймақтардың өлшемдері, жуғыштар конструкциялары, шыныларды үрлеу және жылыту жүйесі сияқты факторлармен, сондай-ақ, артқы шолу айнасының орналасуымен, санымен және өлшемімен анықталады. Шолулық бағасының критерийлері ретінде көбінесе шолулықты анықтау тәсіліне тәуелді түрлі шартты көрсеткіштер қолданылады; бұл көрсеткіштер әрқашан салыстырмалы бола бермейді. Шолулықты бағалау критерийлерінің төрт негізгі тобын бөліп қарастыруға болады.
Терезе ойықтары мен шынының тазартылатын аймақтарының геометриялық өлшемдері, яғни кабинаны шынылаудың конструкциялық элементтерінің бұрыштық өлшемдері, сондай-ақ, жүргізушінің орнынан шолулық бұрыштары, олардың шамалары кабинаның мөлдір емес элементтерінің жүргізушінің көзінің орналасу нүктесінен жүргізілген негізгі кеңістіктік жазықтықтарға қатысты орналасуымен анықталады.
1. Горизонталь алаңдағы «соқыр» аймақтардың геометриялық өлшемдері.
2. Автомобиль горизонталь алаңда тұрған кезде «соқыр» аймақтардың геометриялық өлшемдері (балдармен бағаланады).
3. Эталондық контур, оның құрылу негізіне жүргізушіге көшенің немесе жолдың тік горизонталь учаскесі бойымен қозғалған кезде автомобильдің алдыңғы терезесі арқылы көрінетін панорама жатқызылған.
Автомобиль шолғыштығының ұсынылатын параметрлерін жүргізуші автомобильді 5,5 - 41 м/с жылдамдық ауқымында қауіпсіз басқару үшін көрініп тұруға тиісті жол жағдайының түрлі объектілерінің орналасуын талдаудан шыға отырып анықтайды.
Жақсы шолғыштықты қамтамасыз етуде, қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайына қарамастан, шыны тазалағыштар, сондай-ақ, шыныларды үрлеу және жылыту жүйелерінің маңызы зор. Шыны тазалағыштарға қойылатын негізгі талап – бұл алдыңғы шынының мүмкіндігінше үлкен бөлігінің ауданын тазалау және щеткаларының әр өткені үшін тазалау сапасы. Шыныларды үрлеу және жылыту жүйесі сыртқы төмен ауа температурасында алдыңғы шынының терлеуін және қатуын болдырмауы керек. Қозғалыс кезінде жүргізушіге, әсіресе қозғалыс жолағын ауыстыру және басып озған кезінде автомобильдің артындағы жол жағдайын бағалап отыруына тура келеді. Осы мақсатта артқы көрініс айналары қызмет етеді, солар арқылы бейнеленетін шолғыштық беттің пішініне (томпақ немесе жазық), айналардың өлшемдеріне және олардың жүргізушінің көзіне қатысты орналасқан жеріне тәуелді; ішкі айналар арқылы шолғыштық автомобильдің артқы терезесі арқылы шолғыштыққа да тәуелді.
Сыртқы ақпараттылық – бұл жол қозғалысының басқа қатысушыларын автомобильден түсетін ақпаратпен қамтамасыз ету, ол онымен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін қажет. Оған ішкі жарық сигнализациясының жүйесі, жарық қайтарғыштардың орналасуы, дыбыстық сигнал, өлшемдері, пішіні мен шанақтың бояуы кіреді. Егер автобустар, үлкен жүкті автомобильдер, автопоездар қозғалыстың басқа қатысушыларын өзі және маневралары, ең алдымен габариттері және пішіні туралы ақпарат берсе, онда кіші өлшемді автомобильдер үшін бояуы маңызды. Жеңіл автомобильдердің ақпараттанғандығы жол төсеміне қатысты олардың түстерінің контрастылығына байланысты. Статистика бойынша қара түске (қара, қоңыр, сұр, жасыл және көк) боялған автомобильдер түндегі жеткіліксіз көрініс жағдайында оларды айыру қиын болғандықтан ЖКО екі есе жиі ұшырайды. Әсіресе осындай автомобильдермен соқтығысу мүмкіндігі шектеулі көрініс болған жағдайда: тұманда, жаңбыр кезіндегі ала көлеңкеде орасан зор. Қауіпсіз тұрғысынан алғанда ең жақсы түстер – сарғыш, сары, қызыл, ақ. Бұрылысты нұсқағыштардың жөнделусіз болуы, тоқтату сигналдары, габариттік оттар жол қозғалысының басқа қатысушыларына жүргізушінің ниетін уақытында аңғаруға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Полимерлерден жасалатын жалпақ призмалы жарық қайтарушылардың, үш өзара перпендикуляр шағылыстырушы қырларын жоғары дәлдікпен орналастырып жасалған жалпақ призмалы оптикалық жүйесі болады.
Қосымша ақпараттылық – бұл автомобильді шектеулі көрініс жағдайында: түнде, тұманда және т.б. пайдалануға мүмкіндік беретін оның қасиеті. Ол жарық беру жүйесі аспаптарының және жүргізушінің жол-көлік жағдайы туралы ақпаратты қабылдауын жақсартатын басқа құрылғылардың (тұманға қарсы) сипаттамаларына байланысты.
Жолдың нашар жарығы кезінде және фаралар жарығын пайдалана білмеу кезінде жүргізушінің жұмысы күрделенеді, жол қозғалысының қауіпсіздігі төмендейді. Көріністің қажетті жағдайын жасау үшін әрбір көлік құралы үшін міндетті түрдегі, тәулік бойы да, сондай-ақ тәуліктің тек қараңғы кезінде ғана қолданатын жарықтандырушы және жарық сигналдық аспаптардың минимум саны орнатылған.
Ақпараттылықты жетілдіру жолдары
Volvo автомобильдеріндегі ірі, ыңғайлы орналасқан жанындағы айналары электр жетекпен жабдықталған, соның арқасында жүргізуші жақсы шолуды қамтамасыз ету үшін оларды оңай реттей алады. Жүргізуші жақтағы айнаның жеке сфералық аймағы болады, ол артқы көріністің «өлі аймағын» белгілі бір бұрышпен практикалық түрде жояды. Бұл басып озу кезінде максимум қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алдыңғы шынының жоғарғы бөлігі, күн сәулесімен шағылысу қаупін төмендететін қараңғылау жолағымен жабылған. Артқы шынысы электрлік қыздыру элементтерімен жабдықталған, соның арқасында шыныдан қыраулану және конденсат тез кетеді.
Шам сигналдық аспаптардың ақпараттылығын арттыру тиімді орналасу, аспаптардың оңтайлы құрамын орнату; автомобильдерде ауыспалы жарықтығы бар тежеу жүйелерін енгізу; жарықтылығына байланысты жарық күшін автоматты реттейтін сигналдық фонарьларды қолдану арқылы қол жеткізілуі мүмкін.
Компьютер шыны тазалағыштың қарқындылығын ауыстыра отырып, ауа-райы жағдайларына байланысты оларды басқарады және тіпті фараларына команда береді. Қарсы келе жатқан машина көрген кезде Рено алыс жарықты жақынға ауыстырып қосады.
Жүргізушінің жұмыс орны
Жүргізушінің жұмыс орны кабиналарының өлшемдерімен, басқару органдарына қол жеткізу ыңғайлылығымен, орындық конструкциясы және орналасуымен, оған қатысты басқару органдарының орналасуымен және кабинадағы ортаның эргономикалы параметрлерімен (микроклимат, шуыл, діріл, ауаның уытты заттармен ластануы) сипатталады.
Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру еңбек өндірімділігін арттыруда, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және жүргізушінің денсаулығын сақтауда маңызы зор. Ол адамның психофизиологиялық және антропометриялық сипаттамаларына сәйкес жұмыс орнын жарықтандырумен, жабдықтаумен және жоспарлаумен шектеледі.
Автомобиль жүргізушісінің (жолаушының) жұмыс орнын сипаттайтын пайдалану қасиетін автомобильдің жайлылығы немесе комфортабельділігі деп атайды. Автомобильдің жайлылығы жүргізушінің автомобильді шаршамастан басқару қабілеті ішіндегі уақытты анықтайды. Автомобильдің жайлылығы орындықты, басқару органдарын және жүргізушінің физика-химиялық жағдайын сипаттайтын параметрлермен бағаланады.
Орындық конструкциясына қойылатын негізгі талаптар жүргізушінің денесінің, бұлшық етке артық күш түсіруді болдырмайтындай, автомобильді физикалық энергиясының аз шығынымен басқару мүмкінді-гін беретін орнығуын қамтамасыз ету болып табылады (3.9-сурет).
Жүргізушінің отыру және басқару қимылдарының қолайлылығы айтарлықтай дәрежеде орындық пен басқару органдары арасындағы қашықтыққа байланысты және кабинаның жоспарлық өлшемдерімен, орындықтың габариттік және отыру өлшемдерімен, сондай-ақ оның элементтерінің физика-механикалық сипаттамаларымен анықталады.
1 – 15-25о; 2 – 85-100о; 3 – 90-120о; 4 – 65-95о; 5 – 15-35о; 6 – 80-110о; 7 – 170-190о |
5.2 – сурет – Жүргізушіні алмастырушы манекен звеносының арасындағы тиімді бұрыштар
Жүргізуші орындығын жасау кезінде эргономика және комфорт тұрғысынан талаптардың бірқатары ескерілуі тиіс. Орындық жеке талаптарға сәйкес (ұзындығы, биіктігі, жастықтың көлбеу бұрышы, арқасының көлбеу бұрышы бойынша) оңай реттелуі тиіс. Орындық жастығының алдыңғы шетінің конструкциясы қан айналымын бұзбайтындай сан мүшесін қолдауды қамтамасыз етуі тиіс. Орындықтың жастығы мен арқасы жанынан ұстап тұруы керек.
Аспаптардың қисындасу дизайны оның түсініктілігі мен логикалық қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс. Аспаптар жүргізушіге үйреншікті ортасында анағұрлым маңызды ақпараты бар көз алдында орналастырылады. Сандар оңай оқылады және интерпретацияланады. Сақтандырғыш хабарламалар байқаусыз қала аламайды.
Жүргізушінің жұмыс орнының ең маңызды сипаттамасы – оның автомобильді құрамдарына қатысты, оның шанағына, өлшемдеріне, пішіндеріне, материалына: орындығына, рульдік басқару органдарына, рычагтарына, басқыштарына, аспап қалқанына, жел жақ шынысына және басқа да кабина интерьер құрайтын бөлшектері мен құрылғыларына қатысты конструкциялық шешімдердің бір қатарын қолданумен қамтамасыз етілетін жарақат қауіпсіздігі болып табылады.
Жүргізушінің шаршау дәрежесі, осыған орай жол қозғалысы қауіпсіздігі айтарлықтай дәрежеде жүргізушінің жұмыс орнындағы физика-химиялық жағдайларына тәуелді.
Жүргізушінің жұмыс орнының физикалық қасиеттеріне шуыл, діріл, микроклимат; ал химиялыққа – ауа құрамы және ондағы зиянды заттардың болуы жатады
Шуыл – түрлі жиіліктегі және күштегі дыбыстардың тәртіпсіз үйлесімі. Шуыл жүргізуші жұмысының жағдайын нашарлатады, оны алаңдатады, назарын төмендетеді, реакция уақытын ұзартады, уақытынан бұрын шаршау салдарынан жұмыс қабілетін төмендетеді.
БҰҰ № 9 ЕЭК ережелері автомобильдің сыртқы шуылын нормалайды. Ол автомобиль типіне және оның қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгереді.
Шуылдың жағымсыз әсерін азайтуды шуыл көздерін әлсіздендіру, шуыл жұтатын материалдарды қолдану, сондай-ақ, шуыл оқшаулағыш арқылы қол жеткізуге болады.
Дірілдер – бұл автомобиль қозғалысы кезінде туатын жоғары жиіліктің немесе аз амплитуданың тербелісі. Кабина бойлық, көлденең және вертикаль бағыттарда тербеле алады. Жүргізуші денесінің бөліктерінің тербеліс резонансты тудыратын 1-5 Гц ауқымдағы тербеліс анағұрлым қауіпті. Басқа берілетін тербелістер дем алу ырғағы мен жиілігінің, артериялық қысым өзгерісін тудырады, бинокулярлық көру жітілігін төмендетеді, көңіл қою сапаларын төмендетеді, автомобильді басқару бойынша қимыл дәлдігі мен реакциясы баяулайды.
Дірілдің азаюына балансировканы қолдану және дірілдететін бөлшектердің беріктігін арттыру, діріл аралық төсемдерін, діріл жұтқыш материалдар мен жабындарды пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
Жүргізушінің жұмыс орнының, температураның жиынтығымен, ылғалдылығымен және ауа қозғалмалылығымен анықталатын микроклиматының маңызы зор. Микроклиматтың жүргізуші организміне әсері оның жасына, денсаулығына, шынығу дәрежесіне, жұмыс киіміне байланысты.
Кабинадағы температура ЖКО туу жиілігіне әсер етеді.
Белсенді қауіпсіздік талаптарының бірі автомобиль кабинасында қажетті ауа тазалығын ұстап тұру болып табылады.
Қозғалтқышты дұрыс реттеу, қоректену жүйесінің бұзылуын уақытылы жолға қою, кабина тесіктеріне резеңке тығыздағыштарды мұқияттап орнату және желдету және жылыту жүйесін тиімді пайдалану жүргізушілердің жұмыс жағдайларын айтарлықтай сауықтырады.
Желдету жүйесі табиғи және мәжбүрлі болады.
Температураны, кабинаға берілетін ылғалды автоматты реттеу үшін кондиционерлер қолданады.
Жайлылықты арттыруға берілістерді автоматтық ауыстыру және жылдамдықтарды реттеу қорапшаларын пайдалану ықпал етеді (круиз-бақылау). Қазіргі кезде бейімдік круиз-бақылаумен жабдықталған автомобильдер шығарылуда. Ол берілген деңгейдегі жылдамдықты қолдауға ғана емес, сондай-ақ, қажет болғанда, оны автомобиль толық тоқтағанға дейін төмендетеді.
5.4 Жүргізушінің жұмыс орнын жетілдіру жолдары
Басқару органдарында логикалық дизайн және орналасу болады, оңай қол жеткізерлік, тіпті қараңғыда да оларды өзара шатастыру қаупі аз. Аспаптың идеалды орналасу мысалы навигациялық дисплей болып табылады (RTI жүйелері), ол аспаптардың қиындасуынан жоғары аспап панелінде болады: жүргізушіде жолдан көзін алмастан ақпаратты санау мүмкіндігі болады.
Жүргізушіге қолайлы болу үшін реттелетін руль доңғалағын орнатады. Реттелетін руль доңғалағымен тамаша орынды оңай табуға болады. Volvo-ның жеке модельдерінде руль доңғалағының көлбеу бұрышы, сондай-ақ, бағана биіктігі реттеледі.
Жүргізушіні жолдан минимум алаңдату үшін кейбір жүйелерді басқару органдары руль бағанасына шығарылады. Volvo-лардың көптеген модельдерінде руль бағанасына аудиожүйені, круиз-бақылау, телефон және RTI жүйесін басқару органдары шығарылды. Салдары ретінде, осы функцияларды басқару қолайлылығы артады және жүргізушінің көңілі негізгі мәселеден ауып кетпейді.
Автомобильдің басқару органдарының параметрлері психофизиологиялық және анатомиялық мүмкіндіктерге сәйкес болуы және эргономикалы талаптарға жауап беруі тиіс.
Жүргізушінің руль доңғалағына түсіретін күшін, әсіресе бұл жүк автомобильдері үшін ерекше маңызды, азайту үшін, автомобильді дәлірек басқаруға және жол-көлік жағдайларының өзгеруіне тез жауап беруіне мүмкіндік беретін күшейткіштерді қолданады. Күшейткіштер рульге жолдың тегіс еместігінен берілетін соққыны жұмсартады, күшейткіш қатардан шыққан жағдайда автомобильді басқару мүмкіндігін сақтайды; «жолды сезінуді» қамтамасыз етеді. Рульдің гидравликалық күшейткіші комфортты ғана қамтамасыз етпейді, жол қауіпсіздігін де арттырады. Ол жүргізушіге алдыңғы шинасы жарылған жағдайда да автомобильді бақылауды сақтауға көмектеседі. Осы қымбат тұратын құрылғының сенімділігі уақытылы қызмет көрсетуге байланысты.
Басқару қолайлылығы көбінесе басқыштардың орналасуымен анықталады. Басқыштарды орналастыру кезінде олардың пайдалану жиілігі мен ұзақтығын, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түсірілетін күштің шамасын, сондай-ақ, жүргізушінің анатомдық-физиологиялық ерекшеліктерін де ескереді.
Бақылау сұрақтары:
5.1. Автомобильдің ақпараттылығының түрлері?
5.2. Ақпараттылықты жетілдіру жолдары?
5.3. Автомобильді басқару ыңғайлылығы немен сипатталады?
5.4. Жүргізуші қолдарының қандай жұмыстық аймақтары бар?
5.5. Жылдамдықтарды ауыстырып қосқанда берілістер қорабының рычагына түсірілетін күш қандай факторларға байланысты болады?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген