Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Геометириялық фигуралар (тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша).

Материал туралы қысқаша түсінік
ойлайык та ойнайык
Материалдың қысқаша нұсқасы

«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценарийі:

ортаңғы топ


Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Репертур: 1) Әндер: «Анажаным». «Әжетайым»

2) Билер:

3) Ойындар: «картоп аршу» (әкелермен); «Анамызды қолынан танимыз» аналармен; «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру».

Керекті құралдар: картоп пышақ (әкелермен ойынға); үш йогурт, үш кішкентай қасық, майлықтар(әжелермен ойынға).


Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

-Біздің бүлдіршіңдер бүгін сіздерге «Көктемгі мерекесін» дайындады. Қанеки, қошеметпен ортаға шақырып, қарсы алайық «Құлыншақ» тобы

Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді,

орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда, бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Би билеп, ән айтады

Тойларында балалар.

Бағалаймыз енбегін

Аман болсын аналар!

Ән «Анажаным».

Әннің аяғында, балалар: Мереке құтты болсын!

Көңілді музыка ырғағымен балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыңыздар!


Балалардың тақпақтары:

Ана туралы

1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.

Құшағында қысылмай.

3. Жүре берсем қасыңда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.

4. Мамочка моя

Я люблю тебя

Маленьки букет-

Мой любви секрет!


5. Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

6. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

7.Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен құттықтаймын!


8.Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 


Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балалары айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\


Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\


Жүргізуші:Көктем, қош келдің, төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала!

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей, көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір қыздар биі

Қол соғып демеу берер көрермендер


Би « »

Жүргізуші: Қандай тамаша би! Рахмет.

Енді аналарымызбен бір ойын ойнайық-5 ана

Ойын «Қолынан танимыз»


Жүргізуші: Ойыншыларға ду қол шапалақ! Рахмет сіздерге.

Жүргізуші: Жақсы балалар!Ал біз мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, тыңдаңдар – тақпақ кім туралы?

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

2

Балалар: Әже!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, ол, әрине, әже. Олай болса, ортаға әже туралы тақпақ дайындаған балаларды шақырайық.

Әже туралы балалардың тақпақтары:


9. Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.


10. С Восьмым мартом дорогие:

Мамы,бабушки родные

Будет пусть все хорошо

И в душе всегда тепло



11. Мені жақсы көреді 

Күндей күліп келеді 


Көп ертегі біледі
Маған айтып береді



12.Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.


13. Менің әжем
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.

Жүргізуші: Біздің балалар әжелерін сондай жақсы көреді, тіпті оларға йогурт ұсынып, әжелерді өздері ақ тамақтандырады. Сеңбейсіңдер ме? Қанеки, әжелермен ойынды өткізейік, сонда көресіңдер.


Ойын «Әжені йогуртпен тамақтаңдыру»

Шарты: ойынға үш бала мен олардың әжелері қатысады; немелері өз әжелерін йогуртпен тамақтандырады. Жүргізуші балаларды мақтайды. Ойынға қатысқан әжелерге естелік сыйлықтарды ұсынады.

Жүргізуші: Қандай тәртіпті немерелер! Әжелерін қалай күтеді...

Жүргізуші: Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!


Ән «Әжетайым»


Жүргізуші: Өте жақсы .Бүгін мереке, аналар әрине сән салонға барып, дүкендердерді аралап жүреді. Ал, әкелеріміз осы кезде балаларына тамақ істеп береді екен.Тіпті картоптыда өздері аршиды. Иә, балалар? Оны біз қазір ойын ойнап тексереміз.

Ойын «Картопты аршу»


Шарты: ойынға екі әке шығады. Көздерін байлап, қолдарына картоппен пышақ береміз.

Жүргізуші: Біздің әкелеріміз картопты таза қылып аршыды! Осы ойында достық жеңді!

Рахмет сіздерге

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.


Жүргізуші: Бұл Аналарға арнайы жасалған сыйлық.


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11