Ұйымдастырылған оқу қызыметінің конспектісі
Тәрбиеші: Шалхарбаева Ардақ Тлеуғабылқызы
Кішітоп «Құлыншақ» тобы
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бауырсақ» (ертегісі)
Мақсаты: «Бауырсақ» ертегісін сахналау, бұл ертегінің
жақсылықпен
аяқталатын
жаңа нұсқасын таныстыру, мазмұнын
түсіндіру.
Білімділік: достық ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды адалдыққа, достыққа, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Ертегі желісі бойынша суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бас киімі.
Ерте-ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Шалы бір күні кемпіріне:

- Кемпір, кемпір, қамбаның түбін қақсаңшы, елеуішпен елеші, қарны ашқан шалыңа, бауырсақ пісіріп берсеңші, - депті.
Кемпірі қалақша қолға алыпты, қамбаның түбін қағыпты, елеушпен елепті, табақшаға салыпты, екі уыс ұн болыпты.
Қаймаққа ұнды илепті, дөңгелектеп алыпты, ыстық майға салыпты, Бауырсақты піскен соң, атай баппен жейді деп, суытуға қойыпты.
Бауырсақ суып жатыпты, жатып ойға батыпты, қашайын деп осы үйден, бір ойға нақ бекіпті. Жақтаудан түсті сәкіге, сәкіден түсті еденге, табалдырықтан секіріп, жетіп барды сенекке. Сенектен сыртқа беттеді, аулаға шығып кетеді, аулаға шығып алған соң, домалап соқпақ жолменен, ұзай-ұзай кетеді.

Жол бойымен домалап, келе жатса бауырсақ, қарсы алдынан тап келді, ұзын құлақ Қоянақ. Сонда қоян Бауырсаққа:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депті.
Бауырсақ оған былай дейді:
– Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берем, тыңдағын, - дейді.
– Жарайды, ендеше, айта ғой, - дейді Қоян.
Менің атым – Бауырсақ,
Қызарып пістім – көңлім шат.
Қамбаның түбін қырнаған,
Елеуішпен елеген.
Қаймақпенен илеген,
Күйдірмей майға пісірген.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қоян сенен құтылу,
Қиын емес – бұл маған!

Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңқау Қоян аңырып тұрып қалды.
Бауырсақ зыр домалап жөнеледі, зыр домалап Бауырсақ келе жатса, алдынан сұры Қасқыр кездеседі.
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді Қасқыр.
– Сұры Қасқыр, мені жемеші, ән салып берем, тыңдашы, - деп Бауырсақ әндете жөнеледі.
Менің атым – Бауырсақ,
Қызарып пістім – көңлім шат.
Қамбаның түбін қырнаған,
Елеуішпен елеген.
Қаймақпенен илеген,
Күйдірмей майға пісірген.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқыр сенен сытылу,
Қиын емес – бұл маған!
Бауырсақ ары қарай домалады, аңырып Сұры қасқыр жолда қалды .

Домалап Бауырсақ тағы жөнеледі, алдынан Аю сонда кез келеді:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депті Аю.
– Жей көрме, Аю атайым, тыңдашы саған айтайын, - деп Бауырсақ әнін бастайды:
Менің атым – Бауырсақ,
Қызарып пістім – көңлім шат.
Қамбаның түбін қырнаған,
Елеуішпен елеген.
Қаймақпенен илеген,
Күйдірмей майға пісірген.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аю сенен сытылу,
Қиын емес – бұл маған!
Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңырып Аю маймақ жолда қалды.
Бауырсақ домалаумен келе жатты, осылай талай-талай белден асты, домалап жол үстінде келе жатса, қу Түлкі жылмаң етіп келе қапты.
– Бауырсақ, домалап қайда барасың, - депті сонда Түлкі.
– Жол жүріп кетіп барамын, - депті Бауырсақ.
– Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеп қоям! - депті Түлкі,
– Жемеші, Түлкі, ән салып берем мен саған! – депті Бауырсақ.
Бауырсақ сонда:
Менің атым – Бауырсақ,
Қызарып пістім – көңлім шат.
Қамбаның түбін қырнаған,
Елеуішпен елеген.
Қаймақпенен илеген,
Күйдірмей майға пісірген.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым,
Түлкі сенен құтылу,
Қиын емес – бұл маған!

– Әнің жақсы-ақ, Бауырсақ, нашар еді бұл құлақ, тұмсығыма шығып ап, айтып берші қайталап, дауыстап бір қаттырақ, - депті сонда Қу Түлкі.
Мақтағанға мәз болды, тұмсығында Түлкінің, Бауырсақ солай ән салды.
Сонда Түлкі:
– Тамаша екен үнің де, тағы бір рет айтшы тыңдайын, отырып алып тілімде! – депті.
Бауырсақ Түлкінің ойын түсінбеді, ойланбастан тіліне секіреді, «Ап!», - дегенде Бауырсақ қу Түлкінің, Азуында әп сәтте күтірледі. Мақтаншақтық – жақсы емес ей, балалар, - деген оймен бітірдік ертегіні.
Түлкі, аю және қойшы

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір
түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіреді. Аю да
тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай
қалады. Ал, түлкі болса, басқа бір тесігінен жылт етіп шығып,
айналып, есікке жақындайды. Есіктен не әрі, не бері шыға алмай
ілініп жатқан аюды түлкі әжуалап, күліп кетеді. Оны қойшы көріп
тұрады. Аю әрең дегенде қайта шығып, жан-жағына қарайды. Болған
жайды бақылап тұрған қойшыны көреді.
Қойшыға жақындап келіп, аю;
- Е, қойшы сен не көрдің? – деп ақырады.
Қойшы қорқып кетіп:
- Ойбай, мен ештеңе көрген жоқпын деп жауап береді.
Аю:
- Жарайды. «Көргеніңді айтсаң өлесің» дейді де кетіп қалады.
Қойшы қойларын айдап ауылына қайтады. Ауылына келген
соң кездескен адамдардың бәріне айтады.
Ауылдағы бала-шаға оқиғаны өлең қылып күліп
жүреді. Осы өсекті естіген аю, ыза болып қойшыны
іздейді. Қой бағып жүрген қойшыны тауып алады.
- Ештеңе көрмедім, ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді
сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін – деп ақырады.
Қойшы жалынып:
- Маған үш күн рұқсат бер, үй – ішіммен, ағайын-туыспен қоштасайын
деп сұрайды.
Аю:
- Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін деп кетіп қалады.
Қойшы қоштаса бастайды. Қойшы екі күн үй-ішімен
қоштасып, уәделескен күніне бір күн қалғанда далада істеген ісіне
өкініп жылап отырады. Осы кезде қасына түлкі келеді.
Түлкі:
- Е, қойшым неге жылап отырсың?
- Сенің кесіріңнен енді өлетін болдым,- деп жауап береді.
Түлкі:
- Е, үндеме саған көмектесейін. Аюдан құтылудың амалын табайын. Ал,
енді маған ақылыма не бересің? – дейді.
Қойшы: Қуанып кетеді де:
- Ойбай, не қаласаң соны берейін – дейді.
Түлкі:
- Егер мен сені аюдан құтқарсам сен маған өзіңнің бір бүйрегіңді
бересің бе? - дейді.
Қойшы қатты сасып, қипақтап, қиналып бірақ
басқа амалы болмағандықтан.
- Мейлі берейін. – деп келіседі.
- Сонда түлкі қойшыға:
- Аулыңа барып, демал ертең уәделескен жерге кел де, аюды күт. Аю
келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрап: Анау
неткен шаң? – деп сонда сен: «Ол ханның баласы әйелі аюдың жүрегіне
жерік болып, соны іздеп жүр» де аю қорыққанынан қашып кетер –
дейді.
Екеуі уәделесіп екі жаққа тарасады. Келесі күні
қойшы уәделескен жеріне келеді. Осы кезде басы салбырап қойшы келе
жатады. Аюда келеді.
- Екеуі кездесе бергенде, аю алыстан бұрқырап шығып жатқан шаңды
көреді.
Аю:
- Қойшым анау бұрқыраған не шаң? –деп сұрайды.
Қойшы:
- Е, ол ханның баласы ғой. Әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны
шарқ ұрып іздеп жүр дейді
Аю қорқып кетеді де, қойшыны құшақтай алып:
- Ойбай, қойшым онда мен тезірек қашайын. Тек сен мені көргеніңді
айтпа, - деп қаша жөнеледі.
Осы жайды алыстан бақылап тұрған түлкі, аю қаша
жөнелісімен қойшының қасына жетіп келеді.
- Түлкі қуланып қойшыға келіп:
- Қойшым, мен саған көмектестім. Енді сен уәдеңде тұр. Маған бір
бүйрегіңді бересің.
Қойшы қипақтап, жыламсырап, шапанының белбеуін шеше
бастайды. Осы кезде үш күн бойы жөнді тамақ ішпеген, жөнді ұйықтай
алмаған қойшының іші шұрылдайды. Бұл шұрылды естіп қалған түлкі
құлағын тіге қойып, Түлкі:
- О, не қыңсылаған? – деп сұрайды.
Сол кезде қойшы:
- Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім. Сол енді үлкен тазы
болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр – дейді.
Түлкі шошып кетіп:
Ойбай, қойшым ендеше дос болайық! Тазы шығып кетпесін мен
қашайын деп алды
артына қарамай қаша жөнеледі. Түлкіден қулық үйренген қойшы басына түскен ауыртпалықтан осылай құтылады. Қойшы қойларын айдап жайына кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз