Материалдар / Тақырыбы:. «Жол ережесін білу міндет» ашық сабақ

Тақырыбы:. «Жол ережесін білу міндет» ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілер арасындағы жолда жүру ережесін сақтау туралы. Бастауыш сынып балаларымен сонымен қатар орта және мектеп жасына жастағы балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2018
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:. «Жол ережесін білу міндет» Мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту (көше, бұрылыстар). Баланы зейінді епті болуға тәрбиелеу, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам, жол белгілері, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін кеңейту.Өтілу күні: 19.11.2017.Өту түрі: тәрбие сағаты.Қатысушылар: 1,4,5,6,7 сыныптар.Жүргізуші: Даукшта Михаил.Қала мен ауыл көшесінде,Жүрмейді тек алаңсыз,Ережесін білмесеңіз,Түседі қайғы амалсызСақтық ойлар әрдайымКеудесінде жаны барЖүргінші мен жүргізушініңӨзіне тән заңы бар.Жүргізуші: Важнина Карина.Ал қазір біз жол ережелерін еске түсіреміз.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? (жаяу жүргіншілерге арналған жолмен)Жолдың қай жағымен жүргені дұрыс (жолдың оң жағымен)Дұрыс айтасыңдар, жолдың оң жағымен жүрсеңдер басқа жүргіншілерге кедергі жасамайсыңдар.Жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? (жаяу жүргіншілер өтетін жол)Дұрыс, ал енді осы көше қиылыстарында жүргіншілердің қозғалысын реттеп тұратын көмекшілер бар. Кәне, мына жұмбақтарды шешіп көрейік:Күндіз-түні жанамын,Дабыл беріп бәріне.Үш түрлі түсім барБелгілі жас пен кәріге(Бағдаршам)Жүргізуші: Даукшта Михаил.Қарашы күшін керемет,Көше тәртібін сақтап тұр.Сілтеп еді оң қолын,Дәу машина тоқтап тұр.(Реттеуші милиционер) Жүргізуші: Важнина Карина:Бағдаршам көздері нені білдіреді?Қызыл – Тоқта!Сары – Күт!Жасыл – Жүр!Сендер жол бойында тұрған белгілерді мектепке барар жолда,көресіңдер. Бұлар – жол белгілері. Әр жол белгісі нені білдіреді?(«Жаяу жүргіншілер өтетін жол», «Алғашқы дәрігерлік көмек», «байланыс көмекшісі», «көлік қоятын орын»). Жүргізуші: Даукшта Михаил.Бүгінгі тәрбие сағатымызда бағдаршам бар көшемен бұрылыстарға саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта балалар мен бірге бағдаршамның жұмысына, машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жүргізушілерге көңіл аударып, бақылау жасайды. Мен қазір сендерге  қала көшелері бейнеленген суретті көрсетемін.Мынау қала көшелеріме әлде, ауыл көшелеріме? Егер бәріміз жаяу жүріп барсақ, онда бізді кімдер деп атайды? (Жаяу жүргінші). Ал жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар.Ал қазір біз жол ережелерін еске түсіреміз.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? (жаяу жүргіншілерге арналған жолмен)Важнина Карина.Жолдың қай жағымен жүргені дұрыс (жолдың оң жағымен)Дұрыс айтасыңдар, жолдың оң жағымен жүрсеңдер басқа жүргіншілерге кедергі жасамайсыңдар.Жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? (жаяу жүргіншілер өтетін жол)Біз жаяу жүргіншіден жолаушыларға айналамыз. Біз автобусты қай жерде күтуіміз керек? (аялдамада)Егер сендер мына жұмбақ шешуін тез тапсаңдар, автобус аялдамаға тез келеді.Бұл не қылған көк үй,Айналасы терезе ойып алған.Аяғында етігі резеңкеАл өзі бензинге тойып алған.(автобус )Ал міне, автобус та келді. Зуылдаймыз, зулаймызАлыс-алыс жерлергеБақытты біз достармызСапар шеккен елдерге.Даукшта Михаил.Біз көлікте келе жатқандықтан, қоғамдық көлік ережелері туралы әңгіме етеміз:А) көлікке кірген кезде бос орынға ұмытылмай, алдымен жан-жағына байыппен қарап ал, өйткені сенің қатарыңда адам немесе балалы ана тұруы мүмкін;Ә) көлікте орын таңдап, бейбастық көрсетпе, кез келген бос орынға отыруың керек;Б) көлік қозғалысы кезінде есігін қолмен итеруге болмайды; есікті жүргізушінің өзі ашқанға дейін күтіп тұру керек;В) көлік жүріп келе жатқанда, жүргізушіні алаңдатуға болмайды;Г) терезеден сыртқа асылуға тыйым салынады, бұл – өте қауіпті;Ғ) көлікте қатты сөйлеуге болмайды, басқа жүргіншілерге кедергі жасайсың.Важнина Карина. Жағдаяттарды шешу.Абзал әкесімен автобусқа кірді.Абзал алдына қарай ұмытылып, қолайлы бір орындықты таңдап: «Әке, мен саған орын алып қойдым, тез кел», - деп айқайлайды. Адамдардың барлығы оған таңдана қарады, ал әкесі оның құлағына сыбырлады.Әкесі Абзалға не деп айтты?Майра анасымен трамвайға келе жатты. Майра терезе алдында отырған. Аялдамадан көп адам мінді. Анасы жылжып, Майраны тізесіне отырғызып, бір әйелге орын берді. Ол алғыс айтты. Ал Майра болса, қыңырланып, өзіне орынның тар екендігін айтты. Тіпті қасында отырған әйелдің сыпайы сөзіне жауап та берген жоқ.Майраның қылығына қандай баға бересіңдер?Балалар, жолдың қарсы бетіне қалай дұрыс өтеміз?Жаяу жүргіншілер өтетін жерге барумыз керек.Даукшта Михаил. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімімізді пысықтау мақсатында тәрбие сағатымызға қорытынды жасайық. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?Рахимжан: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.Лена: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады. Оксана: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады. Настя: Жол жүрудің тәртібін Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау - саламат жүреміз.Важнина Карина- Жол деген не?- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?Карина:Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.- Тротуар деген не?Настя: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.- Жол жиегінің бойындағы қапталдар (бардюр )не? Сергей: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.Даяна: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың, Жайбасардың, баяудың. Машинаның жолы – көше ортасы, Соны ұмытып кете көрме, аяулым. Важннина Карина.- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз? Хормен: Жол белгілері - Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз? Аяжан: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жолдеп атайды.ОксанаЖолақ жолмен көшеденӨтеді кіл жаяулар. Көліктердің бәрінің Жылдамдығы баяулар. «Қалмасын жұрт жолынан!»- Деп жол берер көліктер.Даукшта Михаил.

Көшеде жүру тәртібін не басқарады? Оқушылар хорменБАҒДАРШАМ Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.Би «Бағдаршам» ( үш қыз бағдаршамның үш көзіне сәйкес түсті дөңгелекшелермен билейді)Настя: Қызыл көзі жанғанда Қалт тоқтай қал табанда. Карина: Сары көзі жанғанда, Сақ, абай бол барынша. Оксана: Жасыл жарық жол ашық, Жүре бергін бел асып. 

Важнина КаринаСергіту ойынын ойнайық. Орнымыздан тұрайық Бағдаршамның белгісін Қимылмен келтіріп шығайық. ( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.• жаяу жүргінші өтпесі • балалар • тайғақ жол • жол жөндеу жұмыстары • екі жақты қозғалыс • велосипед жолымен қиылыБасымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді. • басты жол • басты жолдың аяқталуы • жол беріңіз • аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.Тыйым салатын белгілер.• кіруге тыйым салынады • қозғалысқа тыйым салынады • велосипедпен жүруге тыйым салынады • жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады • аялдауға тыйым салынадыНұсқау белгілері .Ақпараттық көрсеткіш белгілері.• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер • трамвай тоқтайтын жер • біржақты қозғалыстағы жол • тұрақ орны жаяулар өтпесі жер асты жаяулар өтпесіҚызмет көрсету белгілері.

Важнина Карина.Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады. - Осы көрініс жайында не айтасыңдар? /- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.Қорытынды. Біздің ауылымызда, сол сияқты әр жерлерде жол 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ