Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды қолданудың тиімді жаңаша сипаты»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды қолданудың тиімді жаңаша сипаты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық оқуында қорғалды. Жүлделі үшінші орынға ие болды.Ұлттық ойындарымыздың ұмыт болып бара жатқан түрлерін қайта жаңғырту аясында сабақтың белсенді өтуіне жаңа материалды меңгеруде таптырмас құрал екенін түсіндіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Құмаш Нұрғалиевтың педагогикалық мұрасы» атты облыстық педагогикалық оқулары



Секция: Рухани жаңғыру-ғылым мен білім берудегі сапаның негізі





Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды қолданудың

тиімді жаңаша сипаты»

Салыкбаева Жадыра Сапарбековна

1- санатты бастуыш сынып мұғалімі



Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы,Айнабұлақ ауылы

КММ Айнабұлақ орта мектебі







2018-2019 оқу жылы





Мазмұны.

Кіріспе:

1.1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты стратегиялық бағдарламасының міндетті мәселелері

1.2.Ұлттық ойындардың маңызы

1.3.Ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі

1.4.Ұлттық ойындарды оқу үдерісінде қолдану (жетістіктер мен кемшіліктер)

Қорытынды:

Кіріспе

Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады. Конфуций

ХХI-ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды,талантты балаларды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге, бүкіл әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қалыптастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Қазіргі өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген ұлттық идеология,ұлттық ойындардың сабақтың өн бойына енуі оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы, баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызып келеді.Оның бастысы- оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру.Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың оқу үрдісінде көркем шығармаларды оқытуда СТО технологиясын тиімді қолдану арқылы білім сапасын көтеру.

Мақсаты:Ұлттық ойындарды ойнай отырып, оқи білетін,ойнай отырып,ойлай білетін,ойнай отырып еңбектене білетін адамгершілік қасиетін бойына дарыта білген тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Тамыры терең ұлттық құндылықтарымыздан нәр алған «жаңашыл ойындар» арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.

  • Педагогикалық оқу үрдісінде жүргізілген іс-тәжірибелерім арқылы бұл әдіс-тәсілдердің тиімділігін дәлелдеу.

Жаңашылдығы: Ұлттық ойындардың жаңашалануы бастауыш сынып оқушыларының көзқарасын,мінез-құлқын қалыптастырып,олардың табиғи,рухани өсуінің ерекше жолы деп ойлаймын.

Болжамы: Ұлттық ойындарды біліп,көріп және ойнап өскен бала халқының өткені мен болашағының арасындағы ұрпақ жарасымын, асыл мұраның сақталуына жанашыр болады деп сенемін.

Кіріспе:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты халқымыз үшін стратегиялық мәні зор бағдарламалық еңбегінде бірқатар маңызды міндеттерге,Қазақ елінің болашағын келмелденуге қатысты өзекті мәселелерге баса назар аударылғаны мәлім. Мұнда ол басты мақсатымыз-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін санамыз ісімізден озып жүруі,яғни ой-сана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін,бұл еліміздегі саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,солардың өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті.

Әрине,осынау бағдарламалық құжаттағы тарамдалып жіктелген өзекті міндеттердің қай-қайсысы да еліміз үшін аса маңызды екені айтпаса да белгілі.Алайда білім саласының бір өкілі болғандықтан, бізге ең алдымен осы мақаладағы білім мәселесіне арналған «Білімнің салтанат құруы» атты арнайы бөлімінің орны ерекше деп ойлаймын.Өйткені мұнда Елбасы әр жылға халыққа арнаған Жолдаулары мен басқа да еңбектерінде,сөйлеген сөздерінде айтылған ордалы ойларын жаңа қырынан дамытып,ел руханиятына байланысты тың ұсыныс-пікірлерін ортаға салады.

«Бір жылдығын ойлаған дән егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған-ұқпағына білім-нәр егеді», деп ежелден тәмсілдеген дана халқымыз «Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы» деген секілді талай ұлағатты ой қорытқан. Сондықтан бүгінгі таңдағы кез келген көзі қарақты ата-ана ұл-қызының білім алып,қатарынан кем болмағанын ойлайтыны белгілі.

Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мағынасы терең еңбегіндегі туған жер, патриотизм,өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне елжандылықпен атсалысу,еліміздің қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасын іске асыру жұмыстарын білім беру саласын өкілдерінің қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес.

1.2.Ұлттық ойындардың маңызы

«Жылы шырайлы, әрі салмақты келбеті,өзгені қоса еліктіргіш таза күлкісі жұртты өзіне тартпай қоймайтын. Ойшылдық,көңілге алған ісіне алаңсыз берілгіштік, аса сыпайы биязылық және қасындағыларға ерекше ізет-ілтифаттылығы Құмаштың бала кезден бойына сіңірген қасиеттері еді.Бірақ оның мінезі біртоға емес,оның бойынан қайсарлық,батырлық,өз ойындағысын іске асырмай қоймайтын табандалық,керек кезде бойынан қызбалық та кездесетін.Ол әрқашан өзімен әлдебір жаңалықтың лебін,мәдениеттің ұшығын міндетті түрде қоса ала жүретін,тарата жүретін.Нұрғали мен Күлдәрінің еккен қасиетті дәні осылай көктеп, мәуелі бәйтерекке айналды» бұл Құмаш Нұрғалиев туралы жазылған жолдардан ұлы жаңашыл пеагогтың балалық шағында ойнап,қызығына батқан ойындарының да ізі бардай көрінеді маған.Себебі, баланың негізгі іс-әрекеті-ойын.Халқымыздың баланың «ойын баласы» деп атауы бекер емес.Қазақ халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген.

Ата-бабамыз ойынды тәрбие құралы деп санаған.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Сөйлесе жүріп,балалар өзара пікірлеседі,әсер алады.Ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке,достыққа,сыйластыққа,кішіпейілдікке тәрбиелей отырып,адамгершілік қасиеттері де қалыптасады.Қазақтың ұлттық ойындар тәртібін сақтауы,баланы осы кезден бастап тәртіпке,әділдікке,жинақылыққа баулиды,адал,қайрымды,өжет болуға тәрбиелейді.

1.3.Ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі

Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз,музыкасыз,ертегісіз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.-дейді.Демек,шәкірттің ақыл-ойы,парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

20 ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

1.Жалпы ойындар

2.Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар

3. ашық алаңқайдарғы ойындар

4.Қыс мезгіліндегі ойындар

5.Демалыс ойындары

6.Ат үстіндегі ойындар

7.Аттракциондық көрініс ойындары

1.4.Ұлттық ойындарды оқу үдерісінде қолдану (жетістіктер мен кемшіліктер)

«Ақсерек пен көксерек»ойыны (Мәлкі тотай,Айгөлек деп те аталып жүр)

Бұл ойынды жылдың жылы мезгілінде ауылды жерде,6-15 жас аралығындағы балалар жиналып ойнайды. Ойыншылар саны 6 адамнан кем болмауы керек.Екі топ жасақталып,әр топ бір-бірінен алысырақ барып,қатарласып, қол ұстасып тұрады.

Ақ серек пен көк серек!

Тауып алдым бәйтерек!

Жалындаған күн керек!

Жалпы достан кім керек?



Анау тұрған ұл керек!

Оның аты- Жалынбек!

Келсін бізге ертерек!-деп өлеңдетіп қарсы топтың бір ойыншысын шақырады.

Жаңа нұсқада: Екі топқа бөлінген соң,топтағы оқушылар алшақтап отырып, бір топтық ойыншысы екінші топтың ойыншысының есімін атап, сабақтың тақырыбына сәйкес сұрақ,сұраққа жауап берген жақтағы оқушы басныда өзіне сұрақ қойған ойыншының өзінің тобына алып кетеді.Егер, ойыншы жауап бере алмаса,онда өзі қарсы топқа барып қосылады.Бұл ойынды өткізгенде жетістіктер біршама көп болды,біріншіден,топтық жұмыс ұйымдастырылады, тобындағы ойыншы санын көбейтуге тырысады, екіншіден,жеке оқушысұрағына жауап беретін ойыншыны таңдай алу мүмкіндігіне ие болады,үшіншіден,тақырып аясында қойылған сұрақтар барлығына жария етіліп,мұқият тыңдалады,төртіншіден,жауап бере алмаған топтың ойыншылары қынжылып,өкініп қалатын кездері де болады,яғни эмоциясын еркін шығара біледі,ойын соңындаойыншылардың көңіл-күйлері көтеріледі. Кемшіліктер де орын алады,балалар сұрағыма жауап бере алмайды-ау деген ойыншыларды таңдап,өз тобындағы бала санының көбеюін ғана ойлап қалатын кездер де болады.

«Біз де» ойыны Ойынға қатысушылар қаз-қатар отырады.Ойын бастаушы жиналғандардың алдына шығып,әңгіме айтады.Егер бастаушы ойнаушылар қосылатын сөз айтса,басқалар «біз де»деп қосылып айтады да,балалардың қосылмайтын сөзі болса, «біз де» деп айтуға болмайды.Байқамай қосылып,әлгі сөзді айтып қалған бала ойынға қатысушылардың тілегін орындап,айып тартады.айптан ән салып,не өлең айтып құтыла алады.

Ойын жүргізуші:

Мен көлге барам

Біз де!

Онан үйрек ұстап алам

Біз де!

Үйректің жарымын күшігіме берем

Біз де!

Күшігім жейді

Біз де!-деп қалса,ойын тоқтайды. Қателескен ойыншы айып тартады.Ойын тілді еркін меңгеруге,ойды жеткізе білуге жаттықтырады.

Жаңаша үлгіде: Бұл әңгімені құрастыруда балаларға әдебиеттік оқу,қазақ тілі пәндерінде мәтіннің түрлері тақырыбымен танысқанда,бекіту сабақтарында ойнатқан тиімді. Әр ойынды жүргізуші мәтіннің түрін таңдап алып,айтып береді.бұл жерде,мәтінді құрстыру,негізгі ойды таңдап алу,оқиға желісін сақтау,жоспарлы түрде баяндау сияқты біршама тәртіпке бағына отырып, жүргізуші әңгімесін айтып береді. Тек мәтінді басынан соңына дейін тыңдап отырған ойыншылар ғана қателеспейді.Кемшіліктер де жоқ емес,мәтінді ұзақ созбай,сөйлемдерді рет-ретімен дұрыс құрастыра білген жүргізуші басқаларды жалықтырмай,ойынды қыздыра түседі.

Оқушылардың шығармашылығы

Мен орманға бардым.Ол жердің ауасы таза. Себебі,орманда ағаштар көп өседі. Ағаштардың көлеңкелерінде қызыл бүлдірген көрдім. Оны жедім.Дәмін-ай,тәп-тәтті!Жинап алдым.Қалтама салдым.Қалтам томпиды.

Ағамммен өзенге бардым.Екеуіміз балық ауладық. Ағам шортан ұстады. Бір кезде менің қармағым да қапты. Дереу қармағымды көтердім.Жыртық бәтеңке ілінді.Мен жылап жібердім.

Ақ сандық,көк сандық ойыны

Екі ойыншы ортаға шығады.

Ертең аулым көшеді,

Уық бауын шешеді.

Қара қойым қашады,

Құмалағын шашады.

Ақ сандық,көк сандық

Арқан тарт,кілем арт!-дейді.

Соңғы арт деген сөз қолдасып ұстасқандарға берілген белгі болады. Сол сәтте олар тезірек тұрып, қарсыласын арқалап кетуі керек.Арқадағы ойыншы ұтқыр жауап бергенше түспейді.

Ақ сандық,көк сандық

Аспаннан не көрдің?

-Жұлдыз көрдім,ай көрдім.

Жерден не көрдің?

Осылай сұрақтарға жауап береді.Ойын балаларды мықтылыққа,төзімділікке,жылдамдыққа,амал-айла,әдісқолдана білуге баулиды,тілін дамытып,есте сақтау қабілетін шыңдай түседі.

Сұрақтардың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін,сондықтан кез келген сабаққа қолдана беруге болады.

Үйімнің үстіндегі кім?

Бұл ойынды ойнау үшін қатысушылардың жұдырығын түйіп,үстелдің үстіне қояды,оның үстіне 2-ші,3-ші,4-ші т.б бір-бір жұдырығын қояды.Бұл сыртынан қарағанда үй тәрізді боп көрінеді.Ең үстіңгі жұдырықтың астындағы жұдырықтың иесі сұрайды:

Үйімнің үстіндегі кім?

-Мұсамын

Неғып жүрсің?

-Ұшамын

Тезірек ұш

-Қорқамын

Кейінірек ұш!

-Асығамын

Секіріп түс

-Жығыламын

Астыңдағы не?

Келі

Ішіндегі не?

Тары

Жүзің неден сары?

Жас шіркінің кәрі.

Ойыншылар осы сөзден кейі «Атта жымпи,көжені іш те тымпи» деп тым-тырыс бола қалады.

Кім бұрын күлсе,сол ұпай төлейді.

Кімнің үйіне қондың?

-Әсеттікіне қондым.

Енді Әсет деген баланың үйінде қанша адам бар,сонша рет жаңылпашты айтып шығады.

Әсет атам ет асатар,

Ет асатса,бес асатар

Бесбай етті неше асатар?

Жаңылмай айтып берсе,ұпайдан құтылады.Егер жаңылатын болса, ойын бастаушы жеңілген ойыншының алақанын шымши отырып, «ет асата» бастайды.

-Тарғыл итім

Талға оралды.

-Атам томағаламаған бүркітті,

Мен томағаламағанда

Кім томағалайды?-

Бұл ойында жаңылтпаш қана айтпай,халық ауыз әдебиеті үлгілерін айтып отырса да болады.

Айдап сал -ұлттық ойын

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сыртқа шығып кетеді,екінші топ іште қалады.Ойын жүргізуші сырттағылардың есімдерін үйдегілерге қойып,белгілеп қояды. Сырттан кіргендер,өз аты қойылған баланы тауып алуы керек.Таба алмағандар айыптары үшін өнер көрсетеді.

Бұл ойынды, оқушылармен жұптық жұмыс орындардың алдында ойнатқан тиімді.

Сонымен қатар, шаттық шеңберінде,сергіту сәттерінде Арқан тартыс,Теңге ілу,Сақина салу,Орамал тастамақ,Жылдырт-Жылдырт,Есімде сияқты ұлттық ойындарды ойнатып отырамын. Сабақтың тақырыбын,мақсатын оқушының есінде мықтап қалтыру мақсатында бұндай ойындарға таңдау жасап ойнатып отырсам,өмірмен ,қоршаған ортамен байланыс орнап,оқушылардың белсенді болуына,өздерін еркін ұстауына көмек жасайтыны сөзсіз.

Қорытынды:

ХХІ ғасыр ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін  жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» делінген..

Қорыта айтқанда: Ұлттық ойындар халқымыздың мәдени мұраларының бірі болып саналады.Солардың қай-қайсысы болмасын адамға,оның игілігіне қызмет етуге бағытталған болса,нұр үстіне нұр болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ұлттық ойын-халық мұрасы.

2.Қазақтың ұлттық ойындары.Қазақтың айнасы газеті 2016 жыл,қаңтар

3.Ұлттық ойындардың маңызы

4.Егемен Қазақстан газеті 2018 жыл,шілде 6-9 беттер

5. Қазақтың салт-дәстүрлері Т.Әлижан «Балауса» ЖШС 2017 жыл

6. « Тал бесіктен жер бесікке дейін»А.Нүсіпжанұлы «Өнер» 7-13 беттер

7. «Алтын сандық» газеті 2017 жыл, наурыз,7 бет

9.Шешендік өнердің әліппесі мұғалімдер мен оқушыларға арнлаған құрал

10.Интернет дерекккөздері WWW.google.kz

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі