Материалдар / Тақырыбы: «Жақсы бала, ата - ана қуанышы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Жақсы бала, ата - ана қуанышы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2022
626
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Жақсы бала, ата - ана қуанышы» 

Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.

Көрнекілігі: Интертақта . Тәрбиелік нақыл сөздер.

Түрі:аралас сабақ

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі


Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

Тәртіп – тән үшін,

Ынтымақ – жан үшін керек.

Тәртіпсіз ел – ел болмас,

Тәртіпке бағынған – құл болмас. (Бауыржан Момышұлы)

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық .(Ғабиден Мұстафин)

Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.


Эпиграф: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» Әл – Фараби.


А.С.Макареньконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі.

Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген.


Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)


Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата - бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Біздің сынып сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.

Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:
1. байлық. 2. Бауырмалдық 3. татулық
4. Қайырымдылық 5. Әдептілік 6. инабаттылық
7. шыдамдылық
8 түсіністік 9 ізеттілік 10. ауызбірлік
11. Сенімділік 12. махаббат

Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)
Балаға теріс әсер етеді.
Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы
Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі
Басқалардың сыртынан өсек айту
Арақ ішу
Темекі тарту
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің…
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
…. Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Мұзафар Әлімбаев

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.

Тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық»

Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренингтің мақсаты - өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау.

«Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында бардың бағасын білмей мас», - деген екен Үмбетбай Уайдин. Сондықтан да бойымыздағы бар жақсылығымызды бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.


Рефлексия.

Тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі бала әр ата – ананың өмірінде........ болады.

1.Болашағы.2. Ұрпағы. 3.Арманы. 4. Қамқоршысы. 5.Ардақтысы. 6. Өрісі. 7.Қуанышы. 8. Мақтанышы.


Қорытынды сөз.

Елбасы өз сөзінде»Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті.

Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.

Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

Екіншісі немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

Үшіншісі, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген.

Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!