Материалдар / Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы! тақырыбындағы сыныптан тыс сабақ жоспары бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне ескеріліп жұмбақ тапсырмалар бойынша жасалған көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
2804
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру

Тәрбиелілік:Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Түрі: танымдық

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі «Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек»
И. П. Павлов


Психологиялық ахуал қалыптастыру

Миға шабуыл жұмбақ шешу

Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)


Қазір «Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:

Дұрыс тамақтанудың жөнін білетін адамдар былай дейді:

-Дұрыс тамақтанудың екі түрлі шарты бар.Ол уақытында тамақтану және тамақты түрлендіріп жеу қажет дейді.

-Уақытында тамақтану дегенмен келісесіздер ме? Егер келіссеңіздер, неге?

-Тамақты түрлендіру қажет пе? Не үшін?

Слайдты тамашалаңыздар. https://www.youtube.com/watch?v=k6BcdOM5hl4


Бір түрлі тағам денсаулыққа қажетті қоректік заттардың барлығын бере алмайды. Бір тағамдар ағзаға күш-қуат береді. Мәселен: бал, қарақұмық, геркулес, жүзім, май- қимылдар жасауға, жақсы ойлануға, шаршамауға көмектеседі.

Ірімшік, ет, жұмыртқа, жаңғақтар* ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі.

Ал жемістер мен көкөністер ағзаның өсіп дамуына қажетті бәрумендерге бай болады.

«Көкөністер- денсаулық қоймасы» деген мақалды естулерің бар ма?

Бұл мақалдың мәнісі неде деп ойлайсыңдар?


Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:

«Көкөніс базары» ойыны.

Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)

Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқымсебу)

6. Тығызоралыпөскенжапырақты не депатаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністер туралы ертегі бар ма?

8. Шикілейжеугеболатынкөкөністердіата?

9. Көкөністердіқалайкүтіпөсіреміз? (құнарлытопырақ, арапшөпжұлу, суару)

10. Көкөністердіжылдыңқаймезгіліндеотырғызады? (көктем)

11Мына өлеңде қандай көкөністердің атауы бар?

Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен

Теріп, жинап аламыз

Себеттерге саламыз

Пияз, картоп, қызылша

қарбыз, сәбіз, қызанақ

Орамжапырақ қиярлар

Шалқан болса тағы бар.



12.Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз)

13.Ашулы
қонақ бұланық,
Тонып
шешсе, жыладық.   (Пияз)

14. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?

«Тамақтану бағдаршамы » ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса шапалақтау , келіспесе- аяғын тарсылдату көрсетеді.

(балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық)

«Жағдаяттарды шешу»

1 оқушы:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Жауабы:Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет
ІІ оқушы:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап.

Сұрақ: Алма неге Айгүлге олай айтты.Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?

Слайд көрсету
ІІІ оқушы
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

Жауап: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықтыжоғалтуоңай, қалпынакелтіруқиын.


4 оқушы:

Асханада Айгүл тамақ жеп отырып, балалармен сөйлесіп, қатты күліп отырды.Ұстазы оған жақын келіп, -Айгүл, асханаға сен не үшін келдің?-деп сұрадф. Айгүл үндемей қалды.

Сұрақ: -Айгүл неге үндемей қалды? Оған қандай кеңес бере едіңдер?

Ал қазір «Дұрыс тамақтанудың» кестесін құралық. Әр топқа кеңестер жазылған кеспелер беріледі. Егер оқушылар келіссе, тақтаға апарып жапсырады.


Күніне 3-4 рет уақытында тамақтану қажет.

Тағамды 3-4 сағаттан соң қабылдау керек

Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолды сермеме

Тамақты шайнамай жұта сал

Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу

Ұйықтар алдында тойып тамақ іш

Тамақтан бұрын тәттілерді көп же

Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жеу керек

Сүт, жемістер мен көкөністер біздіә денсаулығымызды құртады

Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт







Есіңе сақта:

Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3. Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6. Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

«Ия, жоқ» ойынымен аяқталық.
1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия
2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш немесе төрт рет
3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия
4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия
5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.

«Уақыт шеңбері» Тамақтану туралы ырым- тыйым, мақал- мәтелдерін оқушылар ортаға салады.

Қорытынды:

Жалпы дұрыс тамақтану деген сөзге толығырақ тоқталсақ:

Уақтылы тамақтану.

Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұлда адам денсаулығына зиянды.

Тамақты дұрыс ішіп-жеу.

Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.

Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.

Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.

Қорыту:Адам  баласыөмірдеекінәрсеніңқадірінбілмейді. Біріншісі  - денсаулықболса, екіншісі – жастықшақ. Кішкентайкезденадамбаласыпайдалытамақтармен,  түрлідәрумендерменуақытылытамақтанса, сондағанабаланыңденсаулығы   мықты  әрі күшті, ой-өрісікеңболады.


Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.




























Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

«Жағдаяттарды шешу»

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Жауабы::
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет



Балалық шақ қимыл-қозғалысқа толы, белсенділік пен шапшаңдықты талап ететін, жүйке жүйесінің қозуы жоғары деңгейде болатын кезең. Оқушы күніне 6-8 сағат білім нәрімен сусындайды. Сол кезде оның жүйке жүйесі айтарлықтай ауыртпалыққа тап болады. Өзіне деген сенімділік, жақсы оқу, назар аудару мен есте сақтау қабілеті тамақтану рационына тікелей байланысты.

 Дұрыс тамақтану – дәмді, құнарлы, организмнің тіршілігіне қажетті тағамдық заттектердің үйлесімді мөлшерде, организмді дер кезінде, уақытылы, дұрыс тамақпен қамтамасыз ету. Бастысы – уақытылы тамақтану! Дені сау болу үшін жас өскелең ағзаға көптеген қоректік зат қажет. Ағза қалыпты өсу үшін ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен микроэлементтер қажет.

Дұрыс тамақтану  үшін қажетті  азық-түліктер

Ақуыздарға бай            Микроэлементтерге бай   Кальциге бай                   Дәрумендерге   бай      Энергияға  тәуліктік  қажеттіліктің  үлесі Ақуыздарды пластикалық «құрылыс материалдары» деп атауға болады. Олар бұлшық, ет, сіңір, байламдар, сүйек, шеміршек, қан және барлық ішкі ағзалар-бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, көкбауыр, асқазан, ішек т.б құрлымдарына қатысады.

Ақуыздардың ағзаға жеткіліксіз түсуі салдарынан бойдың өсуі, ақыл ойдың дамуы, қанның түзілуі бәсеңдейді, ағзаның ауруларға қарсы тұруы төмендейді.

Майлар – энергияның, майда еритін дәрумендердің көзі, жасушалар мен тіндерді қорғайды.

Энергия көзі, пластикалық қызмет атқарады. Ағзаға майдың жеткіліксіз түсуі орталық жүйке жүйесінің қызметіне кері әсер етеді, әлсіздік, ашушаңдық байқалады. Керісінше, майлар мөлшерінің шамадан тыс түсуі семіздікке, жүрек-қантамыр ауруларына әкеледі. Көмірсулар – ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді, май алмасуына, амин қышқылдары және су алмасуына қатысады.

Дәрумендер – барлық тіршілік ету үрдістерін реттеуге қатысады, заттектер алмасуын жақсартады, ағзаның қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, сергектік пен оқу үлгерімін арттырады. Қант қосылған кондитерлік өнімдер, кәмпиттер, тәтті газдалған сусындар, шырындар, концентратталған жеміс шырындарын, фаст-фудттарды тұтыну артық салмақ және семіздіктің қаупін арттырып, жұқпалы емес аурулардың (семіздік, асқазан ішек жолдарының аурулары, жүрек қантамыр аурулары, эндокриндік жүйе аурулары, қант диабеті, аллергия, қатерлі  ісіктер) дамуына қолайлы жағдайды  туғызуға ықпал етеді.

Дұрыс тамақтана білейік!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!