Тақырыбы: Ертеңгілік "Ұстазым мақтанышым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ертеңгілік "Ұстазым мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз туралы балаларға түсінік беру.Ұстаздарға арналған өлең шумақтарын және әндерді үйрету.Ұстаздарға, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстазым мақтанышым»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.Ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету.

Жүргізуші: Ұлықтың ұйытқысынан жаралған

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бола шағы.

Өмірді алға қарай өрлеткен ,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы –Ұстаз қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі-Ұстаз.

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор.

Олай болса , қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолында еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін.

Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне арналған « Балдәурен» тобының бүлдіршіндеріміздің мерекелік сазды сәлемін қабыл алуларыңызды сұраймын.

Ән . Хор: Тәрбиеші апай

Орындайтын: «Балдәурен» тобы

Жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асуда

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсын тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Назым: Мұғалім кім десең,

Айтайын білмесең.

Жүзінде шуағы

Күлімдеп тұрады.

Ізбасар: Сабырлы, салмақты

Ұстаз ол ардақты.

Ойнайды баладай,

Ойлайды данадай

Қамқорың, жарқының

Зинеп: Айтатын ақылын

Айналдым мектебім

Ұстазым коп менің.

Білім ап өзіңнен

Ержетсем деп едім.

Жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз .

Би: Қазақ биі

Орындайтын: Аяжан, Кәусар, Айзере, Інжу, Марина, Айжұлдыз.

Жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып

Ұстаз деген –ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік.

Ән Хор: Балдырған

Орындайтын: «Балдәурен» тобы

Жүргізуші: Бала тілі бал демекші, келесі балдай балаларымыздың ұстаз туралы тақпақтарын тарту етеміз.

Ханшайым Білім беріп бүлдіршінге

Мұғалімім жан сырым

Тәртібіме қатал қарап,

Жақсы білім алсын деп.

Кәусар: Ұстаздардың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы

Арсен: Бүгінгі күн құшақтарға гүлге толсын

Дендерінің саулығы мықты болсын

Білімімен суарған шәкірттерін

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.

Қоблан: Ұстаздар ұлттың тірегі

Ұстаздар мектеп жүрегі

Ұрпаққа жетер ұстазбен

Халықтың ұлы тілегі.

Жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,

Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,

Биші қыздар бұрала билейді би.

Би : Өзбек биі

Орындайтын: Аяжан , Зейнеп

Жүргізуші: Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын,

Үміт еткен сеніміңді ақтаймын.

Үзбей берген біліміңнен сусындап,

Жұмсақ , жылы үніңді есте сақтаймын.

Ұстаздарым қасиетті шынарым,

Арналады сіздерге бар жыр –әнім.

Ән Хор : Балабақша

Орындайтын: «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Балдырғанның көріп шаттық жүзінен

Мейрімімен шапағым боп тізілген

Кеше ғана менде шәкірт болып ем,

Келем бүгін ұстаздардың ізімен –дей келе сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар ! Біздің бүгінгі мерекелік сазды сәлемізді аяқтаймыз.









































«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК



















Ұстазым мақтанышым

(тәрбиелік іс-шара)











Өткізген: Құрақбаева А





2018 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі