Тақырыбы: Эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Қостанай өңірінің тумасы, ұлы ұстаз, халқымыздың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр, сондықтан да, мен Ұлы педагог жайында осы эссемді жазып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Орындаған: Чапаев негізгі орта мектебінің

4 А сынып оқушысы

Байдалина Айша Батырбекқызы


Сынып жетекшісі:

Казиханова Галиябану Ауезхановна


Эссе

«Менің туған жерімнің тарихы»


Менің есімім Байдалина Айша Батырбекқызы, мен Қостанай қаласында дүниеге келдім. Биыл Қостанай өңірінің тумасы, ұлы ұстаз, халқымыздың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр, сондықтан да, мен Ұлы педагог жайында осы эссемді жазып отырмын.

«Бір аллаға сиынып, кел, балалр, оқылық...!» - деп, қазақтың көрнекті ағартушысы, ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері, педагогі, қазақ жеріндегі алғашқы мектептердің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсарин жастарды білімге шақырған. Ол 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген, шын есімі Ибраһим. Бала кезінен атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болған. Атасынан алғашқы білімін алды, 1850 жылы атасы оны Орынбор қаласындағы мектепке оқуға берді. Оқу мен жазуды үйренген соң, Ыбырайдың алдында дүниенің барлық туындыларына қолжеткізер жол ашылды, көптеген жазушылардың туындыларымен танысты. Ауылмен хат алмасу арқылы байланысып отырды. 7 жыл оқуда болып, оны 1857 жылы Орынбор мектебін үздік тәмамдады, содан кейін өз елінде жұмыс атқарды. Ол тек қана тілмаш болуды емес, туған халқына одан бетер пайдалырақ қызмет етуді армандаған. Орынборда көптеген кітаптар оқып, өз бетімен көп ізденген.

20 жастан енді асқан Ибраһим 1860 жылы қазақ балалыр үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алады. Торғай мектебіне мұғалім қызметіне тағайындалды. Осы қуанышымен ел-жұртты аралап, білімнің маңызы жайлы түсіндіреді. Мектеп құрылысына дайындықты жүргізді, халықтан қаражат жинады, өзі құрылысшы, сәулетші, жабдықтаушы рөлдерін мойнына алды. Аманқарағайдан Торғайға құрылыс материалдарын тасу үшін керуендер жасақтады, мектеп құрылысы басталды. Сол арада ауылдардан балдырғандарды жинап, өз үйінде оқыта бастады. Ал 1864 жылдың 8 қаңтарында мектептің салтанатты ашылуы болды.

1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің инспекторы болып тағайындалғанда: Торғай, Жітіқара, Обаған, Қарабалық, Әулиекөл, Ақтөбе, Троицк болыстарында және Қостанай, Орск қалаларында тағы он бес мектеп салынды. Сол жылы ақынның қазақ мектептеріне арналған тұңғыш қазақ оқулығы «Қазақ хрестоматиясын» жарыққа шығарды. Мектептерде ән-күй сабақтарын енгізді. Кітапхана ашты. Торғай қаласында қолөнер мектебін ашты. 1887 жылы Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалады. 1888 жылы қыздарға арналған 12 орындық мектеп-интернат ашады. Қазақ балаларына бастауыш білім беру нұсқамаларын, білім беру методикаларын, пособияларын, көптеген өлеңдер, ертегілер, аудармалар мен әңгімелер жинақтарын жазды.

Ыбырай Алтынсарин Айғаныс есімді жары, асырап алған Хамитбек есімді және ортақ балалыры Абдолла, Әбдірахман есімді ұлдары, Шарипа есімді қызы болған.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде Қостанай қаласынан 3 шақырым жерде орналасқан ағаштан тұрғызылған үйінде ауырып өмірден өтті, сол үйі орналасқан Тобыл өзенінің оң жағалауында оның кесенесі тұрғызылып, сол жерде тыныштығын тапқан.

Мен Ұлы атамыздың атқарған ерең еңбегінің арқасында, мектепте білім алып, дүниеде бар барлық білміге қолымды жеткізе аламын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2022
963
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі