Тақырыбы:
"Аяулы ана,
ару бүлдіршін" сайыс
Сайыс
мақсаты:
«Балаларды
мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,
сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге
үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ
қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыру»
Бүгін Наурыздың алтысы
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Аналарға айтар лебізі
Армысыңдар, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді МАД ІІІ топ топ
балалары.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған,
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайысын
бастайық
Сайысқа
қатысушылар:
-
Қуантқан Аяжан мамасы
Гүлнармен
-
Асылбекова Айару мамасы
Рабиғамен
-
Темір алтынай тәтесі
Раушанмен
-
Амангелді Наз мамасы
Гүлжанмен
-
Азаматқызы Нұрханым мамасы
Ақботамен
-
Ізмағанбет Тұмар мамасы
Анармен
Сайыс
6
кезеңнен
тұрады.
І кезең:
«Өзін-өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Ән немесе би» (өз таңдаулары
бойынша)
ІІІ кезең:
«Өнер»
сайысы. Анасы қызымен
бірге, болмаса жеке дара. Өз шеберліктерін
көрсету.
IV кезең:
Салт-дәстүрлерді
көрсету
V кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ат қадірін білмеген жаяу қалар»
«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем
бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік
дастархан
даярлау. (ат қойып жасалуы туралы түсінік беру
керек)
VI кезең: «Тапқыр,
білгір,
білімділер» (мақал-мәтел жал,асын
табу)
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман
әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты
тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», -деп,
аналарға деген құрметін білдіреді.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын
ән сіздерге арналады. Аналар, қадірлі қонақтар,
қызлар, апайлар
сіздерді Халықаралық әйел-қызлар мерекесімен
құттықтаймыз. Сіздерге отбасылақ бақыт, дендеріңізге саулық,
жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған
«Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты сайысымызды тамашалаңыз.
Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап
алайық.
________________________________________________________
Жаны-сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару,
Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,
Бай болсын қыздарым ізгілікке,
Қол соғып, қошеметпен
қарсаламыз.
І
кезең: «Өзін-өзі таныстыру» кезеңіне жол
берейік.
ІІ
кезең: Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар
мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.
«Ән немесе би» (өз таңдаулары
бойынша)
ІІІ
кезең:
«Өнер»
сайысы. Анасы
қызымен
бірге,
болмаса
жеке дара.
Өз шеберліктерін
көрсету.
IV
кезең:
Салт-дәстүрлерді
көрсету
V
кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,
Ат қадірін білмеген жаяу қалар»
«Қонақ жайлық –ата
дәстүріміз»
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұраққа жауап табайық!
VІ
кезең «Тапқыр,
білгір,
білімділер» (мақал-мәтел жал,асын
табу)
Мақал – мәтелдер:
- Үкісіз қыз болмас- Тексіз гүл болмас.
- Қызды сөкпе – Тұзды төкпе.
- Астың дәмін түз келтірер – ауыл сәнін қыз келтірер.
- Қыздың аңқаулығынан сақта –Жігіттің жалқаулығынан сақта.
-
Ана алдында құрмет, (Ата алдында
қызмет.)
-
Ананың сүті —
бал, (Баланың тілі —
бал.)
-
Ананың ізін қыз
басар, (Атаның ізін ұл
басар.)
-
Бір қыз күйеуге
шықса, ( Мың қыз түс
көреді.)
-
Екі ауылдың арасын жол
қосады, (Екі елдің арасын қыз
қосады.)
-
Су жүрген жер
береке, (Ел жүрген жер
мереке.)
-
Отан елдің
анасы, (Ел ердің
анасы.)
-
Су анасы —
бұлақ, (Сөз анасы —
құлақ.)
-
Інісі бардың
тынысы бар, (Ағасы бардың
жағасы бар.)
-
Кітап - білім
бұлағы, (Білім -
өнер шырағы.)
-
Әйел үйдің
ажары, (Бала үйдің
базары)
-
Жақсы кісі
текшіл, (Жаман кісі
кекшіл)
Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Бүгінгі міне сайыстың
Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге
береміз.
Мадақтау.
Сайыс осымен өз мәресіне жетті келіп қатысып тамашалағандарыңызға
рахмет. Мереке құтты
болсын! Құттықтау сөз кезегі
өздеріңізде.
Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп
–лицейі
МАД ІІІ топ
мұғалімі:
Сақиева Жансая
Беркетқызы
2017-2018 оқу
жылы