Тақырыбы: Ертеңгілік "Тәуелсіздік ел тірегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ертеңгілік "Тәуелсіздік ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы мектепке дейінгі балаларға мағұлмат бере отырып, елін, Отанын құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу.Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру мақсатында өлең, тақпақтар үйрету.Балабақша тәрбиешілерімен тәжірибемдегі жұмыстарыммен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды Отансүйгіштікке,патриоттыққа тәрбиелеу. Рәміздерді жатқа білуге, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Күміс күй мен әнге толып тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Республика күні бүгін-ұлы той.

Армысыздар ұстаздар,бүлдіршіндер! Біздің Отанымыз-Қазақстан.Бұл туған еліміз -ең ғажап ел. Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.Республика күні мерекесі құтты болсын! Еліміз егемендік алып, дербес ел болғанымызға міне, 25 жыл тоып отыр. Сіздер тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршіндерсіздер. Өмірлерің әрқашан мәнді де, сәнді болсын, аспандарың әрдайым ашық болсын.«Балдәурен» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Тәуелсіздік ел тірегі» тақырыбында өткелі отырған ертеңгілігіміз қош келдіңіздер!

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сөйлер сөзім,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны!


Хор: «Әнұран»

Жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен күн тірілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Балалардың туған еліне, Отанына деген ақ тілегін өлең жолдары арқылы жеткізгелі отыр.

1.Айдын: Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күмістен.


2.Саят: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада-аспан әлемі.


3.Жұлдыз: Отан әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап.

Өйткені, Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.


Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Хор: «Қазақстаным»


4.Қасиет: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.


5.Нұрсая: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Ердігім-Елтаңбам.


Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.


Көркем сөз: Қ. Аманжолов. «Елбасына»

Асем:

Ән: «Туған жер» Құндыз, Саят, Ұлжан,Даулет


Жүргізуші: Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

Ән: «Елтаңбасы елімнің» Асем, Нұрсая.

Би: «Сарбаздар» би тобы.


Қазіргі уақытта егеменді еліміз көптеген жетістіктерге жетті, бүкіл әлемге танылды. Осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі.

Бейнетаспадан үзінді тамашалау.


Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отанның аясында,

Жадырайды жанымыз.

Бүгін, міне, егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Аспанымыз ашық,

Жүзіміз жарқын болсын деп тілейміз. Сөз кезегін балабақша әдіскеріне береміз.

Егеменді еліміздің болашағы-сіздерсіздер.Республика күні тәуелсіздігіміз құтты болсын.




















«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК





















«Тәуелсіздік-ел тілегі!»

( ертеңгілік)











«Балдәурен» тобы

Өткізген: Куракбаева А.








2016 жыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі