Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан»

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі















Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан»




















Сыныбы: 2 «Ә»

Сынып жетекшісі: Мұсаева Ж.Р










Арқалық 2020-2021 жыл







Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.


Көрнекі құралдар. слайд, түсті қаламдар

Түрі. сурет байқауы


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде тұр аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан


Мұғалім: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.


Барлығы :Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

«Біліп ал!»

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.


Көрсетілім: «Халықтар достығы»


Оқушы: Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Көрініс: «Бірлік».
Оқушы: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Сұрақ-жауап диолог

- оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік.

- оқушы: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
- оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.
- оқушы: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.

«Әлем менің көзіммен»

«Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында сурет салады.


Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Қорытындылау: Жұмыс бойынша сараптама жасау

Мазмұнды суреттерді мадақтау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2021
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі