Тақырыбы: Ертегілер әлемінде «Бауырсақ» ертегісін сахналау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ертегілер әлемінде «Бауырсақ» ертегісін сахналау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегіні мұқият тыңдауға үйрету. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Тіл байлығын, ой өрісін дамыту. Қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу, қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Күні: 24.01.2023ж

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Бөлімі: Көркем әдебиет, музыка

Тақырыбы: Ертегілер әлемінде «Бауырсақ» ертегісін сахналау

Мақсаты: Балаларға ертегіні мұқият тыңдауға үйрету. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Тіл байлығын, ой өрісін дамыту.

Қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу, қиялы мен қабілетін жетілдіру.

Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жұмсақ аңдар ойыншығы,сиқырлы сандық,баурсақ ертегісі,

саусақ театры,піскен бауырсақ.

Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян,

қасқыр, аю, түлкі.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдейміз күн дейміз

Ренжісуді білмейміз

-Білім ханшайымы балалар бізге сиқырлы сандығын тастап кетіпті,қане көрейікші,ішінде не бар екен!

-Балалар,мынау керемет ертегі бауырсак деп аталады

-Балалар бауырсак былай деп ән шырқайды.

Мен апамнан қаштым,

Мен атамнан қаштым.

Мен қояннан қаштым

Мен қасқырдан қаштым

Мен аюдан қаштым деп өлең айтып жүреді екен

-Бауырсак ертегісіне қандай кейіпкерлер бар екенін білу үшін

- Мен сендерге ертегіні айтып берейін

Негізгі бөлім:

Олай болса мұқият тыңдаңдар «Бауырсақ» ертегісі.

Ертеде шалмен кемпір болыпты,шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды.

Кемпір бауырсақ пісіріп,суысын деп терезе алдына қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ,терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.Жолда қоянға,қасқырға,аюға кездеседі,түлкі бауырсақты жеп қояды.Міне балалар,бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды.

-Түлкі қандай?

-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма?

Ал енді бүгін «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,керісінше жақсылыққа кенеледі.

Олай болса, «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасын көру үшін біз сендермен

театрға аттанамыз.

Театрға біз автобуспен барамыз.

-Автобус дайын,театрға кеттік балақайлар

- Міне театрға Бауырсақ ертегісінің жаңа нұсқасын тамашалаймыз!

(«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы басталады)

Тәрбиеші:

Ерте, ерте, ертеде

- Қамбар шалмен, Сәлима атты кемпір болыпты

- Бірде шалы, кемпіріне жалынып.

Шал:

-Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір:

-Неден пісірейін?Ұн жоқ қой!

Шал:

Әй,кемпір-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Тәрбиеші:

Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.

-Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.

Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян:

Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем.

-Мен бауырсақ,бауырсақ,

Атамнан қаштым,

Әжемнен қаштым.

Ал сенен қашу,қоян,

Қиын емес маған.

Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі.

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп

Қасқыр:

Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін.

-Мен бауырсақ,бауырсақ

Мен атамнан қаштым

Әжемнен де қаштым

Қояннан да қаштым

Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі.

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю:

Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін.

-Менен бауырсақ,бауырсақ

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым.

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қаштым

Аю мен сенен де қашып құтыламын

Тәрбиеші:

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі:

Амансың ба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы!

Тәрбиеші:

Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.

Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді.

Түлкі:

-Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орында,жұмбақтарымды шешіп көрсең,сені жемеймін,аман қаласың

Жұмбақтар

1.Қыста ақ,

Жазда сұр. Қоян

2.Қорбаң-қорбаң етеді,

Орманда ол жүреді.

Аю

Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен.

Сау болыңдар!

Автобуска мініп топка қайтамыз. (Автобустың гүрілі)

  • Балалар отырып шаршаған боларсыңдар.

  • Бір серпіліп,сергіп алайық!

Сергіту сәті.

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Қорытынды: Тәрбиеші : - Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

  • Қандай жақсы болды,түлкі бауырсақты босатты,ол оны жемеді,

  • аяушылық танытты достарың көп екен деп.

  • Түлкі барлығын жақсы жағынан жасады

  • Тәрбиеші:

  • Балалар бауырсақ сендерге түлкімен достасқаны үшін алғысын айтып бауырсақ әкелді.

  • Иісін ай мына бауырсақтың.

  • Балалар мадақталып,шеңберді біз құрайық дей отыра,дастархан басына жайғасып,бауырсақтан дәм татып.

  • Көріскенше күн жақсы Сау, саламат болайық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2023
423
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі