Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тақырыбы: «Баланы дамытуда қазіргі заманғы технологияны пайдалану»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы
Тақырыбы: «Баланы дамытуда қазіргі заманғы технологияны пайдалану» Тыңдаушы: Манкебаева И.К
Жетекші:Разбекова З.К.
Жұмысты өткізу мерзімі: 19.04.2018ж
Қарағанды 2018
Тақырыбы: «Баланы дамытуда қазіргі заманғы технологияны пайдалану»
Жоспар:
I.Кіріспе:
Заманауи технологияларды пайдаланудың негізділігі
II.Негізгі бөлім:
III.Қорытынды бөлім:
Мақсаты: әрбір баланы өз ерекшеліктеріне, ынтасына,мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы дамту технологияларын пайдалану.
Жобаның міндеттері:
1.балалардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру:
2.мектепке дейінгі ұйымдағы осы заманға жаңа педагогикалық технологиялар түрін зерттеу:
Жобаның күтілетін нәтижесі:
Болжам «Егер, баланы дамытуда қазіргі заманғы технологияны жан- жақты пайдаланатын болсақ, онда білім сапасы едәуір арттыруға және білім сатылары бекіткен оқу материалын барлық балалардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге болады»
Кіріспе:
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев биылғы жылғы жолдауында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістермен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор делінген. О сы жолдауды қолдай отыра мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудегі басты мақсат жеке ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруға міндеттіміз.
Жаңа технологияларды мектеп жасына дейінгі білім беруде неге өзекті болып отыр?Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үлестердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты игеруде болып отыр.21 бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалімнің басты мақсаты – қоғамның сұранысына лайықты ізгіліки қасиеттерлді бойына сіңірген тұлғаны тә рбиелеу болып табылады. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің бір тұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етудің тиянақталған жолы болып табылады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі шығармашылық ізденісі алдыңғы шәкірттің білімін бағалауы оқу барысында шешуші рөл атқарады.
Бала дүниенің кез – келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, жаңа технологияларды және тіл меңгеру қабілеті жоғары белсенділікке қабілетті болуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтардыенгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ын пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Балабақша сабақтарында АКТ-ын пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
-
фонематикалықестуқабілетіндамытады;
-
лексикалық сөздік қорын дамытады;
-
қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.
2.Білім берудегі жаңа технологияларды қолдану маңыздылығы.
Жас ұрпақ – ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір педагогтың міндеті балаларды отан сүйгіштікке, ақыл- ойын жан – жақты дамытуға,ұмтылуға болады. «Қыран түлегіне – қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талап сыйлайды»
Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық модуліне өту,оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан шығармашыл педагог зерттеуші,ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын,әжістерін,технологиясын таңдауға көп нұсқалық қағидасы бекітілген,білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану, педагогтен үлкен шеберлікті талап етеді.Сол себептен балабақша педагоготарының кәсіби дамып өсуі жаңа техника меңгеру,адамгершілік рухани адамзаттық және басқада көптеген адами қабілеттің қалыптасуы өзін- өзі дамытады. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдарда заман талабына сай жаңа заманауи оқу технологиялары пайдаланылады.
Қазіргі уақытта білім берудің мейлінше өзекті міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі заманғы балабақшаның білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін мейлінше тиімді құралға айналып келеді.
АКТ – бұл ақпаратты жасау, беру және тарату үшін пайдаланылатын сандық және коммуникативтік технологиялар жиынтығы (компьютерлік құрал-жабдық, мультимедиялық құралдар, аудио және бейнетехника, әр түрлі коммуникациялық технологиялар).
Менің пікірімше, ең өзекті ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бұл: аудио, бейне күйтабақ ойнатқыштар, мультимедиялық құралдар, сондай-ақ әр түрлі ойындар, онда балалар бірнеше тілді қатар алып жүруге үйренеді. Оқу іс-әрекетінде АКТ-ын пайдалану екі түрлі мотивацияны дамытады: өзіндік мотивация, онда беріліп отырған материал өз бетінше қызық және мектепке дейінгі жастағы балаға үйреніп жатқан тілді түсіне алатынын көрсету арқылы қол жеткізілетін мотивация. Бұл қуаныш сезімін және өзін-өзі одан әрі жетілдіруге күшіне сенімділік пен ниет тудырады.
Балаларға оқыту бағдарламасын қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе танымдық фильм көрген немесе тыңдаған әлдеқайда қызығырақ. Олар тілдің семантикалық негізін жылдам ұғып алады және өздері сөйлей бастайды. Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі пайдаланылса, әсері көп болады. Бұл баланың қазақ тілімен тұрақты және терең байланыс жасауын білдіреді. Бала санасының астары өте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір көрінбесе де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған лингвистикалық қабілеттерін әбден байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тікелей білім беру қызметінде қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады:
-
аудио;
-
бейне;
-
мультимедиялық құралдар.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігінемұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалықпрогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргіқоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.
Технологияның негізгі мақсаттары:
-
Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
-
Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-
Бүктеу арқылы оқыту;
-
Өлең айту арқылы оқыту;
-
Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
-
Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;
-
Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
-
Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.
Әуенді кесте технологиясы
«Әуенді кесте» технологиясы мектепке дейінгі (5-6,7 жастағы) ұйымдардың ересек және мектепалды дайындық топтарына сауат ашу және жазу негіздеріне арналған оқу құралы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу құралы ҚР МЖМБС-қа сүйене отырып дайындалған.
Ізденіс шығармашылық технологиясы
Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты:
— Балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту ТРИЗ технологиясы міндетті түрде қолданылады Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру — Шығармашылық — Эвристикалық әңгімелер — Қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы — Бақылау — Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модулін құру) — Тәжірибелер — Қорытындысына баға беру Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары «Жүктеу»бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер — Табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу — Көркем сөздерді қолдану — Дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары — Еңбек ету.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;
— Бағдарламаны жіктеу;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
— Шет тілінде сөйлейтін сөздік;
— Қарапайым графикалық редактор;
— Ойын-саяхаттар;
— Оқуды, математиканы үйрету.
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТөнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Тәй-тәй технологиясы
Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Монтессори технологиясы
Негізін қалаған: М.Монтессори
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі
Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
-
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:
Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
-
Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
-
Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:
«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
-Достарымызға сыйлаймыз т.б.
-
Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамытушы технологиялар. Дәстүрлі оқытуда балаға үйрену үшін дайын өнім мен әрекеттің үлгілері беріледі. Ал дамыта оқытуда бала өзінің әрекеттерін талдау нәтижесінде мәселені шешуге өзбетінше қол жеткізеді. Мнемоника немесе мнемотехника – қосымша байланыстардың пайда болуымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау көлемін ұлғайтатын түрлі тәсілдердің жүйесі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мнемотехника тәсілдерін қолдану аса маңызды өйткені сыртқы құралдардың әсерінен ойлап шешетін тапсырмалар ауызшаға қарағанда көрнекі материал арқылы жақсы меңгеріледі. Дамыта оқытуда балаларға тілдерін дамытуға бағытталған, олардың белсенді сөздіктерін байытатын, сөз жасау дағдыларын бекітетін, заттарды сипаттайтын, мәтіндер құрауға жәрдем беретін көрнекі үлгілер қолданылады. Сипаттау мәтіндерін құрауда мнемотехника тәсілдерін, мнемотаблицаны немесе заттарды сипаттау үшін сызба-жоспар тәсілдерін қолдану мнеможұмбақтарды құрауға жәрдем етеді. Бұл жұмбақтарды шешу барысында белгілері бойынша нысандарды анықтайды. Кіші топтарда алғашқы кезде педагог әрбір берілген суреттерді жан-жақты түсіндіреді. Ал келесі кезеңде ересек топтарда суретке қарап онда не жасырылып тұрғанын өзбетінше тауып, түсіндіруді ұсынылады.
Пластилинография – ермексазбен жұмыс балаға түсті сезінуге, ұсақ саусақ моторикасын жүзеге асыруға және балаға жағымды көңіл күйді сезінуге мүмкіндік береді. Мүсіндеу әрекетіндегідей пластилинографияда кіші топтарда басу, сипалау, тегістеу, жалпайту, жаю тәсілдері қолданылады, ал ересек топтарда түстер бір-бірімен араластырылып қосымша түстер алынады.
Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді.
Танымдық ертегілер балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған шындыққа белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және құбылыстардың мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын жинақтауға бағытталған. Танымдық ертегілер балаларды бөлек деректермен таныстырады, құбылыстардың артында не жатқанын айтады. Ертегілер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: танымдық материалдан құрылуы, балаға бала жасына сәйкес 7 білімнен хабар етуі, оның мазмұнын білуге дене қызығушылыққа баулуы керек. Дұрыс құрылған ертегі өзінің мазмұнына қызығушылық тудырады. Танымдық қызығушылықты туындату үшін міндеттерді шешу басқа жағымсыз сәттермен жасырынбай кейіпкерлердің әрекетінің бел ортасында болғаны, ғылыми мазмұнға қызығушылыққа шақыруы, күрес, жанашырлық пен кейіпкерді іздеу нақты осы мазмұнмен байланысты болуы, соның айналасында шоғырлануы, сонда іске асуы қажет. Ертегі балаларды қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың өрбіуі сол сауалдардың шешімі болуы, сауал мен оның шешімі бала үшін жағымды кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол қуанатындай, қобалжыйтындай, ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты іздеуді және шешуді, сауалды шешу жай ғана баяндау сипатында берілмей, кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет. Осы кейіпкердің алдында оқиғаны өрбіту кезінде маңызды міндеттің пайда болуын, оның танымдық сипатының болуын, оны ашуға тырысуды, мәселе мен кейіпкердің оның шешімін іздеуін танымдық материалмен тікелей байланысты болуын, балаларға арналған танымдық материал оларға түсінікті болуын, оны барынша өрбітіп беруді қадағалау қажет.
Жобалау технологиялары – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста баланың бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай арта түседі. Бұл жас кезеңі балалардың танымдық қажеттіліктерін зерттеу, іздеу әрекеті түрінде «жаңаны» ашуға,ойлаудың өнімді түрін дамытуға бағытталған дамыту үшін маңызды. Зерттеу әрекеті үшін келесі міндеттердің алдын алу қажет: - жағдайлар жасау; - бақылаушылықты дамыту; - салыстыру, талдау, жалпылау; - эксперимент жасау барысында танымдық қызығушылықты дамыту; - назар салуды, көруді, естуді дамыту.
Денсаулықты сақтау технологиялары – өзінің денсаулығын қолдауға қажетті білім, білік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту. Денсаулық сақтау технологиялары – мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамытудың күшті факторы.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
1. Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиялары: Стретчинг, ырғақты пластика, динамикалық кідіріс, қозғалмалы және спорттық ойындар, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақты гимнастика, көзге арналған гимнастика, дем алу гимнастикасы, сергітетін гимнастика, корригирлейтін гимнастика, ортопедиялық гимнастика. 2. Салауатты өмір салтына баулу технологиялары: Дене шынықтыру сабақтары, проблемалық-ойын (ойын тренингтері және ойын терапиясы), тіл тапқыштық ойындары, «Денсаулық» топтамасынан сабақтар, өзіне-өзі массаж жасау, нүктелік өзіне – өзі массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ). 3. Коррекциялық технологиялар: Бейне терапиясы, музыкалық әсер ету терапиясы, ертегі терапиясы, түспен әсер ету технологиясы, мінез - құлықты түзету технологиялары, психологиялық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ырғақ.
Фитбол-ертегілер. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға педагог ертегі мазмұнын бұрыннан таныс балалардың білетін қимылдарымен суйемелдей отырып айтады. Балалардың назары ертегінің мазмұнында болғандықтан жаттығуларды орындау қызықты және еліктірер сипатта болады. Ал ересек жастағы балалар үшін күндізгі ұйқыдан соң балаларды сергіту үшін қолдануға болады. Анималотерапия – бұл балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жануарларды қолдану болып табылады. Жануарлармен өзара әрекет ету арқылы балаларда айналасындағыларды түсіну, сезіну және жанашырлық таныту қабілеттері қалыптасады. Жануарларды бақылау және олармен өзара әрекет ету баланың әлеуметтік ортада табысты бейімделуі үшін қажетті интелектуалдық қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етеді
Заттық дидактикалық ойындар. Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді. Балалармен заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді: балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы қасиеті бойынша (түсі, пішіні, сапасы, міндеті және т. б.) біріктіреді. Дидактикалық ойындарда әртүрлі ойыншықтар кеңінен қолданылады. Олардың түсі, пішіні, міндеті, көлемі, жасалған материалы ашық көрсетіледі. Бұл балаларға белгілі дидактикалық тапсырмаларды шешуге, мысалы ағаштан жасалған заттарды (темір, пластмасса, қыш) немесе әртүрлі шығармашылық ойындарына қажетті ойыншықтар: отбасы, құрылыс, дүкен және т. б. жинақтауды жаттықтыруға ерік береді. Осы сияқты мазмұндағы ойындарды қолдану, тәрбиешінің таңдалған ойыншықтардың көмегімен ойынның мәнін айтып беруге, өзбетінше ойынға қызығушылық танытуға мүмкіндік береді. Тәрбиеші табиғи материалдарды (өсімдіктердің тұқымдары, жапырақтары, гүлдері, тастар, бақалшықтар және т.б.) мынадай ойындар: «Бұл ненің тұқымы?», «Бұл қандай ағаштың жапырағы?», «Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жина» және т.б. өткізуде қолданады. Тәрбиеші бұл ойындарды табиғатпен жанасып серуен мезгілінде ұйымдастырады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма – алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б. бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді. Жалпы белгісі бойынша суреттерді таңдау ойындары. Мұнда кейбір жалпылау, заттардың арасындағы байланысты белгілеу талап етіледі. Мысалы, «Бақта (орманда, қалада) не өседі?» ойынында суреттердегі бейнеленген өсімдіктерге сәйкес, олардың өсетін жерлеріне қатысты, суреттердің бір белгісі бойынша біріктіріп, таңдайды. Немесе «Сосын не болды?» ойынында, балалар қандай да бір ертегі сюжетінің реттілігіне сәйкес, иллюстрацияларды таңдайды. Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтау ойындары. Мысалы, «Тапшы,қандай суретті жасырдық?» ойынында балалар суреттердің мазмұнын есте сақтауы керек, ал содан соң қай суреттің жоқ екенін анықтау керек. Мұндай ойындардың дидактикалық тапсырмалары: балаларда заттардың санын және реттілік есебі туралы, үстел үстіндегі суреттердің кеңістікте орналасуы туралы, суреттермен болған өзгерістерге байланысты айта білу, олардың мазмұндары туралы білімін бекіту болып табылады.
Сөздік ойындар. Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады. Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін төрт топқа біріктіруге болады.Олардың біріншісіне заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар : «Тапшы?», «Дүкен», «Иә – жоқ» және басқалар кіреді. Екінші топты балалардың салыстыру, беттестіру, дұрыс ақыл қорытындысын жасауын дамытуда қолданылатын: «Ұқсайды – ұқсамайды», «Кім өтірікті көбірек аңғарады?» және т. б. ойындар құрайды. Үшінші топқа әртүрлі белгілері 10 бойынша заттарды жалпылау және топтастыра білуді дамытатын « Кімге не керек?», «Үш затты ата», «Бір сөзбен ата» және басқа ойындар біріктірілген. Ерекше төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ой ұшқырлығын, байсалдылықты, әзіл оспақты түсіне білуін дамытатын: «Бұзылған телефон», «Түстер», «Ұшады – ұшпайды» және басқа ойындар жатады.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері
1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4.Әуенді кесте технологиясы
5.Дамыта оқыту технологиясы
6.Ақпараттық қатынастық технология
7.Ойын технологиясы
8.ТРИЗ технологиясы
Денсаулықсақтаутехнологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.
Технологияның негізгі мақсаттары:
-
Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
-
Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-
Бүктеу арқылы оқыту;
-
Өлең айту арқылы оқыту;
-
Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
-
Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;
-
Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
-
Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.
Әуенді кесте технологиясы
«Әуенді кесте» технологиясы мектепке дейінгі (5-6,7 жастағы) ұйымдардың ересек және мектепалды дайындық топтарына сауат ашу және жазу негіздеріне арналған оқу құралы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу құралы ҚР МЖМБС-қа сүйене отырып дайындалған.
Ізденіс шығармашылық технологиясы
Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты:
— Балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту ТРИЗ технологиясы міндетті түрде қолданылады Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру — Шығармашылық — Эвристикалық әңгімелер — Қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы — Бақылау — Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модулін құру) — Тәжірибелер — Қорытындысына баға беру Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары «Жүктеу»бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер — Табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу — Көркем сөздерді қолдану — Дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары — Еңбек ету.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;
— Бағдарламаны жіктеу;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
— Шет тілінде сөйлейтін сөздік;
— Қарапайым графикалық редактор;
— Ойын-саяхаттар;
— Оқуды, математиканы үйрету.
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Тәй-тәй технологиясы
Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Монтессори технологиясы
Негізін қалаған: М.Монтессори
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі
-
Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
-
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:
Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
-
Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
-
Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:
«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
-Достарымызға сыйлаймыз т.б.
-
Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
Қорытынды
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу - тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс - әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым - қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы ақпарат-құралдардағы материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу - тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Келешек - ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлденетер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя – балабақша. «Аулына қарап, азаматын таны», дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қоғамталабы – заманталабы, өйткені «әрадам - өззаманыныңбаласы». Сәбидіесті, саналы, сергекетіптәрбиелеуотбасы мен қоғамдықтәрбиеорындарыныңбірденбірпарызы.Сондықтанқазіргібалабақшадағыоқу-білімберугеарналғанинновациялыққызмет-мектепкедейінгібілім беру ұйымдарыпедагогтарыныңкәсібидамуыныңеңбасты факторы болыпотыр. Балалар мен педагогтардыңіс-әрекетініңжемістіболуынқамтамасызетіп, ұжымшығармашылық, ізденісүстіндеүнеміболуына, заманталабынасайбағыт-бағдарболуыкерек.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Қорытынды бөлім:
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Келешек - ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя – балабақша. «Аулына қарап, азаматын таны», дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы». Сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы болуына байланысты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және
нығайту.
Пайдаланылған әдебиеттер:
К.Ю. Белая «Инновационная деятельность в ДОУ» әдістемелік құралы. М. 2005ж.
Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.
Қ.М.Нағымжанова «Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті». - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.
Н.Асанов «Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері». – Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2004.
М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
Қ.Ахметұлы, Т. Баймолдаев «Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
М.Ж.Жадрина «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002