Материалдар / Тақырыбы: "Бала өмірі-басты құндылық" тренинг сабақ

Тақырыбы: "Бала өмірі-басты құндылық" тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. Ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне кеңес беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1542
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қызылорда облысы, Қазалы ауданыАбай ауылы, Абай атындағы № 90 орта мектеп психологы Жұмашова Мұңлық Жолдасқызы



Тақырыбы: Бала өмірі – басты құндылықТүрі: Тренинг-сабақМақсаты: ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. Ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне кеңес беру.Психолог сөзі:Құрметті ата - аналар! Бүгінгі «Бала өмірі – басты құндылық» атты тақырыптағы тренингімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингімізді бастаймыз.Тренингіміздің ерекшелігі сол ,тәрбие процесіндегі қиындықтарды сіз болып,біз болып пікірлесе отырып ,ойымызды түйіндеп,өмір жолында пайдалану. Олай болса ,бүгінгі тренингімізді бастамас бұрын өзімізді таныстырып өтейік.1.«Мен қалаған есім» Нұсқау: Қатысушылар өздеріне ұнайтын ерекше есімді атап,стикерге жазып кеуделеріне қыстырып алады. Және неліктен ол есімді ұнататынын айтып өтеді . Тренинг барысында есімдері солай аталады.Мысалы: Мен- Еркеқызбын! Мені жеңгелерім осылай атайды.Бұл маған ұнайды.1. «Сүт,сода,уксус» тәжірибе Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ж. Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен. Осы дана сөзге байланысты мен сіздерге қарапайым ғана бір тәжірибе көрсетейін. Мысалы: мынау ыдыстағы сүт, бұл аппақ, таза. Бала туғанда осы сүттей ақ кіршіксіз, таза болып дүниеге келеді. Бала біртіндеп өсіп келеді. Балабақшаға барады, мектепке барады. Мектепке барған кезде біз балаға олай жасаған дұрыс емес, бұлай жасаған дұрыс емес деп көптеген тыйымдар жасаймыз. Осы сөздерді мына ас содасы ретінде алайық. Сүтке ептеп себейік, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Енді баламыз біртіндеп жоғары сыныпта оқып бастағанда, біз бұдан да жиірек, көптеген нәрселерді жасауға болмайды деп, көп нәрселерден шеттете бастаймыз. мысалы: «Сабағыңды оқы!», «ҰБТ - ны жақсы тапсыруың керек!» « Сен менің сенімімді ақтауың керек!» деген сияқты сөздермен баланың мазасын алып, жалықтырамыз. Сөйтіп бала жаңағыдай сөздерден жалығып, шаршайды. Ал, біз бұл сөздерді «уксус» ретінде алайық. Енді оны сүтке тамызып көрейік. сүт көпіріп, ыдыстан асып - тасып төгілді. Бала осы сүттің реакциясы сияқты әрекетке баруы мүмкін. Бұл әрекетті психологияда «Суицид» деп атайды. 2. «Суицид дегеніміз не?» слайд көрсетуҚазір өмірдің ағымы өзгерді, айналада болып жатқан нәрселердің интенсивтілігі артты. Болып жатқан барлық нәрселерге адамда үлгере алмаушылық пайда болуда, міне, сол себептерден адамда стресс пайда болады. Үнемі осындай проблемалардан шыға алмауына орай адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің өзіне - өзі қол салулары көбеюде.Мұндай жағдайдың алдын алу үшін бәрінде МАХАББАТТАН бастау керек.Баланың,жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты ең бірінші болып сезетін -Ана. . Ол үшін ана « Сенің қолыннан өмірде көп нәрсе келетініне жақсы жетістікке жететініңе сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артам «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама». «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және сенде бір күні біз секілді ата –ана болатыныңды есіңнен шығарма біз сенен үлкен үміт күтеміз деп ата –ана балаға әрдайым айтып отыру керек. Міне, осындай жылы сөздер баланың өмір сүру ағынын өзгертіп жіберуі ғажап емес.3. «Ми шабуылы» 1. Бала жаны гүлденуі үшін не істеу керек? 2. Қазіргі таңда ата-аналар балаларына қаншалықты көңіл бөлуде?(Ата-аналар жауаптары тыңдалады)

5. «Шеңберден шық» жаттығуыНұсқау: Қатысушылар шеңбер болып тұрады.Шеңбердің ішіне бір қатысушы кіреді. Шеңбер сыртында «ӨМІР» бар. Мақсат өмірге ену. Өздерінің өмір сүруге лайықты екенін дәлелдеу керек.Шеңбер бойындағы қатысушылар өмір сүруге лайықты,мықты ,шыдамды,қоғамға зор пайдасын тигизе алатын, бойындағы бар мүмкіндікті жүзеге асыра алған адамды «ӨМІРге» жібереді.Психолог: Мұндай жағдай өмірдеде кездеседі.Адамның өмір сүруге деген ерекше құлшынысы өзінің бойындағы бұғып жатқан көп қасиетті оятады.«Өмірге құштарлық» жайында не айта аласыз.Осы жаттығу барысында не түйдіңіз?6. « «Сен»-сойлемшені, «Мен» - сөйлемшеге ауыстыру» жаттығу «Сен» сөйлемшесін, «Мен» сөйлемшесіне ауыстырып айтады. Бұл жаттығуды күнділікті баламен және басқа да адамдармен қарым-қатынаста қолдануға болады.Мысалы: «Сен тағы да төмен баға алдыңба, оңбаған» деген жағымсыз сөздерді, «Мен- жаман ана болғаным ғой саған білімді үйрете алмаған екенмін» деп айту керек. Түйін: даулы жағдайды бейбіт түрде реттеу.7. «Егер де......, мен онда.......» (сергіту сәті)Қатысушылар дөңгеленіп отырады. Жетекші бір жағдайлы шартты ұсынады.Мысалы: бірінші қатысушы: «Егер де сіздің балаңыз көңілсіз болса», екінші қатысушы «Мен онда...... (іс-қимыл арқылы көрсетеді)«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.Ендеше құрметті ата - аналар балаларымызды дұрыс түсініп, ренжітпеуге тырысайық. 7. Ата-анаға кеңес (экранда кеңестер көрсетіліп тұрады)
  • Өз проблемаңызды балаға артпаңыз;
  • Егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
  • Егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;
  • Күш көрсету - баланы түзеу орнына, қарсыластығын арттыра түседі;
  • Мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;
  • Егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
  • Егер қиын жағдайда не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.
  • Отбасылық жанжалға балаңызды араластырмаңыз
  • Кедергілерді жеңуге жәрдемдесіңіз
  • Балаңызды жақсы көріңіз,қамқоршыл және олармен әдепті болыңыз
  • Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз
  • Баланың міндеттері мен құқықтарын бағалаңыз
Құрметті ата-аналар қолымызда бар байлығымызды бағалай,олардың жанын аялай білейік! 8.«Бір сурет, бес сөз» әдісіБүгінгі тренингтің қорытындысы ретінде алдарыңызға берілген ақ қағазға бір сурет және бес сөзбен тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ