Тақырыбы: Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Экономикалық география. 5.2 Әлеуметтік – экономикалық ресурстар

Педагогтің аты-жөні

Каржаубаева Нуржамал Исановна

Күні:

12-14/04/2021ж

Сынып:

8 а ә б в г

Сабақтың тақырыбы

Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Оқу мақсаттары

8.5.2.1 - қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді

Сабақтың мақсаты

Инфрақұрылымның маңызын, қажеттілігін анықтау

Бағалау критерийі

Инфрақұрылымдық кешен салаларын біледі.

Экономикалық инфрақұрылымының дамытатын салаларыдың ролін анықтап, маңыздылығына баға береді.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1-кезеңҰйымдастыруынталандыру:

Сәлеметсіздер ме?

Оқушылырдың сабаққа қатысын тексеру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Бүгінгі сабақта

Сенің білетінің: Инфрақұрылымның маңызын, қажеттілігін анықтауды үйренесің

Сенің меңгеретінің: Инфрақұрылымдық кешен салаларын.

Экономикалық инфрақұрылымының дамытатын салаларыдың ролін анықтап, маңыздылығына бағалау.


Жаңа сабақ тақырыбын жұмыс дәптерлерін жазады.



2-кезең.

Теориялық-

практикалық:

Қысқаша конспект

Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыруденсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарынтуристік ұйымдарды қамтиды. Рухани-білім беру тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани қажеттерін (білім алу, мәдениетөнер) қанағаттандыруға бағдарланған. Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы көлігі және халыққа байланыс қызметін көрсету аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассаларыбанкілер, құқықтық мекемелер – заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдыққаржы және еңбек шығыны); өндірістік-экономикалық көрсеткіштермен (кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым дамуының тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік нәтижелермен (халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады.

Әлеуметтік инфрақұрылым - халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.
Мұғалім жетекші сұрақтарды нақты дайындайды.

- инфроқұрылым ұғымын қалай түсінесіңдер?

- инфроқұрылымға мысал келтіре аласыңдар ма? т.б.


Мұғалім оқушыларды инфрақұрылым, көлік, байланыс, сауда-экономикалық, басқару, қаржы, ақпарат ұғымдарының анықтамаларымен таныстырады.


Оқушылар инфрақұрылым ұғымына өз анықтамасын немесе түсінігін ұсынады.


Сосын суреттер таратып беріп, суреттер бойынша инфрақұрылым салаларын кестеде жіктейді.


Оқушылар инфрақұрылымның төмендегі салалары бойынша қызмет көрсету маңыздылығын ауызша сипаттайды.

  1. әлеуметтік инфрақұрылым (мектеп, аурухана)

Әлеуметтік инфрақұрылым - халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.


  1. экономикалық инфрақұрылым (сауда, қаржы)

Экономикалық инфрақұрылым- банк қызметтері, қаржы, нарық.

Оқушылар белгілі бір тауар түрін алып оны сатып алудың жолдарын экономикалық инфрақұрылымдарды байланыстыра отырып сипаттайды.


3) көлік және коммуникация (темір жол, вокзал)

Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: Дарын кз «Мектеп» баспасы, Параграф

§42

193-196 беттер



Қазақстан

ның көлік картасы






Орында

Оқу тапсырмалары.

1 тапсырма.Қызмет көрсету саласының ерекшелігін анықтаңыз.

Қызмет көрсету саласы жақсы дамыған елдерді анықтаңыз.

Көлік жүйесі, ақпараттық байланыс, туризм дамыған аймақтардың экономикалық жағдайының жақсы болу себебін түсіндіріңіз


2 тапсырма. Жұптық жұмыс

Әр жұпқа бір инфрақұрылым саласын беріңіз

Осы саланы сипаттау жоспарын ұсыныңыз.


3 тапсырма. «Көлік және қоршаған орта» тақырыбындағы кестені толтыру, қорытынды жасау.

Жеке жұмыс ретінде тапсырманы орындайды.






Дескриптор

Қызмет көрсету саласының ерекшелігін анықтайды

Қызмет көрсету жақсы дамыған елдерді анықтайды

Көлік жүйесі, ақпара, байланыс, туризм дамыған аймақтардың экономикалық жағдайының жақсы болу себебін түсіндіреді.

Сипаттау жолына ұсыныс:

мақсат міндеті;

- атқарып жатқан қызметі;

- маңыздылығы:

- жақсарту жолдары

Көліктің жеке түрлері бойынша пайдасы мен зиянын жазады.


3-кезең. Рефлексиялық-

қорытындылау:

Бүгінгі сабақта: Инфрақұрылымның маңызын, қажеттілігін анықтауды үйренесің




Өткізілген сабаққа талдауым

(сабақ жоспарында нені өзгертуге болатыны туралы түсініктеме)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
1591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі