Материалдар / Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! 2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап. Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған! 1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. 2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз. Елі үшін көтеріп нар жүгін де, Сенімі нық сезілетін үнінде. Аты озған дүниедегі дүбірде Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! 1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Г И М Н 2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі, Шаттыққа елді бөледі. Тағдыры тарих өрелі Көк тудың желбірегені! Көк Ту - ән. (Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.) Мектеп оқушыларының монтажы 1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз аудан әкім _____________________ беріледі. 2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атынан беріледі. Ел тынысын тереңінен танып кең, Шарапаты бар адамға дарып тең. Елбасының есімі бұл тарихта Қалар анық өшпес алтын әріппен. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады. Г И М Н Көк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді. Марапаттау рәсімі Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады. Марапаттау үшін аудан әкімі __________________және аудандық мәслихаттың хатшысы_______________ортаға шақырамыз. Концерттік бағдарлама Бір басында кемеңгерлік, даналық, Елін сүйген елі үшін жаралып. Сол кісідей болса - болсын әр алып Адамдықтың аласармас үлгісі Бір өзінен жатқаны шын таралып Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне Әсем әнді шырқата бір салалық! Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз. Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алқаңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар! 













Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»

Ертеңгілік: 29.11.2017ж. Акт залы

Қатынасатын кейіпкерлер: Жүргізуші және топ балалары.

Мерекелік ертеңгіліктің барысы: 

Зал Елбасының суретімен және шарлармен безендірілген. Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен қолдарына жалау ұстаған балалар кіреді.

Ұйымдастырушылар : И.К.Манкебаева. А.Е.Абсаматова

Ертеңгілік жүргізуші: И.К.Манкебаева.

Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Елбасы суреті. Елтаңба, жалау.

Жүргізуші: Саламатсыздарма құрметті қонақтар, әріптестер.Бүгінгі біздің «Еркетай» шағын орталығында өткізілетін «Елін сүйген Елбасы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының « Әнұранымен» бастайық

Әнұран орындалады.

1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Н Ә.Назарбаев жөнінде қысқаша бейнебаян көрсету.

2 таспа арқылы видео

Жүргізуші:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың –деп кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

3 (5 бала)

1.Даяна:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

2.

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

3.Дария

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.



4.

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

5.

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге мың бұралған бұралған биші
















Тәрбиеші:

Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!


Тәрбиеші:

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық.

Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды

 құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?

Балалар:

Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар:

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін

 қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

Шаңырақ!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

 отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

Ат бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Шаршадыңдар ма балалар?

Балалар:

Иә, шаршадық!

Тәрбиеші:

Кәне келіңдер сергіту сәтіне.

 

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

 

Қорытынды:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені

білдіреді?


Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

6-оқушы:

.

7-оқушы:

8-оқушы:


Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.

9-оқушы:

10-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

11-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

12-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

13-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

14-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

15-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

16-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

17-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

18-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

19-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!

Жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші: 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

 

 

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

 

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.

3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

5-оқушы:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

6-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

7-оқушы:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.








8-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім. Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.

9-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

10-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

11-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

12-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

13-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

14-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

15-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

16-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

17-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

18-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

19-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!

Жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші: 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бол бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!


1 - ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценарийі

Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
ФОН: Күй

Жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Бүгін 1 - ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 3 ші жыл тойланып отыр.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Егемен Қазақстан» орындайтын 7 сынып оқушысы Еркінова Хамида

Жүргізуші: «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13 - дыбыстан тұратын «А ру қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.
А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
У - Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т. б. пайдалы қазбалар бар.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Л - Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А - Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

А - Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С - Символы - Бәйтерек.
Т - Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А - Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н -«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А - Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.

Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе
Мектебіміздің 7сынып оқушылары дайындаған биге кезек берелік.

Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында

Викториналық сұрақтарға жауап берсек.
Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

Жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Ән: Тағыбергенова Айжан «Тәуелсіздік!»

Ойын:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!- дей отырып, 9 сынып оқушыларының биін тамашалайық.
Жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!